ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.03.2024
Просмотров: 28
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: № 3-зертханалық жұмыс. "Математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау"
Бөлімі: | Тербелістер мен толқындар |
Педагогтің аты-жөні: | Муханова А |
Күні: | 13.02.2023 |
Сыныбы:9 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | № 3-зертханалық жұмыс. "Математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау" |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 9.2.5.8 математикалық маятник периодының формуласынан еркін түсу үдеуін анықтау; 9.2.5.9 период квадратының маятник ұзындығына тәуелділік графигін тұрғызу және талдау; 9.1.3.1 алған нәтижені түсіндіру және қорытынды жасау |
Сабақтың мақсаты: | Оқушылардың барлығы:Тербелмелі қозғалысты біледі және түсінеді; Көптеген оқушылар: математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін тәжірибе жүзінде анықтайды. Барлық есептеулерді жүргізіп, қателіктердде анықтайды және қорытынды жасайды. Кейбіреуі: Зертханалық жұмысты жақсарту жолдарын ұсынады |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/ Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сұрақтар: - Математикалық маятниктің формуласы қалай жазылады? -Математикалық маятникті қайда қолданады? -Математикалық маятниктің периоды қандай шамаларға тәуелді? - Математикалық маятниктің тербеліс периодының формуласынан еркін түсу үдеуінің формуласын қорытып шығарыңыздар | Оқушылар өткен тақырып сұрақтарына жылдам жауап беріп, бүгінгі тақырыппен танысады. | Бағалау критерийлері Зертханалық жұмысты қалай орындау керектігін біледі және түсінеді. -Математикалық маятниктің тербеліс периодының формуласынан еркін түсу үдеуінің формуласын қорытады. Есептеулерді дұрыс жүргізеді. - Зерттеу тәжірибелерін жүргізе алады, зертханалық жұмыста алынған/есептелген мәндер мен еркін түсу үдеуінің нақты мәнін салыстырады, егер алған мәндері өте жуық болып шықса, немесе нақты мән мен есептелген мәннің арасында алшақтық бар болса, неліктен олай болғандығына талдау жасайды. - Тәжірибе жасау арқылы мәліметтер алады: қозғалыс және уақыт мәндері Жауаптары (Геологияда, кен іздеуде. Еркін түсу үдеуінің мәні кестелік мәнінен үлкен болған жерлердде ферромагниттік қазбалы байлықтар немесе темір рудасының кені болуы мүмкін) (маятниктің ұзындығы / жіптің ұзындығы мен еркін түсу үдеуіне) | Оқулық Слайд Техника қауіпсіздігінің ережелерінен осы жұмысқа қажетті үзінді | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 30 минут | Зертханалық жұмыс: «Математикалық маятниктің көмегімен дененің еркін түсу үдеуін анықтау» Мақсаты: Математикалық маятниктің қасиеттерін зерттей отырып дененің еркін түсу үдеуін тәжірибе жүзінде анықтау. Теориялық бөлім Математикалық маятник тербеліс периодының формуласын қорытып шығарайық. Есепті жеңілдету үшін маятникті бір жазықтықта тербелтпей, жүк шеңбер бойымен қозғалатындай етіп, оны конус сызуға мәжбүр етеміз (конустық маятник). Маятниктің айналу периоды оның тербеліс периодына тең болады. Тайн.=Ттер=Т. Конустық маятниктің айналу периоды шеңбер бойымен қозғалыстың жылдамдығының формуласынан алынады: Ал маятник вертикаль күйінен шамалы ғана (аз бұрышқа) ауытқитын болса, амплитуда аз болғанда, қорытқы күш шеңбердің ВС радиусы бойымен бағытталады деп есептеуге болады. Бұл жағдайда қорытқы күш центрге тартқыш күшке тең (): ОВС және ВDE үшбұрыштарының ұқсастығынан: ВЕ:ВD = СВ:ОС немесе Ғ:mg = R:l, бұдан Ғ күшінің осы екі өрнегін теңестіре отырып алатынымыз: Осыны Т периодтың өрнегіне қойып, мынаны аламыз: Математикалық маятниктің периоды түбір астындағы еркін түсу үдеуіне кері пропорционал. Осы жерден еркін түсу үдеуін есептейтін формуланы қорытып шығарамыз: Гипотеза/ болжам: (бұл пункт міндетті емес) Егер жіптің үйкеліс күшін және ауаның кедергі күштерін ескермесек, математикалық маятниктің көмегімен анықталатын еркін түсу үдеуінің мәні 9.8м/с2 -қа тең немесе жуық болуы мүмкін. Жұмыс барысы: 1.