Файл: тілетін кні Трбиеші Білім беру саласы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 47

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

« Балбөбек» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Өтілетін күні: 29.03.2016ж

Тәрбиеші: Шулгаубаева Нурсулу Жарасовна

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру. Тақырыбы: Тігінен тұрған нысанаға лақтыру.

Мақсаты: 1. Тігінен тұрған нысанаға оң және сол қолменг лақтыруды жетілдіру.

2. Ептілік қасиетін дамыту.

3. Гимнастикалық қабырғаға өрмелеп шығуға үйрету.

Құрал- жабдықтары: сылдырмақтар, құм салынған қапшықтар, бала санына қарай доптар, гимнастикалық орындықтар.

Іс -әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс -әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Дәлелдеу, ояту

Кең, еркін қадаммен педагогтің соңынан жүру және жүгіру. Педагог әр кезде дұрыс жүрістің және жүгірудің үлгісін көрсетеді.

Педагогтің көрсетуі бойынша сылдырмақты көтеру және шашырап тұру немесе бір сапқа тұру.

Ұйымдастыру, іздену


1. Сылдырмақпен орындалатын ЖДЖ;

Б.қ.: отырып, аяқтардың арасын сәл ашу, бір қолында сылдырмақты ұстау. Дәл солай екінші қолмен орындау. Жаттығуды тез қарқынмен орындау.
Б.қ.: сылдырмақ алға қарай созылған екі қолда. Алға иілу.і қолда, қолдарын
Б.қ.: шалқадын жату, сылдырмақтар екі жанында ұстау. Отырып, сылдырмақтарды екі аяқтың ұшына тигізу.

Б.қ.: бір аяқпен бір орында секіріп тұру.

Бір-бірінің артынан жүру.

Сылдырмақты қою.
2.Гимнастикалық қабырғаға өрмелеу.
3.Тігінен қойылған нысанаға құм салынған қапшықтарды лақтыру.

Жаттығулар өз бойынша орындайды.


Жұптасып «паровоз» секілді жүріп тұру. Бір-бірнен қалыспай, жатығуды орындауға үйрету.


Рефлексиялық түзету

4. «Мені қуып жет!» қимылды ойыны.

1.Бір тізбекпен жүру.

2. «Өзіңе жұп табу» тыныш ойыны.

Педагог өз бетінше тапсырманы орынай алмайтын балаларға көмектеседі.

Бала өзіне жұп таңдайды, оны қолынанқстап, онымен бірге жұптасып жүреді.


орындайды: тігінен тұрған нысанаға оң және сол қолмен лақтыруды;

түсінеді: негізгі жаттығуларды орындай білу шарттарын;

қолданады: гимнастикалық қабырғаға өрмелеу дағдыларын.

« Балбөбек» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.


Өтілетін күні: 31.03.2016ж

Тәрбиеші: Шулгаубаева Нурсулу Жарасовна

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру. Тақырыбы: Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру.

Мақсаты: 1.Жүгіріп келіп ұзындыққа секіруді үйрету;

2.Балаларды достық қарым –қатынаста болуға үйрету;

3.Еңбектеп жүру және білте тақтайшаның астынан өту дағдыларын қалыптастыру.

Құрал- жабдықтары:

Іс -әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс -әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Дәлелдеу, ояту

1. Жүріс барысында тоқтап, бұрылыстар жасау.

2.Жіпті ұстап, шеңбердің бойымен жүгіру.

Қозғалыстардың ауысуына қарап, балалардың жауаптарын бақылау. Педагогке бұрылып, шашырап тоқтау.

Ұйымдастыру, іздену



1.Текшемен орындалатын ЖДЖ:

Б.қ.: негізггі тұрыс, текше оң қолында. 1-2- қолдарын екі жаққа созып жоғары көтеру, текшені сол қолына ауыстыру. 3-4- бастапқы қалып.

Б.қ.: аяқтың арасымен ашып тұру, текше оң қолда. Екі қолды кекі жаққа созу; алға иілу, сол аяқтың ұшына жақындатып текшені қою; тік тұру, екі қолды созу; иіліп, текшені сол қолға алу. Дәл солай сол қолмен жасау.
Б.қ.: негізгі тұрыс, қолдарын еркін ұстау, текше еденнің үстінде.Текшенің айналасында кідірістермен оң және сол аяқпен секірулер. 1- ден 8-ге дейінгі санау арқылы орындалады.

