Файл: азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі атау технологиялы ызмет крсету колледжі курсты Жмыс.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 22

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңы аудиторды жүзеге асырудың құқықтық негіздерін анықтайды әрі меншік иеленушілер мен мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғауға ықпалын тигізетін тәуелсіз қаржылық бақылау жүйесін құруға бағытталған. Егер Қазақстан Республикасы аудиторлық қызметті реттейтін еліміздің қазіргі заңы мен басқа да заң актілерінен бөлек халықаралық келесімшарттармен және келісімдермен жүзеге асыруға бет бұрса, онда халықаралық келісімшарттар мен келісімдердің ережелері қолданылады.

Ұйымның ішкі аудиторлық қызметі басқарушылық қызмет элементі ретінде бухгалтерлік есеп беретін ақпараттық жүйені қажет етеді. Ұйымның ішкі аудиторлық қызметінің қорытындысы әртүрлі болады: кей жағдайда нәтиже жылдам алынса, келесі бір жағадайда белгілі бір уақыт өткенге дейін, ал кейде қателер өте кеш немесе тіпті анықталмай да қалады. Бұл ұйым жұмысын бағалау көрсеткіштерін төмендете отырып, қаржылық нәтижеге тура немесе жанама ықпал етеді. Осыған байланысты ұйымның ішкі аудиторлық қызметін инновациялық дамыту үшін ақпаратпен қамсыздан-дыру сапасын жақсарту мақсатында ұйымның бірыңғай ақпараттық жүйесін құрған абзал.

Ұйымнның ішкі аудиторлық қызметінің негізгі мақсаты басқарудың барлық деңгейлердегі барлық қызмет түрлерінің тиімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ұйымның және оның иелерінің заңды мүліктік мүддесін қорғау болып табылады.

Ішкі аудит ұйымның экономикалық саясатының сақталуына сараптама-лық баға береді. Демек, бақылау сипатындағы міндеттерден басқа ішкі аудит экономикалық диагностика, қаржылық стратегия өңдеу, маркетингтік зерттеулер жүргізу, басқармалық кеңес беру т.б. міндеттерді шешеді. Сондай-ақ, ішкі аудит бөлімнің қызметкерлері басқа да ұйымдастыру-басқарушылық, құқықтық, техника-экономикалық, технология-лық және т.б. шаруашылық жүргізуші ұйымның ішкі құжаттарымен анықталатын міндеттері атқарылады. Аталған мәселелерді шешу үшін аудиторлар тексеруді жүргізу міндеттердің көлемі мен күрделілігіне сәйкес жоғары білікті, тәжірибесі мол мамандар болуы керек. «Ұйым ішіндегі тексеруді бухгалтерлер немесе бас бухгалтер емес, арнайы кәсіби аудиторлық бөлім, басқарма жүзеге асыруы тиіс», - деп жазады Ю.А.Данилевский.

Ұйымның ішкі аудиторлық қызметінің маңызды аспектісі кәсіпорынның бүкіл қажетті қорлармен қамтамасыз етілуін тексеру болып табылады. Нарықтық жағдайда жабдықтау жұмыстары жабдықтаушылармен тікелей келісімшарт жасау арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан, келісімшарттарының сақталу деңгейін, келісімшарттар бұзылған жағдайда қабылданған шараларды, жабдықтаушылардан шағын талап жасау, санкциялар қолдану, тауарлы-материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау және пайдалану тәртібін тексеру қажет.


Бұл бағыттағы келесі қадам «тапсырыстар портфелін» қалыптастыру, яғни тапсырыс көлемі, оның бағасы, мерзімі, шарттары, өнім өндіру жағдайларының бақылауға алынуы болып табылады. Осы параметрлер бойынша өндірілген өнімнің өткізілуі кепілдігін қамтамасыз ету үшін талдау жұмыстары жүргізіліп, нақты өндіріс көлемімен салыстырылады. Сондай-ақ, аудитор аталған мәселені жабдықтау келісімшарттары бойынша зерттеуді жалғастыруы керек. Барлық ауытқуларды жұмыс құжаттарында көрсетіп, содан соң оларды жинақтап, себептерін талдау қажет.

Ұйымның ішкі аудиторлық қызметін инновациялық дамыту жолында ең маңызды міндетті басқармалық қызметінің тиімділігін бақылау болып табылады.

Ұйымның ішкі аудиторлық қызметі объектілерін тексеру екі деңгейде жүзеге асырылады: бастапқы және кезекті. Бастапқы аудит деңгейінде жалпы танысу, байқау, шолу және бағалау жұмыстары жүргізіледі. Танысу жұмыстары қорытынды есептерді, кәсіпорын газетінің материалдарын, жиналыс хаттамаларын, жоспарларды, штат құрамының тізімдік санын, табыстылықты, қызмет түрлерін және т.б. зерттеу арқылы жүзеге асырылады.

Бастапқы аудиттің сапалы жүргізілуі басқару объектілерінің қызметіндегі заң талаптарын бұзу, ауытқулар жөнінде ақпарат жинауға мүмкіндік береді. Осы мәліметтерді топтастыру және талдау нәтижесінде ұйымның ішкі аудиторлық қызметінің инновациялық дамуы оы фактілердің алдын алу, жою бойынша тиісті шешімдер қабылдайды.

ҚОРЫТЫНДЫ
Аудиттің бас тұжырымдамасына сәйкес аудиттің теориясы мен тәжірибесін жинақтап қорытуды ұйымның басшысының немесе оның иесінің қызығушылығына қарай ішкі құжаттарға жүргізілген бақылау жүйесі ретінде қарастыруға болады.

