Файл: Курсты Жмыс таырыбы Гимнастика дістсілдері Орындаан фкс33 топ студенті Спортов Бекжан Жетекші аа оытушы магистр Рахметжанов. А. С. Мазмны.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 20.03.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сауықтыру- ағзаны алдағы негізгі қызметке ( оқу-жаттықтыру процесінде) функционалды түрде даярлау, денсаулықты нығайту және ағзаның өмір сүру қабілетін арттыру, дене қалпын жетілдіру, дұрыс дене тұрқын қалыптастыру, дұрыс тыныс алуға үйрету.

Жаттығуларды оқыту тәсілдері мен әдістемесі.

Гимнастика сабақтарында жалпы жетілдіру жаттығулар, олардың сериялары, сонымен қатар арнайы құрылған кешендер орындалады. Жекелеген жаттығулар немесе олардың сериялары дененің қасиеттерін дамыту үшін орындалады. Кешендер дене тәрбиесінің әр қилы міндеттерін шешу үшін құрылады. Гигиеналық гимнастикамен айналысу барысында олар сауықтыру мақсатында қолданылады; өндірістік гимнастикамен айналысуда белсенді түрде демалу қызметін атқарады; гимнастика сабақтарында жаттығушыларды алдағы атқарылатын ижұмыстарға және едәуір қиын жаттығуларды игеруге даярлау қажет. Кешендер құру барысында бұл жаттығулардың неге бағытталғанын, өткізетін орны мен уақытын, сонымен бірге жаттығушылардың жынысы мен дене дайындығын есепке алу керек.

Ең әуелі, кешенге кіретін жаттығулардың неге бағытталғанына қарай отырып, олардың көлемі мен мазмұнын анықтап алу керек, сөйтіп қажетті жаттығуларды таңдап алып, олардың санын белгілеу қажет (олар кешенде 8-15 болуы мүмкін)

Жаттығулар таңдау барысында мынадай қағидаларды жетекшілікке алған жөн:

1) таңдап алынған жаттығулар кешеннің алға қойған мақсатына сәйкес болуы керек;

2) жаттығуларды олар жаттығушыларға Жан-жақты әсер ететіндей етіп таңдаған дұрыс (бұлшық еттердің барлық топтарына әсер етіп, негізгі дене қасиеттерін дамытуды қамтамасыз етуі керек);

3) жаттығулар қолайлы болуы керек, яғни жаттығушылардың жасына, жынысына және дене дайындығына сәйкес болуы керек.

Жалпы жетілдіру жаттығуларға үйрету барысында мына қағидалар қатаң сақталады: қарапайымнан- күрделіге, жеңілден-қиынға. Кешендегі жаттығулар ретін анықтау барысында мына қағидаларды сақтаған жөн:

1) кешенде бірінші кезекте дұрыс дене тұрқын сезіне білуге арналған жаттығулар болуы керек ( бұл әсіресе балалар мен жасөспірімдерге аса маңызды), дұрыс дене тұрқының келесі жаттығуларда орындағанда да сақталуын қадағалап отыру керек;

2) екінші және үшінші кезекте үлкен бұлшық ет топтары қатысатын қарапайым жаттығулар орындалады ( аяқты барынша жоғары көтеру арқылы бір орында жүру; алға еңкеб және қол қимылдары арқылы отырып-тұру; еңкейіп тұрып аттап түсулер және т.б.);

3) кешендегі келесі жаттығулар әр түрлі бұлшық ет топтарына арналған жаттығулар болғаны жөн (қол, иық белдеу, арқа, іш, аяқ бұлшық еттеріне арналған). Сонымен қатар жұмысқа біртіңдеп дененің әр түрлі бөліктерін қосу керек. Бұл жаттығулардың алғашқы сериясы мынадай тәртіппен орындалады:


1) қолға және иық белдеуіне арналған жаттығулар;

2) арқаға арналған жаттығулар;

3) іш бұлшық еттеріне арналған жаттығулар;

4) аяққа арналған жаттығулар.

