Файл: тілетін кні Трбиеші Білім беру саласы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 46

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Күтілетін нәтиже: орындайды: айналып тұрған секіртпенің астынан жүгіріп өте алуды және ұзын секіртпемен секіруді;

түсінеді: акробатикалық жаттығуларды өздігінше орындай білу шарттарын;

қолданады: алға қарай баспен домалай алу дағдыларын.

«Балбөбек» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Өтілетін күні: 18.02.2016ж

Тәрбиеші: Шулгаубаева Нурсулу Жарасовна

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру. Тақырыбы: Акробатика.

Мақсаты: 1.Балаларға дұрыс тыныс алу туралы әңгімелеу.

2. Негізгі қасиеттерді- шапшаңдық, ептілікті дамыту.

3.Таңертеңгігимнастика кешенін орындау білігін тексеру; артқа және алға домалауды қайталау.

Құрал- жабдықтары: арқан, 4 гимнастикалық мат.

Іс -әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс -әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Дәлелдеу, ояту

Сапқа тұру. Сәлемдесу.

Жүру:

- әдеттегі жүріс;

- тізені жоғары көтеріп жүру;

- аяқтарын артқа қарай лақтырып жүру;

- табанның ішкі қырымен жүру;

- сыртқа қырыме жүру;

- аяқтың ұшымен;

- аяқтың өкшесімен;

- жартылай отырып жүру.

Жүру мен жүгіру ауысып тұрады.

Қолдарын түрлі қалыпта ұстап жүреді Педагогтің нусқауын мұқият тыңдап, айтқандарын орындайды.

Ұйымдастыру, іздену



1. Жалаушалармен орындалатын ЖДЖ:

- бір сапқа тізіліп, жалаушаларды қолға ұстап жүру; педагогтің белгісі бойынша балалар қолға арналған

жаттығуларды орындайды.

-Б.қ.: негізгі тұрыс, жалаушалар төменде.1- жалаушаларды алға созу; 2- жалаушаларды жоғары көтеру; 3- жалаушаларды екі жаққа созу; 4-б.қ.

Б.қ.: иықтың деңгейіндегі аяқтың тұрысы, кеуде тұсында жалаушаларды ұстау. 1- оңға бұрылу, оң қолды бір жаққа созу; 2- б.қ.

Б.қ.: негізгі тұрыс, жалаушалар төменде. 1-2-отыру, жалаушаларды алға қарай созу; 3- б.қ.

Б.қ.: иықтың деңгейінде аяқтың тұрысы, жалаушалар төменде. 1- жалаушаларды екі жаққа созу; 2- сол аяққа алға қарай иілу; 3- екі қолды екі жаққа созу, тік тұру; 4- б.қ.

Б.қ.: негізгі тұрыс, жалаушалар төменде. 1-8дегенде екі аяқпен секіру, шағын кідіріс, одан кейін қайтадан секіру.

Негізгі акробатикалық жаттығулар:

1.Қолды тіреп отыру, қолды тіреп жату, аяқты бүгіп иілу.

2.Жетекшінің көмегімен «көпірше» жасау.

3.Бір орында тұрып секіру.

4. «Фигура жаса» ойыны.

Жаттығуларды 6-8 рет қайталау.
Жаттығулар жетекшінің соңынан орындады.
Залда шашырап жүреді. Педагогтің белгісі бойынша орындарында

«қатып» қалады.

Рефлексиялық түзету

Зеректілікке арналған жаттығу.

Балалар көздерін жұмып тұрады. Белгі бойынша балалар бір қадам алға басады.


Күтілетін нәтиже: орындайды: жүрудің түрлерін,

түсінеді: негізгі жаттығуларды өздігінше орындай білу шарттарын;

қолданады: акробатикалық жаттығуларды.
«Балбөбек» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Өтілетін күні: 23.02.2016ж

Тәрбиеші: Шулгаубаева Нурсулу Жарасовна

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру. Тақырыбы: Қысқы секіртпемен секіру.

Мақсаты: 1. Өз жүрісін қадағалау тәсілдерін қайталау.

2 .Алға қарай домалауды қайталау.

3.Қысқы секіртпе арқылы секірулерді қайталау.

Құрал- жабдықтары: гимнастикалық маттар (төсеніштер), қысқа секіртпелер, доптар.

Іс -әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс -әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Дәлелдеу, ояту

1.Сызықтар арасымен тар жолмен жүгіру.

2.Жүріс: сырғымалы қадаммен.

3.Жүріп келіп шеңбер құру.

Сол аяқтан бастап екі қадам жасау және оң аяқтан екі қадам, екі қадам оңға, екі қадам солға.