Тұрғыны парта шетіне орнатып, оған металл шар ілінген жіпті еденнен 3-5см жоғары тұратындай ілу 2.Маятникті тепе-теңдік күйінен 5-8см-ге ауытқытып, тербелтіп жіберу 3. Жіптің ұзындығын алдын-ала өлшеу. Маятниктің толық 40 тербеліс жасауға кеткен уақытты өлшеу. 4.Тәжірибені қайталап, уақыттың орташа мәнін алу. Сол уақыттың орташа мәні бойынша орташа периодты есептеу: Торт=tорт/N 5. формуласы бойынша еркін түсу үдеуінің орташа мәнін есептеу. 6.Барлық өлшеулерді кестеге енгізіп, қателікті анықтап, қорытындылау.
Қателіктерді анықтау: Абсолютті қателік: Салыстырмалы қателік: Қорытынды жазу. | Зертханалық жұмысты орындауға қажетті құрал-жабдықтар: қысқышы мен сақинасы бар тұрғы, жіп, сызғыш немесе өлшеуіш лента, секунд өлшегіш, металл шар, магнит. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы. 5 мин Рефлекция Бағалау | Рефлексия. Бағалау. Төмендегі сөздермен бастап, 1-2 сөйлеммен өз іс-әрекеттеріңді бағалаңдар. Кестеде 1 ғана бағанды толтырыңдар (таңдау бойынша)
| Сабақты қорытындылау барысында оқушылар өз ойларын үлестірме қағаздарға жазып, пирамиданы кім қай мәселені ұққандығына қарай толтырады. | Оқушылар зертханалық жұмысты орындап болып, қорытындыларын жасайды. Әр жұптан 1 сөйлемнен тыңдап, барлық қорытындылардан жалпы бір қорытынды жасау. | Презентациямен мұғалім ұсынған қорытындыны көрсетуге де болады. |
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Еркін және еріксіз тербелістер, резонанс
Бөлімі: | 9.3 В Тербелістер және толқындар |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Еркін және еріксіз тербелістер, резонанс |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 9.2.5.10 еріксіз тербеліс амплитудасының мәжбүрлеуші күштің жиілігіне тәуелділігін график бойынша сипаттау; 9.2.5.11 резонанс құбылысын сипаттау |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар істей алады: Еркін және еріксіз тербеліске сипаттама береді. Көптеген оқушылар істей алады: Резонанс құбылысын түсіндіреді Кейбір оқушылар істей алады: резонанстың пайдасы мен зиянына мысал келтіреді |
Сабақтың барысы: |
Сабақ кезеңі/ Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақтың басы 10 минут | Ұйымдастыру – сыныптағы оқушыларды түгендеу; бүгінгі сабақтың барысы – жоспарымен, орындалатын іс-әрекеттермен таныстыру. Осы тақырыптың алдында өтілген материалдарды пысықтау, үй тапсырмасын еске түсіру мақсатында оқушылармен жұптық жұмыс орындау Серіппелі маятниктің қозғалысы кезінде энергияның түрленуін қарастырыңыздар. Кестеде келтірілген шамалар қалай өзгеретіндігіне қарай оны толтырыңыздар. Төмендегі белгілерді қолданыңыздар
| Оқушылар өткен тақырып сұрақтарына жылдам жауап беріп, бүгінгі тақырыппен танысады. | Еркін және еріксіз тербелістерге сипаттама береді Резонанс құбылысының сипаттамасын сапалы түсіндіреді; Резонанстың техникадағы және тұрмыстағы қолданылысын түсіндіреді; Құбылысты тәжірибе жүзінде бақылап, резонатор құралын қолдана алады (мысалы, камертон); Резонанстың пайдасы мен зияны туралы түсіндіреді Кестенің толтырылуын тексеру – бағалау – әр жұптағы оқушылар өз жұмыстарын келесі жұпқа бередді, бірін-бірі тексереді, мұғалімнің ұсынған жауаптарымен салыстырады. Бірін-бірі – өзара және өзін –өзі бағалау жүзеге асырылады. | Оқулық Слайд Таратпа материал – кестені толтыру | |||||||||||||||
Сабақтың ортасы 25 минут | Жаңа тақырып Келесі жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады. Мұғалім тербелістің екі түрімен таныстырылады.
