Файл: центральноазиатский инновационный университет международный гуманитарнотехнический.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 28

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Мультимедиа технологиялары мектептегі білім беруде өз нәтижелілігін дәлелдей алды. Интерактивтілікпен ақпаратты жеткізетін түрлі құралдары бар мультимедиа оқу сапасының жаңа деңгейін қамсыздандырады. Қазіргі заманғы компьютерлердің техникалық құралдарының дамуымен қатар, мультимедианың визуальды ортасы қарқынды өзгереді. Үш өлшемді графиканы кеңінен қолдану гипермәтіндік беттері бар кітаптар метафорасын іске асыратын дәстүрлі электрондық оқулықтан, интерактивті білім алатын ортаға бейімдейді. Білімнің үш өлшемді әлемі монитор экраны арқылы оқушымен қабылданады, нақты объектілердің бейнелері виртуалды үлгілерімен қатар жұмыс істейді. Оқушыларды оқыту үрдісінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолданудың негізгі шарттары: компьютерді заман талабына сай құралдар ретінде қолдану; оқушылардың ұстазбен компьютер арасындағы интерактивті әрекеттестігі; ақпараттық технологияларды қолдану арқасында, оқушылардың дербестік рөлінің жоғарылауы. Заманға сай ақпараттық технологиялардың оқу үрдісін ықшамдауы бағдарламалық - шығармашылық жобалардың қолдануына негізделген. Шығармашылық жобаны даярлауда оқушылардың жаңа, нәтижелі, бәсекеге қабілетті, адамның қажеттіліктерін өтей алатын және сатып алушылардың сұранысын қамтамасыз ететін дербес жұмысын алдын ала ескереді. Жобаның орындалуы танымдық және тәрбиелік функциялардың дамуына, шығармашылық қабілеттіліктерінің, ынталарының, кисынды ойлаудың, іскерлік пен дағдыларын, политехникалық білімдерін тереңдетуге және бекітуіне жағдай жасайды. Ақпараттық мәдениеттің құрылымы оқушылардың танымдық қызметтерін дамуға бағытталған. Оған мыналар жағдай жасайды: оқушылардың ой белсенділіктерін ынталандыру, оқылатын материалды зерттеу мақсаттарының анықтамасы және компьютердің интерактивті операциялық ортасына оқушыларды бағыттау, оқытушы технологияларды тереңдетуі негізінде өз бетімен оқу қабілеттіліктерін дамыту және кеңейту.
Қазіргі заманғы оқушыны қалыптастырудың келесі негізгі әдістемелік ерекшеліктерін ұсынуға болады:

1) Сабақта мультимедиалық презентацияларды қолдану компьютерлік сыныптарда мультимедиалық проекторларды, резидентті анықтамаларды, автоматтандырылған оқыту жүйелерін, әртүрлі бағдарламалардың жұмысы туралы бейнежазбаларын пайдалану арқылы өткізіледі;

2) Практикалық жұмыстарда әрбір үйренушіге бөлек компьютер берілуі тиіс, онда олар жеке папка жасап
, оқушының фамилиясы, аты – жөні, сыныбын жазып шифрлайды;

3) Жекеленген оқытушы бағдарламаларды кеңінен қолдану, көп дәрежелі тапсырмалар банкін тиісті пайдалану (практикалық және лабораториялық жұмыстарда);

4) Жұмыстардың маңызды бөлімін мақсатқа лайықты іскер ойындар түрінде өткізу; бітірушілер кәсіпшілік қызметте кездесетіндей көп нұсқалы нақты өмірде орындалмаған тапсырмалар берілуі тиіс;

5) Кең көлемде жүйелілік ұстанымдарды сақтайтын жобалар әдісі қолданылуы тиіс, бұл - бір глобальды тапсырманың жүйелі түрде барлық практикалық (лабораториялық) және графикалық жұмыстарда тиісті орындалып, толықтырылып және кеңейтіліп, тұйықталған жүйеге айналуын білдіреді;


6) Бағдарламаның негізгі бөлімдерінің параллельді зерттеу мүмкіншілігі алдын ала ескерілуі керек; бұл білім алушыларға әрбір бөлімге қатысты терең білім алуларына мүмкіндік береді;

7) Өзара байланысқан келесі ұстанымдарға сүйену қажет: тану мотивациясы, жан-жақты қабылдағыштық, жүйелі – ақпараттық талдау;

8) Оқытудың проблемалық әдісін кеңірек қолдану қажет, оқу барысында пайдаланылатын нақты бағдарламалардың (құжаттардың, кестелердің, деректер базасының) өңделуін алдын ала ескеру;
Білім беруде дәстүрлі оқытумен салыстырғанда мультимедиа технологияларды қолданудың келесідегідей жетістіктері бар:

  • түрлі түсті графиктер, анимациялар, дыбыстық көркемдеу, гипертекстті қолдануға мүмкіндік береді;

  • тұрақты жаңару мүмкіншілігі;

  • жариялау мен көбейтуге аз шығындалу;