2.Қиғаш қойылған гимнастикалық қабырғаға өрмелеу. Одан түсіп, жүгіріп келіп, ұзындыққа секіру.
3. «Ұшақтар» қимыл- қозғалыс ойыны. Шарты: қолдарын шынтақтан бүгіп, кеуде тұсында ұстап тұрады. Педагогтің «Моторды оталдырыңдар!» деген бұйрығынан соң, «р-р-р» деген дыбыспен ұшақтың моторын бйнелеп көрсетеді. «Тұрамыз,

Ұшуға дайындалыңдар!» дегенде барлығы ұшақтың ұшуына бейнелейді.


Жаттығулар педагогтің көрсетуімен орындалады.


Жаттығулар 4-5рет

қайталанады.

Балалар бірінен соң бірі жаттығуды 2-3рет орындайды. Бір –бірімен соқтығысып қалмау үшін өрмелеуге тырысады.

Балалар ұшақты бейнелеп, қолдарын екі жаққа созып, «қалқып ұшады».



Рефлексиялық түзету

Жүру. Табанды толық басып жүруді аяқтың ұшымен жүрумен ауыстырып отыру.



орындайды: жүгіріп келіп ұзындыққа секіруді;

түсінеді: негізгі жаттығуларды орындай білу шарттарын;


қолданады: гимнастикалық қабырғада өрмелеу дағдыларын.
« Балбөбек» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Өтілетін күні: 05.04.2016ж

Тәрбиеші: Шулгаубаева Нурсулу Жарасовна

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру. Тақырыбы: Еңбектеу.

Мақсаты: 1.Гимнастикалық орындықтың үстінде еңбектей алу дағдыларын үйрету.

2. Негізгі қасиеттерді – шапшаңдық, ептілікті дамыту.

3. Тепе – теңдікті сақтауды жетілдіру және допты домалату дағдысын бекіту.

Құрал- жабдықтары: бала санына қарай кішкентай шығыршықтар, орташа көлемдегі доп, гимнастикалық орындық, валейбол торы, текшелер.

Іс -әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс -әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Дәлелдеу, ояту

1.Жүрудің қарқынын өзгертіп, шығыршықпен жүруді және жүру.

2. Түзу жүгіру.

Еденнің үстінде шашырап орналастырылған текшелер арасында жүру.

Ұйымдастыру, іздену


1.Шығыршықпен орындалатын ЖДЖ:

Б.қ.: қолдарын түсіріп тұру, еденнің үстінде шығыршық жатыр. Отырып шығыршықты алу, оны басынан асырып көтеру, жоғарыға қарай созылу. Педагогтің белгісі бойынша еденнің үстіне шығыршықты қою.

Б.қ.: шалқадан жату, шығыршықты алға қарай созылған екі қолда ұстау. Бір аяқты көтеріп, шығыршыққа тигізу,оны түсіру, басқа аяғын көтеру, дәл солай шығыршыққа тигізу.

Б.қ.: отырып, аяқтарды кеңінен ашу, шығыршық екі қолда. Алға қарай иілу, аяқтар арасында шығыршықты еденге тигізу тұру.

Б.қ.: шығыршықты ұстап, шашырап жүгіру, «машиналар жүріп келеді». Бір сапқа тізіліп жүру.

Шығырышқтытарды қою.

2.Гимнастикалық орындықтың үстінде еңбектеп жүру, шетіне жеткенде түзу тұрып, еденге жеңіл секіріп түсу.

3.Допты бір-біріне және сызықтар арасымен домалатуды көрсету.
4.Қиғаш қойылған гимнастикалық қабырғада өрмелеу.

5.Тордың үстінен асыра допты алысқа лақтыру, одан кейін допты торға лақтыру. Тапсырманы барлығына бір деңгейде орындату.



Жаттығулар педагогтің көрсетуімен орындалады.


Жаттығулар 4-5рет

қайталанады.


Балалар допты қалай домалату керектігін қадағалауы керек. Көзбен мөлшерлеп лақтыруға дағдыланады.
Допты лақтыру барысында қаіпсіздікережелерін сақтайды.

.

Рефлексиялық түзету

Жүріс

Қолдарын еркін ұстау.



орындайды: допты домалатуды және алысқа лақтруды;

түсінеді: негізгі жаттығуларды орындай білу шарттарын;

қолданады: гимнастикалық қабырғада өрмелеу дағдыларын.

« Балбөбек» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Өтілетін күні: 07.04.2016ж

Тәрбиеші: Шулгаубаева Нурсулу Жарасовна

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру. Тақырыбы: Кедергілер

Мақсаты: 1.Жоғарыға қарай өрмелеу жаттықтыру;

2. Қол мен аяқтардың қимыл-қозғалыс үйлесімді ету.