Ұйымдастыру, іздену



1. ЖДЖ: жүріс – тұрысқа арналған арнайы жаттығулар:

Б.қ.: негізгі тұрыс. Қолдарнын алға қарай, жо,ары, екі жаққа созу және төмен түсіру.

Б.қ.: екі аяқтың арасын ашып тұру, қолдарын жоғары созу. Сол жаққа иіліп, қолдарын бастан асырып, шапалақ соғу және б.қ. оралу, дәл солай оң жаққа қарай.

Б.қ.: қолдарын екі жаққа созу. Тізе бүгіп отыру, б.қ. оралу. Б.қ.: қолдарын алға созу. Алға қарай еңкею, қолдарын артта ұстау, б.қ. оралу. Залда шашырап кету. Б.қ.: теріс тұру, қолдарын белге қою. Қабырғаға сүйеніп, сол және оң жаққа қарай иілу.

2.Шеңбердің бойымен алға қарай жылжып секіру.

3.Алға қарай иіліп жүру.

4.Акробатикалық жаттығулар. Алға қарай домалауды қайталау.

1Б.қ.: маттар арасында отыру. Алға қарай домалау, одан кейінсүйеніп, қолды жоғары созу, жоғары, алға қарай секіру, тепе- теңдікті сақтап қалып, жерге жұмсақ түсу..

2.Б.қ.: дәл солай.Артқа қарай домалау, алға қарай секіру.

3.Б.қ.:дәл солай. Артқа қарай домалау, алға қарай домалу, алға қарай секіру.

4.Қысқа секіртпе арқылы секіру.

5. «Доптарды қуу» ойыны. Шарты: ойыншылар екі топқа бөлініп, бір-біріне қарап екі сап түзеп тұрады. Педагогтің белгісі бойынша ойыншылар көршілеріне допты береді. Соңғылары допты алып, өздерінің қатарларының артқы жағында жүгіреді де, бірінші болып тұрады және доптарды сол ретпен, қатарлар бойымен береді. Ойыншылар қатарлардың соңғы ойыншысы болып тұрса, ойын аяқталды.


Жаттығулар өз

бетінше орындалады.

Жаттығуларды 6-8 рет қайталау.
Оң аяқпен төрт рет секіру, сол аяқпен төрт рет, екі аяқпен төрт рет секіру.

.

Рефлексиялық түзету

Бағыттаушыны ауыстырып жүру.

Ысқырық бойынша.


Күтілетін нәтиже: орындайды: қысқа секіртпе арқылы секіруді;

түсінеді: акробатикалық жаттығуларды өздігінше орындай білу шарттарын;

қолданады : көзбен мөлшерлей алу дағдыларын.
«Балбөбек » тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Өтілетін күні: 25.02.2016ж

Тәрбиеші: Шулгаубаева Нурсулу Жарасовна

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру. Тақырыбы: «Ертегіде қонақта» атты спорттық мерекесі.

Мақсаты: 1.Балалардың жылдамдық қасиеттерін дамыту;

2. Сенімді қатынастарды нығайтуға бағыттау.

3. Көзбен мөлшерлей білу дағдыларын дамыту.

4. Баланың спортық ұмтылысын, қызығушылығын қолдау.

Құрал- жабдықтары: себеттер, қысқа сапты ойыншық найзалар, шарлар, қағаздан жасалған гүлдер, кішкетай доптар, шарлар.

Іс -әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс -әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Дәлелдеу, ояту

Музыка әуенімен балалар спортзалға кіреді.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар мен жарысқа қатысушылар! Балалар, сендер ертегіні ұнатасыңдар ма? Ата- аналар, Сіздер балаларыңызға ертегіні жиі оқып бересіздер ме? Ата –аналар, сіздерге ертегіден жұмбақтар оқылады. Қандай ертегінің үзіндісі екенін айтасыңдар.

Көрпе де қашты менен,

Жапқыш ұшып кетті менен.

Ал жастықжан қорбаңдап,

Менен қашты балпаңдап. ( «Тазалық» ертегісі).

Кейіпкерім бүгінгі –

Шыбынбике –Шыбынгүл.

Күн шыққанда, бұлт ауып,

Алды жолдан пұл тауып.

Балалар амандасады.

Ұйымдастыру, іздену



Балалар біз «Үш торай» ертегісін білеміз бе?

1- ші: Мен Ниф- Нифпін!

2- ші : Мен Нуф- Нуфпін!

3- ші : Мен Наф – Нафпын!

Мен Қасқырмын. Тістерімді сықырлатып, үш торайды жеймін.

Қасқыр менің көңілімді көтердіңдер, бірақ таң қалдыра алмадыңдар.

