Файл: Орта білім беру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 354

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Ағылшын тілі» оқу пәндері (оқытуұйғыр,өзбек,тәжіктілдерінде)

бойыншa оқу жүктeмeсінің көлeмі:

10 - сыныптa – aптaсынa 3 сaғaт, оқу жылындa 102 сaғaт; 11 - сыныптa – aптaсынa 3 сaғaт, оқу жылындa 102 сaғaт.

Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты жалпы орта білім беру деңгейінде «Ағылшын тілі» оқу пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі 68-кестеде берілген.

  1. кесте. Оқу жүктемесінің көлемі


Сынып


Оқу пәнінің атауы

Жалпы жүктеме, сағат

Үлгілік оқу жоспары

(жаңартылған мазмұн)

Үлгілік оқу жоспары

(төмендетілген оқу жүктемесімен)

Апталық

Жылдық

Апталық

Жылдық

жаратылыстану-математика бағыты

10

Ағылшын тілі

3

102

2

68

11

Ағылшын тілі

3

102

2

68

қоғамдық-гуманитарлық бағыт

10

Ағылшын тілі

3

102

3

102

11

Ағылшын тілі

3

102

3

102

Үлгілік оқу бағдарламасы түріне байланысты жалпы орта білім беру деңгейінде «Ағылшын тілі» оқу пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі. Жалпы орта білім беру деңгейінде «Ағылшын тілі» пәнін
оқытудың мақсаты – білім алушыларға ағылшын тілін В2 тілдік деңгейінде меңгерту арқылы оларда мәдениетаралық қарым-қатынасқа түсу барысында қажетті дағдылар мен қабілеттерді дамыту.

10-11-сыныпта білім беру процесі келесі үлгілік оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады:

  • Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Ағылшын тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы;

  • Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы «Ағылшын тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.

  • Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Ағылшын тілі» пәнінен (оқу жүктемесі төмендетілген) үлгілік оқу бағдарламасы.

Оқу бағдарламалары ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады, онда бөлімдер оқу жылы бойы оқытылады. Педагог тоқсан ішіндегі тақырыптарды зерделеу тәртібі мен олардың сағаттарын өз қалауы бойынша бөледі.

Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Ағылшын тілі» пәнінен (оқу жүктемесі төмендетілген) үлгілік оқу бағдарламасының ерекшеліктері:

  • үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес (оқу жүктемесі төмендетілген) жалпы орта білім беру деңгейінің 11-сыныбын бітірген білім алушылар ағылшын тілін В2 тілдік деңгейінде меңгеріп шығады;

  • оқу жүктемесінің төмендетілуі бағдарламаның әрбір бөлімі (Strand) бойынша оқу мақсаттары санының қысқартылуы есебінен жүзеге асырылады.


Үлгілік оқу бағдарламалары ҚР БҒМ бұйрығымен бекітілген және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының https://nao.kz/ сайтында орналастырылған.

Формативті бағалау кезінде педагог білім алушыларға кері байланыс ұсынуы тиіс. Білім алушылардың формативті бағалау нәтижелерін басып шығару және сақтау талап етілмейді.

Білім алушылардың оқу жетістіктері балл қою арқылы формативті бағаланады:

  • тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шаралары кезінде;

  • әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау бір баллдан 10 баллға дейін жүзеге асырылады.

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізіледі. 10-11-сыныптарда БЖБ үшін максималды балл кемінде 7 және 20 балдан артық болмауы керек (69-кесте).

  1. 1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   90


кесте. Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

Сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

10-сынып

2*

2*

2*

2*

11-сынып

2*

2*

2*

2*

* Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрібіріктіріледі(мысалы,тыңдалымжәнеайтылым;оқылымжәнежазылым).
«Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау ерекшеліктері https://smk.edu.kz/ сайтында орналастырылған.



10-11-сынып білім алушылары үшін Ы.Алтынсариннің 180 жылдықмерейтойынаорайеңбектеріннасихаттаумақсатындашеттілінде(ағылшын,неміс,французтілдері)эссежұмыстарынжүргізуұсынылады.
«Нeміс тілі», «Француз тілі» оқу пәндері
2021-2022 оқу жылында 10-11-сыныпта «Неміс тілі» пәнінен оқу процесі келесі үлгілік оқу бағдарламаларымен жүзеге асырылады:

  1. ҚР БҒМ 2019 жылғы 7 наурыздағы 105 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Неміс тілі» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (10-11-сыныптар);

  2. ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы 496 бұйрығымен бекітілген


«Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Неміс тілі» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы.

2021-2022 оқу жылында 10-11-сыныпта « Француз тілі» пәнінен оқу процесі келесі үлгілік оқу бағдарламаларымен жүзеге асырылады:

  1. ҚР БҒМ 2019 жылғы 7 наурыздағы 105 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Француз тілі» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (10-11-сыныптар);

  2. ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген. Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Француз тілі» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы.

«Неміс тілі», «Француз тілі» оқу пәндері бойынша оқу бағдарламалары білім алушылардың тілдік дағдыларын дамыту мақсатында сөйлеу қызметінің төрт түрін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) дамытуға бағытталған.

«Неміс тілі», «Француз тілі» оқу пәндерінің маңыздылығы: оның коммуникация, ғылым, бизнес, туризм, спорт және т.б. салаларында қолданылуымен ерекшеленеді. Неміс, француз тілдерін білу:

  1. білім алушылардың түрлі жағдайдағы қарым-қатынаста сенімділіктерін арттырады;

  2. Қазақстанда ғана емес, шетелде де жоғары білім алуға мүмкіндік береді;

  3. білім алушылардың неміс тілінде таратылатын жаңалықтар мен ақпараттар алу мүмкіндігін кеңейтеді;

  4. білім алушылардың неміс, француз тілдерінде әдеби туындылардың тұпнұсқалық мәтіндерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

  5. Қазақстанды өз елінде және шетелдерде таныту мүмкіндігін кеңейтеді;

  6. мектепте қалыптасқан дағдыға, оқыту және білім стратегиясына сүйеніп, өмір бойы оқуға мүмкіндік беріледі.