Файл: 1 блім. Экономикалы былыс ретіндегі ксіпкерлік.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 50

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




2 бөлім. Заманауи жағдайдағы кәсіпкерлік

Мектеп:


Күні:



Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 №16 сабақ

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

2.6. Баға белгілеу-экономикалық категория ретінде баға қызметі мен мәні

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.6.1. Экономикалық категория ретінде баға қызметі мен мәнін түсінеді

10.2.6.2. Бағаны қалыртастырудың құрылымын сипатттайды

10.2.6.3. Баға саясатының мәнін түсінеді

10.2.6.4. Баға стратегияларын ажыратады

Сабақтың мақсаты

Қолайлы жағдай туғызу. Оқушылардың өздігінен:

  • Экономикалық категория ретінде баға қызметі мен мәнін түсінеді

  • Бағаны қалыртастырудың құрылымын сипатттайды

  • Баға саясатының мәнін түсінеді

  • Баға стратегияларын ажыратады

Бағалау критерийі (Күтілетін деңгейлік нәтижелер)

1-меңгеру деңгейі.Барлық оқушылар

Экономикалық категория ретінде баға қызметі мен мәнін түсінеді (өнімсіз деңгей) ;

2-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен көбісі; -

Бағаны қалыртастырудың құрылымын сипатттайды (конструктивті деңгей)

3-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен кейбірі: -

Баға стратегияларын ажырата алады. Тақырып бойынша алған білімнің толықтылығы қамтамасыз етіледі (өнім деңгейі).

Тілдік мақсаттар

Лексика және терминология:

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» идеясына жүгініп, оқушыларымыздың оқуға деген құштарлығын оятып, тәрбиемен ұштастырып білім беру керек. Себебі, білім беру мен тәрбие бірге жүріп отырады. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, адамгершілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Досыңа тілек», «Пікірлесу», «Шеңбер бойымен сұрақ қою», «Блоб ағашы»

Қолданылатын ресурстар

Оқулық, оқушының жеке дәптері, мұғалім кітабы, электронды қосымша, интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, маркерлер, «Блоб ағашының» суреті салынған флипчарт, смайликтің суреті салынған стикерлер

Алдыңғы білім

Өткен тақырып бойынша сұрақтар беріп, осы тақырыппен логикалық көпір құрау, мысалы: «Есіңе түсір!» айдарындағы сұрақтар бойынша:

  1. Компаниядағы қаржылық есепке алудың маңыздылығы қандай?

  2. Баға жүйесі қалай жіктелінеді?

Сабақтың басы


1.Оқушылармен амандасу. Мұғалім сыныпта жағымды ахуал орнату үшін «Досыңа тілек» тренингін ұйымдастырады. Оқушылар бір-біріне бұрылып, алдында тұрған оқушыға сәттілік тілейді.

2.Оқулық және дидактикалық материалдар мен танысу: олардың мазмұны, мақсаты, ерекшеліктері

3.Сыныпты топқа бөлу. Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің басшысын және топтың атауын таңдайды. Мысалы, 1-топ: «Бизнес»; 2-топ: «Экономика»; 3-топ: «Кәсіпорын».

4.Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту, проблемалық жағдай туғызу.

Мұғалімнің сөзі: Балалар, сіздер «Баға белгілеу-экономикалық категория ретінде баға қызметі мен мәні» тақырыбын оқисыздар. Бағанің қызметімен мәнін түсінетін боласыздар. Қазіргі нарық жағдайына қажет практикалық дағдыларды қалыптастыра алсыздар.

Олардың назарын сабаққа аудару үшін өткен сабақтан қайталау сұрақтары қойылады

1.Компаниядағы қаржылық есепке алудың маңыздылығы қандай?

2.Баға жүйесі қалай жіктелінеді?

Жұптасқан оқушылар сұрақтарды талқылайды, пікір алмасады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды, оларды толықтырады. Жеке оқушылардың жауаптарына ауызша түрде пікірін айтады немесе түзетеді.

