Файл: Курсты Жмыс таырыбы Гимнастика дістсілдері Орындаан фкс33 топ студенті Спортов Бекжан Жетекші аа оытушы магистр Рахметжанов. А. С. Мазмны.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 20.03.2024
Просмотров: 27
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Домалап түүсудің ең негізгі қажетті элементі –жиырылу. Жиырыла білуді үйрене бастағаннан кейін екінші біреудің көмегімен домалап асып түсуге көшу керек.Алға қарай домалап түсуді өз бетінше орындаудан біртіңдеп оны қиындатып орындауға көшу қажет: жүрелеп отырудан қолды тіреместен домалап асып түсу; қолмен тұрып барып, аяқты екі жаққа қарай жіберіп, домалап асып түсу; адымдап және жүгіріп келіп домалап түсу және домалап түскеннен кейін допты қағып алу; төрт тағандап тұрған жолдасының үстінен, жіптен, гимнастикалық орындықтан, ағаш аттан, кіші ағаш аттан домалап асып түсу т.б.
Алға қарай домалап түсуді үйреніп болғаннан кейін қолды тіреу арқылы артқа қарай домалап асып түсу жаттығуын орындауға көшу керек. Бұған ерекше ұқыптылық қажет. Артқа қарай домалап асып түсудегі жүйелілікті шалқадан жатып, қолды иықтан асыра тіреу арқылы артқа серпілуден бастаған дұрыс. Үйрену жүйесінің келесі кезеңі- жүрелеп отырудан артқа қарай домалап асып түсу арқылы қолды тіреп тізерлеп отыру, домалап асып түсіп, аяқты алшақ қойып тіреп тұру; артқа қарай домалап түсу арқылы қолды тіреп отырғаннан кейін жоғары секіру; артқа қарай қатарынан екі-үш рет домалап асып түсу.
Шынтақты жерге тіреу арқылы жауырынға тұру.
Шалқалап жату қалпынан аяқтың ұшын бастан асыра еденге тигізуге тырыса отырып, бел еденнен көтерілген кезде алақанмен мықынды қаусыра ұстап, қолды белге тіреу керек және қолды шынтақтан бүгіп, оны дененің астына қарай көбірек жіберіп, бұдан кейін аяқты жоғары қарай созады да, шынтақты тірей көтерілу арқылы жауырынға тұру қимылы орындалады. Жауырынға тұру тәсілін орнықтыра түсу үшін аяқпен мынадай әр түрлі қимылдар жасау ұсынылады: аяқты бүгу, аяқты алшақ ұстау, бір аяқты алға, екінші аяқты артқа қарай жіберу және т.б.
Бұл жаттығуды бастапқы қалыпты өзгерту арқылы қиындатуға болады, яғни екі аяқты бірге соза ұстап отырып, жауырынға тұру керек. Аяқты сүйемелдеп ұстау қауіпсіздендірудің және оған көмек берудің элементі болып табылады.
Акробатикаға тән негізгі міндеттерді ойдағыдай іске асыру үшін және денені дамыту үшін «көпір жасауды» үйренуді шалқалап жату қалпынан бастау қажет. Үйрену жүйесінің басында иілгіштікті және иық буындарының қозғалыштығын дамытатын жаттығуларды негізгі тұрыста тұрған қалыпта еденде, гимнастикалық қабырғада жасап жаттыққан жөн. Осылардан кейін барыа мына төмендегі «көпір жасау» тәсілдерін үйренуге көшу керек.
1.Шалқадан жатып, қолды иықтан асыра жерге тіреп, жолдасыңның көмегі арқылы белді көтеріп «көпір жасау».
2. Бұл да сондай, бірақ көпірді жеке өзі жасайды. Қол мен аяқ иықтың кеңдігіндей мөлшерде түзу ұсталып, бас артқа шалқая береді. Көпірде 3 секундтай тұру керек.
Көмектесу ниетімен және қауіпсіздікті сақтау үшін оның жанында бір оқушы тұрып, бір қолмен оның жауырынынан, екінші қолмен белінен демеуі қажет.