Екінші және үшінші сериялар да осы тәртіппен орындалады, бірақ біршама артық қарқындылықпен және қиындатылып жасалады. Жаттығулардың мұндай орындалу тәртібі түсірілетін салмақты біртіңдеп ұлғайтуға және дененің әр түрлі бөліктерін кезекпен жұмысқа қосуға мүмкіндік береді. Бұл бұлшық ет күшінің тиімділігін арттырады және жұмысқа қосылған бұлшық еттердің белсенді демалуы үшін қолайлы жағдай туғызады;

5) бұдан кейін кешенге дененің барлық бөліктеріне арналған 2-3 едәуір қарқынды және күрделі жаттығулар еңгізіледі;

6) әдетте күштік сипаттағы жаттығулар тартылуға арналған жаттығулардың алдына келуі керек, себебі бұлшық еттерді алдын ала қыздырып алмаса, бұлшық ет талшықтары мен сіңірлердің созылып кетуі мүмкін. Қарқынды жұмыс атқарылғаннан кейін босаңсуға арналған жаттығулар жасаған дұрыс;

7) кешеннің соңында орташа қарқындылықтағы жаттығулар орындалады. Кешенді дұрыс дене тұрқын сезінуге мүмкіндік беретін жаттығулармен аяқтаған жөн.

Кешендегі әр бір жаттығу 4-тен 6ретке дейін қайталанады, күшті дамытуға арналған жаттығулар- негізгі жұмысты атқаратын бұлшық ет топтарының шаршағандығын сезгенге дейін, ал икемділікке арналған жаттығулар – жеңіл ауырсыну сезімі пайда болғанға дейін.

Жалпыжетілдіру жаттығулар музыка әуенімен немесе онсыз, оқытушының санап тұруымен немесе әрбір жаттығушының өзіндік қарқынымен орындалады. Мысалы: күреске, тартып алуға байланысты қарсылық көрсету жаттығулары, немесе барынша күш салуды, дербес жылдамдықты талап ететін жаттығулар дербес ырғақпен орындалады.

Гимнастика сабағында ЖЖЖ өткізудің басты шарты жаттығуларды музыкалық әуенмен орындау болып табылады.

Музыканың көмегімен гимнастика сабақтары өте мықты эстетикалық тәрбиелеу құралына айналады. Жаттығушылар сабақ барысында музыкалық іліммен танысады, музыканың жанры мен формасы, метр мен тактінің құрылымы, ырғақ пен метроырғақ туралы түсініктерге ие болады.

Жаттығулар кешенін жүргізудің тәсілдері мен әдістемесі

Мұғалімдер мен жаттықтырушылардың көп жылдық тәжірибелік жұмыстарының барысында гимнастика сабақтарында жалпы жетілдіру жаттығулар жүргізудің бірнеше тәсілдері пайда болды. Бұл тәсілдердің әрқайсысының өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Сондықтан қандай да бір тәсілді қолдану үшін мұғалім ол тәсілдерді қолдану жағдайларына байланысты көптеген факторларды есепке алуы керек.


Әрбір жаттығу белгілі бір қалыптан басталып сол қалыппен аяқталатын тәсіл бөлшектелген немесе әдеттегі тәсіл деп аталады. Жаттығу бір рет орындалуы немесе бірнеше рет қайталануы мүмкін. Қайталана орындалған жағдайда цикл құрылады. Одан ары қарай кешеннің екінші және келесі жаттығуларының циклы жүреді. ЖЖЖ бұл тәсілмен жүргізген кезде барлық циклдар арасында үзіліс болады. Бұл тәсіл бірқатар жағдайларға байланысты негізгі болып саналады:

1) ол жаттығушылардың жынысына, жасына және дайындық деңгейіне тәуелсіз барлығына бірдей қолайлы;

2) түсіндіру, оқыту мүмкіндігі бар ( жаттығуды орындар алдында міндетті нақты қоюға және жаттығу орындау барысында қажетті түзетулер енгізуге мүмкіндік береді);

3) салынатын салмақты оңай ауыстырып тұруға болады.

Бөлшектелген тәсіл әр түрлі әдістерді төменде келтірілген мақсатқа сәйкес қолдануға мүмкіндік береді:

а) жаттығуды орындауға жаттығушылардың қызығушылығын арттыру;

ә) жаттығудың орындалу сапасын жоғарылатуға әрбір жаттығушының жауапкершілігін арттыру;

б) денеге салынатын салмақты жаттығулар санын, қайталаулар санын, үзілісті, қосымша іс-қимылдарды азайту немесе көбейту арқылы өзгеріп отыру;

в) көру арқылы жаттығуды орындай алу қабілетін тәрбиелеу;

г) сипаттау, терминалогияны білу арқылы жаттығуды орындай алу қабілетін тәрбиелеу;

д) белсенді демалыс принципін пайдалана отырып жаттығулар таңдау.