Сабақтың ортасы

1.«Сұрақтарға жауап берейік» дағдысы. Мұғалім тақтадағы сұрақтарды көрсетеді және оларға оқулықтан жауап табуды сұрайды (жеке жұмыс)

1. Баға белгілеу деген не?

2. Баға дегеніміз не?

3. Бағаны есепке алу қызметі нені көрсетеді?

4. Бағаны есепке алу қызметіне қандай сандық көрсеткіштер жатады?

5. Бағаның құрамы дегеніміз не?

6. Бағаның құрылымы дегеніміз не?

7. Баға саясаты дегеніміз не?

8. Компания қызметіндегі баға саясатының рөлі неде?

9. Мемлекеттің баға саясаты дегеніміз не?

10. Жеке баға саясатын белгілеуде қандай факторды ескеру қажет?

11. Баға саясатының іске асырудың құралы қандай?

12. Батыс экономикалық мектебі баға белгілеудің қандай түрлерін қолдайды?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, мұғаліммен бірге талқылайды, дәптеріне негізге идеяларды жазады.

2.«Ойланып, талқылайық» дағдысы: Мұғалім сұрақ карталарын топ жетекшілеріне таратады және «Сұрақтарды талқылап, жауап беріңіздер» - дейді

1-топ:

1. Неліктен ұлттық валютаның әлсіреуі күнделікті тұтыну тауарларының қымбаттауына әкелуі мүмкін?

2.Неге баға деңгейі салыстырмалы түсінік?

2-топ:

1. Неліктен бағаны анықтаған кезде нарықтың ағымдағы жағдайын басшылыққа алуға болмайды?

2. Неліктен Қазақстан нарығында баға белгілеу кезінде тұтынушылардың менталиентін ескеру қажет

3- топ:

1.Не себепті баға құрылымында көрсетілген өзіндік құнның ең үлкен үлесі бәсекеге қабілеттілікті төмендету белгісі ретінде қарастырылады?

2. Неліктен баға белгілеу кезінде мақсатты аудиторияның психологиясын ескеру керек?

4-топ:

1. Не үшін фирма бәсекелестерінің ұқсас өнімдерінің бағасы мен сапасын зерттеу керек?

2. Неліктен мақсатты аудиторияның қажеттіліктерін ескере отырып баға саясатын қалыптастыру керек?

3.«Талдап салыстырайық» дағдысы

1-топ: Өнім өндірудің өзіндік құны, бәсекелестердің бағасы, маркетинг, өнімді алға жылжыту, қоймада сақтау және логистикаға келетін шығындардың арасындағы байланысты анықтаңыздар.

2. Төмен, орташа және қымбат бағамен өнімді сатып алу кзіндегі тұтынушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін анықтаңыздар

2-топ: 1. Мұнай бағасының құлдырауымен импортталған тауарлар құнының артуы арасындағы байланысты анықтаңыздар

2. Төмен, орташа және қымбат бағамен өнімді сатып алу кзіндегі тұтынушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін анықтаңыздар

3-топ. 1. Коммерциялық ұйымның пайда көлемі, ұйымның бәсекеге қабілеттілігі мен оның өнімдері, сондай-ақ кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы арасындағы байланыс қандай?

4-топ. Тақырыптың негізгі идеясы қандай?




Сергіту сәті «Жеті шырық» жаттығуы

4.«Дәптерге орындайық» дағдысы.

Тақырып мазмұнындағы ұғымдар арасындағы өзара байланыс бойынша тірек-сызба құрастырыңыздар

5.«Қолданып көрейік» дағдысы

Практикалық тапсырмаларды дәптерге орындаңыздар

Тарихи және экономикалық факторлар арқылы тұрғындардың сана –сезімінде қалыптасқан мінез-құлық ерекшеліктерін ескере отырып, кондиттерлік өнімдерді өндіру өндіру бойынша баға стратегиясын әзірлеңіздер

6.«Ой бөлісейік» дағдысы. «Шеңбер бойымен сұрақ қою» стратегиясын пайдаланып пікір алмасыңыздар

1. Өзіңіз білетін кәсіпорындардағы баға белгілеу дағдыларын салыстырыңыздар

2. Өзіңіз білетін фирмадағы бағ абелгілеу дағдысының ең жақсы және нашар тұстарын атап көрсетіңіздер

3. Құрылыс компаниясына қатысты баға стратегиясын қолданудың мүмкіндіктері қандай

4. Туристік компаниялардың баға стратегиясын бағалаңыздар

Шығармашылық тапсырма

Қазақстандық және әлемдік компаниялардың бизнес-кейс түрлерін зерттеп, мына сұрақтың жауабын табыңыздар; қандай кейстерде баға стратегиясы қолданылады?

