Файл: 1. таырып Кіріспе. Іс ааздарын жргізу пні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 57

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
: Оқушылардың орындаған жұмыстарын тексеру
Түзету жұмыстары: Құжаттарға қойылатын талаптар бойынша тексеру

Үйге тапсырма беру:А4 форматта өз мамандықтарына байланысты хаттама құрастыру

15Тәжірибелік жұмыс
Тақырыбы: Мінездеме
Жұмыс мақсаты: Мінездемежәне оның қандай жағдайларда жазылатындығына түсінік беру, түрлерін ажырату, реквизиттер құрамы туралы түсінік беру, мінездеме толтырып үйрету
Материалдық қамтамасыздандыру: дайын үлгілері, оқушылардың папкалары, әдебиеттер: А . А Адельгужинов, К. Е. Ермекбаев, Тұрпатты ережелер, Астана – 2003,Скала В. И., Скала Б В., Скала Н.В, Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу,Алматы – 2007,М. Қасымбеков., Қ.Әлімқұлов., Екі тілде іс жүргізу , Алматы - 2004,Делопроизводство Адильбек Жақып, Астана – 2000, А. Алдашева, Ресми іс қағаздары, Алматы -2001
Әдістемелік нұсқаулар:
Мінездеме түрлі мекеме, ұйым, бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазының бір түрі.

Қызметтік мінездеме – мінездеменің айрықша кең тараған және әмбебап формасы. Қызметкерді объективті әрі нақты мінездеу қажет болған жағдайда жазылады. Қорытынды бөлімі еркін стильде жазылады және құжат мазмұнын түйіндейді.

Мінездеме қызметкерді басқа бір вакансияға я болмаса оқу орнына ұсыну мақсатында да жазылады. Мұнда ұсынылған адамның аталған вакансияға қажет деген мінез қасиеттері, кәсіптік шеберлігі айтылады.

Аттестациялық мінездеме белгілі бір адамның атқарып отырған қызмет орнына лайық, лайық еместігін тексеру мақсатында жүргізілген аттестациялық қорытындысына орай жазылады. Мұндай мінездеме қорытындысында «атқарып отырған қызметіне лайық», «қызмет бабында жоғары қызметке ұсынуға лайық» немесе « атқарып отырған қызмет орнына лайық емес» деген сияқты түйінді сөздер жазылады.

Жеке (функциональды) мінездемелер адамның жеке басының мінезін, білімін, шеберлігін, икемділігін т.б. сипаттай отырып жазылады. Қорытынды бөлімінде мінездеме не мақсатпен жазылғандығы атап көрсетіледі. Мысалы, «Еңбек келісімін ұзарту үшін» т.б.

Мінездеме А4 форматты параққа жазылады. Көлемі 1 беттен аспауы керек. Мінездеме мәтіні жазу машанкасында басылады я компьтерде теріліп, кейін принтерден шығарылады. Тақырыпты, өмірбаяндық мәліметтерді, қорытынды мен негізгі түйінді үлкендеу шрифтімен беруге болады.

Кейде мінездеме жоғары жағында мекеменің аты, логатипі, фирмалық белгісі көрсетілген арнайы бланкілерде де жазылады. әр данасы есепте тұратын арнайы бланкілерге жазылған мінездемелер мінездеме беруші адамның және ұйым жетекшісінің қолымен расталады.


Барлық мінездемелерге мекеме мөрі басылады.

Мінездеме ресми стильде, бейтарап тонмен жазылады.

Мәтін баяндауышы ашық райлы етістіктен жасалады (беріледі, орындады, көріне білді, көрсетті)

Мінездеме құрылымы:

  1. тақырыбы;

  2. мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет;

  3. негізгі мәтін;

  4. қорытынды;

  5. мінездемені талап етуші ұйымның аты;

  6. мінездеме берілген күн, ай, жыл;

  7. мінездеме берушінің аты-жөні, фамилиясы, қолы,

қосымша (егер болса);

Мінездеменің тақырыбы парақтың жоғарғы жағын ала, орта тұсына қарай үлкен әріптермен жазылады, Мысалы,

Мінездеме

Қызметтік мінездеме

Аттестациялық мінездеме
Мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәліметке мыналар кіреді: фамилия, аты-жөне, туған жылы, білімі, мекемедегі жұмыс стажы (-жылдан бастап қызмет етеді), қазіргі атқаратын қызметі. Басқа да кейбір мәлеметтер қосымша берілуі мүмкін (мысалы, диплом бойынша мамандығы немесе білім түрі т.б.)

