Файл: 20 балл Сауат ашу дістемесіні алыптасуы мен даму тарихын баяндаыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 86

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


4. » әліппе » кезінде суретті, алфавит, кеспе әріптер, буындар, түрлі кестелер т б . пайдаланылады .

15.Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарына мысалмен талдау жасаңыз.

Сауат ашу кезеңінде жаңа сөз мағыналарын меңгерту, балалардың тілін дамыту барысында ұқсату, салыстыру, топтау тәрізді ойлау дағдыларының көмегі көп болатыны белгілі. Мысалы, «қымыз» сөзі оның дәмін татып көрмеген бала санасында «сүт» сөзімен ұқсастырылуы табиғи жағдай. Немесе «алыс», «жақын», «биік», «аласа» сөздерінің мәні салыстырыла ұғынылғанда ғана балалар есінде ұзақ сақталады. Тіпті, қызыл, қызылтым, қызғыш сөздерінің мағыналық реңктерін де балалар салыстыру барысында ұғынады. Сондай-ақ, оқушылардың сөздік қорындағы шашыраңқы ұғымдар оларды белгілі бір белгілеріне орай топтастырылған кезде жүйелене түседі. Бұл әдісті А.Байтұрсынұлынан бастап қазіргі әліппе түзушілерімізге дейін қолданып келе жатқаны белгілі. Бұл тұста әңгіме осы үлгіде тапсырмалардың ойлау дағдысына айналуы, мұғалімнің осы үдерісті басқара білуі жайында болып отыр.

Немесе оқушыларды алғашқы шағын сөйлемдер құрастыра білуге үйрету кезінде қазақ тілінің синтаксистік ерекшеліктеріне сүйеніп, заттың атын білдіретін сөздер мен сынын білдіретін сөздердің тіркесуі қандай жағдайда сөйлем болатынын, қандай жағдайда болмайтынын үғындыру қажет. Мысалы: ақ қағаз-Қағаз ақ, қызыл көйлек-Көйлек қызыл. Мұның бәрі – сауат ашу барысындағы тіл дамыту жұмыстарын жүргізуі кезінде оқытудың ғылымилық ұстанымдарының қалай ескерілетіне қатысты мысалдар.

16.Оқушылардың оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырмаларға мысал келтіріңіз.

Оқылым, біріншіден, ой мен мидың бірлескен жұмысына байланысты болады, екіншіден, жазылған графикалық таңбалардың тізбегін дұрыс танып білуге қатысты. Үшіншіден, мұнда осы таңбалардың ішкі мән-мағынасын дұрыс түсінудің рөлі зор. Осындай ерекшеліктер іске асқан жағдайда ғана оқылған материалдан керек ақпараттар жинақталып алынып, оқушының қажетіне жарайды.

Оқушылардың оқылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

-көз жүгірте, шолу жасай отырып оқу;

-мәтіннің тақырыбы мен бастапқы бөлігіне сүйене отырып, оқиғаның дамуын болжау;

-мәтіннің негізгі ойы мен бөліктерін анықтай отырып оқу;

-«ақпаратты табу үшін оқу, қызығып оқу және өз көзқарасын айту үшін оқу, мәтінге ауызша және
жазбаша шолу жасау;

Айтылымды жаттықтыруға арналған сабақ үлгісі: Сабақ мақсаты: Шаблонды сөйлем үлгісін пайдалана отырып, «Менің сүйікті ісім» тақырыбы аясында жаңа сөз тіркестері мен етістіктерді үйрету.

1-тапсырма. Енді жаңа сөздерді шаблонға қойып, жазып шығыңдар. Әр мысалға кемінде 5 сөз

Үлгі: Мен гүл өсіргенді ұнатамын.

Сен нені ұнатасың?

Мен гүл өсір + ған, ген + ды, ді ұнатамын.

етістік + қан, кен + ты, ті

Мен ...................... ұнатамын.

Мен ...................... ұнатамын.

Мен ...................... ұнатамын.

Үлгі: Маған гүл өсірген ұнайды.

Саған не ұнайды?

Маған гүл өсір + ған, ген ұнайды (етістік + қан, кен)

Маған ................... ұнайды.

Маған ................... ұнайды.

Маған ................... ұнайды.

2-тапсырма. Мәтіндерді оқып шық және оларға тақырып қойып көр!

А –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Американың танымал диетологі, невропатолог Джонни Боуден денсаулыққа ең пайдалы 12 тағам түрін анықтады. Боуденнің айтуынша, ол адамды жүз жасқа жеткізетін тағамдардың тізімін жасаған. Сонымен, денсаулықты кеселден қорғайтын өнімдер мыналар: жидектер, асбұршақ, жаңғақ, қаймағы айырылмаған сиыр сүті, майлы балық, мал еті, жұмыртқа, орамжапырақ, алма, сарымсақ пен пияз, анар және көк шай.

