Файл: Емтихан билеті 1 Адамзат ркениетіндегі жазуды маызы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 49

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

графемасы арқылы танып аламыз. Сондықтан бір графеманың
әртүрлі   формаларын   бірінің   орнына   бірін   ауыстыра   береміз,
мысалы, каллиграфиялық және типографиялық әріптерді неме-
се каллиграфиялық әріптің өзінің 2-3 түрлі формасын алсақ таболады дейді.

.

2Қытай қазақтарының тілі, төте жазу ерекшеліктері.

А.Байтұрсынұлының әліпбиі бүгінде Қытай қазақтары жазба коммуникациясында қолданылады. Бұл туралы проф. С.Жанболаттың сөзін тыңдасақ: «1924 жылы Орынборда өткізілген қазақ-қырғыз білімпаздарының тұңғыш сиезі ресми қабылдаған Ахмет Байтұрсынұлының қазақ алфавиті Қытайда тұратын қазақтарға оңды да күшті дүмпу жасаған, оны «Жаңа әліп-би», «Жаңа емле», «Байтұрсын емлесі», «А.Байтұрсынов әліппесі» деген аттармен Қытайға тез жетуінен, 1925-1926 жыл- дарда Құлжа, Шәуешек, Сарысүмбезе (Алтайда), Үрімшіде көзі ашық зиялылардың үйренгенінен байқауға болады, он жыл өткен соң, бұл әліппе айтылған қалаларда жаппай ашылған мұғалімдер курстарында ресми сабақ ретінде оқытылды, тіпті «Әліппе астары» (авторы К.Дүйсенбаев, Алтайда), «Жаңа әліп-би» (Құлжада), «Әліппе» (Шәуешекте) дейтін оқу құралдары220басылып шыққан. Кей басылымдар, мысалы «Таң» дейтін жур- нал 1938 жылы Үрімшіде осы әліппемен қазақша шығармалар жариялай бастады.А.Байтұрсынұлының жаңа әліппесі мен жаңа емлесінің Шыңжаңдағы қазақтар арасында талассыз қабылданған ерек- шеліктері мыналар болды:1) Көне араб алфавитіндегі خ , ع , ذ , ث қатарлы таңбалар мен парсылар қосқан ژ сияқты әріптерді қазақ тілінде қажетсіз деп шығарып тастау;

ا , و , ؤ , ى, ه Қазақ тіліндегі дауысты дыбыс үшін 5 әріп )2 )ء( қабылдап, тіл алды (жіңішке) дауыстыларын дәйекше арқылы (мысалы: اء, و ء , ؤ ء , ى ء түрінде) тіл арты дауыстыла-рын парықтау. Сөз басындағы дәйекше былайғы барлық буынды жіңішкерте алады, табиғи жіңішке ه мен жіңішке буындарда келетін ك , گ әріптері бар сөздерге дәйекшені (ء) қажетсіз деп тану;

3) Қазақтағы у мен и әріптерін дауыссыз дыбыстардың таңбасы ретінде қарау, буын құрағанда қосар әріптермен (ұу, үу, ый, ій түрінде) жазу, ي , ي таңбаларына екі міндетті қоса мін- деттеу, дауысты болғанда қос нүктені қойма, дауыссыз болғанда қос нүктені қою;

4) Дауысты дыбыстарды жазбай, жазылмаған әріптерді қоса, жазылғанын оқымай кететін немесе бір дауысты бір-неше әріппен жазатын, бір әріпті бірнеше түрлі оқитын көне дағдыларды тастау. Біздіңше, яғни А.Байтұрсынұлының төте жазуына бүкіл әлемде ең соңғы мұрагер болып отырған Қытайда тұратын қазақтарында, А.Байтұрсынұлының «Тіл құралын» араб әліппесі негізіндегі қазіргі қазақ жазуының алғашқы ере-жесі десек болады».


Қытайда Ахмет Байтұрсынұлының әліппесін алғаш қабылдағаннан қазірге дейін қазақ жазуы мен емлесіне жиыны 7 рет өзгертулер енгізілген. Ал 1954 жылғы әліпбиде дәйекшелі әріптер есептелмейді. Дәйекше «жіңішкелік белгі» деген атпен бір орын алды. Сонда әріп саны дәйекшемен қосқанда – 30. Және қ, ң, ғ, ұ, һ әріптері сыңарларының қасында емес, әліпби соңына тізіледі.Ал 1984 жылғы емле түзетуінде 33 әріп ретімен беріледі.Біразға дейін талас тудырып келген «у» мен «и» дыбыстары қазір дауыссыз фонема деп танылады. Бұл туралы Мыркамал Жалелқанұлының 2010 жылы жариялаған мақаласынан оқуға болады. Байтұрсын емлесі Қытай қазақтары арасына, Шыңжанға тарағаннан кейін шет тілден енген (араб, парсы және еуропа тіл- дерінен) сөздерді дұрыс жазу үшін х, һ, ф, ч әріптерін қазақ ал- фавитіне қабылдау-қабылдамау туралы дау болған. Бірсыпыра оқымыстылар және баспа орындары өз еңбектерінде осы әріптерді қолданып та жүрді. Ал қазақыландыруды жақтайтын зиялылар қажетсіз деп білді. 1944 ж. саяси репрессиядан кейін қазақ-қырғыз ұйымының бір жиналысында жоғарыдағы 4 әріпті

