Файл: Iii триместр і модуль Клік жне логистика лексикалы таырып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.03.2024

Просмотров: 53

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

III ТРИМЕСТР
І – модуль: КӨЛІК ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА
Лексикалық тақырып:

1. Көлік, көлік қатынасы. Көліктің түрлері.

2. Көпшілік пайдаланатын көлік. Көлік логистикасының міндеттері.

3. Қазақстандағы көлік жүйесі.

Грамматикалық тақырып:

Мекендік қатынастың берілуі. Мекен үстеулері (жоғары, төмен, алыс, жақын, тысқары, ілгері). Көмекші есімдердің (бойында, айналасында, сыртында, маңайында, қасында) берілуі.

1-сабақ

Көлік, көлік қатынасы. Көліктің түрлері.
ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

көлік – транспорт

жолаушы – пассажир

жүк – багаж

байланыс – связь

хат-хабар – переписка

сым – проволока

радиотолқын - радиоволн

тасымал – перевозка

нүкте – точка

мүлік – имущество

қойма – склад

қаптама – упаковка

құрал-жабдық – оборудование

инфрақұрылым – инфраструктура

теміржол – железная дорога

жүк тасымалы – перевозка грузов

жетекші сала – ведущая отрасль

ақша аудару – перевод денег

жүзеге асыру - осуществить

тасу – перевозка

жеткізу - доставка

қалааралық тасымал – междугородные перевозки

жетістік нәтижелері – результаты достижения

көлік тасымалы – транспортные перевозки
ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз
Көлік тасымалы – материалдық өндірістің жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын аса маңызды және экономиканың инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі. Ғылыми-техникалық жетістіктердің нәтижесінде автомобиль,пойыз,ұшақ сияқты көлік түрлері пайда болды. Көліктержолаушыларды тасымалдау ісін жүзеге асырады.

Логистика корпорация, компания, зауыт, фабрика секілді кәсіпорындардың жасап шығарған тауар өнімдерін бір нүктеден екінші нүктеге жеткізумен айналысатын сала.Ол тасымалдау, мүліктеу, қоймалау, қаптамалау және қауіпсіздік сияқты жұмыс түрлерін қамтиды. Логистика саласына жер, әуе, кеме, темір жол секілді тасымалдау көлік түрлерін жатқызамыз.

Автомобиль көлігі – жолаушылар мен жүктерді таяу және орта қашықтыққа жедел жеткізетін тиімді көлік құралы. Автомобиль көлігімен жолаушы тасымалы қала ішіндегі және қала маңындағы, қалааралық және халықаралық болып бөлінеді.

Теміржол көлігі–көліккешенінің жетекші саласы, жүктер мен жолаушыларды алыс қашықтыққа тасымалдайтын басты қатынас құралы. Теміржол көлігі тасымалдау қашықтығына байланысты жергілікті жолаушы тасымалы, қала маңындағы жолаушы тасымалы және алыс қашықтықтық жолаушы тасымалы болып бөлінеді. Ал жылдамдығына қарай жай жолаушы тасымалы және жүрдек жолаушы тасымалы болады. Теміржол көлігі – вагондардантұратын, арнайы рельс жолы арқылы тасымалдауға арналған көлік түрі.

Әуе көлігі – көліктің ең жаңа және қарқынды дамыған түрі. Әуе көлігі – жолаушыларды, пошта мен жүкті таситын көлік түрі. Оның басқа көлік түрлерінен артықшылығы – жылдамдығында. Әуе көлігі тез бұзылатын (жемістер мен көкеністер) жүктерді де тасымалдауда үлкен маңыз атқарады.

Байланыс – әртүрлі техникалық құралдар арқылы ақпарат беру және қабылдау. Байланыс – почта,телефон,телеграф,радио хабарларын таратуды қамтамасыз ететін халық шаруашылығының бір саласы. Техника құрал-жабдықтарының сипатына қарай байланыс почта және электрлік байланыс болып екіге бөлінеді. Пошта байланысы арқылы хат,газет,журнал, бандероль және тағы басқа заттарды жеткізу және ақша аудару қызметтері жүзеге асырылады. Бүгінде пошта хат-хабарларын іріктеудің автоматтандырылған жүйелері қолданылады. Электрлік байланыс құрылымы бойынша сым және радиотолқынарқылы таралатын байланыс болып бөлінеді.
3-тапсырма. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер

1. Көлік қатынасы, логистика терминдеріне түсініктеме беріңіздер.

