Файл: Орта білім беру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 495

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Ғұн тайпаларының бірігуі», «Ғұндардың Батысқа қоныс аударуы»;

  1. сыныпта6-сыныптыңкелесітақырыптарыұсынылады:«Қазақстан аумағындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер»; «Түркі әлемі қалыптасуының басталуы»; «X ғасыр - XIII ғасырдың басындағы Қазақстан аумағындағы саяси процестер»; «Қыпшақ хандығы»; «Моңғол шапқыншылықтарының салдары»;

«Қазақстан аумағында ұлыстардың құрылуы»; «Қазақ хандығының құрылуы»,

«XVI-XVII ғасырлардағы қазақтардың рухани мәдениеті»;

  1. сыныпта7-сыныптыңкелесітақырыптарыұсынылады: «Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталауы»; «Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс»; «Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс»; «XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары»; «XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық реформалар»; «Қазақтардың 1860-1870 жылдардағы азаттық күресі»; «XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамы»; «XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы Қазақтардың ауызша тарихи дәстүрлерінің дамуы».

  2. сыныпта 8-сыныптың келесі тақырыптары ұсынылады:

«Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы»;

«Қазақстан азаматтық қарсыластық жылдарында (1917-1920жж.)»,

«Қазақстандағы ұлттық автономиялар»; «Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы индустрияландыру»; «Қазақстандағы ұжымдастыру», «1920-1930 жылдардағы саяси репрессиялар»; «Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы».

Мысалы,«Дүниежүзітарихы»пәнібойынша:

  1. сыныптан 5-сыныптың келесі тақырыптары ұсынылады: «Таяу және Орта Шығыстағы ежелгі империялар неліктен қуатты болды?»; «Ежелгі Орта Азия империялары қаншалықты қуатты болды?»; «Ежелгі дүниенің мәдени мұрасы қандай?».

  2. сыныпта6-сыныптыңкелесітақырыптарыұсынылады:«Неліктен VIII-XII ғасырды ислам мәдениетінің «алтын ғасыры» деп атайды?»; «Еуропада орталықтандырылған мемлекеттер қалай құрылды?»; «Шығыстағы Ренессанс әлемдік мәдениетті қалай байытты?».

  3. сыныпта 7-сыныптың келесі тақырыптары ұсынылады: «Өнеркәсіп төңкерісі әлемді қалай өзгертті?»; «1848 жылғы революциялар Еуропада қандай саяси идеяларды қалыптастырды?»; «Италия және Германияның бірігу жолдары қаншалықты бір-біріне ұқсас болмады?»; «XІX ғасырдағы өнер мен әдебиет әлеуметтік әділетсіздікті қалай суреттейді?».

  4. сыныпта8-сыныптыңкелесітақырыптарыұсынылады: «XIX ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басында өнер қалайша өзгерді?»; «Әлем елдері Ұлы дағдарыстан қалай шықты?»; «ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы мәдениеттің даму ерекшеліктері қандай?».


Білім олқылықтарының орнын толықтыру бойынша жұмысты ұйымдастыру кезінде оқытудың келесі белсенді және интерактивті әдістерін қолдану ұсынылады:

  • кластерлер мен графикалық органайзерлер құру:

  • пікірталастар жүргізу;

  • тарихи оқиғаларды жобалау;

  • нақты жағдайды талдау;

  • проблемалық оқыту т.б.

Тәрбиеліккомпонент

Пән мазмұны ата-бабаларымыздың бірегей мәдениетін, Қазақстанның әлемдік тарихтағы орны мен рөлін, оның әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсінуге, мүмкіндік береді.

Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар:

  • олимпиадалар мен жарыстар, таңдау бойынша бос сабақтар түрінде;

  • оқу бағдарламасына сәйкес қосымша арнайы сабақтар түрінде;

  • пәнаралық және кіріктірілген сабақтарда және т. б.

Сыныптан тыс жұмыс оқушылардың дербестігін дамытуға ықпал етеді, зерттеу қызметінің дағдыларын қалыптастырады, пәнді оқуға қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар білім алушылардың іздеу қабілеті дамиды, олардың теориялық білімдері толықтырылып, тереңдетіледі.


«Құқық негіздері» оқу пәні

Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты алғышарттарының бірі – азаматтардың құқықтық білімін жетілдіріп, құқықтық сауаттылық пен мәдениениетін қалыптастыру. Сондықтан жалпы білім беретін мектептерде «Құқық негіздері» пәнін оқыту оқушылардың қоғамда әлеуметтік бейімделуі үшін қажетті негізгі құқықтық білімдері мен дағдыларын меңгеруді қамтамасыз етуге бағытталған.

