Файл: Iii триместр і модуль Клік жне логистика лексикалы таырып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.03.2024

Просмотров: 54

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сонымен, тіл білімінде термин-мағына-ұғым мәселесіне қатысты үш түрлі көзқарас қалыптасты: 1. Терминдердің лексикалық мағынасы бар, бірақ ол сол ұғыммен толық сәйкес келе бермейді; 2. Терминдердің лексикалық мағынасы бар және ол сол ұғымды толық сипаттайды; 3. Терминдер – ұғыммен сәйкес келетін лексикалық мағынаға ешбір қатысы жоқ тілдік бірліктер.

Сонымен бірге, терминнің ерекшелігі оның тұрпат межесінде емес, мазмұн межесінде, яғни, оның мағыналық сипатында. Ғылыми термин – бұл ғылыми ұғыммен байланысты мағынасы бар тілдік бірлік. Бірақ бұл мағына ғылыми ұғымның тек негізгі және маңызды белгілерін ғана көрсетеді.
АЙТЫЛЫМ

3- тапсырма. Мәтін бойынша сұқбат құрастырыңыздар

ЖАЗЫЛЫМ

4- тапсырма . Сөйлем құрастырыңыздар:

Сөзжасам, терминжасам процесі, морфологиялық уәжділік, семантикалық уәжділік, фонетикалық уәжділік, сема, сөздік құрам, сөздік қор, аударма
1 СӨЖ тапсырмасы:

1. Мәтінге ат қойыңыз.

2. Мәтінді мағыналық бөліктерге бөліңіз.

3. Әр мағыналық бөлікке ат ойлап табыңыз

Туынды терминдердің терминжасам процесінің семантикалық нәтижелері төменде келтірілген түрлерде болуы мүмкін: 1) таза транспозиция (сөздің бір сөз табынан басқа сөз табына ауысып, мағынасының ешбір өзгеріссіз қалуы): аударылған мәтін (аударма мәтін; 2) транспозиция (туынды сөздің синтаксистік сипаты мен мағынасының бірдей өзгеруі): кеңесші (кеңесшілдік; балама (баламалық; 3) модификация (бір сөз табына жататын сөз тудыруға негіз болатын және туынды терминдер арасындағы айырмашылықтар): аударма (аудармашы. Осы орайда, біздің ойымызша, семантикалық өзгерістердің біріншісі синтаксистік деривация, екінші және үшінші түрлері лексикалық және терминдік деривация ұғымдарына сәйкес келеді. Басқа авторларға қарағанда Комиссаров В.Н. ғылыми техникалық стильдің грамматикалық ерекшеліктерін толығырақ жазды.

Техникалық мәтін когнитивті ақпарат тарату үшін қолданылады. Техникалық мәтіннің жетекші тілдік әдістеріне мыналарды жатқызуға болады: 1) бастауыштың дәйекті семантикасы. Бастауыш ретінде осы білім саласының тақырыбы аясында зат есімнің қолданылуы. Бірінші шақтағы жіктеу есімдігі сирек қолданылады; 2) бастауыш формасына қатысты ырықсыздықты білдіру тәсілі, жақсыз және атаулы сөйлемдер; 3) осы шақтың жиі қолданылуы әсіресе нақ осы шақты білдіруі, ол жеткізіп отырған ақпаратты нағыз дәйекті уақытқа тәуелді ретінде көрсетуге мүмкіндік береді; 4) күрделі сөздер мен абстрактілі мағынаның басымдылығы. Бұл тілдегі мағлұматтардың жалпылылығының, олардың дәйектілігінің жоғары деңгейін көрсетеді; 5) мәтіннің нақты дәйектілігі зат есімнің басымдылығы іс-әрекеттің етістік арқылы емес, етістіктен туған зат есім арқылы білдіру, бұл мазмұнның объективтілігін және абстрактілік деңгейін жоғарылатады. Аталып кеткен ерекшеліктерден басқа техникалық мәтінге тән белгілерді атап көрсетуге болады. Мысалы: термин және жалпы ғылыми лексика, қысқартулар, сандар, формулалар. Сызба нұсқалардың көптігі, логикалық құрылымның графикалық әдісі. Техникалық мәтіннің комуникативті мақсаты – осы білім саласындағы жаңа мағлұматты хабарлау. Ол тек түпнұсқа мен аудармаға жалпы болып табылатын базалық биіктіліктің жоғары деңгейінде ғана жүзеге асырылады. Сол себепті техникалық мәтін бұл саладан хабарсыз адамдарға түсініксіз.

