Файл: Iii триместр і модуль Клік жне логистика лексикалы таырып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.03.2024

Просмотров: 69

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

3- тапсырма. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз

4-тапсырма. Мәтіннен түсінгеніңізді баяндап беріңіз
ЖАЗЫЛЫМ

5- тапсырма . Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз.
КӘСІБИ СӨЗДЕР

Кәсіби сөздер – белгілі бір шаруашылыққа, кәсіпке байланысты қолданылатын, жалпы халыққа бірдей түсінікті бола бермейтін, қолданылу өрісі шектеулі сөздер. Қазақ тілі кәсіби сөздерге бай.

Кәсіби сөздер таралу шегіне қарай ірі кәсіпке байланысты сөздер және шағын кәсіпке байланысты сөздер деп екі салаға бөлінеді.

Ірі кәсіпке байланысты кәсіби сөздер: мал шарушалығы (түйе атаулары: жампоз, кезөркеш, кердері, күрт, қаратұяқ, аңырайма); астық шарушалығы (сүт бидай, бал бидай, қодыран, жауша, бақал; тары атаулары: байдербіс, алағарын, шая, шаршау тары); балық шарушалығы (балық атаулары ақауыз, таутан, табан, бекіре; ау аттары: морда, тоспай, итерқұл, аламан); бау-бақша (қауыншек, оман арық, желке суы, пісте); мақта шарушалығы (қоза, көсек, құлақ, шит), тағы басқасалаларға қатысты болады.

Шағын кәсіпшілікке байланысты кәсіби сөздер: ұсталық (тарақ балта – жүзі кедір-бұдыр балта, керме ара – жүзінің ортасында тірегіші бар ара, шербек – үлкен ара, аталғы – ойық жүзді шот, тышуыр – бұрап тесетін құрал, пәрбі – шойын тескіш, аттіс – темір қысатын құрал, ыңғуыр – ағаш оятын құрал; етікшілік (созан – ине сияқты құрал, ұштық – созанға өткізілген қысқа жіп, пардоз келтек – етіктің тігісін жатқызатын таяқша); балташылық, өрімшілік, тоқымашылық, зергерлік, тағы басқакәсіп түрлеріне байланысты болады. Кәсіби сөздердің диалектілерден басты айырмашылығы – оның әдеби тілде баламасы болмайды. Сондықтан да кейбір кәсіби сөздер әдеби тілімізді байытып, жалпы халықтық қолданысқа еніп кетеді. Мысалы, мәйек, қоза, терім, мұрап, бағбан, дақыл, беде, танап, көшет, атыз, тағы басқа.
2 СӨЖ тапсырмасы:

1. Салалық терминологиялық сөздіктен өз мамандығыңыз бойынша қазақ тіліне бейімделген интернационалдық 15 терминді анықтамасымен жазып келіңіз.

3-сабақ

Әлеуметтік және кәсіби салаларда қолданылатын сөздер (тұлға, азамат, заң, шетелдік, нарық, келіссөз, жол қатынасы)

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілгенсөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

салааралық тіл – межотраслевой язык

салаларалық терминология – междисциплинарная терминология

кәсіби тіл – профессиональный язык

қолданысқа енгізу – введение в действие

ғылымның мазмұны мен формасы – содержание и форма науки

топтау – группировка

жіктеу – классификация

сөздік қор – словарный запас

мағына – значение

терминделу – терминация

бұқаралық ақпарат құралдары – средства массовой информации

жазба әдебиет – письменная литература

бірыңғай сала терминдері – термины единой отрасли
ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар
САЛААРАЛЫҚ ТІЛ ЖӘНЕ ТЕРМИНДЕР

Болашаққа сенімді беталысы бар Қазақстанның келер күні – тілі мен мемлекетінің өркендей түсуінде екені сөзсіз. Ертеңгі елінің өрендей ұл-қыздарының болашағы үшін ең қажеттісі – болашаққа нық аяқ басқан мемлекетінің қамқоры мен төл тілінде берілетін жан-жақты әрі сапалы білім. Бұл дегеніңіз – заманның талабына сай жоғарғы технологиялы өндірісті басқару және ел игілігіне жарату мүмкіндігі. Ал саналы білім алуда да, отандық өндірісті басқаруда да, сала термин сөздерінің орны ерекше. Мемлекеттік тілде салалық терминологияның дамуы мен нығаюы – қазақ тілінің кемелденуі мен мейлінше бай ғылым тіліне айналуына жол ашады. Ахмет Байтұрсынов айтып кеткендей: «арнаулы пән сөздерімізді ғылыми зерделеу өз зәрулігін жоймаған өміршең мәселе».