Сабақтың соңы.


Кері байланыс : «Блоб ағашы»


17 сабақ

III бөлім. Әрекеттегі маркетинг

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

3.1. Маркетингіге кіріспе

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.1.1. Маркетинг және оның қызметін түсіндіреді

10.3.1.2. Өнім мен кәсіпорынның маркетингілік стратегиясын ажыратады

Сабақтың мақсаты

Қолайлы жағдай туғызу. Оқушылардың өздігінен:

- Маркетинг және оның қызметін түсінуіне

- Өнім мен кәсіпорынның маркетингілік стратегиясын ажырата білуіне

Бағалау критерийі (Күтілетін деңгейлік нәтижелер)

1-меңгеру деңгейі.Барлық оқушылар маркетинг және оның қызметін түсінеді (өнімсіз деңгей) ;
2-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен көбісі; өнім мен кәсіпорынның маркетингілік стратегиясын ажыратады (конструктивті деңгей)

3-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен кейбірі: олардың ішінен кейбірі: Тақырып бойынша алған білімнің толықтылығы қамтамасыз етіледі (өнім деңгейі).

Тілдік мақсаттар

Лексика және терминология: әлеуметтік-социальный-social, ынталандыру-стимулирование-stimulating, максималдау- максимализация-maximization, жаңғырту- модернизация- modernization

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» идеясына жүгініп, оқушыларымыздың оқуға деген құштарлығын оятып, тәрбиемен ұштастырып білім беру керек. Себебі білім беру мен тәрбие бірге жүріп отырады. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, адамгершілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Досыңа тілек», «Пікірлесу», «Шеңбер бойымен сұрақ қою», «Блоб ағашы»

Қолданылатын ресурстар

Оқулық, оқушының жеке дәптері, мұғалім кітабы, электронды қосымша, интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, маркерлер, «Блоб ағашының» суреті салынған флипчарт, смайликтің суреті салынған стикерлер

Алдыңғы білім


Өткен тақырып бойынша сұрақтар беріп, осы тақырыппен логикалық көпір құрау, мысалы: «Есіңе түсір!» айдарындағы сұрақтар бойынша: Бәсекелестік статегиясының түрлері қандай?

Сабақтың басы

10 мин.

1.Оқушылармен амандасу. Мұғалім сыныпта жағымды ахуал орнату үшін «Досыңа тілек» тренингін ұйымдастырады.

Оқушылар бір-біріне бұрылып, алдында тұрған оқушыға сәттілік тілейді.

2.Оқулық және дидактикалық материалдар мен танысу:

олардың мазмұны, мақсаты, ерекшеліктері

3.Сыныпты топқа бөлу. Сынып үш топқа бөлінеді.

1-топ: «Бизнес»; 2-топ: «Экономика»; 3-топ: «Кәсіпорын».

4.Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту, проблемалық жағдай туғызу.

Мұғалімнің сөзі: «Маркетингіге кіріспе» тақырыбынан басталады. Ол үшін «Бәсекелестік статегиясының түрлері қандай?» сұрағына жауап іздеп көрейік

Жұптасқан оқушылар сұрақтарды талқылайды, пікір алмасады.

Сабақтың

ортасы-

тақырыпты

өз бетімен

меңгеру

15 минут

1.«Сұрақтарға жауап берейік» дағдысы.

Жеке жұмыс. Өткен материалдар бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Маркетинг дегеніміз не?

  2. Нарық дегеніміз не?