2-сабақ

Жарыссөзге шығу. Тұрақты тіркестер, ауызекі сөйлеу стилі
ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілгенсөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

сөз мағынасы – значение слова

тіл тарихы – история языка

жазба тіл – письменный язык

ауызекі сөйлеу тілі – устная речь

екпін – ударение

сөйлеу жылдамдылығы – скорость речи

эмоционалды-экспрессивті лексика – эмоционально-экспрессивная лексика

одағай – междометие

қаратпа сөз – обращение

модаль сөз – модальные слова

сөз мағынасы – значение слова

негізгі мағына – основное значение

туынды мағына – производное значение

жай сөйлем – простое предложение

құрмалас сөйлем – сложное предложение

дауыс – звук; голос

дауыс ырғағы – ритм голоса

ым – жест, знак
ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар
АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ ДИАЛОГІНІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Сөйлеу тілінің лексикасы – адамдардың күнделікті қарым-қатынастағы үйреншікті жағдайда қолданатын, сөйлеу тіліне, яғни әдеби тілдің ауызша түріне тән сөздердің жиынтығы. Сөйлеу тілінің лексикасына жалпылама, күнделікті қарым-қатынастағы сөздер, диалектизмдер, кәсіби сөздер, қарапайым және экспрессивті сөздер, көнерген сөздер мен неологизмдер, терминдік, бейтарап стильдегі (аспан, жер, су, адам, кітап, қағаз т.б.), сондай–ақ, ауыспалы мағынадағы сөздер де енеді. Ауыспалы мағынадағы сөздер құрамы жағынан қарапайым, тұрпайы және жалпылама қолданылатын сөздер болып келеді. Ал жасаулы жағынан метафора (аш қасқырдай жалақтады), метономия (ауыл тынышталды), синекдоха (тігерге тұяқ қалдырмау) т.б. болып жіктеледі. Сөйлеу тілінің лексикасы әдеби тілге қарағанда сөздердің мағыналық жағынан қарапайымдылығымен, кейде тұрпайы, дөрекілігімен, сөздік қолданыста көмекші сөздер мен одағайлардың көптеп ұшырасуымен ерекшеленеді

Сөйлеу тілі диалогке құрылады. Диалог репликалар тізбегінен тұрады да, қысқа, тұжырымды болып келеді. Әсіресе, интонацияның маңызы ерекше болады. Диалогте айтушының көңіл-күйі, сезімі еркін, жеңіл бейнеленіп, оңай түсініледі.Ауызекі сөздің диалог түрінде жүруі репликаларды байланыстыратын тәсілдерден ғана көрініп қоймай, сөйлемдердің құрылысына да әсер ететіндігі сөйлем мүшесі, сөз тіркесі негізінде сараланады.

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма. «Ауызекі сөйлеу диалогінің лексикалық ерекшеліктері» мәтініе сұрақ құрастырыңыздар.
ЖАЗЫЛЫМ

4- тапсырма . Сөйлем құрастырыңыздар

Ауызекі сөйлеу диалогі, сөйлеу мәнбісі, дауыстың сапалық белгілері, дауыс ырғағы, ұяң дыбыс, дауыс ырғағы, сыпайылық, қатты дауыс, түсінушілік, жылдамдық, дауыс екпіні
2 СӨЖ тапсырмасы:


1-тапсырма. Төменде берілген шағын мәтінді сұқбатқа айналдырыңыздар:

Ауызекі сөйлеу тілінде коммуникативті функциясы аса айқын көрінеді. Сөйлеу тілі негізінен үш түрлі шартта жүзеге асырылады:

Біріншіден, қатынас жасаушылар арасында ресмилік болмайды. Егер ресмилік туа қалса, онда мекеме басшысы қол астындағы қызметкеріне немесе адамдардың өзара әңгімесінде ауызекі сөйлеу кезінде қатынас стилі, назар аударту формасы, сөздік қоры бірден өзгереді.

Екіншіден, қарым-қатынас кезінде сөйлеушілер арасында еркіндік болуы тиіс. Мұнда адамдар өзара қысылмай емін-еркін сөйлейді. Бұл арада сөйлеу тақырыбына сай көбінесе тұрмыстық лексика жұмсалады, сондай-ақ сөйлеу тілінің басты элементтері диалект, жаргон, варваризмдер жиі ұшырасады.

Үшіншіден, ауызекі сөйлеуде сөз бұрын дайындалмаған, табан астында суырып салғандай айтыла береді. Ауызекі сөйлеу тіліндегі коммуникативті функциясында сөйлеушілер арасында еркіндіктің басым болатындығына баса назар аударуға болады.

Қарым-қатынас үдерісінде хабарлау мен қабылдау, бір-бірімен тығыз байланыста болады. Өйткені, хабарлау болмаса, қабылдайтын ой да жоқ, қабылдау болмаса хабар да жетпейді. Қабылдаусыз процесс бүтін болмай, бір жақты болып қалады, қарым-қатынас, байланыс жүзеге аспайды.

Диалогтің құрамдық бөлшектері – репликалардың түрлерін анықтауда да прагматикалық аспект, қатысым жағдайлары, коммуниканттардың қарым-қатынасы және т.б. есепке алынады.