Табиғи жағдайда кәсіби тілден термин тууы шарт, алайда керісінше де болып жатады. Яғни термин ғылыми ортада сұрыпталып, сараланып туса, кәсіби сөз өндіріс адамдарының жұмыс ерекшелігіне байланысты туған атау сөздер. Термин сөздерді қалыптастыруда өндіріс мамандарының кәсіби тіліне зер салып жүйелеу, саралау, талдау жұмыстарын жүргізу ең дұрысы болмақ. Өйткені салалық термин сөздердің қолданысқа енуіне де сол кәсіби маманның үлесі зор. Дей тұрғанменде өндіріс қызметкерлері мен жұмысшыларының кәсіби сөздерін термин дәрежесіне жеткізу үшін сұрыптау, талдау жұмыстары мен қатар ғылыми анықтама берілуі тиіс. Кәсіби маман мен салалық терминология арасындағы тығыз байланыс туралы ғалым Ө. Айтбайұлы былай дейді:

«Жалпыға бірдей қарапайым сөздер қоғамдағы өзара қарым-қатынас қажетіне байланысты туындап және оны сол тілде сөйлейтін кез- келген адам жасай алатын болса, терминдер белгілі бір кәсіп пен мамандыққа тән ұғымды білдіру үшін жасалады да күнделікті практикалық мұқтаждық тудырады, сол саланың мамандары арасында ғана қолданылады».
АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма. Мәтін бойынша жұппен сұқбат құрастырыңыз.

4-тапсырма. Топпен талқылаңыздар:

1. Мемлекеттік тілде салалық терминологияның дамуы мен нығаюы үшін қандай шаралар ұсынар едіңіз?

2. Кәсіби тілдің болашағы туралы не айтар едіңіз?
ЖАЗЫЛЫМ

5-тапсырма. Болашақ мамандығыңызға қатысты 10-15 салааралық терминдерді анықтамасымен жазыңыз.
3 СӨЖ тапсырмасы:

1. «Кәсіби тіл мен терминология» тақырыбына баяндама дайындаңыз.
4-сабақ

Әлеуметтік және кәсіби салаларда қолданылатын сөздер (тұлға, азамат, заң, шетелдік, нарық, келіссөз, жол қатынасы)
ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілгенсөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

салааралық терминдер – межотраслевые термины

қолданыс аясы – область применения

салааралық байланыс – межотраслевая связь

салааралық ерекшелік – межотраслевая специфика

бірыңғай сала терминдері – термины единой отрасли

бірыңғай емес салааралық терминдер – неоднородные межотраслевые термины
ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар

Салааралық терминдерді белгілі бір өндірістік іспен шұғылданатын сала тілі көлемінде қарастырып қолданыс аясын дұрыс белгілемеу де жөн емес. Бұл терминдер саланың қалыптасуына негіз болған ғылым тілінің ауқымында анықталып бекітілуі тиіс. Әр ғылымның өзіндік ерекшелігі бар. Алайда жекелеген ғылымдар да олардың салалары да өзара байланыссыз болуы мүмкін емес. Өзара байланыстың, даму мен күрделенудің нәтижесінде жаңа ғылым салалары туып отыратыны заңды. Ал бұл өз кезінде салааралық байланыстың кепілі. Егер салааралық байланыс жекелеген ғылым салаларын о бастағы негізгі ғылымға жақындатып тұрса, салааралық ерекшелік алшақтатып жаңа бағыт сілтейді. Бұл табиғи процеске ешкім тосқауыл бола алмайды.


Салааралық терминдердің басты белгілері: 1. Бірнеше салада бірдей терминдік мағынаға ие; 2. Қолданысында бірдей лексикалық мағына береді; 3. Әр салада белгілі дәрежедегі ыңғайлас іс-шараларға қатысты болып келеді; 4. Жеке-дара терминдерге қарағанда жалпы халыққа түсінікті болады;

Жалпы сөзжасамның негізгі мақсаты – сөздік қорды молайту, сөздің көркем әрі әлеуметтің қолданысына икем, оңтайлы болуын реттеу. Бұл – терминологияның тіл білімі ғылымының саласы ретіндегі маңызды қызметі. Мысалы, бір кездері тек қана кәсіби мамандар мен ғылыми ортаға түсінікті болып келген автокөлік, автобус, трактор, ұшақ, тік ұшақ, пойыз секілді көлік атаулары немесе антибиотик, бактерия, вирус, вакцина сияқты медицина терминдері, сорап (насос), бұранда (винтель), шүмек (кран) сынды механикаға қатысты термин сөздер бүгінде көпшілікке жақсы таныс.