  3. Маркетингтің негізгі қызметтері қандай?

  4. Маркетингтің мақсаттары қандай?

  5. Маркетингтің негізгі қағидалары қандай?

  6. Маркетингілік стратегия дегеніміз не?

  7. Кәсіпорындардың страияларының қандай түрлерін білесіздер?

  8. Өнімнің сұранысқа ие болуын қарай маркетингтің қандай түрлері болады?

  9. Маркетингтің стратигиялық мақсаттары қандай?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, мұғаліммен бірге талқылайды, дәптеріне негізге идеяларды жазады.

2.«Ойланып, талқылайық» дағдысы. Жұптасып жұмыс істеңіздер. Сұрақтарға жауап беріңіздер

1.Неліктен маркетингілік стратегияны дайындау ұйым қызметін жоспарлаудағы басты мәселелердің бірі болып табылады?

2. Неліктен маркетингілік стратегияның мақсаттары кәсіпорынның миссиясымен байланысты болуы керек?

3.«Талдап салыстырайық» дағдысы. Топтық жұмыс

1-топ: Сұраныс пен қажеттіліктің арасындағы айырмашылықтарды анықтаңыздар?

2-топ: Маркетингілік стратегияның мақсаттары мен маркетинг мақсаттарының арасындағы айырмашылықтарды анықтаңыздар

Сергіту сәті


«Жеті шырық» жаттығуы

4.«Дәптерге орындайық» дағдысы.

Өзіңіз тұратын аймақта сұранысқа ие емес өнімді анықтаңыздар. Осы өнімнің маркетингілік стратигиясын құрастырыңыздар

5.Қолданып көрейік дағдысы. Тапсырманы орындаңыздар

1. «Маркетингтің негізгі қызметтері» тірек-сызбасын құрастырыңыздар

2. Берілген әріптермен басталатын, кәсіпорынды ұйымдастыру және қызмет көрсетуге байланысты ұғымдар мен терминдерді пайдаланып, кестені толтырыңыздар


Әріптер

Сәйкес келетін ұғымдар, терминдер

К

4 термин

Ә

4 термин

С

3 термин

І

2 термин

П

3 термин

К

3 термин

Е

2 термин

Р

3 термин


6.«Ой бөлісейік» дағдысы. «Миға шабуыл» әдісі бойынша пікір алмасыңыздар.

1.Тақырыптың негізгі идеясы қандай?

2.Рефлекцивті ринг: Сөйлемшені жалғастырыңыздар

Бүгін мен ..... білдім. Мен ..... үйрендім. Мені..... таңқалдырды. Менде ..... жақсы шықты. Мен ..... жасай алар едім. Маған .... қызық болды.

Шығармашылық тапсырма

Өз сыныптастарыңыз құрастырған, сұранысқа ие емес өнімнің маркетингілік стратигиясына баға беріңіздер. Ең үздік стратегияны анықтаңыздар

Сабақтың соңы.


Кері байланыс. «Блоб ағашы»



№ 18 сабақ

III бөлім. Әрекеттегі маркетинг

Мектеп:

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

3.2. Маркетинг-микс

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.2.1. 4Р, 4С маркетинг- микс құрамын түсінеді

10.3.2.2. 4Р, 4С қолдану форматын ажыратады

Сабақтың мақсаты

Қолайлы жағдай туғызу. Оқушылардың өздігінен:

  • 4Р, 4С маркетинг- микс құрамын түсінуіне

  • 4Р, 4С қолдану форматын ажыратуына

Бағалау критерийі (Күтілетін деңгейлік нәтижелер)

1-меңгеру деңгейі.Барлық оқушылар 4Р, 4С маркетинг- микс құрамын түсінеді (өнімсіз деңгей) ;

2-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен көбісі; 4Р, 4С қолдану форматын ажыратады (конструктивті деңгей)

3-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен кейбірі: олардың ішінен кейбірі: Тақырып бойынша алған білімнің толықтылығы қамтамасыз етіледі (өнім деңгейі).