  • интерактивтік веб - элементтерді орналастыру мүмкіншілігі, мысалы тестілер немесе жұмыс дәптерлері;

  • көшіріп алу және цитат алуға арналған бөлімдердің тасымалдау мүмкіншілігі;

  • электрондық кітапханалардан немесе білім беру сайттарынан қосымша әдебиет алу үшін гипербайланыс орнатады; Мультимедиа технологияларын пайдаланып, дәрісханалық жұмыстарды ұйымдастыру уақытты үнемдеуге мүмкіншілік береді. «Информатика» пәнінің оқушылардың қызығушылығына әсері соншалықты, олар өз ойларынан ойын арқылы оқытатын орта жасай алады. Қазіргі заманғы информатика курсына мультимедиалық технологияларды оқыту жүйесіне енгізу бірқатар жақсы жақтарымен қатар біраз қиындықтар да тудырды. Мультимедиалық технологияларды (проекторды) сабақтарда қолдану, оқытылатын бағдарламаның көрнекті түрде демонстрациялап қана қоймай, уақытты да үнемдеуге мүмкіншілік туғызады. Осы кезде мультимедиалық материалдарды дайындау мен сабақты ұйымдастыруға деген қосымша талаптар қойылады.


Оқыту процесіне ақпараттық мультимедиалық технологияларды кірістіру оның нәтижелілігін арттырады. Бірақ бұл жолда қиындықтар мен қателіктер де кезігеді, олардан болашақта да арылу мүмкін емес. Бірақ та ең басты жетістік бар, ол – оқушылардың қызығушылығы, шығармашылық дайындықтары, жаңа білім алуға деген құштарлықтары және жеке жауапкершіліктерін сезінуі. Компьютер әр сабақты бір біріне ұқсамайтындай етіп өткізуге мүмкіндік береді. Әрқашан бір жаңа нәрсені үйрену оқуға деген ықыластарын арттырады. Барлық ақпараттық каналдардың ең қуаттысы визуальді болып табылады, сондықтан оны мультимедиалық құралдар арқылы білім беру саласында қолдану біршама өңделген. Бірақ ол басқа медиа құралдардың маңыздылығын жоймайды. Мысалы, материалды меңгеру нәтижелілігіне әрбір мультимедиалық оқулыққа музыкалық үйлесімділікті орнату да өз үлесін қосады.

Мультимедиа оқулықтарындағы клавиатура мен тышқанның үйлесімді ойластырылған әрекеті білім беру технологиясының тағы да бір артықшылығын айқындайды. Ол мануальді жаттығулардың жадыны біршама дамытуға негізделген. Мультимедиалық технологиялардың оқу процесін байытатыны даусыз, білім алушының сезім компоненттеріне тікелей әсер етіп, нәтижелілігін арттырады. Г. Кирмайерге сәйкес мультимедиалық технологияларды оқыту процесінде интерактивті пайдалану меңгерілген материалдың 75% пайызын құрайды. Мультимедиалық технологиялар көрнекі статикалықтан оқулықтан динамикалыққа айналдырды. Ертеректе мұндай мүмкіншілікке білім беретін теледидар ғана ие болатын, бірақ бұл облыста интерактивті аспекті жоқ. Уақыт ағымына қарай дамитын процестердің үлгісін жасау және осы процесстердің параметрлерін интерактивті ауыстыру - мультимедиалық білім беру жүйесінің маңызды дидактикалық артықшылығы болып табылады.

Мультимедиалық технологияларды қолдану тәжірибесі мынаны көрсетеді:

  • Оқушылардың жұмысқа деген қызығушылықтары мен белсенділіктерін жоғарылатады;

  • Ойлау қабілеттерінің алгоритмдік стилі дамиды, үйлесімді шешімдер қабылдауға іскерліктері қалыптасады, вариативті іс істеуді дамытады;

  • Мұғалім ескішіл жұмыстың көпшілігінен босайды, алынған нәтижелер негізінде шығармашылық қызметін жоғарылату мүмкіншілігі туады.


Бақылау сұрақтары:

1. Мультимедиалық окыту деген не? Қандай түрлері бар?
2. Технология деген сөздін мағынасы?

3. Мультимедиалық технология дегенді қалай түсінесіз?

4. Ақпараттық технологиа дегеніміз не?

5 тақырып
АКТ-ны пайдаланудың негізгі бағыттары: моделдеу, есепке алу және бақылау, оқу үрдісін қолдану.
Жоспар

  1. Ақпараттық модель

  2. Білім берудің ұлттық моделі


Модельдеу-басқа жүйенің көмегімен физикалық және абстрактілі жүйені жүргізудің әртүрлі сипаттамаларын ұсыну В.И.Першиков.