Негізгі мәтінге атқарып жүрген қызметін, өз мамандығын қаншылықты меңгеретіндігі, кәсіптік білім деңгейі, біліктілігі, қызмет бабында жеткен жетістігі мен кемшілігі жазылады. Қысқаша әлеуметтік- психологиялық портреті беріледі. әрептестері мен қарым-қатынас жағдайы, жанұя жағдайы, ұжымдағы орны, абыройы, сын көтеру қаблеті жазылады. Кей жағдайда (оқуға немесе іс сапарға жіберу) денсаулық жағдайыда айтылады.

Қажет деп табылған жағдайда негізгі мәтінге шетел сапарлары, зерттеу жұмыстары, өз бетімен жүргізген жұмыстары, жетекшілік, ұйымдастурушылық қабілеті де кіргізіледі.

Мәтін көбіне жай сөйлердермен, қалыптасқан сөз орамдары мен сөз тіркестерін, стандарт терминдерді қолдана отырып, басы артық қысқартуларсыз жазылады.

Қорытынды негізгі мәтіннің түйінделген, жиынтықталған бөлігі болып табылады. Мұнда мінездеме беріліп отырған адамның перспективалық қызметіне байланысты бір-екі нақты ұсыныс енгізіледі. Негізгі мәтіннен кейін «қорытынды» сөзін азат жолдан, бас әріптермен жазылады, негізгі түйінді немесе ұсынысты атап көрсетуге болады. Мысалы,

ҚОРЫТЫНДЫ: 1. Атқарып жүрген қызметіне лайық.

2. Кәсіптік дайындық деңгейін, басшылық қызметтегі тәжірибесін ескере отырып Н.С. Нұржановты конкурстық негізде статистика бөлімінің бастығы қызметіне ұсынуға болады.


Мінездемені талап етуші ұйымның аты толық, ресми түрде аталуына сәйкес жазылады. Кейде мінездеме не мақсатпен берілгені атап айтылады. Бұл қорытындыдан кейін 1 интервал жіберіліп барып жазылады. Мысалы,

« Павлодар мемлекеттік технологиялық университетінің қабылдау комиссиясына тапсыру үшін беоілді».

Мінездеме жазылған дата ұйым атынан кейін 1 интервал жіберіліп барып, парақтың сол жақ бөлігіне жазылады. Ай аты жазбаша беріледі. Мысалы, 26 мамыр 2010жыл.

Мінездеме беруші туралы мәліметке мінездеме берушінің ресми қызмет аты, қолы, фамилиясы, аты-жөні кіреді.

Қосымша ретінде қажет деп табылған жағдайда

  1. белгілі үлгідегі бірнеше фотосүрет;

  2. білімі туралы құжат көшірмесі;

  3. бұрынғы мінездемелер көшірмесі я одан алынған үзінді;

  4. анықтамалар жіберіледі.

Егер мінездемеде қосымша болатын болса ол жайында парақтың соңында жазылады. Ал қосымша бірнешеу болатын болса жолдама хат дайындалып, сонда көрсетіледі.

Менездеменің жалпы құрылымы осындай. Кей жағдайда мінездеме алушы адам парақтың соңына «мінездемемен таныстым» деп жазып қол қояды. Фамилиясын, танысқан күнін де жазылады.

Мінездеме 2 дана етіп дайындалады. Біреуі талап етуші мекемеге жіберіледі, екіншісі мінездеме иесінің жеке ісіне я мінездемелер тіркелетін імке тігіледі. Мінездеме де жалпы тәртіп бойынша жіберіледі.
Тәжірибелік жұмыс:

А.мінездеме түрі

Б. Оқушылардың алдарындағы мінездеме жұмыс істеу барысында 8 тұрақты жағдаймен, интервалдармен, реквизиттердің орналасу тәртіптерін анықтау
С. 1 тапсырма. мінездеме құрастыру
Жұмысты тексеру : Оқушылардың орындаған жұмыстарын тексеру
Түзету жұмыстары: Құжаттарға қойылатын талаптар бойынша тексеру

Үйге тапсырма беру:А4 форматта өз мамандықтарына байланысты мінездеме құрастыру



Аттестаттауға жіберілген мемлекеттік

әкімшілік қызметшіге
Аттестаттауға жіберілген мемлекеттік әкімшілік

қызметшіге берілген қызметтік мінездеме
Қызметке 200__ жылғы «___» ____________ тағайындалған, _____________ қаласы
(________________ ауданы) әкімі аппараты жалпы бөлімінінің бас маманы____________

_____________________________________________________________________________

(аты-жөні)
1. Қызметін атқару барысында «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңы (12.01.2007 ж. №221), Үкіметтің «Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті ат-қарушы органдарының жеке немесе заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастыру туралы» Қаулысын (04.09.2002 ж., № 974), Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Ісқағаздарды жүргізу жөніндегі нұсқаулығын (31.01.2001 ж., № 168) және _________ қаласының (__________ ауданының) әкімі «_________ қаласының (__________ ауданының) әкімінің аппаратында және оның құрылымдық бөлімшелерінде құжаттармен жұмыс жүргізу туралы» шешімін (__________ ж., №______) басшылыққа алып отырады.