Тілдік мақсаттар

Лексика және терминология: тұжырымдама- концепция-concept, орналасу- позиционтрование-positioning, визуализация- визуализация-visualization, манипуляция-манипуляция-manipulation, чек-қағаз-чек-лист-check list

Құндылықтарға баулу

Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық, құрмет, жауапкершілікке, отансүйгіштік қасиетке, денсаулық сақтауға, сын тұрғысынан ойлауға, шығармашылыққа баулу

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Сені көргеніме қуаныштымын, себебі ....», «Шешен» , «Көңіл күй», «Пікірлесу», «Миға шабуыл», «Жетістік баспалдағы»

Қолданылатын ресурстар

Оқулық, оқушының жеке дәптері, мұғалім кітабы, электронды қосымша, интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, маркерлер, «Блоб ағашының» суреті салынған флипчарт, смайликтің суреті салынған стикерлер

Алдыңғы білім

Өткен тақырып бойынша сұрақтар беріп, осы тақырыппен логикалық көпір құрау, мысалы: «Есіңе түсір!» айдарындағы сұрақтар бойынша:Маркетинг тарихы немен байланысты? Маркетингтің функциялары қандай?

Сабақтың басы


1.Оқушылармен амандасу. Мұғалім сыныпта жағымды ахуал орнату үшін «Сені көргеніме қуаныштымын, себебі ....» тренингін ұйымдастырады. Қатар отырған оқушылар бір-бірінің жақсы жақтарын айтады.

2.Оқулық және дидактикалық материалдар мен танысу: олардың мазмұны, мақсаты, ерекшеліктері

3.Сыныпты топқа бөлу. Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің басшысын және топтың атауын таңдайды. Мысалы, 1-топ: «Кәсіпкер»; 2-топ: «Бизнесмен»; 3-топ: «Жалдамалы жұмысшы».

4.Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту, проблемалық жағдай туғызу.

Мұғалім сұрақтар қояды: Маркетинг тарихы немен байланысты? Маркетингтің функциялары қандай?

Сабақтың ортасы-тақырыпты өз бетімен меңгеру


1.«Сұрақтарға жауап берейік» дағдысы. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер

1. Маркетинг-микс дегеніміз не?

2. Маркетинг саласының маманы емес адам маркетинг-микс моделін қолдана ала ма?

3. 4С моделінің элементтері қандай?

4. Қызмет көрсету саласындағы маркетинг-микс қандай болады?

5. Convience- тің негізгі ережесі қандай?

6. Компанияның маркетингілік қарым-қатынас саласының құрамына қандай құралдар кіреді?

«Ойланайық, талқылайық» дағдысы. Сабақтағы материалдарды пайдаланып, сұраққа жауап беріңіздер.

Неліктен маркетинг-микс кешенін құрайтын барлық элементті басқаруға болады?

«Талдап, салыстырайық» дағдысы.

*4Р және 4С маркетингілік теориялардың арасындағы айырмашылықты анықтаңыздар

*4Р және 4С маркетингілік теориялардың арасындағы ұқсастықты анықтаңыздар


Сергіту сәті


«Жеті шырық» жаттығуы

4.«Дәптерге орындайық» дағдысы.

Тақырып мазмұнындағы ұғымдардың өзара байланысы бойынша тірек-сызба құрастырыңыздар

5. «Қолданып көрейік» дағдысы.

Топтық жұмысты ұйымдастырыңыздар. 4-5 адамнан топтарға бөліңіздер

Өзіңіз білетін бірнеше фирмаларды таңдап алып, 4Р және 4С қолданудың үлгісін көрсетіңіздер

6. «Ой бөлісейік» дағдысы. «Миға шабуыл» әдісі бойынша пікір алмасыңыздар

1. Маркетингілік теорияларды сәтті қолдануға мысалдар келтіріңіздер

2. Сыныптастарыңыз атап көрсеткен 4Р, 4С үлгісін қолданатын, өздеріңізге таныс фирмаларға баға беріңіздер

Шығармашылық тапсырма.

