Файл: 1 дріс. леуметтану жне леуметтануды болашаы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 129

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


- мемлекеттер арасында дипломатиялық қатынастар орнату (немесе оның деңгейін төмендету, тоқтату, қатынастар ушыққанда соғыс жариялау);

- халықаралық ұйымдар аясында мемлекеттің өкілдігін ашу немесе оларға мүшеллікке ену;

- шетелдік қоғамдық қозғалыстармен, бірлестіктермен және ұйымдармен достық қатынаста әріптесу;

- мемлекет өкілдіктерімен, болашақта дипломатиялық қатынас орнату мақсатымен халықаралық қоғамдық құрылымдар өкілдіктерімен әртүрлі деңгейде тұрақты қатынас жасау және қолдау.

Шет елдік әріптестермен тұрақты байланыс арқылы мемлекет сыртқы саясатын жүргізуде әртүрлі әдістер мен құралдарға қол жеткізеді:

1) тұрақты ақпарат алмасуды, әртүрлі дейгейдегі сапарларды іске асырады;

2) түрлі мәселелер төңірегінде ашық және құпия сипаттағы екіжақты және көпжақты келісімдер мен шарттарды бекітуге дайындық;

3) мемлекеттердің сыртқы саяси іс-қимылдарының мүмкіндіктерінің дамуына немесе шектелуіне ықпал етеді;

4) соғысқа дайындалуға және сыртқы саяси жағдайдағы соғыс қимылдарын жүргізу үшін тиімді жағдайды қамтамасыз ету. Соңғы онжылдықтарда халықаралық өмірдің өрекниетті қатысушылары ракеталы-ядролық соғысты болдырмауға, халықаралық шиеленістерді келісім арқылы реттеуге, техногенді апаттардың алдын алуға, аштықпен күреске, қоршаған ортаны қорғауда бірлескен шаралар ұйымдастыруға басты назар аударуда.

Сыртқы саясат қоғам атынан сөйлеу, оның мүддесін білдіру, оны жүзеге асырудың нақты әдіс-тәсілдерін таңдау құқығы берілген ресми субъектілердің әрекеттестігі және іс-қимылы. Мемлекет халықаралық аренада екі негізгі форма дипломатия мен стратегияны қабылдайтын сыртқы саясат арқылы өзін танытады. Олардың міндеті – ұлттық мүддені көздеу, ең алдымен, бостандықты, қауіпсіздікті және адамның, қоғам мен мемлекеттің дамуы үшін тиімді жағдайларды қамтамасыз ету.

Сыртқы саясат – мемлекеттің ұлттық мүддені жүзеге асыру мақсатында олардың қатынастарын реттейтін халықаралық аренадағы іс-әрекеті.

Мемлекеттің сыртқы саясатының мақсаты:

1. Ішкі саяси бағдар үшін сыртқы саяси шарттарды қамтамасыз ету.

2. Халқаралық қатынастар жүйесінде қалыптасқан сыртқы саяси міндеттерді жүзеге асыру.

Халықаралық қатынастарға төмендегі факторлар әсер етеді:

1. Әлемдік қаржылық-саяси жағдай

2. Әскери-стратегиялық жағдай

3. Жеке мемлекеттердің ықпалы

4. Шикі және табиғи ресурстардың жағдайы.

Үшінші мың жылдықтағы адамзат алдындағы негізгі проблемаларға оның өмір сүруіне, барлық халықтың өміріне қатысты мәселелер жатады. Мұндай проблемалар глобальды немес жаһандық деп аталады. Қазіргі халықаралық қатынастардың дамуының бірінші тенденциясы олардың глобализациялануы, яғни олар экномиканы интернационализацияға, ортақ әлемдік байланыс жүйесін дамытуға, ұлттық мемлекет қызметінің өзгеруіне және әлсіреуіне негізделеді.


Халықаралық қатынастардың дамуының екінші тенденциясы глобальды проблемалардың өсуіне және олардың шешілуіне негізделеді.