Оқушылар осы екі түріне мысалдар келтіреді.
Демонстрациялық тәжірибе көрсету. Резонанс құбылысын Бартон маятнигі арқылы демонстрациялау. Төмендегі суретте көрсетілгендей тербелмелі жүйені құрастырыңыз. Жүргізуші маятник – ұзындығы 0,5 м темірден немесе басқадай металдан жасалады. Қалған маятниктердің ұзындықтарын 0,25 см-ден 0,75 см-ге дейін әр түрлі ұзындықта алу керек. Жетекші немесе жүргізуші маятникті тепе-теңдік қалпынан шығарып, тәжірибені осы қондыпғыны қырынан қарап тұрып бақылау керек. Сонда тербелістер, амплитудалары жақсы көрінеді. Оқушыларға резонанс құбылысын анықтап көруді тапсырыңыз. Яғни, фазалық ығысуларды, тербелістердің амплитудаларының кемуін – тербелістің өшуін, тербелістің өшуіне не ықпал ететіндігін өте мұқият бақылаулары керек. Конустық маятниктердің қайсысы жетекші маятникпен резонансқа түседі? - деп сұраңыз. Маятниктер әр түрлі амплитудамен тербеледі. Конустық маятниктердің ішінде жетекші маятникпен резонансқа жібінің ұзындығы жетекші маятникпен бірдей немесе шамалас маятник қана түседі. Сонымен қатар, резонансқа түскен маятниктің тербеліс фазасы жетекші маятниктің фазасына қарама-қарсы болады. Резонанс құбылысында да энергияның сақталу заңы орындалады. Міне, осы тәжірибеден мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі дәл келген кездегі еріксіз тербелістер амплитудасының кенет арту құбылысы резонанс деп аталатын құбылысты көреміз. Резонанс құбылысына сипаттама беретін видео көРeфлексия пирамидаcы:Қарастырылған мәселелерді қаншалықты ұққандығыңды өзің бағалап, пирамиданы толықтыр: Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалаурсетіледі https://www.youtube.com/watch?v=nQaJloZD-xY | Оқушылар видеоны екі- үш сөйлеммен қорытындылайды. Резонанстың пайдалы және зиянды әсерлері туралы мағлұмат беріледі. Осыдан кейін резонанстың теріс және пайдалы әсерлері туралы видео көрсетіледі және талданады. (Т/Ө) Оқушылар ғаламтордың және кітаптардың көмегімен резонансты пайдасы мен зиянын зерттей алады. Олар Такома қаласы арқылы бұғаз туралы видеоны көрген соң резонанс кездесетін басқа мысалдарды ұсынуы мүмкін, мысалы: машина айнасы немесе киім кешекке арналған центрдентепкіш кептіргіш машина, бір мотордағы бір жиілікте вибрацияланатын қозғалтқыш. Өшетін тербелістердің резонансқа ұшырау әсерін білу жер сілкінісі кезінде ғимараттарды зақымдалудан қорғау үшін пайдалы. | Керілген жіпке ілінген бірнеше конустық маятниктерден және жетекші маятниктен тұратын Бартон маятнигі моделі http://practicalphysics.org/Barton-pendulums.html Такома көпірінің құлау видеосы: http://www.youtube.com/watch?v=ASd0t3n8Bnc&list=PL7FC90911A89C6D7F&index=2&feature=plpp_video немесе http://www.youtube.com/watch?v=j-zczJXSxnw Бартон маятнигі-видео https://www.youtube.com/watch?v=SS1kmiNFbgQ | ||||||||||||||||
Сабақтың соңы. 5 мин Рефлекция Бағалау | Сабақты қорытындылау. Рефлексия Кері байланыс беру. Сөздерді жалғастырыңыз: - Бүгінгі сабақта мен ... - Мен үшін ең қиын болғаны ... - Енді мен білемін .. - Маған .... туралы әлі де оқу керек -§31 Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап жазу.26- жаттығу есептері | Сабақты қорытындылау барысында оқушылар өз ойларын үлестірме қағаздарға жазып, пирамиданы кім қай мәселені ұққандығына қарай толтырады. | Жалпы сабақты бағалау критерийлер бойынша ең жоғарғы 10 балл | Үлестірме стикерлер Оқулық «Жетістік сатысы» немесе «Жетістік көпірі» немесе «Жетістік ағашы» |
