Файл: Орта білім беру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 334

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«Жаратылыстану»және«География»пәндерібойыншабілімалушылардыңбіліміндегіолқылықтардытолықтыружөніндеұсынымдар

Жоспарлаужұмысы. 2021-2022 оқу жылында «Жаратылыстану» және

«География» пәндері бойынша онлайн оқу жағдайындағы жіберілген білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру және жаңа оқу жылының оқу бағдарламасын меңгерту бағытында мақсатты шараларды жыл бойы жүргізу жолдары ұсынылады.

2021/2022 оқу жылы басталғанға дейін білім алушылардың қашықтан оқу кезіндегі олқылықтарының орнын толықтыру үшін мүғалім өз пәні бойынша олқылықтарды жою мақсатында арнайы жоспар дайындағаны жөн.

Оқу басталысымен білім алушылардың бағдарламаға сай тақырыптар бойынша түсінбеген тұстарын анықтап, сол тақырыптарды қайталау жолдарын қарастырып, олқылықтарды анықтау ұсынылады.

Білім алушылардың білімі мен дағдыларындағы олқылықтар қай деңгейде және қай бөлімдерде екенін анықтап, оны қалай толықтыруға болатынын алдын ала ойластыру қажет.

Мектептер мұғалімдерге білімдегі олқылықтарды анықтауға және оларды жою стратегиясын енгізуге көмектесетін қолданыстағы бағалау тәсілін жасауға күш салуы керек.

Жүзегеасыружолдары. Оқушының оқу мақсаттарын қай деңгейде білетінін анықтау үшін тесттер, сауалнамалар немесе қарапайым әңгімелесу әдістерін қолдану ұсынылады.

5-6-сыныптардың білім алушыларына жаратылыстану бағытында білім беру, олардың жаратылыстану ғылымына деген қызығушылығының артуына, осы жастағылардың мүмкіндігіне қарай зерттеулер жүргізудің қарапайым

дағдыларын, әлем туралы
ой-өрістерін кеңейтуге, ғылымды ұғыну мен қоршаған әлемді тұтастай қабылдауларының дамуына, қоршаған әлемді бағалай және қорғай білу біліктіліктерінің дамуына көмектеседі.

«Жаратылыстану» пәнінің мақсаты оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, «адам-адам», «адам-қоғам», «адам-табиғат» арасындағы қарым-қатынас туралы ғылыми ұғымдар мен дүниені танып білудің әдіс-тәсілдерін меңгерту болып табылады. Осыған орай «Жаратылыстану» пәніне «География», «Биология», «Химия», «Физика» пәндеріне өтпелі пән ретінде 136 сағат берілуі пән тарапынан олқылықтар жіберу мүмкіндігін азайтады. Бағалау барысы негізінен мұғалімдердің күнделікпен жұмысы нәтижесінде беріліп отыр. «Күнделік» арқылы мониторинг қорытындысы республика бойынша қанағаттанарлық. БЖБ мен ТЖБ көрсеткіштерінің жиынтығы ойландырады. Сонымен қатар «Жаратылыстану» пәнінде тәжірибелік жұмыстардың көбі орындалмады, себебі үй жағдайында орындау қиындықтар тудырды.

Жаратылыстану пәні бойынша 5-6-сыныптардағы тәжірибелік жұмыстарды апта соңында қосымша жүргізу арқылы білімдегі олқылықтың орнын толықтыра аламыз.

Табиғаттағы физикалық, химиялық, географиялық заңдылықтарға байланысты 6-сыныпта қарастырылатын тақырыптардың бастапқы түсініктері беріледі. Жаратылыстану ғылымына тек 6-сынып материалдарын игерген соң нақтылы химия, физика, биология, география бағытындағы мазмұны қарастырылмақ.

Жаратылыстану бағытындағы пәндердің зертханалық және тәжірибелік жұмыстарының өз деңгейінде орындалуына көңіл бөлу ұсынылады.

Жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін оқытуды
ұйымдастырудың бірнеше әдістері ұсынылады.

Білімдегіолқылықтардыңорнынтолықтырубағытындағыіс-әрекеттердіұйымдастыру бойыншаұсыныстар

1-тоқсанда:

5-сынып пен 6-сынып арасындағы сабақтастықты сақтау; 4-сыныптан келген баланың жеке ерекшеліктерін ескеру.

7-сыныпта білім алушының «Биология», «Химия», «Физика»,

«География» пәндерінде 6-сыныптағы «Жаратылыстану» пәнінің мазмұнымен сабақтастығын және алған білім деңгейін ескеру.

  1. ұсыныс:

  1. 5-сыныпқа келген білім алушыларға арнайы фокус-жоспар құру;

  2. бастауыш сыныпта «Жаратылыстану» пәнінен алған білімдеріне талдау жасау;

  3. «Биология», «Химия», «Физика», «География» пәндерінің жоспарына сәйкес 6-сыныптағы мазмұнмен сабақтастықты сақтай отырып, жоспар жасау.

  1. ұсыныс:

1) «Биология», «Химия», «Физика», «География» пәндерінің әдістемелік бірлестігі оқушылардың біліктілігін анықтау жұмыстарын жүргізуі тиіс.

Олқылықтардыңорнынтолықтырудыңкезеңдері:

  1. қадам. Олқылықтарды анықтау. Диагностика жүргізу. Диагностикадан кейін оқушылардың біліміндегі олқылықтарды деңгейіне қарай күрделіден қарапайымға дейін жіктеп, бөлу. Бірінші орында негізгі базалық білімдегі олқылықтармен жұмыс: мысалы, заттар және олардың қасиеттері, периодтық заң, энергия түрлерін т.б. білулері керек. Мектепте, жалпы өмірде бұл ұғымдар үнемі қолданылады, сондықтан оларды бірінші кезекте меңгерту ұсынылады.