Оларды талдау бірнеше негізгі топтарға бөліп қарастыру қажет:

  1. халықаралық әлеуметтік-саяси проблемалар: ядролық соғысты болдырмау, қарулану деңгейін төмендету, аймақтық, мемлекетаралық шиеленістерді реттеу, халықтар арасында келісімді бекіту;

  2. халықаралық әлеуметтік-экономикалық және экологиялық проблемалар: баяу дамушы және осыған байланысты кедейшілік пен мәдени артта қалуды болдырмау, энергетикалық, шикізаттық және азық-түліктік дағдарысты шешу жолдаурын іздестіру, демографиялық жағдайларды оптимизациялау, ғарыштық кеңістік пен Әлемдік мұхитты бейбіт мақсатта игеру, өнімнің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  3. адам проблемасы: негізгі құқықтар мен бостандықты сақтау, адамға қажетті өмірлік шарттарды қамтамасыз ету, қоғамдық қатынастарды демократияландыру, мәдениетті дамыту және сақтау.

Өзінің сипаты жағынан ғаламдық проблемалар әртүрлі болады, алайда олардың бәрі адамзаттың географиялық бірлігі мен оның өмір сүруінің принципіне бағынады.

Халықаралық қатынастарды қайта құру төмендегіге негізделеді:

  • күш қолданудан бас тарту және мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • халық арқылы жасалған әлеуметтік және саяси таңдаудың толық мойындау еркіндігі;

  • өркениетті сақтаудың міндеттерін шешіде елдер мен әлемнің аймақтарымен ықтымақтасуды тереңдету;

  • мемлекетаралық қатынастарды идеологияландырудан бас тарту және диалог пен компромисске, яғни бітімшілікке дайын болу.



13-дәріс. Мәдениет морфологиясы

1.Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау.

2.Мәдениетті аксиологиялық, өркениеттік, құрылымдық, антропологиялық, экономикалық түсіндіру.

3.Теориялық концепциялары: Ф. Боас, Л. Уайт, З. Фрейд,К. Леви-Стросс, К. Маркс, Э. Тайлор, О. Шпенглер, А. Тойнби,Л. Гумилев, П. Сорокин, С. Хантингтон және т.б.
Сабақтың мақсаты: Мәдениет ұғымы және оның мәнін ашу, мәдениет ұғымының қалыптасуы тарихымен және мәдениеттің құрылымы, мәдениет морфологиясын түсіну, анықтау.

Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат». Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамғаұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулауеңбек құралдарын жасау, от жағутамақ пісірукиіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге ұнау, ортамен қатынаста болу, т.б. Бұл талап-тілектер қоғамдық прогреске, өрлеуге тікелей байланыста. әр қоғамдық кезеңде жаңа талап, тілектер пайда болады, өндіріс құралдары дамиды. Мәселен, бір кездерде жазба әдебиеті болмады соның нәтижесінде фольклор қалыптасты, кейінірек те білімнің
қалыптасып, жазудың шығуы жаңа талап қойды. Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы пайда болды. Информатика дамыды,оларды микрофонмагнитофонкомпьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттігі туды. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне, талабына сәкес қалыптасты. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды. Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты.

Мәдениетті әлеуметтік қызметтің бір түрі ретінде қарастырғанда мынадай екі ерекшелік байқалады:

Мәдениетті нормалардың, әдістердің, рәсімдердің жиынтық процесі ретінде қарастыратын субъектілік, қызметтік ерекшелік;

Мәдениетті мәдени процестің, шығармашылық қызметтің белгілі бір қортындысы, нәтижесі ретінде қарастыратын объектілік, құндылықтық көзқарас:Бұл жағдайда мәдениет материалдық және рухани құндылықтардың тарихи қалыптасқан жүйесі ретінде көрінеді.

Мәдениет әлемі екі қосалқы жүйеге бөлінеді: материалдық және рухани құндылықтар; – мәдениеттің материалдық тұрпатына әдетте техниканың, еңбектің, тұрғын үйдің жағдайы, киімнің сипаты, сондай – ақ мемлекеттік жүйе, сот өндірісі, армия білім жүйесі сияқты организмдер жатады; – мәдениеттің рухани көрінісіне ғылым жетістіктері, өнегелік, өнер, дін, құқықтық және саяси сана, тиісті идеялар, нормалар, теориялар жатады. Рухани мәдениет - адамның, өзіне және басқа адамдарға, дүниеге қатысын реттейтін дәстүрлер мен құндылықтардың жиынтығы.

Мәдениет морфологиясы мәдениет туралы негізгі ғылымдардың бірі. Оның зерттеу пәні болып мәдениеттің типтік түрлерін зерттеу болып табылады.