қабылдау мақұлданды.Оның бір себебі Қазақстан қазақтарының өз тектеріне

«ов», «ев»- орыс жұрнағын жалғап жазуына байланысты еді. Фамиялиядағы в әрпін у әрпімен жазу ыңғайсыздық әрі күлкілі жағдай туғызды. Мысалы, М. Әуезовті М.Әуезоу деген сияқты.

Осыған байланысты Әнуар Көкей 1954 жылғы емлеге в әрпін

енгізді.Сол сияқты Қытай қазақтары емлесінде “ұ” мен «у» дың қосамжарласып жазылуы да таластың басы болған. Оқұу / оқыу / оқу нұсқаларының қайсысын таңдау қиын еді. Әнуар Көкей еріндікпен емес, езулікпен жазуды ұсынған: (оқыу, тоқыу).Сондықтан ол «Әнуар Көкей» емлесі деп аталған.Кейін 1954 жылы 27 шілдеде Шыңжаң өлкелік халық үкіметі:«1) Қазақ әрпіндегі қосар ұу-дың орнына, бір әріп «у» алынсын;2) Қазақ тіліндегі қосар «ый» әрпінің орнына жеке «и» қолданылсын;3) Орыс және басқа ұлттардың тілінен енген сөздерде жазы- латын жаңа әріп «в» енгізілісін», – деп қаулы шығарды.Ә.Көкейдің еңбегі туралы жазушы-профессор, дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төралқа мүшесі Солтан Жанболат былай дейді: «... Ахаңның төте жазуына жуңгө қазақтары іші- нен екінші рет өмір беру, әмбе оның сәтті де өміршең болуы үшін оны тағы да реформалай түсу, бүгінгі өзіміз әлі де қолданып жүрген күйге әкелу қажет болды. Міне, осы іргелі істі тынды- рып, зор да тарихи үлес қосқан адам Әнуар Көкейұлы ақсақал


болатын».Сөйтіп, 2001ж. соңғы түзетуден бері әліпбиде 34-таңба барделінеді. Оның соңғысы – дәйекше деген атпен жіңішкелік бел- гісі. Ал фонема саны – 33, оның 9-ы дауысты, 24-і дауыссыз дептабылады.

18 билет
1.Жазудың негізгі категориясы
Л.В.Щерба жазу теориясы дыбыстық таңбалар мен грамматикалық таңбаларға және ұғымдық таңбаларға ажырайды деген. Мұндағы дыбыстық таңбалар әрiптер болса, грамматикалық таңбалар пунктуациялық белгiлерге, ұғымдық таңбалар сөздердiң бөлек, бiрге, дефис арқылы берiлуi, бас әрiп, кiшi әрiп сияқты элементтерге саяды. Осы негiзде жазудың негiзгi категориялары шығады. Ол – алфавит, графика, орфография және пунктуация. Алфавит арқылы белгілі бір жазба мәтінде әріптерді фонемаларға таңып, мәтін мазмұнын оқимыз. Графика жазу түрлерін, қаріп түрлерін пайдалану деген сияқты жазба мәтіннің бүкіл тұрпатын ұйымдастырады. Ал кейбір жазуларда алфавиттегі әріп таңбалары жетпеген фонемаларды белгілеуді ұйымдастырады. Орфография жазба мәтіннің белгілі бір стандарт құрылыммен ұйымдасуына, ортақ жазу тәртібін құруға, сөздерді дифференциялауға көмектеседі (сөздерді бірге/бөлек/ дефис арқылы жазу, кіші/бас әріп). Пунктуация бүкіл мәтіннің, мәнмәтіннің оқырманға дәл, анық жетуін қарастырады. Жазу категорияларын ең алғаш қарастырған Бодуэн де Куртенэ графиканы көру-жазу элементі мен айту-есту элементі арасындағы байланыс деп түсінді. Ол байланыс үшін морфологиялық, семасиологиялық жайлардың қатысы болмады. Яғни сөз қалай дыбысталса, алфавитте бар сәйкес әріппен солай белгіленеді деді. Ал орфографияны ғалым жазу-көру элементі айту-есту элементіне де және морфологиялық, семасиологиялық элементтерге де қатысты деп түсіндірді.Жалпы, әліпбидегі әріп таңбасын қысқартудың мынадай жол- дары болды: 1) дәйекше арқылы дауысты дыбысты таңбалауды үнемдеу; 2) дауысты таңбасын көбейтіп, дауыссыз таңбасыназайту; 3) дауыстыны таңбалауды азайтып, дауыссыздар таңбасын екі есе көбейту. Соңғы тәсіл орхон жазуында, бірін- шісі А.Байтұрсынұлының төте жазуында қолданылды.Сонымен, қазақ әліпбиі саясаттың және басқа себептерден сингарможазудан (төте жазу) → акцентті-фонологиялық жазуға (латын, орыс графикасы) көшіп, орыс әліпбиінің 33 әрпін қабылдап, 9 жеке фонемасының таңбасымен бірге 42 әрпі бар әліпбиге айналып отыр.