Жіберілуі мүмкін болатын қателіктер мынадай:
а) қол мен аяқтың бүгіліп кетуі;
б) қол мен дене аралығындағы бұрыш 180 градустан кем болуы;
в) қол мен аяқтың арасы иық кеңдігінен не кең, не тар болуы;
г) бастың артқа толық иілмеуі және т.б.
Шатқа отыруды үйрену үшін мынадай жаттығулар жүйесі орындалғаны жөн:
1) жауырынға тұру;
2) қолдың көмегімен жауырынға тұру;
3) жауырынға тұрудан жамбас буындарын бүге отырып, аяқты бастан асырып еденге тигізу;
4)жауырынға тұру қалпынан басты оңға не солға бұру арқылы артқа домалап түсіп, тіземен тіреп тұру.
Жартылай шатқа отыруды меңгеру үшін бастапқы қалыпта тізерлеп тұрып, бір аяқты бүгіп, екіншісін жазып және артқа қарай жылжытып, жамбасты артқы өкшеге тигенше серіппелі түрде қозғау.Арқаны жазып , ілгері қарау керек.Бұл жартылай шатқа отыру. Осы жаттығуда қайталау арқылы аяқтың арасын бірте – бірте алшақтата шатқа толық отыруды меңгеруге болады .Біртіндеп үйрену барысында гимнастикалық қабырғаны пайдаланған дұрыс . Үйрену кезінде екінші адамның көмегі қажет , өйткені ол қауіпсіздік шарасын қамтамасыз етеді.
Қарлығаш бейнесін жасау үшін алдымен екінші адамның көмегіне сүйеніп , гимнастикалық қабырғаны , бөренені және т.б. жабдықтарды пайдаланып , кейін жеке орындауға көшу қажет .
2. Жалпы жетілдіру жаттығуларының сипаты , оқыту тәсілдері
мен әдістемесі
2.1 Жалпы жетілдіру жаттығулар кешенін жүргізудің тәсілдері мен
әдістемесі
Әр түрлі спорт пәндері бойынша жүргізілетін практикалық сабақтар мазмұны, тәсілдері және жүргізу жағдайлары (гимнастика немесе ойын залында, ауыр атлетика немесе күрес залында, ауыр атлетика немесе күрес залында, ашық алаңда , стадионда, бассейнде ж.т.б.) бойынша әр оқу
Орнында әр түрлі болып келеді. Дегенмен, осындай сабақтардың бәрінде де жалпы дамыту жаттығулары бар. Жалпыдамытушы жаттығулар дене тәрбиесінің көптеген міндеттерін шешуге арналған бай материалдар сипатына көрінеді. Жекелеген жаттығулар немесе олардан арнайы құрылған кешенді жаттығулар көмегімен жаттығушылар ағзасына жоспарлы, мақсатты түрде әсер етуге, ағза қызметі мен жүйесін өзгертуге болады.
Жалпыдамытушы жаттығулар- қозғалыстың өзіндік «әліппесі». Олардың көмегімен қозғалысты базалық үйлестіру қалыптасады, қозғалыс қасиеттері дамиды, едәуір күрделі жаттығулар техникасын меңгеруге алғышарттар пайда болады, қозғалыс эстетикасының негізі салынады.
Тәжірибеде дене жаттығулары сабақтарының көптеген түрлері бар, бірақ солардың ішінде дене тәрбиесі міндеттерін сапалы шешуге ең ыңғайлысы ретінде жаттығулардың сабақтық түрі танылды. Бұл түрдің негізгі басымдылығы педагог-маманның жетекші ролі болып табылады.Оның жоспары бойынша және бақылауымен оқу-жаттығу процесі жүргізіледі. Дене тәрбиесі сабағында өз жұмысын педагогикалық шеберліктің жоғары дәрежесін меңгерген және дене тәрбиесі құралдары мен тәсілдері туралы терең білімі бар мұғалім ғана үздік атқарады.
