Файл: 20 балл Сауат ашу дістемесіні алыптасуы мен даму тарихын баяндаыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 83

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жуан дауыстылар — тілдің кейін жиырылуы арқылы жасалатын дауыстылар: а, о, (у), ұ, ы

Жіңішке дауыстылар — тілдің ілгері созылуы арқылы жасалатын дауыстылар: ә, е, (и), ө, ү, і

Ашық дауыстылар — тілдің таңдайға қарай төмендеп барып көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар, оларды айтқанда жақ кең ашылып, иек төмендейді. Қазақ тіліндегі ашық дауыстылар: а, ә, е, о, ө.

Қысаң дауыстылар — жақтың кең ашылмай, тілдің таңдайға қарай жоғары көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар. Қазақ тіліндегі қысаң дауыстылар: ы, і, (и), (у), ү.

Еріндік дауыстылар — айтылуда еріннің алға қарай сүйірленуі арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: о, ө, ұ, ү, (у). Бұлар орыс тіліндегі әдебиеттерде "Лабиализованные гласные" деп те айтылады.

Езулік дауыстылар — айтылуда еріннің кейін тартылып, езудің жиырылуы арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: а, ә, е, э, ы, і, (и).

14. «Сауат ашу» пәні бойынша оқу бағдарламасының мазмұнына тоқталыңыз

«Сауат ашу» пәні жалпы білімнің негізін құрайтын аса маңызды пәндердің біріне жатады.«Сауат ашу» пәні – «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу» пәндерінің құрамдас бөлігі, тіл және әдебиет туралы білім жүйесіне дайындық болып табылады. «Сауат ашу» пәнінің маңыздылығы – оқушылардың өмірінде жаңа пайда болған «жетекші әрекет» – оқу әрекетіне бейімдеу, тұрақты зейіні мен жадын, логикалық ойлауы мен білім алуға деген қызығушылығын қалыптастырып, ой-өрiсiн жетiлдiру, сөздік қорын молайтып, байланыстыра сөйлеуге үйрету міндеттерін жүзеге асыруында. Сонымен қатар сөйлеу әрекетінің тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым түрлерін дамыту арқылы басқа пәндерді меңгертуге негіз болуында.«Сауат ашу» пәнінде оқу және жазу жұмыстары өзара тығыз байланыста қатар жүреді: оқу дағдысы жақсы қалыптасқан оқушының сауатты жазу дағдысы да соған сай қалыптасады.«Сауат ашу» пәні оқушылардың:

қазақ тілі фонетикасы, лексикасы, грамматикасы мен пунктуациясы туралы бастапқы білім негіздерін игеруіне;

оқу мен жазуға деген қызығушылығының оянуына;

айтылым, тыңдалым, жазылым және оқылым дағдыларын қалыптастыруға;

жұппен, топпен, ұжыммен жұмыс жасауға дағдылануына және түрлі рөлді (көшбасшы, орындаушы) орындауға үйренуіне;

«Сауат ашу» пәні арқылы оқушылар қазақ тілі мен әдеби мұрасын меңгеріп, ана тілі мен туған халқының мәдениетін құрметтеуге, оқу үдерісінде және күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарда тілдік қарым-қатынасқа еркін түсіп, өз пікірін білдіруге дағдыланады.


«Сауат ашу» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты

«Сауат ашу» пәнінің мақсаты – оқу және жазу дағдылары қалыптасқан, алған білімін әртүрлі жағдаяттарға сай қолдана білетін, ойын, пікірін толық, түсінікті, жүйелі жеткізе алатын, білім алуға ынталы жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.

15. Жазудың құрамына(алфавит, графика, орфография) сипаттама беріңіз,

Қазіргі қазақ қоғамында жазу ауыстырумен байланысты әліпби, графика, орфография немесе емле деген терминдер жиі айтылып, күнделікті қолданыла бастады.

Әліпби дегеніміз, әсіресе дыбыстық әліпби - тілдегі барлық фонемалардың шартты таңбаларының белгілі тәртіппен орналасқан жиынтығы. Жазудың даму тарихындағы соңғы құбылыс.