2. ХХғ 20-ж. Қазақстан және Түркі тілдерінің республикалық  әліпби реформасыХХ ғасырдың 20-жылдары кеңес үкіметі әліпбиді алмастырумәселесін көтерді. Араб әрпінен латын әрпіне көшу шараларын іске асыруда үкімет тарапынан арнайы дайындық жұмыстары жүргізілді. Түркімен КСР-да 1927 жылдың 7 сәуірінен бастап жаңа әліпби комитеті құрылып, 1928 жылы 3 қаңтарда Ташкентте өткен ІІ пленумда Түркімен Республикасы Орталық Атқару Комитетінің қаулысымен латын әліпбиі мемлекеттік ал- фавит ретінде жарияланды.Түркімендер жаңа әліпбиге көшудің нақты мерзімін 1929 жылдың 5 қарашасына дейін аяқтауды белгіледі. 1926-27 жылда- ры Өзбекстанда латын әліпбиіне көшуге арналған 19 дайындық1923 жылдан бастап Қазақстанда да латын әрпіне негіз- делген жаңа әліпбиге көшу мәселесі көтеріле бастады. 1923-27 жылдар аралығында жаңа әліпбиді қолдаушылар мен бұрынғыәліпбиді жақтаушылар арасында тартыс, талас басталды. 1925 жылдан бастап жаппай латыншылардың “Жаңа әліпбишілер үйірмесі” немесе “Латыншылар үйірмесі” құрылды. 1925 жылы Н.Төреқұловтың “Жаңа әліпби туралы” атты кітабы басы лып шықты. Қазақстанда латын әрпіне көшу мәселесін Нәзір Төреқұлов пен Мұхтар Мурзин көтерді. Олардың бұл бастама- лары 1924 жылғы Қазақ білімпаздарының жиналысында үлкен айтыс-тартысқа түсті. Н.Төреқұловтың “Жаңа әліпби неге керек?” деген кітабы Мәскеуде жарық көрді.1924 жылы Қазақ білімпаздарының съезінде ХалелДосмұхамедұлы латын әрпін алуға қарсы болғанмен, латын әріптерінің жобасын жасауға қатысады. “Ақ жол” газетіне жариялаған “Қазақ тіліне латын әрпін алу мәселесі” дегенмақаласында: “Өзіміздің осы күнгі әрпімізді бірден тастай са- лып, латын әрпін алуға қарсы пікірде болсақ та, айналамыздағы желіктің салқыны бізге де тиді. Қолданбасақ та латын әріптерінбіз де тілімізге үйлестіріп көру керек. Топқа түсетін болсақ, біз де өзімізге лайық жобамен түсу керек. Пән ретінде қолдануға тағы керек”, – дейді. Ғалым латынның 14 әрпі (а, б, д, г, к, л, м, н, о, п, р, с, т, з) қазақ әрпіне сәйкес келетінін, сондықтан оны өзгеріссіз қабылдауды ұсынады. Ал ң, ө, ш, қ, ч сияқты әріптердің латын тілінде жоқтығын айта келіп, оған лайықты шет тілдерде (неміс, ағылшын, поляк) қолданылып жүрген әріптерді жазуғаболатынын көрсетеді. Мәселен, “ш” әрпін ағылшындарша “sh” деп жазуды ұсынады. Ол әріптерді латынша таңбалағанда, еуропалықтардан алысқа кептей, солардың қолданып жүргентаңбаларын қолдану қажеттігін де баса айтады


