ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 28.03.2024
Просмотров: 131
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
факторлар. Саяси көшбасшылықтың дамуындағы жаңа үрдістер.
Мақсаты: саяси элита және саяси лидерліктің мәнін ашу, демократиялық қоғамның саяси өміріндегі олардың ролі мен маңызын анықтау.
-
Лидерлік, яғни жетекшілік әлеуметтік және саяси құбылыс ретін әмбебап. Саяси лидер дегеніміз - әлеуметтік маңызды мақсаттарға қол жеткізу үшін қоғамды немесе оның көп бөлігін мобильдеуге қабілетті ең ықпалды тұлға болып табылады. Лидер ағылшын тілінен аударғанда (leader) «жетекші», «жол көрсетуші» деген мағынаны береді. Лидерлік теориясы 20 ғ. басында пайда болды. Оның авторларының бірі – ағылшын зерттеушісі Гальтон адам қасиеттері теориясын жасады.(лидердің психологиялық қасиеттері). Лидерге өзге адамдарға ықпал ете алу, олардың бірлескен ортақ іс-әрекеттерін ұйымдастыра білу қасиеттері тән. Сонымен қатар, халықтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойында саяси қайраткерге лайықты қасиеттері бар адамдар жатады.
Саяси лидер – қоғамды, саяси ұйымдарды және қозғалыстарды басқаратын, елдегі саяси процестердің бағытын және оқиғаның жүру барысын өзгертуге қабілетті тұлға. Саяси лидерлер қоғамның тарихи даму жолдарын анықтайтын бағдарламалар жасайды.
Саяси лидер – ең алдымен тұлға, яғни бұқара халықтан оны ажырататын қасиеттері бар:
1. Айқын, нақты басқару қасиеттерінің болуы: адамдарды ұйымдастыра білу, оларды басқару, бағындыру, бұйрық бере білу (әмірін жүргізу).
2. Өзгелерден ерекшелене білу, өзін-өзі ұстай білу.
3. Оқиғаларды реттеп қана қоймай, қажет кезінде оны жасай алу.
4. Қажетті білімі, тәрбиесі, көргендігі, тапқырлығы болу.
5. Уақыт талабына және өзінің әлеуметтік базасының талаптарына сай болу.
Аталған қасиеттер көрсеткендей, лидердің ролі қоғамда анықталады, көп жағдайда тұлғаның қандай лидер екендігі қоғамға байланысты болып келеді. Лидердің масштабы және деңгейлеррі болады, мысалы, топтың, селоның, қаланың, аймақтың, партияның, саяси қозғалыстың, кәсіподақтық, мемлекеттің лидері. Лидердің кез-келген деңгейінде олардың рольдері көбінесе бірдей болады. Лидер:
1. Маңына өз жақтастарын жинау.
2. Оның көзқарасын бөлісетіндердің іс-әрекеттерінің мақсатын анықтау.
3. Қоғам алдында міндет қою.
4. Бағдарламаларды жүзеге асыру жолдарын, әдістерін белгілеу.
5. орын алған оқиғаға байланысты өзінің бағытын өзгертуге дайын болу.
6. Шешім қабылдауда жауапкершілікте болу.
7. Бейтараптармен қалыпты қатынасты сақтау.
8. Өзінің және жақтастарының пайдасы үшін дер кезінде қарсыластарын тежей білу.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы лидерге ерекше талап қояды, өзінің қабілеттерін жүзеге асыруға міндеттейді.
Лидерді бедел қалыптастырады, ресми түрде лидер ешкім арқылы тағайындалмайды, бекімейді. Лидерлікке үміткерлердің ішінен саяси іс-қимылының аса беделдігімен, нәтижелілігімен көзге түскен адам ғана сайланады. Лидер ретінде халықтың өзінің соңынан еруін қалаған емес, ешбір мүжбүрлеусіз халықты көндіре білген адам ғана танылады.
Адам лидер болып тумайды, ол қалыптасады. Лидерлік өнеріне ие болуға саясаттың кез-келген субъектісі қабілетті емес. Өзінің жеке тұжырымды көзқарастарымен, қоғамның мүддесін білдіре алатын, оның жеке мүддеден жоғары қоятын, қабылданған асяси шешімдерді шынайы жағдайға ұштастыра алатын тұлға ғана лидер бола алады.