Тіл бірліктері сөйлеу үстінде қолданысқа түсіп, тілдік емес мәнбілердің ықпалына, талабына, қажеттелігіне икемделеді, жұмсалымда сөйлем мақсаты мен сөйлеуші мақсаты үнемі бір-бірімен сәйкес келе бермейді. Және оның 5 түрлі шарттары бар: 1) сөйлеу жағдаяты (уақыт пен кеңістік, орын); 2) сөйлеушінің әлеуметтік-психологиялық қалпы; 3) пропозицияның референттік сипаты, яғни сөйлеу жағдайымен, шындық болмыспен ара-қатынасы; 4) қатысым мақсаты; 5) сөйлеушілердің пресуппозициясы.

3-сабақ

Қазақ тіліндегі терминдердің салалық бөліністері. Грамматикалық ерекшеліктері мен бірізділігі
ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілгенсөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз

лексикалық құрам – лексический состав

лексикалық өлшем – лексическая мера


бейтарап лексика – нейтральная лексика

қарапайым лексика– простая лексика

ауызекі диалогі – устный диалог

сөйлеу мәнері – стиль речи

әдеби лексика – литературная лексика

әдеби тіл – литературный язык
ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар
Сөйлеу диалогінің лексикалық құрамы айтарлықтай әр түрлі сипаттаулармен анықталады. Сөйлеу диалогінде бейтарап лексика кеңінен қолданылады. Бейтарап лексикадан басқа сөйлеу диалогінде лексикалық өлшем қолданылады.Лексикалық сөйлеу топтарының ішінде: одағай, үстеу сияқты шағын сөз топтары жиі кездеседі. Сөйлеу диалогінде стилистикалық мағынадағы лексиканы әр жақтағы, әр түрлі мамандықтағы, білімдері де әркелкі адамдар қолдана береді.

Қарапайым лексика ауызекі диалогінде мәнерлі, сатиралық қолданыста әр кез бола бермейді. Мысалы, кейбір төменгі білімді адамдар оны ондай мәнерлі түрде қолданбайды.Оны стилистикалық шаманы білмейтін адамдар да есепсіз қолдана береді. Демек, сөйлеу диалогінде, қарапайым лексикасының, жаргон сөздердің болуы оның еркін және айқын болуының басты көрсеткіші.Қарапайым лексика мен жаргон сөздер қолданысы жастардың сөйлеу мәдениеттілігін төмендетеді.

Зерттеушілер сөйлеу диалогінің өзгеше сипаттамасын сөйлеу мәнерінде әдеби сөздерді пайдаланумен байланыстырады.Орта есеппен әдеби лексика сөйлеу диалогінің 2% құрайды. Сөйлеу диалогінде әдеби лексиканың пайда болуының өзіндік себептері бар. Бәрінен бұрын әдеби сөздер мен ұғымдардың сөйлеу диалогіндегі қолданысы әр адамның өзіндік сөйлеу мәнеріне байланысты.

Сөйлеу диалогінде әдеби лексиканың кең етек алуы арнайы тақырыптық әңгімелердің әсерінен де болады.Әдеби лексикамен бірге филолог ғалымдардың сөздерінде жай сөйлеу лексикасы да кездеседі. Ең бастысы оның бәрі әңгімеге араласушы ұжымға байланысты. Арнайы тақырып және арнайы терминдер, әңгімелесушілердің бір-бірін жақсы түсінуіне көмектеседі және диалогті әрлендіре түседі.

Сөйлеу диалогінің біршама белгілісі – бейтарап лексика. Әдеби лексика сөйлеу диалогінде барынша аз қолданылады, ол көбінесе арнайы тақырыптармен, әңгіменің жағдайына, серіктестің бағытына байланысты қолданылады. Әдеби тілдің элементтері берілген лексикалық топтарға стилистикалық өзгерістер енгізуге болады.

Сонымен, ауызекі сөйлеу диалогінің лексикалық сипаттамасы бір түрлі емес. Ауызекі диалог – қысқа. Сөйлемдері көбінесе күрделі емес, сондықтан тіл біліміндегі тіл бірліктерін үнемдеу заңдылығы үлкен көрініс табады. Ауызекі диалогте сөзді қысқарту, сөзді қалдырып кету т.б. жиі кездеседі. Ауызекі диалогтің лексикалық қорының негізгі мүшелері – бейтарап стильдік сөздер, тұрмыстық қарым-қатынас сөздер, экспрессиялық, эмоционалдық сөздер, стилистикалық реңкі көбінесе кітаби емес сөздер, жаргонизмдер, диалектизмдер. Осылардың қатарында кітаби лексика да (2%) қолданылады. Бұл қолданыстардың мақсаты: диалогке қатынасқан индивид (индивидтер) өзінің (өздерінің) жоғарғы мәдениетті екендігін, оқымысты екендігін көрсету үшін пайдаланады.