Ә ---------------------------------------------------------------------- Қазақ халқы асты жоғары бағалап, қадірлей білген. Сондықтан қазақтар адам қажеттіліктерінің ішінде тағамды жоғары қойған. Мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабамыздың негізгі асы ет пен сүт болған. Сиыр, қой сүттерінен құрт, кілегей, қаймақ, ірімшік, сары май тағы да басқа тағамдар әзірлеген. Басқа тағамдарға қарағанда, сүттің алатын орны ерекше.

Б -------------------------------------------------------------------------------------------- Алма шырыны қан тамыр жүйесіне оң әсерін тигізетін темірге өте бай. Бұл қарапайым сусын тіпті ұзақ жылдар бойы темекі шегетін адамдардың өкпесінің жұмысын жақсартып, тыныс алуына жақсы әсер етеді. Құрамы С витамині мен органикалық қышқылға өте бай. Соның нәтижесінде ол аз калориялық қасиет көрсетіп, артық салмақ тастаймын деген адамдардың айырылмас досына айналған.

17. “Сауат ашу” пәнін оқытуда қолданатын педагогикалық технологияларға талдау жасаңыз.


Жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) «білім алуды үйрету» ұстанымын негізге алады, ол ұстаным бойынша өз бетімен білім алуға ұмтылатын, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол және зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлға қалыптастыру көзделеді.

Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдер түрлі технологиялар мен әдіс-тәсілдер қолданады деп күтіледі, олар:

1)зерттеушілік тәсілдеме (оқушылар «не білемін, нені білгім келеді, нені білдім» тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді);

2)әрекеттік тәсілдеме (оқушылар оқу әрекетінде меңгерген жаңа білімінің болашақта қажеттілігін түсінеді);

3)дамыта оқыту (оқушылар өзінің іс-әрекетін жоспарлау және басқару жолын үйренеді);

4)уәждеу, қызықтыра оқыту (оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін «оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау жасау);

5)оқушылардың оқу әрекетін жеке, топтық және ұжымдық формада ұйымдастыру (оқушылар бірін-бірі өзара оқытуға, бірін-бірі бағалауға, пікір алмасуға, т.б. үйренеді);

6)саралай оқыту (оқушыларды деңгейіне, мүмкіндігіне қарай оқыту, қалыптастырушы баға арқылы қолдау).

18.Тыңдалым, айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырмаларға мысал келтіріңіз.

1. Тыңдалым алдындағы тапсырма: тақырыпты таныстыру; тыңдалымдағы маңызды сөздерді үйрету; тақырыпқа қатысты сұрақтар құра отырып, сол тақырыптағы оқушы білімін қозғау.

2. Тыңдалым тапсырмасы: әртүрлі тыңдалым дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар тобы; олар жалпы мазмұнын түсінуден бастап, детальді түсінуге бағытталады.

3. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма: тыңдалымдағы тақырып туралы сұрақтардан тұрады және ол сұрақтарға өз көзқарастарын білдіре отырып, тәжірибелерімен байланыстыра отырып жауап берулері тиіс. Сонымен қатар сұрақтар жауап беру барысында тыңдалымдағы сөздерді пайдалана алатындай құрылуы қажет.

Тыңдалым алдындағы тапсырма: Лондон олимпиадасы туралы не білесің? Оған кімдер қатысты және жеңімпаз атанды? Сен кімдерге жанкүйер болдың?

Жаңа сөздер: жеңімпаз, жанкүйер, спортшы, ауыр атлетика, велоспортшы, әлемдік рекорд, жетістік, жеңіс.

Тыңдалым сұрақтары Жалпы мазмұнын түсінуге арналған сұрақтар: Аудиоматериалды алғаш рет тыңдайды.

1. Тыңдалым мәтіні не туралы?

2. Онда қай спортшыларға ерекше тоқталып өтті?

3. Лондон олимпиадасының Қазақстан үшін қандай маңызы болды?


Нақты мәлімет алуға арналған сұрақтар: Аудиоматериалды екінші рет тыңдайды.

1. Лондон олимпиадасы жеңістері қазақстандықтардың қандай сезімдерін оятты?

2. Жетінші алтынды қанжығаға байлаған спортшы кім?

3. Ауыр атлетикадан әлемдік рекордты жаңартқан спортшы қыздар кім?

4. Илья Ильинге жеңіс әкелген зілтемірдің салмағы қанша?

5. Қазақстанға алғашқы алтынды алып берген кім?

6. Арнайы қолдау көрсетуге барған шоу-бизнес өкілдері кімдер?