«Құқық негіздері» оқу пәнінің мақсаты - құқық жөнінде негізгі білімдерді игеру арқылы құқықтық тұрғыдан сауатты азаматты тәрбиелеу және олардың бойында заңды құрметтеу дәстүрі мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, өз азаматтық құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға қажетті білім мен дағдыларды қалыптастырып дамыту.

Пәнді оқыту оқушыларда азаматтық құқықтарын жүзеге асыруға, мiндеттемелерiн орындауға қажетті білім мен дағдыларды, саяси-құқықтық сананы қалыптастырады.

«Құқық негіздері» оқу пәнінің базалық білім мазмұны: Құқық және мемлекет, Конституциялық құқық, Азаматтық құқық, Еңбек құқығы, Отбасы құқығы, Әкімшілік құқық, Қылмыстық құқық бөлімдерін қамтиды.

«Құқық негіздері» оқу пәні бойынша оқу жүктемесі:9-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

Ұзақ мерзімді жоспардағы тақырыптар проблемалық сұрақтар түрінде құрастырылған. Оның басты себебі – кез келген тақырып оқушыларды бірден ойландырады және оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, проблемалық сұрақ қоюға, өздігінен талдау жасау дағдыларын дамытуға жәрдемдеседі.

«Құқықнегіздері»пәніноқытудакелесіпедагогикалықәдіс-тәсілдердіқолдануұсынылады:

  • «Кейс стади», оқушылардың проблемаларды анықтауда өз ойларын, пікірлерін айту, дәлелдеу, гипотеза ұсыну, зерттеуді одан әрі жоспарлау


қабілеттерін дамытатын ынталандырушы–проблемалық, ситуациялық жағдай туғызу;

  • белгілі бір тақырып бойынша «миға шабуыл», «фишбоун», «автор орындығы», т.б. әдістерін ұйымдастыру (проблемаларды табу, әр оқушының идеясын ұсыну, бүкіл сыныппен талқылау, оны талдау және шешімнің дұрыс нұсқасын қабылдау);

  • сабақта оқушылардың белсенділігін қажет ететін құқықтық проблемаларды талқылау;

  • оқушылардың пікірталас өткізу және құқықтық мәселелерді талқылауына игі ықпал ету үшін компьютерлік қарым-қатынас құралдарын (мысалы, онлайн-форумдар, конференциялар) пайдалану.

Оқушылардың құқықтық мәселелер мен жағдайаттарға талдау жүргізу үшін сабақта құқықтық-нормативтік актілермен, заң түсіндірмелерімен және т.б. құқықтық деректермен жұмысты көптеп ұйымдастыру ұсынылады.

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) өткізу қарастырылған (61-кесте).
61-кесте. «Құқық негіздері» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау саны


Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

9-сынып

1

1

1

1


Сонымен, «Құқық негіздері» оқу пәні бойынша 9-сыныпта бөлім үшін ғана жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша жарты жылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді.
«Өзін-өзі тану» оқу пәні

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу үдерісінің
басты міндеті: тұлғаның құндылықтар жүйесін, қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шығармашылықпен шешудің іс жүзіндегі дағдыларын анықтау; оқушылардың әлеуметтік мәнді бағдарларын, яғни адамның өзіне, қоршаған әлемге, жалпы адамзатқа қатысына себепші болатын адамгершілік тәртіп негіздерін қалыптастыру; жас ерекшеліктеріне қарай, жеке тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі ретінде дамыта отырып, әрбір адамның табиғатына салынған жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару.

5-9-сыныптардағы «Өзін-өзі тану» базалық мазмұны төрт тарауды қамтиды: «Таным қуанышы»; «Адам болам десеңіз ...»; «Адам және әлем»;

«Адамзаттың рухани тәжірибесі».

6-сыныпта II «Адам бол» бөлімнің 9-10 тақырыбы «Басқа адамды сезін» деген атаумен берілген.

Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 5-9-сыныптарда аптасына – 1 сағат, жылына – 34 сағатты құрайды.

Оқушылардыңбілімінбағалау.Рухани-адамгершілік білім берудің ерекшеліктеріне сәйкес сандық емес, сапалық баға маңызды, сондықтан әрбір жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «сынақ» қойылады. Егер оқушы негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Өзін-өзі тану» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында көрсетілген дайындық деңгейіне қойылатын барлық талаптарды орындап, жоба күнделігін әзірлесе, оқушыға «сынақ» қойылады.
«ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНЕР» БІЛІМ САЛАСЫ
«Технология және өнер» білім саласы бойынша келесі пәндер оқытылады: «Музыка» 5-6-сыныптар, «Көркем еңбек» 5-9-сыныптар.
«Музыка» оқу пәні

5-6-сыныптарға арналған