Қазақстандық компаниялардың маркетинг мысалдарын зерттеңіздер, олардың біреуін таңдап, мына тапсырманы орындаңыздар: 4Р, 4С бойынша маркетинг-микс құрыңыздар

Сабақтың соңы


Кері байланыс. «Жетістік баспалдағы»

Жұмыстарының нәтижесін оқушылар өздері бағалайды.





№ 19 сабақ

III бөлім. Әрекеттегі маркетинг

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Кабинеттік және далалық зерттеулер

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.3.1. Кабинеттік және далалық зерттеулердің айырмашылығын біледі

10.3.3.2. Кабинеттік және далалық зерттеулер әдісін қолданады

Сабақтың мақсаты

Қолайлы жағдай туғызу. Оқушылардың өздігінен:

  • Кабинеттік және далалық зерттеулер айырмашылығын білуіне

  • Кабинеттік және далалық зерттеулер әдістемесін қолдануына

Бағалау критерийі (Күтілетін деңгейлік нәтижелер)

1-меңгеру деңгейі.Барлық оқушылар кабинеттік және далалық зерттеулердің айырмашылығын біледі (өнімсіз деңгей) ;

2-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен көбісі; кабинеттік және далалық зерттеулер әдісін қолданады (конструктивті деңгей)

3-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен кейбірі: олардың ішінен кейбірі: Тақырып бойынша алған білімнің толықтылығы қамтамасыз етіледі (өнім деңгейі).

Тілдік мақсаттар

Лексика және терминология:

Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы мен ұлттық қауіпсіздікті насихаттау

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Ыстық алақан», « Жұптас-бөліс», «Сұрақтарға жылдам жауап беру», «Джигсо»,«Шеңбер бойымен сұрақ қою», «Блоб ағашы»

Қолданылатын ресурстар

Оқулық, оқушының жеке дәптері, мұғалім кітабы, электронды қосымша, интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, маркерлер, «Блоб ағашының» суреті салынған флипчарт, смайликтің суреті салынған стикерлер

Алдыңғы білім

Өткен тақырып бойынша сұрақтар беріп, осы тақырыппен логикалық көпір құрау, мысалы: «Есіңе түсір!» айдарындағы сұрақтар бойынша:

Маркетинг-микс дегеніміз не?


Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.Психологиялық ахуал орнату

Сабақтың ортасы-тақырыпты өз бетімен меңгеру


1.«Сұрақтарға жауап берейік» дағдысы.жұптасып жұмыс істеңіздер. Өткен материял бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер

1. Маркетингілік зерттеу дегеніміз не?

2. Маркетингілік зерттеудің мақсаты қандай?

3. Маркетингілік зерттеулерде қандай процестер бар?

4. Кабинеттік зерттеулер дегеніміз не?

5. Қосымша ақпараттың артықшылықтары қандай?

6. Қосымша ақпараттың кемшіліктеріқандай?

7. Далалық зерттеулер дегеніміз не?

8. Алғашқы ақпараттың артықшылықтары қандай?

9. Алғашқы ақпараттың кемшіліктері қандай?

10. Әлеуетті талдаудың мақсаты қандай?

11. Бәсекелестердің мүмкіншіліктерін талдаудың қандай тиімді әдістері бар?

12. Маркетингтің микроортасының факторлары қандай?

13. Далалық маркетингілік зерттеулерде ақпарат алудың әдістері қандай?

Мұғалім әрбір тапсырма бойынша нұсқаулар береді, топта жасалған жұмыстың барысын тексереді.

Сергіту сәті. «Жеті шырық» жаттығуы ( жақсы баяу музыкамен орындалады) Ыңғайлы отырып, көзіңізді жұмыңыз, терең демалыңыз. Сізден шамалы бір метр қашықтықта жеті жанып тұрған шырық бар екенін елестетіп көріңіз....мүмкіндігінше баяу, терең дем алаңыз.

Енді осы шырақтардың біреуін өшіру қажет деп ойлап көріңіз.Демді толығымен шығарып, оның бағытына қарай барынша үрлеңіз. Шырақ жалыны дірілдеп барып өшеді. Сіз қайтадан баяу тыныс алып, қалған шырақтарды біртіндеп үрлеп өшіресіз.