рафика алфавиттегі әріп таңбаларын жетілдіру, жетпеген фонемаларды белгілеуді ұйымдастырады. Графика мен орфография жазудың екі кезеңнен тұратынын көрсетеді. Графика дұрыс белгіленсе, сөзформалардың жартысынан астамы қатесіз жазылады, ал орфографияға күрделі мәселелерді нормалау ғана қалады. Алфавит құрамы графикалық таңбаларды ұйымдастырудың нәтижесi, соңғы қорытындысы ретiнде пайда болатын шартты код. Әрине, ол алдымен негізгі әліпби қаңқасына сүйенеді. Алдымен негізгі алфавит таңдалады, сосын графика, соңынан алфавит құрамы қабылданады. Мысалы, қазақ тілінің өзіне тән дыбыстарын әріптерге диакритика салып немесе қосарлап таңбалауды графика ұйымдастырады. Графика жаңа әлiпбидi қабылдағанда, жазудың алғашқы тәжiрибелерiнде, алғаш сауат ашу iсiнде көрiнедi. Сонда графика дегенiмiз әлiпбидегi әрiптердiң белгiлi бiр фонемаларды таңбалауын ұйымдастыруы. Графика – әлiпби мен оның теориясына тiкелей қатысы бар, әлiпбидiң жасалуы, өзгерiстерi, қайта жетiлдiрiлуi, сондай-ақ эстетикалық, оптикалық, экономикалық жағынан сапасын анықтауға көмектесетiн сала. Графика сондай-ақ жазу таңбасы деген ұғымда да қолданылады. Графика жазу ұғымының бір мағынасына сәйкес. Қазақ тіл білімінде “араб жазуын өзгертті”, “латын жазуын қабылдау”, “орыс жазуына көшу” деген сияқты тіркестер бар. Өйткені алдымен сол жазудың графикасы еске алынады.

Орфография (лат. orthographia, грек ὀρθός – дұрыс, γράφειν – жазу) – сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы және оны қарастыратын тіл білімінің бір саласы. Орфография дыбыстарды (фонемаларды) әріппен таңбалауды, сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейді.


16. " Оқушылардың каллиграфиялық талапқа сай жазу дағдысын қалыптастыру жұмыстарын түсіндіріңіз"

Мектептегі оқыту үрдісін сауат ашу пәнінен бастап жүргізу аса маңызды да күрделі жұмыс. Өйткені, сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге (фонетика – графикалық жазуға) үйретіліп қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылану тиіс. Демек, сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса, солай жазбай, оңға қарай біркелкі көлбеу, таза, анық жазуға машықтандыру міндеті де тұр. Осы талаптарды орындау негізінде көркем жазу дағдысы (каллиграфия) қалыптасады.

Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады. Жазуға кірісерде алғашқы күннен бастап орындалуға тиісті гигиеналық талаптар мыналар:

а) дәптер партаның үстіне, баланың кеудесінің қақ ортасына тура келетіндей болып сәл көлбетіле (оңға 65 º ) қойылады;

ә) бала басын оңға не солға, иықтарын кеудесін алға не артқа қисайтпай, аяқтарын қатар қойып, алдына түзу қарап отырады. Бұл олардың омыртқалары, көкірегі дұрыс жетілу үшін қажет;

б) балалар табандарын еденге еркін басып отырады. Тізені қатты бүкпей, бір аяқты екінші аяқтың үстіне қоймай, аяқтарын я алға, я артқа сілтемей отырғаны дұрыс;

в) партаға көкіректі тіремеу керек. Өйткені бұл жағдайда тыныс тарылады, жаңа өсіп келе жатқан кеудені бұзады;

г) қаламды ұстағанда саусақ қаламұштан 3 см-дей жоғары тұратындай болып және қаламның жоғарғы жақ ұшы оң иықтың тұсына дәл келетіндей жағдайда болғаны жөн;

д) жазғанда баланың көзі мен дәптер аралығындағы қашықтық 25-30 см сақталуға тиіс.