Емтихан билеті №19

1Әліпби мен графика арасындағы айырмашылықтарАлфавит пен графика арасында нендей айырмашылық бар дегенге әлi бiржақты жауап жоқ. Л.В.Щерба графика мен алфавиттi бiр деп қараса, Б. де Куртенэ графика мен орфографияның арасын ажырата қоймады. Л.В.Щерба мәселенi екiге бөлiп қарастыруды жөн көрдi (орыс графикасы немесе орыс әлiпбиiнiң теориясы және орыс орфографиясы). Мәселенi шешуде Л.В.Зиндер: “Бұл жерде әңгiме әрiп (графема), дыбыс (фонема) арасындағы қатынас жайлы болып отыр, тек әр тұғырдан қараудан келiп шығады. Егер, мысалы, әрiптi алып, ол қандай фонеманы белгiлейдi десек, алфавитті, ал егер фонема немесе басқа да дыбыстық бiрлiктердi, мысалға буындарды алып, олар қандай графемалардың,болмаса олардың тiркесi арқылы берiлдi десек, бұл – графика” деп анықтады. Бiрақ, Л.В.Зиндер айтқандай, графика иероглифтiк жазуға да тән болса, онда жеке бiрлiктердiң дыбыстық екенiн анықтаудың қажетi жоқ. Сөйтiп, алфавит графиканың нәтижесi, соңғы қорытындысы ретiнде пайда болған код таңбалары сияқты. Алғашында графика, соңынан алфавит шыққандай болады. Оқулық, оқу құралдарын айтпағанның өзiнде жазуға қатысты теориялық еңбектерде графика мен орфография немесе әлiпби мен графика арасы айқындала қоймайды. Оның өзi жазу теориясының iрi өкiлдерi Бодуэн де Куртенэ, Л.В.Щерба, Л.В.Зиндер зерттеулерiнен басы ашыла қоймағанға байланысты. Л.В.Зиндер алдыңғы екi ғалымға қарағанда графика мен орфографияның өзара айырмашылықтарын саралап бергенмен, түбiнде жазуды графика мен орфографияға бөлуге қарсы болды. Бірақ орфографиялық ережелердің фонемадан әріпке дейінгі толық жинағын беру үшін жазу теориясында графика мен орфография арақатынасын ашу керек болды. Міне, графика, емле ұғымдарының пайда болу уәжі негізінен осында. Дұрыс жазу екі категориялы – графикалық және орфографиялық – ережелер арқылы жүзеге асуы тиіс. қазақ тiлiнде графика жаңа әлiпбидi қабылдағанда, жазудың алғашқы тәжiрибелерiнде, алғаш сауат ашу iсiнде көрiнедi. Сонда графика дегенiмiз әлiпбидегi әрiптердiң белгiлi бiр фонемаларды таңбалауын ұйымдастыру болып шығады. Бүгiнде жағдай басқаша. Орфография ережелерi бас әрiп, кiшi әрiптi де, бiрге, бөлек, дефис арқылы жазылуды да қамтиды. Ал графика – әлiпби мен оның теориясына тiкелей қатысы бар, әлiпбидiң жасалуы, өзгерiстерi, қайта жетiлдiрiлуi, сондай-ақ эстетикалық, оптикалық, экономикалық жағынан сапасын анықтауға көмектесетiн сала. Графика сондай-ақ жазу таңбасы деген ұғымда да қолданылады. Графика жазу ұғымының бір мағынасына сәйкес. Қазақ тіл білімінде “араб жазуын өзгертті”, “латын жазуын қабылдау”, “орыс жазуына көшу” деген сияқты тіркестер бар. Өйткені ал-дымен сол жазудың графикасы қабылданады, сосын барып оған ыңғайластырып, сол графика (жазу) негізінде әліпби түзіледі. Жалпы тіл білімінде графика әліпбидегі әріп тіркесі арқылы таңба белгілеу, таңбалар тіркесіне әріп қызметін үстеу дегенді білдіреді. Қазіргі әлемдік коммуникация жазба тілдің әліпби, графика факторларымен өлшенеді. Әліпби белгілі графика мен әліпбиге негізделген тілдегі фонемалардың жазба тілдегі реализациясы әріптердің реттік жиынтығы болып табылады. Әліпби сол тілдің дыбыстық құрамына сәйкеседі/мүмкіндігінше сәйкеседі. Әліпби белгілі бір тілде жазылған таңбаларды оқудың кілті болып табылады. Әліпбиде әріп саны; реті; кескіні; әріп атауы айқындалады. Әліпби тәртібі экстралингвистикалық жағдайларда қызмет


атқарады: цифр қызметін атқаруы, сөздік, анықтағыш, энциклопедияларда сөздің орналасуын жүйелеуі, қысқартылған сөздерді атауы т.с.с