«Талдап, салыстырайық» дағдысы.

  1. Кабинеттік және далалық зерттеулердің арасындағы айырмашылықтарды анықтаңыздар

  2. Алғашқы және қосымша ақпараттың арасындағы айырмашылықты анықтаңыздар

4.«Дәптерге орындайық» дағдысы. Тамақ өнеркәсібі саласындағы кабинеттік және далалық зерттеулердің салыстырмалы кестесін құрыңыздар

5.Қолданып көрейік дағдысы. Сабақтағы материалды пйдаланып, өз жобаларыңызды құрастырыңыздпр.

Өзіңіз білетін бірнеше кәсіпорындағы далалық және кеңселік зерттеу әдістерін қолдану мүмкіндіктерін көрсетіңіздер
6.«Ой бөлісейік» дағдысы. Пікірлеріңізбен бөлісіңіздер

Сабақтан алған ақпараттар пайдалы және қызықты болды ма?

Оларды болашақ кәсіби қызметіңізге пайдалана аласыз ба?

Шығармашылық тапсырма

Сыныптастарыңыздың жұмыстарын бағалап, оларға белгілі кәсіпорында далалық және кабинеттік зерттеулерді пайдалану мүмкіндіктерін анықтап, жақсысын таңдаңыздар.

Сабақтың соңы



Кері байланыс. Блоб ағашы





20 сабақ

ІІІ бөлім. Әрекеттегі маркетин.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10.

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

SWOT -талдау

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.4.1 SWOT талдаудың тағайындалуын түсіну;

10.3.4.2 Зерттелетін өнімнің күшті және әлсіз жақтарын бағалау кезінде SWOT талдауды тәжірибеде қолданады

Сабақтың мақсаты

Қолайлы жағдай туғызу. Оқушылардың өздігінен:

-SWOT талдауды түсінуде;

-зерттелетін өнімнің күшті және әлсіз жақтарын бағалау SWOT талдауды тәжірибеде қолданауына

Бағалау критерийі (Күтілетін деңгейлік нәтижелер)

1-меңгеру деңгейі. Барлық оқушы SWOT-талдаудың міндетін түсінеді (өнімсіз деңгей);

2-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен көбісі;фирманың SWOT-талдамасының құрамын түсінеді.Оқушылар алған білімін тереңдетеді,жүйелейді(конструктивті деңгей)

3-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен кейбірі:зерттелетін өнімнің күшті және әлсіз жақтарын бағалау кезінде SWOT-талдауды тәжірибеде қолдана алады.Тақырып бойынша алған білімнің толықтылығы қамтамасыз етіледі (өнім деңгейі).Тақырыпты толық меңгерген оқушы шығармашылық тапсырманы орындайды.

Тілдік мақсаттар

Лексика және терминология:түйіткілді факторлар-критические факторы- critical factory;

негізгі элементтер-базисные элементы-basic elements;фокустау-фокусирование-focusing;

саралау-ранжирование-ranging.

Құндылықтарға баулу

Сын тұрғысынан ойлау,топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау, басқалардың пікірін тыңдауға, өз пікірін ашық айтуға дағдыланады

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Құндылықтар спектрі», «Жеті сұрақ», «Шеңбер бойымен сұрақ қою», «Блоб ағашы»

Қолданылатын ресурстар

Оқулық, оқушының жеке дәптері, «Блоб ағашы»

Алдыңғы білім

Өткен тақырып бойынша сұрақтар беріп, осы тақырыппен логикалық көпір құрау, мысалы: «Есіңе түсір!» айдарындағы сұрақтар бойынша:

1. Кабинеттік және далалық зерттеулер деген не?

2.Алғашқы және қосымша ақпарат деген не?

Сабақтың басы


1.Оқушылармен амандасу. Мұғалім сыныпта жағымды ахуал орнату үшін «Сені көргеніме қуаныштымын, себебі ..... » тренингін ұйымдастырады. Қатар отырған оқушылар бір-бірінің жақсы жақтарын айтады

2.Сыныпты топқа бөлу. Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің басшысын және топтың атауын таңдайды.