2. Өзінің қызметтік (лауазымдық) міндеттемелерін1 атқара отырып, ол қаланың (ауданның) барлық ұйымдарына шығыс хат-хабарларды2 жібереді; қала әкімі аппара-тына, құрылымдық бөлімшелерге, аудандық әкімдіктерге және қала әкімі аппаратына кірмейтін басқа да ұйымдарға келген қызметтік құжаттарды, өтініш-арыздар, азамат-тардың өтініштерін қабылдайды; қолма-қол, пошта және канцеляриялық жәшік арқылы алынған хаттарды қабылдайды, ашады, сұрыптайды; азаматтарға анықтамалық сипаттағы түсініктемелер береді; бақылауға алынған хаттардың тез әрі уақытылы жіберілуін қамтамасыз етеді; азаматтардың хат арқылы хабарласуына есеп жүргізеді; барлық шығатын хаттарды рәсімдеп, пошта арқылы (жай, тапсырыспен) жібереді; халықаралық поштамен3 жіберілгендеріне тізім дайындайды. ___________________________________

___________ (аты-жөні) өзқызметінатқараотырып, орындайтынміндеттемелеріншығармашылықпенатқарады, азаматтардыңбарлықсұрақтарынасауаттыәрідұрысжауапбереді, жауапкершілігіжоғары, тәртіптіқатаңсақтайды.

3. Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі4 мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі болғандықтан, _____________________ (аты-жөні) өтініш берушілермен әңгімелескенде мемлекеттік тілдегі білімін кәсіби түрде қолданады, келіп түскен хат-тарды орыс тілінен мемлекеттік тілге5 аударады. Компьютерлік сауаттылығы жоғары. Бағдарламалық қамтамасыз етудегі кез келген өзгерістерді қиындықсыз меңгереді.

4. Мемлекеттік және еңбек тәртібін, Мемлекеттік қызметкердің Ар-намыс кодексін, ішкі қызметтік тәртіпті және әдеп нормаларын сақтайды. Жұмыс істеген уақыты ішінде тәртібіне байланысты ешқандай сөгіс алмаған6.

5. Әңгімеге тартқыш, кәсіби деңгейін ұдайы арттырып отырады, әріптестеріне, азаматтарға мейіріммен қарайды. Мінезі салмақты, орнықты.

6. ______________________________ (аты-жөні) атқаратын қызметіне лайықты.


_________ қаласы әкімі аппараты

жалпы бөлімінің меңгерушісі ____________ ________________

(қолы) (аты-жөні)
200__ жылғы «___» ___________


16Тәжірибелік жұмыс
Тақырыбы: Қаржылық құжаттар
Жұмыс мақсаты: Қаржылық құжаттар және оның қандай жағдайларда жазылатындығына түсінік беру, түрлерін ажырату, реквизиттер құрамы туралы түсінік беру, толық хаттама түрін толтырып үйрету
Материалдық қамтамасыздандыру: дайын үлгілері, оқушылардың папкалары, әдебиеттер: А . А Адельгужинов, К. Е. Ермекбаев, Тұрпатты ережелер, Астана – 2003,Скала В. И., Скала Б В., Скала Н.В, Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу,Алматы – 2007, М. Қасымбеков., Қ.Әлімқұлов., Екі тілде іс жүргізу , Алматы - 2004,Делопроизводство Адильбек Жақып, Астана – 2000, А. Алдашева, Ресми іс қағаздары, Алматы -2001
Әдістемелік нұсқаулар:
Қаржы – есеп құжаттары :бухгалтерлік есепті ұйымдастыру бойынша ұйым жасағанқұжаттарды қаржы – есеп құжаттары деп айтамыз. Оларға: айлық, тоқсандық, жылдық есептер жатады.

Айлық есеп дегеніміз – бухгалтерлік есеп айырысудың түрі, кәсіпорынның бір айдағы іс - әрекетін сипаттайды.

Кассалық кітап – бухгалтерлік регистр болып табылады, кәсіпорын кассасындағы қаражаттың немесе ақшаның қозғалысын есептейді.