Ақпараттық модель (Информационная модель; information model)

1) басқару жүйесінде – автоматтандырылған өңдеуге жататын ақпарат айналымының процесін параметрлік ұсыну;

2)мәліметтер базасында - тұтастық шектеулер жиынтығы;

мәліметтер құрылымын тудыратын ережелердің, олармен жүргізілетін операциялардың, сондай-ақ рұқсат етілетін байланыстар мен мәліметтердің мәнін, олардың өзгерістерінің тізбегін анықтайды; мәліметтер мен олардың арасындағы қатынастарды математикалық және программалық тәсілдермен ұсыну; ақпараттық құрылымдар мен олармен жүргізілетін операцияларды формалдық баяндау. Ақпараттық модельдердің басқа да ақпарат түрлері сияқты өзіндік тасымалдаушысы болуы керек. Олар қағаз, сынып тақтасы, қабырға – яғни, бірнәрсе жазуға, бейнелеуге болатындай кез-келген бет болуы мүмкін. Бұл тасымалдаушыларда модельдер түрлі “физикалық” тәсілдермен: қалам, бор, бояу, диапроекторлық жарық бейнесі көмегімен жазылады. Біздер жалпы жағдайда ақпараттық модель түсінігінің аясында берілетін мазмұнда түсінеміз. Мысалы, квадраттық теңдеу формуласы қалай және қайда жазылғандығына қарамастан квадраттық теңдеу формуласы болып қала береді. Модель (фр. modele, ит. modello, лат. modulus - өлшем, үлгі) – бұл:

  • нақты объектінің қарапайымдандырылған ұқсасы;

  • заттың кішірейтілген/ұлғайтылған түрдегі макеті;

- табиғат пен қоғамдағы қандай да бір процесстің/құбылыстың бейнесі, сипаттамасы және схемасы;

- жұмыс істеуі анықталған параметрлер бойынша нақты объектінің жұмыс істеуіне ұқсас физикалық/ақпараттық аналогы;

- анықталған шарттарда түп нұсқа объектінің бізді қызықтыратын қасиеттері мен сипаттамасын алмастыра алатын алмастырушы-объектісі;

- модельдеу мақсаты тұрғысынан оқып үйренетін объектінің/құбылыстың кейбір нақты жақтарын бейнелейтін жаңа объект.


Ақпараттық модель– модельденуші объектінің ақпаратты кодтау тілдерінің бірінде сипатталуы.
Модельдеу – бұл:

  • нақты бар объектілердің (заттар, құбылыстар, процестер) модельдерін құру;

  • нақты объектіні қолайлы көшірмемен алмастыру;

  • таным объектілерін модельдері арқылы зерттеу.

Модельдеу кез-келген мақсатқа бағытталған қызметтің ажырамас бөлігі. Модельдеу танымның негізгі әдістерінің бірі.

Нақты қызметтердегі объект модельдері төмендегі жағдайларға пайдаланылады:

  • материалдық заттарды бейнелеу;

  • белгілі фактілерді түсіндіру;

  • болжамдар құру;

  • зерттелінетін объект туралы жаңа білімдер алу;

  • болжау;

  • басқару және т.с.с.


Ақпараттық модель-ақпараттық объектілер жиынтығы, олардың атрибуттары мен объектілерінің арасындағы қатынастардың жиынтығын, пәндік саланың динамикасының өзгерісін, пайдаланушылардың ақпаратты тұтыну сипатын анықтайтын пәндік саланың моделі. Алгоритм және программа – бұл ақпараттық моделдердің әртүрлі түрлері. Компьютерде жүретін кез келген процестің сәйкес ақпараттық модельді құрып, зерттеу өтуі мүмкін емес. Білім берудің ұлттық моделі-жалпы білім беру моделі негізінде оның жетістіктері мен үздіксіздігімен білім берудің төрт деңгейін қамтиды:

  • мектепке дейіңгі оқыту және тәрбиелеу;

  • орта білім беру;

  • жоғары кәсіптік білім беру;

  • жоғарғы оқу орыннан кейінгі кәсіптік білім беру;


Ақпараттық модельдердің негізгі сандық бағаларының бірі оның күрделілігі.

Құрылымның күрделілігін оның ең кіші сипаттамасының ұзындығы ретінде түсіну керек (А.Н.Колмогоров бойыншы күрделілік). Алгоритмнің күрделілігі оны орындауға жұмсалатын уақыт пен қажетті ресурстар (ЭЕМ, оның жады көлемі, қажетті аппараттық/ бағдарламалық жабдықтар) арқылы анықталады. Құрастырылымды емес объектінің негізгі күрделілік бағасы оның шексіз көп элементтерінің болуымен байланысты. Элементтердің мұндай жиыны дискретті әрі үзіліссіз ұйымдастырылуы мүмкін. Құрастырылымды емес объектілер негізінен сапалық жағынан бағаланады. Егер объект күйі белгілі заңдылықтарға бағынып, бастапқы шарттармен бірмәнді анықталса, сәйкес детерминациялық модельдер белгілі физикалық, математикалық, экономикалық заңдар негізінде оның болжамдылығы тұрғысынан сандық бағалануы мүмкін. Детерминациялық модельдер ортасынан күйі модельденуші объект күйі сияқты бастапқы шарттардың өзгеруіне сәйкес