Ұсынылып отырған жұмыс гимнастика мұғалімдері мен жаттықтырушыларына жалпы дамытушы жаттығуларды әр түрлі тәсілдермен жүргізу жолдарын, жалпы дамытушы жаттығулар кешенін құру ережелерін, жаттығуларды жүргізу әдістемесін игеруде көмек болуы мүмкін. Жаттығу жүргізуде әр түрлі әдістерді пайдалану оқу-тәрбие процесінің құрамдас бөлігі болып табылатынын және сабақтардың құрылымымен және түрлерімен тығыз байланысты екендігін есепке алған жөн.Сонымен қатар сабақтың әрбір бөлігінде қандай да бір сабақ алдына қойылатын мақсатқа байланысты бірқатар жеке міндеттер шешіледі.
Жалпыдамытушы жаттығулар деп жекелеген дене бөліктерінің күрделі емес қимылдарынан тұратын арнайы гимнастикалық жаттығулар жүйесін түсінеміз.Олар адам ағзасына жан-жақты сауықтыру әсерін береді. Бұл қимылдар әр түрлі жылдамдықпен, амплитудамен және бұлшық ет кернелуінің әр түрлі кернелуінің әр түрлі деңгейімен орындалады.Олардың мақсаты- жалпы дене дамуы және жаттығушыларды едәуір күрделі қозғалыс қимылдарын игеруге даярлау. ЖДЖ әр түрлі спорт түрлеріне оқыту-жаттықтыру сабақтарында, жоғары оқу орындарында, жеке жаттықтыруларда кеңінен қолданылады, соның ішінде негізгі, сауықтырушы және көмекші ( сауықтыру топтары, балалар бақшасы және т.б.) гимнастикада олар маңызды орын алады.
Бұл жаттығуларды тұрақты түрде орындау бұлшық ет, жүрек-қан тамыры, тыныс алу және жүйке жүйелерін нығайтуға және дамытуға мүмкіндік береді, вегетативті функция қызметін жақсарту арқылы ағзаның жұмысқа жарамдылығын, өмірлік мқабілетін арттырады. ЖДЖ нысаны және мазмұны жағынан өте қарапайым, жаттығушылардың кез-келген контингентіне сәйкес келеді: балаларға, әр түрлі жастағы үлкендерге, сонымен қатар денсаулығы төмендерге және дене дамуында ауытқушылықтары бар адамдарға. ЖДЖ көмегімен дененің жекелеген бөліктеріне дербес әсер етуге болады: мүсін ақауларын жөндеу үшін, белгілі бір бұлшық ет топтарына және жүйелеріне профилактикалық немесе емдік мақсатпен жергілікті әсер ету үшін.
ЖДЖ кешенін жүйелі түрде орындау барысында барлық қимыл сапасы дамиды және жетіледі- күш және шыдамдылық, бұлшық ет жиырылуының жылдамдығы және дене икемділігі, қозғалыстың айқындылығы мен үйлесімділігі , дұрыс мүсін ұстау дағдысы қалыптасады. Жекелеген бұлшық еттер мен бұлшық еттер топтарының еркін жиырылуы мен босаңсуы бүкіл дене және оның жекелеген бөліктерінің қозғалысын оңтайлы басқару дағдысын қалыптастырады және жетілдіреді. Дене сапасын жетілдіру күнделікті тұрмыстағы, өндірістегі және спорттағы едәуір күрделі қимыл дағдыларын тез арада игеруге оң әсер етеді.
Жалпыдамытушы жаттығулар жабдықтар мен де, жабдықтарсыз да (гантельдер, толтырылған доптар, гирялар, белтемір,созылмалы амортизаторлар, секіргіш жіптер, гимнастикалық таяқшалар, орындықтар, обручтар, булавалар және т.б.) әр түрлі гимнастикалық снарядтарда, сапқа тұрудың әр түрлі нысандарында (жазылған сап, қатарға және лекке сығылған сап, ортада, серікпен және т.б.) орындала береді.
Жалпыдамытушы жаттығулардың өзіне тән ерекшеліктері:
1. Жалпыдамытушы жаттығулар құрылымы жағынан қарапайым және жаттығушылардың бәріне бірдей жеңіл. Олар гигиеналық, өндірістік және негізгі гимнастикамен айналысудың негізі болып табылады. Бұл жаттығуларға үйрену оңай. Қандай да бір жаттығуды бірнеше рет қайталасаңыз болғаны. Сонымен қатар, жақсы игерілген жаттығуларды орындау барысында ғана барынша күш сауға болатынын есте сақтаған жөн. Жалпыдамытушы жаттығуларға үйрету барысында бұлшық еттердің жиырылу мүмкіндіктері толығымен іске қосылмайды. Демек, қандай да бір дене сапасын тәрбиелеуге арналған жаттығуларды пайдаланбас бұрын, алдымен ол жаттығуларды толық игеріп алу керек.