3.Түрлі кедергілер арқылы жаттығулар орындау дағдыларын дамыту;

Құрал- жабдықтары: әрқайсысына секіртпелер, текшелер, гимнастикалық орындықтар, бөрене, төсеніштер, текшелер.

Іс -әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс -әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Дәлелдеу, ояту

1.Бір қатар сапқа тұру. Бір орында адымдап бұрылу.

2. Бір жаққа қарай бір орында тұрып айналу.

3.Тізелерді жоғары көтеріп жүру.

4.Бір жаққа жүгіру.

Секіртпелерді тартып, оларды төрт бөлікке бүктеп, төменгі жақта ұстау. Төрт қадам сайын секіртпені ұстап, қолдарынмыздың позициясын ауыстыру. Шеңберді құрастыру.

Ұйымдастыру, іздену


  1. Қысқа секіртпелермен орындалатын ЖДЖ:

Б.Қ.: негізгі тұрыс, төрт бөлікке бөлініп, бүктелген секіртпелерді ұстап, қолдарымызды төменге түсіреміз. Қолдарымызды жоғары көтереміз, секіртпені басымыздан асырып, артынан ұстаймыз, бастапқы қалыпқа ораламыз. Баяу қарқынмен орындалады.

Б.Қ.: төрт бөлікке бөлінген секіртпені алға созып, екі аяқтың арасын сәл ашып отыру. Қолдарын шынтақтан бүгіп, секіртпені ұстап тұрып, денені оңға және солға бұру.

Б.Қ.: төрт бөлікке бөлінген секіртпелерді ұстап, қолдың негізгі позициясын сақтау. Отырып және артқа қарай иіліп, тізерлеп тұрамыз, қолдарымызды алдыға қарай созамыз, бастапқы қалыпқа ораламыз.

Б.Қ.: аяқты сәл ашып тұру, қолдарымызда төрт бөлікке бөлінген секіртпелер бар, оларды артқа қарай ауыстырып, төменде ұстау. Секіртпені тартып, алға иілу, бастапқы қалыпқа оралу.

Б.Қ.: негізгі тұрыс, қолдарымызда төрт бөлікке бөлінген секіртпелер бар, алға қарай созу. Оң аяқты артта ұстау, қолдарымызды жоғары көтереміз, иілу және бастапқы қалыпқа оралу.

Б.Қ.: еркін түрде секіртпе арқылы секіру.

2. Түрлі кедергілер арқылы жаттығулар орындау. Бірінші шеңбер:

а) екі қолды екі жаққа созып, кедергілерді аттап жүру;

ә)гимнастикалық орындықтың үстімен қолдарын

желкеде ұстап жүру; қолдарын жоғары созып, шапалақ ұру арқылы жүру;

б) бөрене немесе гимнастикалық орындыққа оң қолды сермеп шығу;

в) қиғаш қойылған орындық үстімен еңбектеп жүру;

г) гимнастикалық қабырғаға өрмелеп шығу және өрмелеп түсу;

ғ) маттарда орындау жаттығулары: тізерлеп тұрып, екі жаққа (оңға және солға) қарай домалау;

д) алға қарай 5-6 метрге дейін қысқа секіртпемен секіру,секіртпені орындықтың арқасына іліп қою.

3. Екінші шеңбер:

а) қолды белге қойып жүру;

ә) орындық үстінде орындалатын жаттығулар:

қолды артта ұстап жүру; шапалақ соғып, секіру;

б) бөрене: сол жақпен секіріп түсу;

в) қиғаш орындық және қабырға –бірақ әртүрлі тәсілмен түсу;

г) маттарда орындалатын жаттығулар: бір тізерлеп тұрып, екі жаққа аусыпы тізерлеп басу, бірінші матта солға, екінші матта оңға;

ғ) еркін тәсілмен қысқа секіртпе арқылы бір орында бес рет секіру;

д) алға қарай секірулер (5-6 рет)



5-6 рет жаттығуларды қайталау.
Жаттығулар педагогтің көрсетуімен қайталанып орындалады.

Әр жаттығуды дұрыс орындауға тырысады.

Денелерін түзу ұстап, жаттығуларды орындайды.

Еңбектеу және өрмелеу кезінде қауіпсіздк ережелерін сақтайды.

Жаттығуларды педагогтің көрсетуінен соң орындайды.

Рефлексиялық түзету

Жүріс: өкшемен, аяқтың ұшымен жүру.

Оң қол белге қойылады , сол қол иыққа.