Жазуға негізінен мынадай талаптар қойылады:

1)әріптерді дұрыс жазу, дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау;

2)әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды-қысқалы етпей, тегіс, бірдей жазу;

3)әріптердің бірін оңға, бірін солға қисайтпай, барлық әріпті бірдей, оңға қарай, сәл көлбете (45 º) жазу

4)әріптердің, сондай-ақ сөздердің арасындағы қашықтықта бір қалыпты сақтап (сөздер бір-бірінен м әрпінің көлеміндей қашықтықта болуға тиіс) отыру;

5)бірте-бірте жазу қарқынын тездете түсу.

Сауат ашу кезінде жазу сабақтарында балалар әріп элементтерін немесе жекелеген әріптерді жазғанда ұзақ уақыт жазып отырмауын қадағалау керек. Өйткені ұзақ уақыт бір-екі элементті немесе бір әріпті жаза берсе, бала шаршайды да, сабаққа зейін қоюдан қалады. Сондықтан 3-5 минут жазғаннан кейін қолдарына демалыс беріп, сонан соң құрамында үйреніп отырған әрпі бар сөздерді жазуға көшкені дұрыс. Жұмыс түрі өзгергенде балалар да оған зейін қоя бастайды. Сауат ашу барысында балалар сөздер мен сөйлемдерді естерінде ұстап жазуға үйренулері қажет. Ол үшін айтылуы мен жазылуының арасында ешбір айырмашылық жоқ сөздер алынады және бұл кезде әріптердің таңбасы арқылы (жазба таңбасы) берілген. Сөздер мен сөйлемдерді көшіріп жазу ұсынылады, ал сауат ашу аяқталғаннан кейін, баспа таңбалы әріптер жазылған текстер көшіртіледі. Осы жұмыстардың бәрінде де оқушылар жазуға кіріспес бұрын сөздер дыбысқа, буынға талданады.


17. Сауат ашудың пәнаралық және басқа да ғылымдармен байланысын сызбамен көрсетіңіз.

18. Оқушыларың сөздік қорын, сөйлеу дағдысын анықтауға арналған тапсырмаларды айқындаңыз.

Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда диалогтың берері мол. Диалог – сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас амандасудан басталады. Мұғалім сабаққа кіргеннен оқушылармен сөйлесуде болады. Оқушыларға белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады. Диалогтік сөйлесуді естіп-тыңдаумен біртұтас та, жекелей де пайдалануға болады. Мақсатты ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы ауызекі сөйлесуге үйрету оқушыларды қызықтырады. Диалогтік сөйлеу коммуникативтік оқытудың негізгі ұстанымына сәйкес келеді. Коммуникативтік оқыту жауап алынған жағдайда ғана жүзеге асуы оның ұстанымы болып есептеледі. Ал ауызекі сөйлесу – жауап алу арқылы жүзеге асады.Коммуникативтік сөйлеу әрекетінің қай түрі болса да лексикалық – грамматикалық дайындық деңгейіне сүйенеді. Белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастыруға жағдаяттың ауызекі сөйлесу мен мәтін бойынша жұмыс негізгі құрал болып табылады. Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуын, сөйлем құрастыруды, тұрақты сөз тіркестерін қолдануды, сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйрену тиімді. Оқушылардың сөйлеу дағдылары ауызекі сөйлеу жүйесінен, сұраққа қысқа да толық жауап құрастыра алуынан, оқығандарын ауызша да, жазбаша да мазмұндап, беретіндей дағды – машықтарынан, шығарма, хат жазу дағдыларынан құралады. Қазақ тілін оқытуда ең алдымен тәжірибелік мақсат қойылады, оған оқушылардың сөздік қорын байыту, қазақша ауызекі сөйлесуге, сауатты жазуға үйрету, көргендерін, естігендерін әңгімелеп беруге үйрету қажет.