2. Жалпы дамытушы жаттығулар көмегімен дененің жекелеген бөліктеріне немесе бұлшық ет тоатарына оқшауланған әсер етуге болады. Жаттығулардың бұл ерекшелігі қозғалыс аппаратының үйлесімді дамуына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Оның үстіне, қандай да бір дағдының даму деңгейін қадағалап және қолдап отыру мүмкіндіктері бар.
3. Жалпыдамытушы жаттығулар жасау барысында денеге түсетін салмақ көлемін реттеп отыру оңай.
Денеге тиүсірілетін салмақ жаттығу жасалатын бұлшық ет ширығуының қарқындылығына қарай өзгеріп отырады. Бұлшық ет ширығуы қарқындылығының артуына төмендегіше қол жеткізуге болады:
1) жаттығу ұзақтығын арттыру арқылы ( бір жаттығуды қайталау саны;)
2) жаттығудың орындалу жылдамдығын жоғарылату арқылы;
3)сыртқы салынатын салмақ қолдану және ауырлату салмағын арттыру
(гантельдерлің, гирялардың, толтырылған доптардың және т.б.) арқылы;
4) бастапқы қалыпты өзгерту арқылы (жатып таянуда қолды бүгу, т.б.)
5) ерік күшін қолдана отырып денеге салынатын салмақты арттыруға
және төмендетуге болады, сонымен қатар, ерік күші бұлшық еттердің
ширығуын нақтырақ сезінуге мүмкіндік береді (көңілді олардың
жұмысына шоғырландыру, шаршау сезімін басу).
Денеге салынатын салмақ жаттығуларды жасау тәсіліне байланысты.Жалпыдамытушы жаттығулар әр түрлі демалыс интервалымен орындалуы мүмкі. Демалыс уақытыф қысқа болған сайын, денеге салынатын салмақ та ұлғая береді.
Жаттығушылардың эмоциональдық жағдайы салынатын салмақ көлеміне және шаршаңқылығына әсер етеді.Жаттығуларды ойын тәсілімен жүргізген жағдайда шаршаңқылық төмендейді, сондықтан барынша үлкен көлемді жұмысжасауға болады.
Дене еңбегін жасау кезіндегі жүйке жүйесінің, ішкі органдардың және бұлшық еттердің функциональды қызметі біртіңдеп өсетіні белгілі.Адам ағзасының жұмысқа бейімделуі үшін бірқатар уақыт қажет. Яғни, жаттығу сайын денеге салынатын салмақты күрт жоғарылатуға немесе төмендетуге болмайды. Алғашқы жаттығуларды бір қалыпты салмақпен өткізіп, оны біртіңдеп ұлғайту немесе қысқа мерзімге төмендету ұсынылады.Денеге салынатын салмақты өзгертуді толқындата жүргізген дұрыс, бірақ ол үнемі ұлғайып отыру бағытында болуы қажет.
ЖДЖ көмегімен мынадай міндеттер тобы шешіледі:
Білім- берілген әр түрлі параметрлермен қозғалыс қимылдарын орындай білуді қалыптастыру (ширығу деңгейі, бағыт, амплитуда, қарқын ырғақ); жекелеген компоненттерді және аяқталған (қарапайым) қозғалым қимылдарын игеру; өмірлік маңызы зор істер мен дағдыларды қалыптастыру; қимылдарды дененің кейбір бөліктерімен үйлестіре білу.
Тәрбие – жекелеген бұлшық еттердің және бұлшық ет топтарының ширығуы мен босаңсу деңгейі, бұлшық еттің қысқаруы және дене икемділігі, буындардың қозғалыштығы, күш, шыдамдылық, икемділік және қимыл үйлесімділігін, моральдылық-еріктілік және эстетікалық қасиеттерді тәрбиелеу.