ЖЖЖ жүргізудің әдеттегі тәсілі мұғалім – жаттықтырушының кешендегі барлық жаттығуларды мұқият зерделеп алуына, оларды орындау техникасы бойынша ескертулер жасауына, жаттығушылардың жаттығу орындау сапасын сараптауына, жаттығуды орындау барысында қажетті түзетулер енгізуіне, жіберілген қателіктерді жөндеуіне мүмкіндік береді. Бұл тәсілдің кемшілігі – қозғалыс тығыздығының төмендеуі.

Ағымды тәсіл. Бұл тәсілдік ерекшелігі - кешендегі жекелеген жаттығулар арасында үзілістің мүлде немесе жартылай болмауы. Жаттығушылардың жаттығуды орындауға деген қызығушылығын арттырудан басқа бұл тәсіл жаттығудың дайындық бөлімінің қысқа мерзімде орындалуын қамтамасыз етеді.

Ағымды тәсілді орындауға арналған жаттығулар кешенін құруда төмендегілер ұсынылады:

1) бұрыннан орындалып келе жатқан, формасы жағынан қарапайым жаттығуларды пайдалану;

2) бір жаттығудан екінші жаттығуға өтудің логикалылығын қамтамасыз ету ( бір жаттығудың сонғы қалпын екінші жаттығудың бастапқы қалпы ретінде пайдалану немесе қалыпты тез әрі ыңғайлы ауыстыруға жағдай жасау);


3) есеп жүргізудің бір типтес көлемін сақтау

Жұмыс тәжірибесінде ағымды тәсілмен жаттығулар кешенін жүргізудің мынадай түрлері бар:

1) алдыңғы жаттығуды жүргізу барысында келесі орындалатын жаттығуды алдын ала түсіндіру;

2) жаттығуды оның орындалуы барысында түсіндіру;

3) түсіндірусіз

Жаттығулар кешенін жүргізудің бірінші нұсқасы қолайлырақ, себебі онда басқа нұсқаларға тән кемшіліктер жоқ, дәлірек айтсақ:

а) келесі жаттығуды жаттығушы мұғалімнің соңынан қайталайды, яғни оны түсіндіру бойынша орындай алу қабілетін тәрбиелемейді;

ә) келесі жаттығуды орындаудың алғашқы әрекеттерінде қатар бұзылады;

б) жаттығуды мұғалімнің өзі орындап тұруына тура келеді.

Аталған тәсілмен жаттығу жүргізу барысында мұғалім жаттығушылармен қарым-қатынас жасаудың ерекшелігін есепке алуы керек. Сондықтан әрбір жаттығуды түсіндіру барысында тек қана ең қажеттілерін айтқан дұрыс.

Жаттығулар 2,4 немесе 8 санақтарымен орындалады. Бірінші қатар жаттығу орындауды бастағаннан соң 4 санақтан кейін (егер жаттығу 4 санақпен орындалатын болса) екінші қатар жаттығу орындауға қосылады, ал үшінші қатар – жаттығудың екі циклі өткеннен кейін және т.б.

Жаттығуға қосылу негізінен жаттығудың орындалу сипатына байланысты болады. Олар қатарлар арасындағы ара қашықтықты барынша қысқарту үшін және сонымен бірге басқа жаттығушылардың жаттығу орындауына кедергі келтірмеу үшін жиі адамды немесе аз адымды болуы мүмкін.

Залдың қарама-қарсы бетіне жеткеннен кейін жаттығушылар қатарлар арасындағы белгілі бір аралықты бұзбас үшін бастапқы орнына адымдап немесе жүгіріп қайтады.

Жаттығудың сипатына қарай өтпелі тәсіл кезінде денеге салынатын салмақ өсіп, немесе бөлшектелген тәсілге қарағанда кеміп отырады. Мысалы, тіреле жатып немесе арттан тек қана қолға тіреле жатып алға жылжу секілді жаттығулар, сөзсіз, денеге салынатын салмақты өсіреді, ал бөлшектелген тәсіл де, өтпелі тәсілде де орындалатын жаттығулар денеге салынатын салмақты төмендетеді, себебі қозғалыс түріндегі бірқатар демалыс болады: мысалы, 1-4 санағанда үш қадам алға және бастапқы қалып және т.б. Демек , бұл тәсіл тек денеге салынатын салмақты ұлғайту үшін ғана жүргізілмейді.