Накладная – тасылатын жүкпен бірге жіберілетін құжат, тауар алуға ұсынылатын құжат

Кассалық ордер – Кәсіпорынның кассасына келіп түсетін ақша арқылы ресімделетін құжат және мақсат қоя отыра жұмсалатын қаражат. Оның түрлері : кіріс және шығыс.
Тәжірибелік жұмыс:

А.Қаржылық құжаттар түрлері, кассалық кітап, айлық жоспар, кіріс және шығыс ордер, накладная. Оқушылардың алдарындағы қаржылық құжаттармен жұмыс істеу барысында 8 тұрақты жағдаймен, интервалдармен, реквизиттердің орналасу тәртіптерін анықтау
Б. 1 тапсырма. Үлгіге қарап кассалық кітапты құрастыру
В. Үлгіге қарап өз мамандығына байланысты накладная – мәлімдеме құрастыру
Жұмысты тексеру : Оқушылардың орындаған жұмыстарын тексеру
Түзету жұмыстары: Құжаттарға қойылатын талаптар бойынша тексеру
Үйге тапсырма беру: А4 форматта өз мамандықтарына байланысты кіріс және шығыс ордерін құрастыруды ойлап келу

17 Тәжірибелік жұмыс
Тақырыбы: Істер номенклатурасы

Жұмыс мақсаты: Істер номенклатурасыжәне оның қандай жағдайларда жазылатындығына түсінік беру, түрлерін ажырату, реквизиттер құрамы туралы түсінік беру, Істер номенклатурасы толтырып үйрету
Материалдық қамтамасыздандыру: дайын Істер номенклатурасы

үлгілері, оқушылардың папкалары, әдебиеттер: А . А Адельгужинов, К. Е. Ермекбаев, Тұрпатты ережелер, Астана – 2003,Скала В. И., Скала Б В., Скала Н.В, Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу,Алматы – 2007,М. Қасымбеков., Қ.Әлімқұлов., Екі тілде іс жүргізу , Алматы - 2004,Делопроизводство Адильбек Жақып, Астана – 2000, А. Алдашева, Ресми іс қағаздары, Алматы -2001

Әдістемелік нұсқаулар:
ІСТЕР НОМЕНКЛАТУРАСЫ



Мекемелерде істі қалыптастыру мен есепке алудың бірыңғай тәртібін дұрыс топтау, белгілеу мақсатында жыл сайын іс номенклатурасы жасалады. Іс номенклатурасы оларды сақтау мерзімі көрсетіле отырып жасалған, мекеменің барлық ісі атауларының тізбесін білдіреді. Іс номенклатурасы мекеменің құрылымдық бөлімшелері жасайды, содан кейін кеңсе мекеменің бірыңғай (жиынтық) іс номенклатурасын қалыптастырады. Келесі жылға арналған жиынтық іс номенклатурасын ағымдағы жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей мекеме басшысы бекітеді.Жиынтық іс номенклатурасын жасауға жауаптылық кеңсеге жүктеледі. Іс номенклатурасы бойынша құрылымдық бөлімшелерге немесе салаларға шартты белгілер (сандық) беріледі. Номенклатураға енгізілген әрбір іс құрылымдық бәлімше немесе сала шегінде өз нөмірін алады. Құрылымдық бөлімшенің немесе саланың шартты белгілерін осы бөлімшенің номенклатура бойынша іс нөмірімен біріктіру істің индексін жасайды. Іс номенклатурасы жаңа күнтізбелік жылдың 1қаңтаррынан бастап қолданысқа енгізіледі. Номенклатураны құрылымның қайта ұйымдастырылуына және мекеменің функциясының немесе сипатының өзгеруіне байланысты ғана қайта жасалады немесе қайта бекітіледі. Министерліктер мен ведомоствалар бағынышты мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындар үшін үлгі іс номенклатурасын әзірлейді. Іс номенклатурасына кәсіпорынның барлық ісі және тіркеу журналы кіреді. Номенклатураға ғылыми- техниқалық құжаттар және баспа басылымдары кірмейді. Іс номенклатурасын хатшы- референт, кәсіпорынның құжаттарына жауапты маман немесе мұрағат жүргізуші жасайды. Номенклатураның бәлімдері ретінде кәсіпорынның құрылымдық бөлемдері ретінде кәсіпорыннның немесе мамандарының қызметінің бағыты пайдаланылады. Әрбір бөлімнің басында кәсіпорынның қызметі үшін маңызды құжаттар көрсетіледі; бұйрықтар, хаттамалар, содан кейін – хат алмасу және ақпараттық – анықтамалық құжаттар. Бөлімдердің соңында тіркеу журналы көрсетіледі. Іс номенклатурасына құрастырушы қол қояды және кәсіпорынның басшысы бекітеді. Жылдың соңында расталған істердің саны туралы қорытынды жазба жасалады.