Жанглерлер шығады және әуеннің ырғағымен доппен гинастикалық жаттығулар көрсетеді. Мені таңқалдырдыңдар, торайларды босатамын.

Қасқыр: Иә

1. «Кім тездетіп, үстіне киімін киеді» ойыны. Шарты: белгі бойынша ойыншылар себетке қарай жүгіреді және үстілеріне бір заттан киелі, сосын кейін қарай жүгіреді. Себетті тез босатқан топ, ұтысқа ие болады!

2. «Жалаушаны жеткіз!» ойыны. Ысқырық бойынша қатысушылар белгіленген жерге дейін жүгіреді, оны айналып шығады және қайтып орнына оралады. Одан кейін жалаушаны келесі жұпқа ұсынады.

3. «Қысқа сапты найзалар» ойыны. Әр қатысушыда бір қысқа сапты найзадан болады. Белгі бойынша бір ойыншы шарлар байлаған, белгіленген жерге қарай жүгіреді. Ол қысқа сапты найзаны кез келген шарға көздеп лақтырады.

4. «Гүлдерді жинау» ойыны. Швед қабырғасында қағаздан жасалған гүлдер ілінген. Белгі бойынша бір ойыншылар белгіленген жерге дейін жүгіріп барып, бір гүлді ашады және өз орнына оралып келеді.

5. «Секіру» ойыны. Ықырық бойынша балалар текшелерге дейін секіреді және кейін қарай қайтады.


Жаттығулар жетекшінің соңынан орындады.



Рефлексиялық түзету

Әділқазының сөздері. Команданы құттықтау.

Мадақтайды, мақтайды.




Күтілетін нәтиже: орындайды: Балалардың жылдамдық қасиеттерін дамыту;

түсінеді: жаттығуларды өздігінше орындай білу шарттарын;

қолданады : Баланың спортық ұмтылысын, қызығушылығын қолдау дағдыларын.

«Балбөбек » тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Өтілетін күні: 01.03.2016ж

Тәрбиеші: Шулгаубаева Нурсулу Жарасовна

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру. Тақырыбы: Еңбектеп жүру

Мақсаты: 1. Гимнастикалық орындық үстімен жүруге үйрету.

2. Еңбектеп жүруге үйрету арқылы ептілік, шапшаңдық сияқты қасиеттерді дамыту; .

3.Допты бастан асырып, екі қолмен лақтыру.

Құрал- жабдықтары: әр балаға екі текшеден, бала санына қарай орташа көлемдегі доптар.


Іс -әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс -әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Дәлелдеу, ояту

Бағытты өзгертіп, педагогтің соңынан жүгіру. Бөлменің әртүрлі жерлерінде тоқтау (шашырап кету)

Педагог бірінші немесе соңғы болып жүгіріп келеді.

Ұйымдастыру, іздену



1. Текшелермен орындалатын ЖДЖ:

Б.қ.: аяымызды иығымыздың деңгейінде қойып

тұрамыз, қолдарымызды екі жаққа созамыз. Шынтақтарымызды бүкпей, қолдарымызды қосамыз, текшелерді бір-біріне соғып ұрамыз, қолдарымызды екі жаққа созамыз.

Б.қ.: етпетінен жатып, қолдарымызды бүгеміз, текшелерді иыққа көтереміз. Қолдарымызды алға қарай созамыз, б.қ. оралу.

Б.қ. текшелер қолдарымызда, оларды түсіріп тұрамыз. Жартылай отырамыз, еденге текшелерді тигіземіз, тік тұрамыз, қолдарымызды жоғары көтереміз.Текшелерден екі аяқпен секіру.

Текшенің айналасында жылан секілді ирелеңдеп жүру. Текшелерді орнына қою.

2. Сызықтар арсымен еңбектеп жүру. «Құмырсқалар жорғалап келе жатыр» жаттығуы. Қажет болғанда педагог кейбір балалрға көмектеседі.

Гимнастикалық орындық үстімен жүру.

3. «Көпірмен жүреміз» жаттығуы: тепе-теңдік сақтап жүру.

4.Допты бастан асырып лақтыру. Балалар допты екі қолмен ұстап лақтырады.

5. «Допты алып кел!» қимыл-қозғалыс ойыны.

Шарты: педагог допты домалатып жібереді де, балалардың біреуі допты қуып жетіп, оны алып келеді.


Жаттығуларды 6-8 рет қайталау.
Жаттығуларды жүргізуші бала орындайды.
Балалар жаттығуды орындау барысында

алға қарайды және жолдың аяғына дейін жүріп өтеді.


.

Рефлексиялық түзету

Орындаған жаттығылар кешенін тексеру.