Лидердің қызметтері – оның іс-әрекетінің басты бағыты. Оның саны қоғамның саяси мәдениетіне, саяси тәртіпке, азаматтық қоғамның пісіп-жетілуіне, тұрғындардың басым бөлігінің өмір сүру деңгейлеріне және т.б. байланысты болып келеді. Лидердің қызметтерінің ішіндегі негізгілері:
1. Конструктивті қызмет – Бағдарлама жасай немесе таңдау. Бағдарлама түсінікті, нақты, және айқынмақсатты болуы тиіс.
2. Ұйымдастырушылық қызметі – жасақ құру, саяси процестерді жоспарлау іс-шаралары, басқару жүйесін құру.
3. Үйлестіруші қызметі - өзінің жақтастарының келісімінше күшейту.
Лидердің жіктелуі:
1. М. Вебер: 1)дәстүрлі; 2) заңды; 3) харизматикалық
2. Э. Джениннгс: 1) супермен; 2)батырлар; 3) принцтер
3. билікті бақылау деңгейіне қарай: билеуші және оппозициялық;
4. қызмет ауқымына қарай: жалпыұлттық және аймақтық;
5. мінез-құлық стиліне қарай: авторитарлы және демократиялық;
6. басқару сипатына қарай: формальды және формальды емес;
7. әлеуметтік өзгерістер мен реформаларға қатынасына қарай: консерваторлар, реформаторлар, догматиктер, фундаменталистер
8. саяси қозғалыстың мақсатындағы рольдік деңгейлеріне қарай: идеологтар, идеалистер, прагматиктер;
9. қарсыласымен қатынасына қарай: ымырашыл, фанатиктер
Элита – таңдаулы, сұрыпталған деген мағынаны береді. Элита дегеніміз – билік құрылымында белгілі-бір позицияны иеленген топ. Элита теориясы ХХ ғ. басында пайда болды. Оның негізін салған италия ғалымы Вильфредо Парето. Ол қоғамды басқарушылар және бағынушылар деп бөліп, саяси элита өкілдерін екі түрге жіктейді:
1) түлкілер (айлакерлік, билікті насихат арқылы ұстап тұруға тырысу) билікте демократиялық тәртіпте болады.
2) арыстандар (күшті, батыл және күш қолдануға адамдар)
Бақылау сұрақтары:
-
Саяси элита дегеніміз не? -
Элитаның қазіргі заманғы тұжырымдары -
Элитаның негізгі типтерін атаңыз -
Саяси элитаның қызметтері қандай? -
Саяси лидерлік дегеніміз не? -
Саяси лидерліктің негізгі теорияларын атаңыз -
Саяси лидердің қызметтері қандай?
10-дәріс. Қоғамның саяси жүйесі
1.Саяси жүйе түсінігі. Саяси жүйенің құрылымы менэлементтері.Институционалдық,идеологиялық коммуникативтік, нормативтік және мәдени жүйешіктерарқылы саяси жүйенің құрылымына талдау (Т. Парсонс, Д. Истон, Г. Алмонд және т.б.). саяси жүйелердіңтипологиясы
2.Саяси жүйенің тиімділігі. Саяси тұрақтылық пен
саяси тәртіп, саяси тұрақтылықтың түрлері. Саяситәуекелдіктің факторлары.
3.Қазақстан Республикасының саяси жүйесі.
Мақсаты: қоғамның саяси жүйесінің мәнін ашу, саяси жүйені қалыптастырушы элементтерді анықтау.
Қоғамның саяси жүйесі – саяси институттардың, саяси рольдер мен қатынастардың, процестердің, саяси, әлеуметтік, құқықтық, идеологиялық кодекстерге, мәдени нормаларға, тарихи дәстүрлерге және нақты қоғамның саяси тәртібінің ережелеріне бағынатын қоғамның саяси ұйымдарының принциптерінің жиынтығы.