3.Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту, проблемалық жағдай тудыру.

Мұғалімнің сөзі: Сәлеметсіздерме, балалар! Бүгінгі сабақ «SWOT -талдау» тақырыбын зерттеуге арналады. Алдымен, есімізге түсірейік: 1. Кабинеттік және далалық зерттеулер деген не? 2.Алғашқы және қосымша ақпарат деген не?

Жұптасқан оқушылар сұрақтарды талқылайды, пікір алмасады. Мұғалім оқушы-лардың жауаптарын тыңдайды, оларды толықтырады. Жеке оқушыларға ауызша ескертулер жасайды немесе түсіндіреді.

Сабақтың ортасы-тақырыпты өз бетімен меңгеру


Сергіту сәті


1.«Сұрақтарға жауап берейік» дағдысы.

Өткен материал бойынша сұрақтарға жауап берейік.

  1. SWOT-талдау дегеніміз не?

  2. SWOT абревиатурасы қалай талданады?

  3. Бизнестің күшті жақтарын табу үшін қандай сұрақтарға жауап беру керек?

  4. БСҰ дегеніміз не?

  5. Бірегей сауда ұсынысын әзірлеу қандай кезеңдерден тұрады?

  6. SWOT-талдау қандай сұрақтарға жауап беруге көмектеседі?

2)Оқушылар бірінен соң бірі сұрақтарға жауап береді,оқытушымен бірге негізгі идеяларын талқылайды,оны дәптеріне жазады.

2.«Ойланайық, талқылайық» дағдысы

Топтық жұмысты ұйымдастырыңыздар.Берілген сұрақтарды талдаңыздар.

  1. Сыртқы жағдайды талдау кезінде неге ең маңызды факторларды анықтау керек?

  2. Неліктен талдауға тек іске қатысты артықшылықтар мен кемшіліктерді қосу керек?

  3. Неліктен SWOT-талдау жасауды бір адамға тапсыруға болмайды?


3.«Талдап, салыстырайық» дағдысы.

  1. SWOT элементтері:күшті және әлсіз жақтары,мүмкіндіктері,қауіп-қатерлері арасындағы айырмашылықтарды анықтаңыздар.

  1. Жеке адам немесе бір топ құрастырған SWOT -талдаудың айырмашылықтарын анықтаңыздар.

«Жеті шырақ» жаттығуы

4. «Дәптерге орындайық» дағдысы.Сабақта өткен материалдарды пайдаланып, орындаңыздар.Фирманың SWOT-талдаудың құрамын сипаттаңыздар.

5.«Қолданып көрейік»дағдысы.

Болашық кәсіпкер ретінде өзіңіздің артықшылықтарыңыз бен кемшіліктеріңізді, сыртқы қауіп-қатерлер мен мүмкіндіктеріңізді ескере отырып, SWOT-талдау жүргізіңіздер.

Менің артықшылықтарым

Менің кемшіліктерім

1.Бәсекелестерім жоқ

2.Ыстық нан-тоқаш өнімдері

1.

2.

Сыртқы қауіп-қатерлер

Мүмкіндіктер

1.Форс-мажорлық қауіп-қатерлер

2.Бәсекелестер санының артуы

1.

2.

Виртуалды фирманың SWOT-талдамасын дайындаңыздар.

6.«Ой бөлісейік» дағдысы. Пікір алмасу. «Шеңбер бойымен сұрақ қою» әдісі

Топтың ішінде талқылап,сыныптастарыңыздың алдында баяндаңыздар.

1.Алған біліміңізді қандай жағдайда қолдана аласыздар?

2. SWOT-талдама нәтижелері бойынша сыныптастарыңыз дайындаған үздік маркетингілік стратегияны атап өтіңіздер.

Шығармашылық тапсырма.

Қазақстандық компаниялардың маркетинг мысалдарын зерттеңіздер,олардың біреуін таңдап, SWOT-талдау құрастырыңыздар.




Сабақтың соңы


Кері байланыс. Блоб ағашы