2. Сіз жол жүрсеңіз, көліктің қай түрін таңдар едіңіз? Неліктен?

3. Көліктің қай түрінің болашағы зор деп ойлайсыз?

4-тапсырма. Көмекші есімдерді (бойында, айналасында, сыртында, маңайында, қасында) пайдаланып, тақырып бойынша 10 сөйлем құрастырыңыз.
1 СӨЖ тапсырмасы:

1. «Қазақстандағы көлік қатынасы» атты баяндама дайындаңыз.

2-сабақ

Көпшілік пайдаланатын көлік. Көлік логистикасының міндеттері
ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілгенсөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.


өнеркәсіп – промышленность

еңбек құралы – инструмент труда

өндіріс саласы – сфера производства

кәсіпорын – предприятие

өндірушілер – производители

тұтынушылар – потребители

тасымалдау – перевозка

өндірістің шарты – условия производства

экономикалық теория – экономическая теория

көлік логистикасы – транспортная логистика

көпшілік пайдаланатын көлік – общественный транспорт

еңбекті аймақтық бөлу – региональное распределение труда

материалдық өндіріс саласы – сфера материального производства

дүниежүзілік жүк тасымалы – мировые грузоперевозки
ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз.
Қазақстанның көлік шығарушы жүйесі өнеркәсіптен, жер бөлуден және өндіретін өнеркәсіптен кейінгі материалдық өндіріс саласы болып табылады. Экономикалық теория көліктің қазіргі қоғамды дамытудағы орыны мен рөлін анықтай отырып, оны еңбектің жалпы барлық құралы ретінде, өндірістің жалпы шартының бірі деп қарастырады. Кәсіпорын ішінде еңбек құралы мен жұмысшыларды ауыстыра отырып, көлік еңбекті технологиялық бөлумен туатын байланыстарды іске асырады. Бұл қызметтерді ішкі өндірістік көлік орындайды. Өндірушілер мен тұтынушылар арасында өнімнің әр түрлі түрінің орынын ауыстыра отырып көлік еңбекті аймақтық бөлу нәтижесінен туатын байланыстарды іске асырады. Бұл қызметтермен айналысу саласы көлік құзырында болады. Ол еңбекті қоғамдық бөлу тарихи процеске кіру кезінде жеке өндіріс саласына бөлінеді. Қазіргі жағдайдан айналу процесінде тасымалдауды көбіне жалпы пайдаланатын көліктер — темір жол, теңіз, өзен, автомобиль, әуе және арнайы көліктер (құбыр өткізгіштер, электр берудің жоғары қуатты желілері және кәсіпорынның магистралды қатынас жолдарының торабымен байланыстыратын темір жол кіріс жолдары) орындайды. Көліктің осы түрлері жіктелген жүйемен бірге айналу процесінің материалдық негізін құрайды. Сонымен бірге көлікке оны халық шаруашылығының басқа салаларынан айыратын (даралайтын) кейбір ерекшеліктер тән.

Қазіргі жағдайда көліктің дамуы кез келген елдің өндірушілік күшінің өсуімен және оның сыртқы байланыстарымен байланысты. Дүниежүзілік жүк тасымалын жүзеге асыруда көліктің жеке түрлерінің үлесі шығыс еуропа елдері үшін келесі сандарды кұрайды: су көлігі — 23 %, жер бетіндегі көліктер — 64 % және көліктің басқа түрлері — 13%; өнеркәсіптік дамыған елдер үшін — 62, 27 және 11; дамушы елдер үшін — 84, 10 және 6. Жер шарының 70% территориясын алып жатқан дамушы елдерде жер бетіндегі көліктік жолдар төмен, ол дүниежүзілік инфрақұрылымның 5 % құрайды.

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер

1. Көпшілік пайдаланатын көлік қандай болуы керек?

