Файл: Микробиология бойынша емтиханды суреттер тізімі грам о кокктарАружан 5гр.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 14

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
, брахиспироз ауруларын қоздырады.

Лептоспира - ирек саны өте жиі, 22-ге дейін жететін спирохета түрі. Ол екіншілік бұрама түзіп, S немесе С әрпіне ұқсас болып келеді.

Трепонема - ирек саны 8-12 және жыныстық қатынас арқылы берілетін спирохета түрі. Трепенема сос ауруын туғызады.

Боррелия - қайталама сүзек ауруын туғазатын спирохета түрі.

Спирохеталар бояу әдісімен Романовский-Гимза немесе күмістендіріп бояйды. Спирохеталар бояғыштарды нашар қабылдайды.

Тірі күйінде спирохеталарды фазалы-контрастты микроскоппен зерттейді.

18.Кандида саңырауқұлақтары-Данэль



Олар ашытқы саңырауқұлаұқтар қатарына жатады. Сонымен қатар топырақта, суда, өсімдіктерде тіршілік етеді. Дені сау адамдардың терісінде, қынабында, ішек жолдарында да тұрақты мекендейді. Кандида тұқымдастардың шамамен 150 түрі бар. Олар жыныссыз жолмен көбейеді. Аэробтылар болып табылады Олардың ең маңызды қызметі мальтоза мен глюкозаны ашыту қабілетіне ие. Олардың таза дақылын микроскоп арқылы қарасақ бластоконодиялар және жалған гифалар көрінеді. Микроморфологиясы кезінде Дальман әдісін қолданып, Петри табақшасындағы жүгерілік агарда өсіруді пайдаланады.

Дақылдық қасиеті: Сабуро ортасында жақсы өседі. Өсуі 4-7 күнді құрайды. Колонияларының мөлшері орташа, мөлдір емес, ақ кейде қою- қоңыр болады, ашыған сүттің иісі шығып, ылғалды болады. Кандида туыстас саңырауқұлақтар шартты- патогенділерге жатқызылады.

Ең жиі кездесетіндер - C. albicans деп аталатын Candida түріндегі саңырауқұлақтар. саңырауқұлақтар балаға туған кезде кіреді және ауыз қуысында, өңеш мен ішектегі ыңғайсыздыққа ұшырайды. Екінші қауіпті түр C.Tropicalis деп аталады. Бұл саңырауқұлақтар қанға еніп, оның көмегімен перифериялық мүшелерді толтырады.

19. Антагонизм, комменсализм, нейтрализм, саттелизм –Амандос

Биологиялық факторлардың әсері. Микроорганизмдер бір-бірімен өзара әртүрлі қатынастарда

болады. Әртүрлі екі организмдердің бірге тіршілік етуі-симбиоз (грек тілінде symbiosis - бірге тіршілік ету) деп аталады. Пайдалы өзара қатынастардың бірнеше варианты бар: метабиоз, мутуализм, комменсализм,сателлизм

Метабиоз-біреуі екіншісінің тіршілік өнімін пайдаланатын микроорганизмдердің өзара қатынасы.

Метабиозға нитрифицирлеуші бактериялар өздеріне қажетті аммиакты-аммонифицирлеуші топырақтық

бактерияның тіршілік өнімін алатын симбиоз жатады.


Мутуализм - әртүрлі организмдердің өзара пайдалы арақатынасы. Мутуалистік симбиозға мүктер-

саңырауқұлақ пен көк-жасыл балдырлар симбиозы мысал бола алады. Балдыр жасушасынан органикалық заттарды алып, саңырауқұлақ балдырларға минералды тұздарды жеткізіп, оларды кеуіп кетуден қорғайды.

Комменсализм (лат. -kommensalis бірге тамақтанушы) әртүрлі даралардың бірге тіршілік етуі, мұндай симбиозда бір түр басқасына зиянын тигізбей өзіне пайда түсіреді. Адамның қалыпты микрофлорасының өкілдері - бактериялар комменсал болып табылады.

Сателлизм - бір микробтың әсерінен екінші микробтың өсуінің күшеюі. Мысалы, ашытқы мен

сарцина колониялары қоректік ортаға метаболиттер бөліп, басқа микробтардың өсуін ынталандырады.
Антагонистік өзара қатынас немесе антагонистік симбиоз, бір микроб басқасына қолайсыз әсер

етіп, оның зақымдаулына, тіпті жойылуына әкеледі. Адамныңтоқ ішегінің қалыпты микрофлорасының өкілдері- бифидобактериялар, лактобактериялар, ішек таяқшаларының және т.б. бөгде және шіріткіш микрофлораға қарсы антагонистік белсенділігі жоғары. Антагонизмнің

кең таралған түрі-микроорганизмдердің арнайы зат алмасу өнімдері-антибиотиктер түзуі, ол басқа микроорганизмнің дамуын тежейді. Антагонизмнің басқа көріністері де бар, мысалы, жылдам көбею, бактериоциндер, соның ішінде колициндер өндіру, органикалық қышқылдар өндіру және ортаның рH-ін өзгертетін өнімдерді түзу т.б. Антагонизм негізінде қорек көзіне бәсекелестік түрінде дамуы мүмкін:антагонист микроорганизм үдемелі дамып, қоректік заттарды азайту арқылы басқа микробтардың өсуін тежейді.