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Еркін электромагнитік тербелістер
Бөлімі: | 9.3 В Тербелістер мен толқындар |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Еркін электромагнитік тербелістер |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 9.4.4.1 тербелмелі контурдағы еркін электромагниттік тербелістерді сапалық түрде сипаттау |
Сабақтың мақсаты: |
Кейбір оқушылар істей алады: Тербелмелі контур, Томсон теңдеуілерін біледі, есептер шығарады. |
Сабақтың барысы: |
Сабақ кезеңі/ Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 10 минут | Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. «Миға шабуыл» (4 минут)
2. Идеал тербелмелі контурды қалай түсінесің? 3. Тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістерді сипаттап бер? 4. Еркін тербелістер дегенді қалай түсінесіңдер? 5. Гормоникалық тербелістер жайлы не білеміз? 6. Тербеліс амплитудасы, периоды, жиілігі жайлы не білеміз? Кері байланыс: оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы Бағалау: «Мадақтау» арқылы | Оқушылар өткен тақырып сұрақтарына жылдам жауап беріп, бүгінгі тақырыппен танысады. | Бағалау критерийлері Тербелмелі контурдағы еркін электромагниттік тербелістерді сапалық түрде сипаттайды Формулаларды тұжырымдау, есеп шығаруды қолданады Электромагниттік тербелістермен таныстырып солар жайлы түсінік береді Дескриптор: -тербелмелі контурды біледі -электромагниттік тербелістерді сипаттайды -еркін тербеліс анықтамасын біледі -амплитуда, жиілік, период ұғымдарын біледі Әр дұрыс жауапқа 1 балл | Оқулық Слайд Ауызша сұрауға да болады немесе слайд түрінде көрсетіледі |
Сабақтың ортасы 25 минут | Жаңа тақырып Тапсырма: Оқулықпен жұмыс, оқушылар тақырыпты өз бетінше оқып, содан соң , тақырып соңындағы сұрақтарға жауап береді. Тақырыпты сыныппен талқылайды | оқушылар тақырыпты өз бетінше оқып, содан соң , тақырып соңындағы сұрақтарға жауап береді. Тақырыпты сыныппен талқылайды | Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап береді Әр дұрыс жауапқа 1 балл | Оқулық Таратпа материалдар, есептерді |
Жеке жұмыс «Есептер шығару» (10 минут) 1. Индуктивтілігі 0,1 Гн катушка мен сыйымдылығы 2 мкФ конденсатордан тұратын тербелмелі контурдың меншікті тербелісінің периодын табыңдар? 2. Индуктивтілігі 0,04 Гн болатын тербелмелі контурдың ерікті тербелістерінің жиілігі 800 Гц. Осы контур конденсаторының сыйымдылығы қандай? V. Деңгейлік есептер. Жұптық жұмыс І нұсқа
ІІ нұсқа
| ||||
Сабақтың соңы. 5 мин Рефлекция Бағалау | Рeфлексия пирамидаcы:Қарастырылған мәселелерді қаншалықты ұққандығыңды өзің бағалап, пирамиданы толықтыр: Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау Үйге тапсырма§32 27-жаттығу есептері | Сабақты қорытындылау барысында оқушылар өз ойларын үлестірме қағаздарға жазып, пирамиданы кім қай мәселені ұққандығына қарай толтырады. | Жалпы сабақты бағалау критерийлер бойынша ең жоғарғы 10 балл | Үлестірме стикерлер Дескриптор Оқулық |