2. Болашақта көпшілік пайдаланатын көлік қандай болады деп ойлайсыз?

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма.Мезгіл, мекен үстеулерін қолданып, тақырыпқа қатысты 10 сөйлем құрастырыңыз.

2 СӨЖ тапсырмасы:

1. Дүниежүзілік жүк тасымалы туралы статистикалық мәліметтер жинаңыз.


3-сабақ

Қазақстандағы көлік жүйесі
ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілгенсөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

өндіріс және ауыл шаруашылық орталықтары – производственные и сельскохозяйственные центры

транзиттік жүк және жолаушы тасымалы – транзитных грузовых и пассажирских перевозок

халықаралық автокөлік бағыттары – международные автомобильные маршруты

суы қатпайтын жалғыз теңіз порты – единственный морской порт без замерзания воды

халықаралық су жолдары – международные водные пути

автокөлік тас жолдары – автомобильное шоссе

халықаралық рейстер – международные рейсы

ашық су жолдары – открытые водные пути

халық тығыздығы – плотность населения

көлік жүйесі – транспортная система

әлемдік нарық – мировой рынок

автомагистраль – автомагистраль

әуе көлігі – воздушный транспорт
ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз.
Қазақстандағы көлік жүйесі өте маңызды рөлге ие. Елдің үлкен аумағы (2,7 млн км²), халық тығыздығының аздығы, өндіріс және ауыл шаруашылық орталықтарының бытыраңқы орналасуы, сонымен қатар әлемдік нарықтардан алшақта орналасуы көлік жүйесінің дамуын Қазақстан үшін маңызды етуде.

Қазақстан үшін темір жол көлігінің маңызы өте зор. Қазақстанда темір жол барлық жүк тасымалы айналымының 68%, ал жолаушы тасымалының 32% қамтамасыз етуде. Қазақстан темір жолының ұзындығы 15 мың км-ден асады. Қазақстанның темір жол жүйесін көршілес елдермен 16 темір жол торабы байланыстырады (11-і Ресеймен, 2 Өзбекстанмен, 1 Қырғызстанмен, 2 Қытаймен). Қазақстан мен Ресейдің темір жол жүйелері бір-бірімен тығыз байланысты. Қазақстанның көлік жүйесін дамыту стратегиясы аясында 2017 жылға дейін 1400 км темір жол жаңадан салынбақ және бұрыннан бар 2700 км темір жолды электрлендіру жоспарлануда.


2011 жылдың мамырында Қазақстанда 3 264 400 жеңіл автокөлік тіркелген. Қазақстанның автокөлік тас жолдарының ұзындығы 96 мың км-ден асады. Олардың көп бөлігі күрделі жөндеуді қажет етеді. Қазақстан арқылы жалпы ұзындығы 23 мың км болатын 5 халықаралық автокөлік бағыттары өтеді. Автокөлік магистральдары: Алматы – Астана – Қостанай (М-36 трассасы), Челябинскіге шығады; Алматы – Петропавл, Омскіге шығады; Алматы – Семей – Павлодар (М-38 трассасы), Омскіге шығады; Алматы – Шымкент (М-39 трассасы), Ташкентке шығады; Шымкент – Ақтөбе – Орал (М-32 трассаы), Самараға шығады.

2009 жылы Қазақстан аумағында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралінің құрылысы басталды. Жолдың жалпы ұзындығы 8445 км құрайды, оның 2787 км-і Қазақстан аумағы арқылы (Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары) өтеді. Жолдың асфальтбетонды жабынының қалыңдығы 80 см, автомагистральдің күрделі жөндеусіз жұмыс істеу мерзімі 25 жыл, шекті қозғалыс жылдамдығы – 120 км/сағ. Жобада кейбір өзендер үсті арқылы көпірлер, екі деңгейлі жол айрықтары, жол-қолданбалы комплекстер, аялдама алаңдары, мал өткізу орындары, электронды таблолар қарастырылған. Құрылыспен бір мезгілде трасса бойындағы кейбір аудандарда жаңа жолдар салынып, ескі жолдар жөндеуден өтпек.