Біздің пікірімізше, егер ішкі аудит тұрақты түрде жүзеге асырылып отырса, шаруашылық операцияларына күнделікті бақылау жасауға және басқа да іс-әрекеттерді орындауға мүмкіндік өте көп, ал сырттан мамандарды шақыру экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Ал, ішкі аудит қызметі үшін кейбір нақты міндеттерді шешу кезінде сырттан аудиторларды тартуға да болады.

Жалпы ұйымда алдымен ішкі аудит қызметінің мақсаты мен міндеттерін дұрыс анықтап алу қажет және оны, яғни ұйымдағы ішкі аудитті ұйымдастырудың басты мақсаттарын төмендегідей етіп көрсетуге болады:

  • Ұйымды неғұрлым тиімді басқару және бақылау жүйесін қамтамасыз ету;

  • Ұйымның қызметтік бөлімдері бойынша ағымдық мәселелерді жедел анықтау;

  • Ұйыммен оның меншік иелерінің заңдық мүдделерін қорғау;

  • Ұйым қызметкерлеріне өз қызметтерін тиімді орындауына көмектесу;

  • Ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі мен сенімділігін бағалау.


Ішкі аудитор өз қызметін орындау барысында Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» заңына және оған енгізілген толықтырулар мен өзгертулердің баптары мен тармақтарына, сондай-ақ аудиторлық қызметтің стандарттарына сүйенеді. Ол өзінің алдына қойған мақсатына жету үшін осы заңда көрсетілген міндеттерді орындап қана қоймай, сонымен бірге ұйымда төмендегідей міндеттерді қояды:

  • Ұйымдағы ережелер жүйесінің қолданыстағы нормативтік актілермен және құрылтай құжаттарымен сәйкестігін тексеру, орындалатын жұмыстарының әрбір түріне алынған лицензиясының бар-жоғын, мерзімінің ұзартылғанын қадағалау;

  • Орындайын жұмыстарына мемлекеттік тапсырысты жеңіп алу үшін тендерге ұсынылатын құжаттардың мазмұнын, толықтылығын, шынайы-лығын тексеру;

  • Орындалатын жұмыстарының көлемін табу, іздестіру жұмыстарын ұйымдастырылу барысын бақылау;

  • Орындалатын жұмыс кестесіне сай орындалу мерзімі мен орындалған жұмыстардың сапасын, жұмыстың технологиясының сақталуын бақылау;

Жоғарыда келтірілген ұйымдағы ішкі аудиттің міндеттері аудиттің барлық міндеттерін қамтиды деген ойдан аулақпыз. Бұл аталғандар тек қана ұйымның өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып негізделген міндеттердің қатарына жататындығын естен шығармау керек.

Ұйымда ішкі аудитті ұйымдастырған кезде жұмысты жоспарлауды сол саланың, сондай-ақ ұйымның сапалық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізген дұрыс. Сондай-ақ ішкі аудитті ұйымдастыруға ұйымның өндіріс ауқымы, құрылымдық ерекшеліктері де ықпал ететінін естен шығармаған дұрыс.

Біздің ойымызша, шағын ұйымда ішкі аудиттің арнайы бөлімін құру негізсіз, оны тек бөлімшелері бір-бірінен қашық орналасқан, нарықтағы орны тұрақтанған ірі немесе орташа ұйымдар қатарына жатқызылатын ұйымдарда ұйымдастырған орынды.

Жалпы қорыта келгенде, ұйымда ұйымдастырылып жүргізілетін ішкі аудит қызметі осы ұйымның басшыларына басқарушылық шешімдер қабылдау барысында және өз қызметін тиімді орындауға көмектесіп, ұйым мен жеке бөлімшелердің алдына қойған мақсаттар мен міндеттерді шешу барысында ұйымның меншігіндегі активтерінің оңтайлы пайдаланылатын-дығына сенімін нығайтады, сондай-ақ тиімді ұсыныстарды жасап, оның орындалуын бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ұйымның ішіндегі белгілі кезеңдегі атқарылатын жұмыстар бойынша мәліметтерді қалыптастырып, оған экономикалық талдау жасап, егер жіберілген кемшіліктермен қателіктер болса оны жоюды
, сондай-ақ алдағы уақыттарда ондай қателіктердің алдын алуға көмектеседі. Осыған сәйкес біз ұйымдарда ішкі аудитті ұйымдастыру және жүргізуді тиімді және де қажет деп есептейміз.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005.

  2. Абленов Д.О. Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит: теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2007.

  3. Абленов Д.О., Смағұлова Д.Д., Абленова А.Д. Аудит: Оқулық. – Алматы: «Экономика», 2013.

  4. Әбдіқалықов Т.Ә. Аудит және бухгалтерлік есеп: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2000.

  5. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. Аудит: Оқулық. – Алматы: 2006.

  6. Жақыпбеков С. Ішкі аудит: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2008.

  7. Кеулімжаев Қ.К. Қаржылық есеп. – Алматы, 2001.

  8. Сәтмырзаев А.А., Укашев Б.Е. Аудиттің теориясы (Оқу құралы) Жалпы редакциясын басқарған экономика ғылымдарының докторы, профессор Сейтқасымов Ғ.А. – Алматы: «Ұлағат» университеті, 1998.

  9. Тереңдетілген аудит: оқу құралы/ Зейнуллина А.Ж., Толымгожинова М.К., Паримбекова Л.З., Слямова З.А. – Семей, 2015.

  10. ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы. №3 (109). Алматы, 2015.

  11. Хабаршы. Экономика сериясы. №2 (84). Алматы, 2011.