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Толқындық қозғалыс
Бөлімі: | 9.3 В Тербелістер мен толқындар |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Толқындық қозғалыс |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 9.2.5.12 толқын жылдамдығы, жиілігі және толқын ұзындығы формулаларын есеп шығаруда қолдану; 9.2.5.13 көлденең және бойлық толқындарды салыстыру |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар істей алады: Толқындық қозғалыс туралы мәліметтерді біледі Көптеген оқушылар істей алады: Толқындық қозғалыстың түрлері және оларды сипаттайтын шамаларды біледі Кейбір оқушылар істей алады: Толқын жылдамдығы, жиілігі және толқын ұзындығы формулаларын есеп шығаруда қолданады |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/ Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 10 минут | Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Толқын дегеніміз не ? Толқынның қандай түрлерін білесіңдер ? Толқынды қайда кездестіресіңдер ? Үй тапсырмасын сұрау :,,Миға шабуыл,, 1. Маятниктің түрлерін атаңыз.? 2.Математикалық маятник деп нені айтады .? 3.Серіппелі маятник деп нені айтамыз .? 4.Математикалық маятниктің тербеліс периоды неге тең.? 5.Маятник қай жерлерде пайдаланылады? ,,Микрофон,, әдісі арқылы бағалау | Оқушылар өткен тақырып сұрақтарына жылдам жауап беріп, бүгінгі тақырыппен танысады. | Бағалау критерийлері көлденең және бойлық толқындардың анықтамасын біледі. көлденең және бойлық толқындарды салыстырады. толқын жылдамдығы, жиілігі және толқын ұзындығы формулаларын есеп шығаруда қолданады. Дескриптор: - толқын анықтамасын біледі -толқын түрлерін біледі - толқын кездесетін ортаны біледі | Оқулық Слайд | ||||
Сабақтың ортасы 20 минут | Жаңа тақырып 1. Қыз көпірдің үстінде тұрып суға кіші тасты тастады. 1.1-суретті қараңыз. 1.1-сурет (а) Тас су бетіне Х нүктеде түседі. 1.2-суретте тас суға түскеннен кейін 0,1 cекунд уақыттан соңғы толқын шебі (фронты) көрсетілген. (і) Толқынның таралу жылдамдығы 5 см/с. 0,3 с уақытта толқын қандай қашықтыққа таралатынын есептеңіз. (іі) 1.2-суретте көрсетілген толқын шебінен 0,3 секунд уақыт өткеннен кейінгі толқын шебін сызыңыз. сурет 1.2 | Дискрипторлар 1. Есептің берілгенін дұрыс жазады. (ХБЖ айналдыру) 2. Қажетті формуланы дұрыс қолданады. 3. Есепетеу жолын дұрыс жүргізеді. 4. Жауабын дұрыс жазады. | Толқынды модельдеу: http://phet.colorado.edu/sims/wave-on-a-string/wave-on-a-string_en.html Толқындар туралы интерактивті бейнебаян: http://www.bbc.co.uk/schools/gcsebitesize/science/aqa_pre_2011/radiation/anintroductiontowavesact.shtml | |||||
Сабақтың соңы. 10мин Рефлекция Бағалау | Бүгінгі сaбaқ кызықты болды мa?
-§33 Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап жазу.28-жаттығу есептерін шығару | Сабақты қорытындылау барысында оқушылар өз ойларын үлестірме қағаздарға жазып, пирамиданы кім қай мәселені ұққандығына қарай толтырады. | Жалпы сабақты бағалау критерийлер бойынша ең жоғарғы 10 балл | Үлестірме стикерлер Дескриптор Оқулық |