Мәдениеттің құрылымы оның тиімділік, жүйелелік деңгейі тұрғысынан берілуі мүмкін. Осы көзқарас тұрғысынан ол екі қосалқы жүйеге бөлінеді: – ғылыми, тиімділігі жоғары, теориялық сана; – әдеттегі, жүйесіз, қас-қағым сәттік сана, онда көңіл-күй сәттерінің, нанымның ролі орасан зор.

Мәдениет жеке-дара емес. Ол әрқашанда басқа мәдениеттер мен байланыса отырып тіршілік етеді. Әрі соның нәтижесінде жетістіктерге де жетеді. Осы орайда Э.Гуссерльдің “Философия және еуропалық адамзаттың дағдарысындағы” мынандай жолдары еске түседі. “Мәдениеттің мазмұны адамзат өмір сүруінің бірлескен тәжірибесімен анықталады”. Расында, мәдениет дегеніміз адаммен қатарласа өмір сүру мүмкішілігінің табиғи тәсілі. Әрбір мәдениет басқа мәдениет тәжірибесін өзіне пара-пар, лайықты деп қана қарастырмай, өзіндік болмысты кеңейту, ұлғайту мүмкіншілігі деп теқарастырғаны жөн. Мәдениеттер сұхбаты мәдениеттерді байытады, өйткені “Басқа-менің шегім емес, менің басқа мүмкішілігім” мұндай қоғамда қағида болмасын, мәдени-әлеуметтік өзімшілдікке жол бермейді. Олай болатын болса, бүгінгі таңда өркениет аралық, халықаралық, ұлтаралық және т.б. шиеленістерді тежеудің бірден-бір пәрменді құралы мәдениеттер сұхбаты болып отыр. Мәдениет шынайы адамдық құбылыс, адам бар да мәдениет бар. Адам о, баста өз-өзімен ғана шектеле алмайды, қашанда өзінің нақты болмасынан құбылысының мәнін ашуға көмектеседі. Ал мәдениеттің мәні оның болмыстық сұхбаттылығында, әмбебаптылығында. “Мәдениет жеке адам ретінде тұлғаландырылғанда, ал мәдениеттер қарым-қатынасы жеке тұлғалар қарым-қатынасы ретінде қарасытырылғанда ғана мәдениет шынайы мәдениет болып есептеледі.


Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің-«civilis»сөзі) азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл ұғымды «варварлықтар» деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни, «өркениет» -олардың түсініктері бойынша, азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді.

Мәдениеттанушы Г.Чайлдтың пікірінше, өркениетке еңбектің жолмен бөленуі,қалалардың пайда болуы,жазбаша мәдениеттің дамуы,қолөнер мен сауданың өркендеуі,азаматтық қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады.
Өркениет (лат. сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Олардың түсініктері бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін білдірген. Өркениет мәдениет ұғымымен тығыз байланысты.
Ғасырлар бойы қалыптасқан Өркениет пен мәдениет ұғымының мағыналарын төмендегідей топтастыруға болады:

  1. Мәдениет пен Өркениет бір, олар синонимдер (И.Гердер, Э.Тайлор);

  2. Өркениет – мәдениеттің ақыры, оның “кәрілік” шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш.Фурье, О.Шпенглер);

  3. Өркениет – мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Вольтер, Д.Белл);

  4. Өркениет – тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л.Морган);

  5. Өркениет – этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А.Тойнби, Н.Я. Данилевский, т.б.);

  6. Өркениет – мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.

Ағартушылық дәуірінде Өркениет әлеуметтік-мәдени дамуды сипаттау үшін қолданылды. 19 ғ-да Шпенглер мен Тойнби еңбектерінде бұл термин өзіндік ерекшелігі бар, жергілікті қауымдастық мағынасында, яғни “тарихи өркениеттер” (Қытай, Вавилон, Түркі, Мұсылман, Орта ғасыр, т.б.) ретінде қолданылды. Дегенмен Өркениетті саралаудың бірегей өлшемдері мен ұстанымдары әлі күнге дейін жасалған жоқ. Соңғы кездері Өркениетке бір аймақта тұратын халықтардың тарихи тағдырластығы, олардың арасындағы ұзақ әрі тығыз мәдени байланыс нәтижесінде әлеум. ұйымдасу мен реттелудің этносаралық жергілікті қауымдастығы деген анықтама берілді. Өркениет категориясы мәдени типтерді зерттеуде немесе мәдени-тарихи типологияны жасауда кеңінен қолданылады. Сондай-ақ Өркениет типтерін шығыс және батыс деп бөліп,