Кешенді тәсіл- мұнда жалпы жетілдіру жаттығулардың алдынғы сабақтарда үйренілген кешені бірнеше рет қайталанады. Сонымен қатар бұл тәсіл еркін жаттығуларды үйрену барысында қолданылады.

Бірінші жаттығу бөлшектелген тәсілдегі сияқты орындалады. (4 немесе 8 санағымен).


Екінші жаттығу үйреніліп, орындалады. Содан соң 1-ші және 2-ші жаттығулар біріктіріледі де, екі жаттығудан кешен құрылып, ол орындалады. Одан әрі қарай 3-ші жаттығу үйретіле бастайды.Соңынан ол да алдыңғы екі жаттығуға біріктіріліп, 3 жаттығудан тұратын кешен орындала бастайды.

Ізінше 4-ші жаттығу үйреніліп, орындалады. Содан соң 1-ші және 2-ші жаттығулар біріктіріледі, т.с.с. Кешендерді бастауға арналған команда былай беріледі: «Екі-үш, т.б. тұратын жаттығулар кешенін баста!».

Ойын тәсілі- мұнда жалпыжетілдіру жаттығуларды орындау барысында ойын сәттері болады.

Балалар (әсіресе кіші мектеп жасындағылар), тіпті үлкендер де ойынға , ойдан құрастыруға бейім келеді. Сондықтан көптеген даттығуларды мазмұнына қарай ойын әрекеттеріне жақындатуға болады. Әр түрлі қимыл- қозғалысты қажет ететін ойын түрлері көп. Мысалы, «Тыйым салынған қимылдар» , «Допты айнала тұрып беру», «Дақ түсіру», «Доппен дақ түсіру» секілді ойындар. Сонымен бірге, мұнда жаттығуды нашар орындап жатқан жаттығушына «дақтау» керек деген шарт қоюға болады.

Жаттығуларды белгі беру бойынша да орындауға болады: мұғалім қолын екі жаққа көтереді. Бұл берілген белгі бойынша жаттығушылар тіреле отырады да, содан соң бастапқы қалпына оралады, ал мұғалім қолдарын белге қойғанда – тіземен тұрып артқа қарай шалқаю керек. Алақан соққанда – жаттығушылар зал ішінде еркін жүгіріп, ойнайды, ысқырғанда – бәрі жылдам өз орындарына тұрады. Кай лек өз орындарына бірінші тұрса, сол лек ұтқаны. Жаттығу орындау барысында екі белгі беруге болады: біріншісі бойынша- жаттығушылар бір-бірімен тез орын ауыстырып белгі берілген кездегі қалыпты қабылдайды, екінші белгі бойынша- жаттығуды орындауды жалғастыра береді.

Жалпыжетілдіру жаттығуларды орындау барысында әр түрлі ойындарды пайдалануға болады.

Құрама тәсіл- жоғарыда аталған тәсілдерді бір сабақта үйлестіру. Жалпыжетілдіру жаттығуларды жүргізу тәсілдерін үйлестіре отырып қолданған жөн. Мысалы, бой жазу жаттығуын жүріп орындайтын жаттығудан бастап, бір орында жазылған сапқа тұрады.Бұл мұғалім үшін де, жаттығуды орындауға да өте ыңғайлы.

Дегенмен, әр түрлі нұсқаларды пайдалана отырып, сапты өзгертіп отырған жөн:

1) 2,3,4,6 және т.б. адамнан лекке тұру;

2) 4 адамнан лекке тұру, мұнда 1-ші және 4-ші лек солға немесе оңға

бұрылған;

3) 4 адамнан лекке тұру, мұнда 1-ші және 3-ші лек артқа бұрылған;

4) 4 адамнан лекке тұру, мұнда 1-ші және 2-ші, 3-ші және 4-ші лек бір-

біріне қатара бұрылған;

5)айнала тұру, 2 айналымға, мұғалімге сырт айнала және т.б.