Саяси жүйеге саяси билік ұйымы, қоғам мен мемлекет арасындағы қатынастар кіреді және олар саяси процестер ағымын, саяси іс-әрекеттерді сипаттайды. Саяси жүйе қоғамның барлық элементтерінің кірігуін (интеграциялануын), яғни саяси биліктің орталықтан басқарылуын қамтамасыз етеді. Оның негізгі элементі мемлекет болып табылады. Мемлекет саяси институттарды заңдар жүйесімен, саяси коммуникацияларды таптармен, әлеуметтік топтармен, ұлттық-этникалық құрылымдар арқылы өзара байланыстырады, адамдардың саяси іс-әрекетінің, саяси процестердің дамуының негізгі бағыттарын бақылайды.
Саяси жүйе ұғымы XX ғасырдың ортасында ғана терең негізделіп, кең тарала бастады. Саяси жүйені Дэвид Истон, Толкотт Парсонс, Габриель Алмонд, Карл Дойч сияқты ғалымдар зерттеген.
Парсонстың зерттеуінше әлеуметтік-экономикалық және мәдени факторлардың әсер етуі арқылы өзіндік жеке ерекшеліктері бар саяси жүйе моделін қалыптастырды. Истон саяси жүйені шешімдерді қабылдау және орындауға ықпал ететін әртүрлі және өзара байланысты іс-әрекеттер жиынтығы ретінде қарастырды. Ол саяси жүйені организмге теңеу теориясын жасады, яғни сыртқы ортамен байланыс арқылы әрдайым дамып және өзін-өзі реттеп отырады. Зерттеуші жүйенің қызмет ету процесін «кіріс» және «шығыс» принципі арқылы түсіндіреді.
«кіріс» «шығыс»
КЕРІ БАЙЛАНЫС
Талап-тілектер
Саяси жүйе
Саяси шешімдер мен іс-әрекеттер
«Кіріс» арқылы халық билікке әртүрлі мәселелер бойынша өзінің талап-тілектерін қоя алады. Талаптарды элитарлы құрылымның қарауы нәтижесінде шешім қабылданып, «шығыс» арқылы мемлекеттік саясат актілері, заңдар, қаулылар түрінде халыққа қайта беріледі. Кері байланыс механизмі саяси жүйеге өзіндік бақылау жасап, дамып отырады.
Әдебиеттерде саяси жүйе құрылымының төмендегіше компоненттері беріледі:
1) институционалды – қоғамның саяси ұйымдарының жиынтығы арқылы қалыптасады. Оған мемлекет, саяси партиялар, әлеуметтік-экономикалық және басқа да қоғамдық ұйымдар, БАҚ, шіркеу жатады;
2) нормативті-регулятивті – конституция, партиялардың жарғылары мен бағдарламалары сияқты қолданыстағы саяси және құқықтық нормалар, саяси өмірді реттейтін саяси әдет-ғұрыптар мен процедуралар;
3) функционалды, саяси іс-әрекеттердің түрлерінен және бағыттарынан, әртүрлі саяси процестерде, билікті жүзеге асыру әдіс-тәсілдерінен көрінеді;
4) ақпаратты-коммуникативті – саяси жүйенің ішіндегі өзара қарым-қатынас формаларын қамтиды, мысалы, партия мен мемлекет арасындағы, саяси және экономикалық жүйелер арасындағы, бір ел мен екінші елдің саяси жүйелері арасындағы.
Саяси жүйенің негізгі қызметтері:
-
қоғамның мақсаттары мен міндеттерін анықтайды; -
қоғамның іс-әрекеттерін әлеуметтік-саяси мақсаттар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін ұйымдастырады; -
материалды және рухани құндылықтарды тиімді бөледі және игереді; -
әртүрлі әлеуметтік топтар мен мемлекет мүдделерін білдіреді; -
қоғамдағы адамдар мен топтардың мінез-құлық ережелерін белгілейді; -
саяси құрылымның ішкі және сыртқы қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді; -
саяси сананы қалыптастырады, қоғам мүшелерін саяси қатысуға үндейді; -
заңдар мен ережелердің орындалуын бақылайды.
Қоғамның саяси жүйесі барлық елде бірдей емес. Ол әрбір қоғамның өзіндік ерекшеліктеріне қарай құрылады, өзгеріске түсіп дамиды. Сондықтан, қоғамның алуан түрлі саяси жүйесін талдап, жіктеу арқылы, олардың ұқсастықтарына қарай