орындайды: жаңа оқу іс-әрекетінде үйренген жаттығуларды;

түсінеді: негізгі жаттығуларды орындай білу шарттарын;

қолданады: гимнастикалық қабырғада өрмелеп шығу және өрмелеп түсу дағдыларын.


«Балбөбек» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Өтілетін күні: 12.04.2016ж

Тәрбиеші: Шулгаубаева Нурсулу Жарасовна

Білім беру саласы: Денсаулық,Таным.

Бөлімі: Дене шынықтыру. Тақырыбы: Жұптасып орындалатын жаттығулар.

Мақсаты: 1. Тепе-теңдікті дамыту.

2. Жұптасып жұмыс істеуге үйрету.

3. Қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қалыптастыру.


Іс -әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс -әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Дәлелдеу, ояту

1. Жұптасып сапқа тұру.

2. Музыканың сүйемелдеуімен сап түзеп жүру.

3. Таяқшалардың жанынан өтіп, екі адамға бір таяқшаны алу.

Бұрылып тұру.

Кері бағытта қозғалысты жалғастыру.

Ұйымдастыру, іздену


1. Гимнастикалық таяқшамен орындалатын ЖДЖ:

а) «Таяқшаны басқа жерге қою» жаттығуы: жұптасып тұрып, таяқшаны екі шетінен оң қолдарымен төменде ұстап тұру. Екі қолды екі жаққа созып, жоғарыға қарай көтеру, таяқшаға қарау, таяқшаны сол қолға ауыстыру, екі қолды төмен түсіру.

ә) Қолды екі жаққа созып, таяқшаға қарау, таяқшаны сол қолға ауыстыру, қолды төмен түсіру. Дәл солай таяқшаны сол қолдан оң қолға ауыстырып орындау.

б) Жұптасып бір-біріне арқаларын беріп тұрып «таяқшаны беру», аяқтарды иықтың деңгейінде қою. Бір бала оң қолмен таяқшаның жоғарғы ұшынан ұстайды, екінші шетін еденге тигізіп тұру. Педагогтің «БҰРЫЛЫС!» деген белгісі бойынша жұптасып тұрған екі бала оңға бұрылады. Бала таяқшаны ұстап тұрып оны артқа қояды, келесі бала белгілі бір уақытқа таяқшаны алады. Екеуі бастапқы қалыпқа оралады, бірақ таяқшаны басқа бала ұстап тұрады. Дәл осылай осы жаттығу сол жаққа қарай орындалады, таяқша сол қолға ауыстырылады.

в) «Таяқшаны домалату». Балалар бір-біріне қарама-қарсы (аралары қол созым) тізерлеп тұру. Таяқша бір баланың алдында еденде жатады. Алға қарай иіліп, ол таяқшаны өзінің жолдасына қарай домалатады, ол өз кезегінде оны жерден алып көтереді. Одан кейін екеуі де бастапқы қалыпқа оралады.

г) «Үй жаса». Бір-біріне басын беріп, етпетінен жатып, таяқшаны екі қолмен ұстау. Таяқшаны көтеріп, оған қарау, бастапқы қалыпқа оралу.

2. Екі таяқшаның араларынан бір бүйірлерімен өту, шапалақ ұрып, допты жоғары лақтырып, қайтадан қағып алу.

3. Жүгіріп келіп,жоғарыға қарай секіру.

4. «Жұппен пішін жасау» қимыл-қозғалыс ойыны. Педагогтің ескертуі: бір-біріне кедергі келтірмеу, бір орында тұрмау, бір-біріне жол беру. Оның белгісі бойынша барлығы бірден тоқтайды, ойлаған тұрысты орындайды. Педагог ең қызықты тұрыстарды ерекше атап өтеді.



Жаттығулар өз бетінше орындалады.

4-5 рет жаттығуларды қайталау.

Балалар жұптасып, бөлменің ішімен шашырап жүгіреді.

Таяқшаларға денелерін тигізбей қырымен өтеді, доптарға жақындап, оларды қолға алып, жоғарыға лақтырады және қолдарын шапалақтап, оларды қағып алады (6-8 рет). Осыдан кейін өздерінің алғашқы орындарына қайтып оралып тұрады.

1м қашықтықта залдың қабырғасынан бір сызық сызылады, сол сызықтан бастап балалар жүгіреді. Жаттығуды 4-5 рет қайталау.
Балалар жұп болып, түрлі пішіндерді келтіреді

Рефлексиялық түзету

Балалар жұптасып жүреді, олар бір-бірінің қолынан ұстамайды, 4 қадам аяқтың ұшымен, 4 қадам табанды нық басып жүреді.

Үйге тапсырма: ата-анасымен жаттығуларды қайталау.