7. Лондондағы олимпиада қай уақыт аралығында өтті?

8. Лондон олимпиадасындағы Қазақстанның жетістігі қандай?

Айтылым дағдысына тапсырмалар:

Тапсырмалар тілдің белгілі бір формасына негізделеді де, оны шаблонды оқыту деп айтуға болады:

1-Тапсырма: Төмендегі сөздерге ұнатамын және ұнайды сөздерін қойып, айтып көр.

1. Мен тәңертең жаттығу жасағанды.

2. Маған гүл өсірген.

3. Мен спортпен шұғылданғанды.

4. Маған балық аулаған.

Тапсырма өмірге қажетті жағдаяттарға негізделеді:

Төмендегі сөздерді және болжалды келер шақ жұрнағын пайдаланып, ең жақсы демалыс сәтін сипаттап көр:

Мысалы: көрер едім, . барар едім, саяхаттар едім.

Тапсырмалар еркін сөйлеу тақырыптарына негізделеді.

19.Синтаксистік талдау жасаңыз: Ертең балалар М.Горький атындағы орыс драма театрына барады.

Ертең-пысықтауыш-.-.-.-.-.-.-

Балалар-бастауыш

М.Горкий атындағы -анықтауыш

Орыс драма театрына-пысықтауыш-.-.-.-.-.-.-.-.-

Барады-баяндауыш------------

20. Дыбыстық талдау-жинақтау әдісін мысалмен түсіндіріңіз.

Талдау тәсілі бойынша сөйлеуден сөйлемді, сөйлемнен сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алуға, жеке дыбыстарды әріптермен таңбалауға мүмкіндік жасалып, оқуға негіз қаланады.

Жинақтау тәсілі бойынша дыбыстардан буын, буындардан сөз, сөздерден сөйлем, сөйлемдерден сөйлеу құрастырылып, оқу дағдысы қалыптасырылады; оқушылар сөзді алдымен буындап, соңынан тұтас оқуға үйренеді, сол сияқты әуелі – жеке жазу элементтерінен әріптерді шығарып, одан тұтас сөздерді жаза білуге дағдыланады, соның нәтижесінде сөйлемді, мәтінді оқуға, көшіріп не тыңдап жазуға, сондай-ақ өз ойын байланыстырып сөйлеуге, жазуға біртіндеп төселеді.

Талдау-жинақтау әдісі қалай жүргізіледі?

Сауат ашу кезінде талдау мен жинақтау бір-бірімен тығыз бірлікте, байланыста жүргізіледі: балалар талдау арқылы сөздің қандай буындардан, дыбыстардан тұратынын ажыратса, іле-шала жүргізілетін жинақтау арқылы дыбыстардан буын құрап, буындардан сөз құрап үйренеді. Сөйтіп, дыбыстарды жеке-жеке оқымай, бір-бірімен қосып буын етіп, сөз етіп оқитын болады. Мысалы, дауысты дыбыстарды бір буынды сөздерден созып айту арқылы оңай бөліп алуға болады.Айталық, ал деген сөздің бірінші дыбысын а-а-а-а-л деп созу арқылы а дыбысы анық естіледі.Дауысты дыбыстың жеке өзі буын құрап тұрған сөздерді тегіп алып, оны буын жігіне бөлдіріп, жеке дыбысты танытуға болады: а-ла,о-ра,а-ра.


50 балл

1.Баланың есту, ойлау қабілеті мен тілін дамыту саласында өзіндік үлес қосқан ағартушылардың пікірі мен еңбектеріне салыстырмалы талдау жасаңыз.

Баланың жас ерекшелігін ескере отырып қазақ тілінен түрлі логикалық тапсырмалар беру арқылы, білімнің беріктігін қамтамасыз ету, баланың шығармашылық қабілетін дамыту, интелектуалдық деңгейін көтеру.

«Логикалық тапсырмалар» баланың жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды. Теориялық білімдерін кеңейтіп, оны практикада қолданылуына ықпал етеді. Логиканың дамуы өздігінен ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Логикалық тапсырмалар баланың интеллектуалдық деңгейін көтереді.

Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да тәрбиеші балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, оқу іс – әрекетінде бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.

Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп, ал ой қорытындыларының обьектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп аталады.

Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі.

Психолог – ғалымдар: Н.Н. Поспелов, Ю.А.Петров, А.Н.Леонтьев, «логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. Олардың пікірінше «логикалық ойлау» дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.

Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жөнінде А.В.Запорожец, Л.Н.Венгер, И.С. Якиманская еңбектері жарық көрді.

Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаевтың сөзімен алсақ:

«Ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек».

Баланың логикалық ойлауы арқылы тілін дамыту үшін , тәрбиешіге оның ториясын терең білу міндеті жүктеледі.