Бірыңғай сала терминдері деп – белгілі бір ғылымнан таралған салаларда қолданылатын ортақ мәндегі арнаулы сөздер. Айталық, геология ғылымына қатыстықыртыс, қабат, ұңғыма, құмайт, төбе, ой, қыр, кен орны, тақтатас, саз, сор, шоғырт.б. термин сөздер осы ғылымнан бастау алып сабақтала түскен мұнай-газ, көмір өнеркәсібі, уран, алтын, түрлі-түсті металл өндірісі секілді салалардың барлығында дерлік кең қолданылып жүр. Бірыңғай емес салааралық терминдер деп – мағынасы жағынан саланың негізгі іс-шараларынан алыс, бір-біріне мүлде жақыншылығы жоқ салаға қатысты боп келетін термин сөздерің қатарын айтамыз.

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма. Мәтіндегі негізгі ойды жалғастырып, өз мамандығыңызға қатысты мәліметтермен толықтырыңыз

4-тапсырма. Мәтіннен түсінгеніңізді баяндап беріңіз
ЖАЗЫЛЫМ

5- тапсырма . Мәтінге сұрақты жоспар құрастырыңыз.
4 СӨЖ тапсырмасы:

1. Терминдік норма қолданысын сипаттаңыз.

10–модуль: КӘСІБИ МӘТІННІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ-СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІГІ
Лексикалық тақырып:

1. Кәсіби мәтіннің грамматикалық-стильдік ерекшелігі

2. Жарыссөзге шығу. Тұрақты тіркестер, ауызекі сөйлеу стилі.

3. Қазақ тіліндегі терминдердің салалық бөліністері. Грамматикалық ерекшеліктері мен бірізділігі.

Грамматикалық тақырып:

Тұрақты тіркестер, ауызекі сөйлеу стилі
1-сабақ

Кәсіби мәтіннің грамматикалық-стильдік ерекшелігі

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілгенсөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

кәсіби мәтін – профессиональный текст

сөз – слово

сөз тіркестері – словосочетание

техникалық әдебиет – техническая литература

тілдік құрылымдық стиль – языковой структурный стиль

ақпараттылық – информативность

қисындылық – логичность

дәлдік – точность

дұрыстық – правильность

айқындық – четкость, ясность

түсініктілік – понятность

жүйелі-адекватты аударма – последовательно-адекватный перевод

сигнификативтік мағына– сигнификативное значение

құрылымдық мағына – структурное значение

прагматикалық мағына – прагматическое значение
ОҚЫЛЫМ

2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар
Техникалық әдебиет тілін лингвистика жағынан зерттеулер, техникалық әдебиеттің барлық түрлерінің тілдік қарым-қатынас құралы ретінде маңызды дәрежеге ие екенін, өзіне қатысты ерекшеліктері мен белгілі тілдік құрылымдық стилі бар екенін көрсетеді.

Техникалық әдебиеттің өзіне тән ерекшеліктері оның лексикасына, грамматикасына және стилистикалық белгілеріне де қатысты. Бұл жерде ең маңызды мәселе, техникалық әдебиет барлық тілдерге тән болғанымен де, оның ерекшеліктері, тілден тілге сол күйінде берілмейді, әр тілде өзінше аударылады. Бұл өзіндік сандық және сапалық сипатқа ие. Сапалық өзіндік әр тілдегі белгілі қатынас немесе ерекшеліктері ұқсас тілдік құрал арқылы емес, лексикалық құрал грамматикалыққа ауыстырылып берілуіне, ал сандық ерекшелік лексикалық, грамматикалық немесе стилистикалық құралдардың әртүрлі жиілікте қолдануында көрінеді.

Терминдер арқылы нақты объектілер мен құбылыстарға нақты және дәл нұсқау көрсетуді қамтамасыз ету, мамандардың берген ақпаратына бір мағыналы түсініктеме орнатуы керек. Сондықтан да осы типке қатысты сөздерге ерекше талап қойылады. Барлығынан бұрын термин дәл болуы керек, яғни берілген ғылым және техника саласындағы терминнің орнын табатын, қисынды анықтау арқылы мағынасын ашатын қатаң белгілі бір мағынаға ие болуы тиіс. Ағылшын тіліндегі ғылыми техникалық материалдарда грамматикалық ерекшеліктер кездеседі. Әрине техникалық грамматика жоқ. Басқа функционалды стильдерге қолданылатын синтаксистік құрылымдар және морфологиялық формалар техникалық мәтіндерде де қолданылады. Дегенмен бұл стильде басқаларға қарағанда грамматикалық өзгерістер көп қолданысқа ие.