Қазақстанның үлкен географиялық аумағына байланысты әуе көлігі үлкен рөлге ие және оны алмастырар басқа көлік түрлері жоқтың қасы. Қазақстанда 22 ірі әуежай бар, оның 14-і халықаралық рейстерге қызмет атқарады. Әуежайлардың көбісінің қызметі аса жүкті емес, республиканың аэронавигациялық тасымалдау қоры қазіргі таңда өз мүмкіндігінің бестен бір бөлігінде ғана қолданылуда. Осы сала үшін Еуропа және Азия арасындағы транзиттік жүк және жолаушы тасымалы аса маңызды. Air Astana Қазақстанның ең ірі әуе компаниясы болып табылады.

Қазақстанның кеме жүруіне ашық су жолдарының ұзындығы 3982 км. Кеме жүруіне жарамды су жолдары: Ертіс, Сырдария, Жайық, Қиғаш, Іле және Есіл өзендері (Петропавл су қоймасынан бастап), Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі, Қапшағай су қоймалары, Балхаш және Зайсан көлдері.

Каспий теңізі арқылы Қазақстан Ресей, Иран, Әзірбайжан, Түркіменстанмен байланысады. Ресей өзендері мен кеме жүретін каналдар арқылы Қара және Балтық теңіздерімен, одан ары Батыс Еуропа елдерімен байланысады. Ақтау порты Қазақстанның суы қатпайтын жалғыз теңіз порты болып табылады. Ол халықаралық су жолдарындағы стратегиялық маңызға ие.

2007 Қазақстан тарапынан Ресейге Каспий теңізі мен Азов-Қаратеңіз бассейнін тікелей қосуға бағытталған Еуразия каналын ұйымдастыру туралы ұсыныс түскен болатын. Жоба жүзеге асса, Қазақстан Ресей арқылы халықаралық теңіз жолдарына шығуға мүмкіндік алып, сол арқылы теңіз державаларының бірі аталуы мүмкін.

3 -тапсырма Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер.

1. «Нұрлы жол» бағдарламасы туралы не білесіз?

2. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қандай іс-шаралар орындалып жатыр?
4-тапсырма. Мәтінді мағыналық бөліктерге бөліп, оларға ат қойыңыз. Мәтінге ат ойлап табыңыз.
3 СӨЖ тапсырмасы:

1. Қазақстандағы көлік қатынасы туралы баяндама дайындаңыз.

4-сабақ

Қазақстандағы көлік жүйесі
ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілгенсөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

көліктік-коммуникациялық монополияларды батыл қайта құрылымдау – решительная реструктуризация транспортно-коммуникационных монополий

қызмет көрсету мен сервисті камтамасыз ету деңгейі – уровень обслуживания и сервисного обеспечения

байланыс және телекоммуникациялар желілері – сети связи и телекоммуникаций

халықаралық көлік және сауда байланыстары – международные транспортные и торговые связи

отандық көлік-коммуникация кешені – отечественный транспортно-коммуникационный комплекс

транзиттік жүк тасуды қамтамасыз ету – обеспечение транзитных перевозок грузов

ғылыми-техникалық прогресс – научно-технический прогресс

көлік пен байланыс саласы – сфера транспорта и связи

жүк тасымалы – перевозка грузов

инфрақұрылым – инфраструктура

жекешелендіру – приватизация

жекеменшік – частный

әуе көлігі – воздушный транспорт

су көлігі – водный транспорт
ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз.
Инфрақұрылым, көлік пен байланыс саласындағы Қазақстанның міндеті – отандық көлік-коммуникация кешенінің бәсекелестік қабілетін және Қазақстан аумағы арқылы өтетін сауда легінің ұлғайтылуын қамтамасыз ету.

Қазақстандағы жүк тасымалының негізі – теміржол. Осы саланың алдында тұрған стратегиялық міндеттер: Халықаралық көлік және сауда байланыстарын, ТрансАзия магистралі бойынша транзиттік жүк тасуды қамтамасыз ететін негізгі темір жол бағыттарын жаңарту; «Достық» станциясын дамыту, «Достық-Ақтоғай» учаскесін нығайтуды аяқтау; барлық көліктік-коммуникациялық монополияларды батыл қайта құрылымдауды жүзеге асыру.