  2. қадам. Уақытты белгілеу. Анықталған олқылықтардың деңгейіне қарай оған жұмсалатын уақытты жоспарлау. Бір тақырыпқа бірнеше сағат бөлу не керісінше бір сабақтың ішіндегі белгілі бір уақыт жеткілікті болуы мүмкін. Мысалы, 6-сыныпта алдыңғы тақырыптардың мазмұнына назар аудара отырып, қайталамау жағын қарастыру.

  3. қадам. Оқыту әдісін таңдау. Білімдегі олқылықтарды толықтыру бойынша шараларды таңдау үш факторға байланысты:


  • өткізілетін материалдың көлемі;

  • жоспарланған уақыт мөлшері;

  • баланың жас және жеке ерекшеліктері.

Білімдегіолқылықтардытолықтыружұмыстарыныңформалары:

  1. Өзіндік жұмыстар Тақырыпты және тапсырманы түсіндіре отырып, өз бетінше ізденуге тапсырма беру;

  2. Нақты мақсатқа бағытталған әрекеттер жасау.

Егер жекелеген оқушы немесе сыныптағы шағын топ қолдауды қажет етсе, нақты мақсатқа бағытталған қысқа сессиялар ұйымдастыру қажет.

  1. Сыныпты толық оқыту

Егер бүкіл сыныптың қажеттіліктері немесе олқылықтары шамалас болса, бұл көп уақытты қажет етеді, бірақ білім алушылардың басым бөлігін қамтиды.

Білімдегіолқылықтардытолықтыруғабағытталғансабақтардыұйымдастыруформалары

1. Таза ауадағы сабақтарЖаратылыстану, биология, география, физика сабақтарын баланың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету үшін арасында саябақтарда немесе аулада, таза ауада өткізу ұсынылады. Мысалы тақырыптар мен оқу мақсаттары бойынша:

«Жаратылыстану» пәнінен:

  • деректерді жинау және жазу, макро және микроәлем, тірі табиғаттағы үдерістер;

  • физикалық және химиялық құбылыстар, ауа және ауаның құрамы;

  • жергілікті жердің экожүйелерін зерттеу.

«Физика» пәнінен:

  • физикалық құбылыстар, кішкентай денелердің өлшемін қатарлау әдісі арқылы анықтау, механикалық қозғалыс және оның сипаттамасы, горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын зерделеу, аспан сферасы, аспан координаталарының жүйесі, дыбыс, дыбыстың сипаттамалары, акустикалық резонанс, жаңғырық;

- ауа райы және метеорологиялық элементтер,
атмосфералық қолайсыз құбылыстар, туған өлкенің флорасы мен фаунасы, топырақ, оның құрамы мен

құрылымы, Қазақстанның топырақ түрлері, топырақтың экологиялық проблемалары, табиғи-аумақтық кешендер, табиғи-аумақтық кешендердің қалыптасуы, табиғи-аумақтық кешендердің түрлері; туған өлкемнің визит карточкасы: өлкетанудың деректер базасын әзірлеу сынды тақырыптарды далада өткізсе, әрі қызықты әрі қауіпсіз болады.

Сабақ уақытында білім алушылардың байқау, ғылыми зерттеуді жоспарлау, деректерді алу және ұсыну, нәтижелерді түсіндіру тәрізді зерттеушілік, ойлау, сөйлеу және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет. Мысалы, түрлі тақырыптарды зерделеу арқылы, білім алушы зерттеу жоспарын құрастыруды, бақылауды, эксперименттер жүргізуді, нәтижелерді ауызша және жазбаша сипаттауды және бағалауды, қорытынды және тұжырымдама жасауды үйренеді. Ол білім алушының үйде, мектепте, табиғатта бақыланған нысандар мен құбылыстарды түсінуі үшін, алынған білім мен дағдыларды күнделікті өмірде қолдану біліктерін дамытады.
«Жаратылыстану» оқу пәнінен күрделі тақырыптар бойыншафокусжоспар

    1. сынып



Тақырыптар

Оқу мақсаттары

Жұмыс формасы

Уақыты

Қорытынды

1-тоқсан




1

Деректерді жинау және жазу

        1. нысандар параметрлерін өлшем бірліктермен анықтау;

        2. бақылаулар мен өлшеу

деректерін тіркеу

мини- топтармен жұмыс




әңгімелесу арқылы білімдерін

байқау

2

Деректерді талдау

5.1.5.1 қайталанған өлшеулер кезіндегі арифметикалық орташа шаманы есептейді және

тенденцияларын анықтау







3

Қорытынды және талқылау

5.1.6.1 зерттеу сұрағы бойынша қорытынды тұжырымдау







4

Жер бетін бейнелеу тәсілдері

        1. «жоспар» және «шартты белгілер» ұғымдарын түсіндіру;

        2. шартты белгілерді қолданып, жергілікті жердің планын оқу;

        3. бір тәсіл бойынша жергілікті жердің түсірілімін жасау (көз мөлшермен түсіру, полярлық түсіру, бағдарлық түсіру);

        4. тіркеу талаптарына сай жергілікті жердің қарапайым пландарын сызу

экскурсия- сабақ




сауалнама жүргізу

2-тоқсан

1

Заттардың жіктелуі

        1. еріген заттың массалық үлесін есептеу;

        2. заттарды ерігіштігі бойынша, металдар және бейметалдарға

жіктеу

сынып бойынша жұмыс




мини-тесттер