Оқушы тілін дамыту үшін әр түрлі әдістер, жұмыстар өткізу керек. Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту, мәтін бойынша сұхбат құрастыруда, мәтіннің мазмұнын айтқызуда тірек сызбалардың берері көп. Бұл тәсіл жаңа сабақты жылдам түсінуге, есте сақтауға көмектеседі. Тірек- сызба сұхбат құрғыза отырып, оқушылардың қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыруға, сөйлем құрастыруға мүмкіндік береді. Грамматикалық материалды және лексикалық тақырыптарды оқытуда тірек-сызбалардың қолданылуы тілді дамытуға, сөздік қорды молайтуға, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, ойлау қабілетін дамытуға, ойын қазақша жеткізе білуге жаттықтырады. Тірек-сызбалар арқылы оқушылар кез келген тақырыпқа әңгіме құрастырып, өз ойларын оңай жеткізеді, ауызша тіл дамытып, сөздік қорын молайтып, ауызекі сөйлеуге дағдыланады. Тірек-сызба арқылы сұрақ-жауап әдісі бойынша оқушыларға тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, жауап аламын. Балалар тірек сөздер берілген сызбаны пайдалана отырып әңгіме құрастырады.


19. Қатемен жұмыстың себептері мен түрлерін айқындаңыз.

Қазақ тілі сабағында алған білімдерін жазбаша сауатты көрсете білуде жазба жұмысының алатын орны ерекше. Ол сабақ құрылымының 3 түрлі мақсатына сәйкес грамматикалық сауаттылығын тексеріп қана қоймай, есте сақтауын, көркем жазуын, ұқыптылығы мен өз - өзіне деген сенімін нығайтады. Қазақ тілі сабағында алынатын диктанттың 7 - сыныпқа арналған әдістемелік нұсқауда 12 түрі көрсетілген. Соның ішінде бақылау диктантында қатемен жұмыс жүргізудің маңызы зор.

Диктанттың негізгі мақсаты - оқушылардың теориялық білімін сынау, бағалау, оларды сауатты жазуға үйрету болса, қатемен жұмыс жүргізудің мақсаты - жіберілген қатемен сауатты жұмыс жасау болып табылады. Диктантты дұрыс, сауатты жазу үшін грамматиканы үйреніп, талдай білу жеткіліксіз, сонымен қатар көркем әдебиетті көп оқу керек.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жалпы орта білім департаментінің нұсқауы бойынша диктант нормаларын пән мұғалімі білуі тиіс.

Диктант келесі сабаққа тексеріліп әкелінуі керек. Жазба жұмысының соңында орфографиялық, пунктуациялық қате саны көрсетіліп, келесі жолдың оң жағына диктант бағасы қойылады. Мысалы, 1/0 немесе, 5/1 т. с. с. Шартты белгілерді оқушы білуі тиіс:

/ – емле қатесі;

V – тыныс белгі қатесі;

? – түсініксіз;

Z – азат жол.

Қазақ тілі пәнінен алынған жазба жұмыстардағы жіберілген қате бойынша саралау кестесі әрбір жазба жұмысынан кейін сараптамалық талдау негізінде жасалып, оқушымен деңгейлік тапсырмалар негізінде тікелей жұмыс жасауға ықпал етеді. Сондай - ақ жазба жұмыстарын бір - бірімен салыстыруға да мүмкіндік береді.

Қатемен жұмыс жүргізу жолдары:

1. Тексерілген жұмыспен оқушы танысып, қызыл сиямен көрсетілген сөзді жол басына ең әуелі қате түрін, содан кейін сызықша қою арқылы жол аяғына дейін қатесіз жазу керек;

2. Қате жазылған немесе оқушыға таныс емес сөздерге қазақ тілінің түсіндірме сөздігін пайдалана отырып, мағлұмат беру;

3. Жіберілген қате туралы өтілген тақырып бойынша ережені еске түсіру, мысалдар келтірту;

20. Дайындықтары әртүрлі оқушылармен жүргізілетін сауат ашуға байланысты негізгі педагогикалық талаптарды атаңыз.

1сыныпқа оқуға дайындықтары әр түрлі балалар келеді.Олардың ішінде кейбіреулері кітапты жүгіртіп оқи алады, ал екіншілері ежелеп оқиды,үшіншілері буындап оқиды, төртіншілері тіпті оқи да алмайды, әріп те танымайды.