Файл: 1. таырып Кіріспе. Іс ааздарын жргізу пні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 65

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Жиһаз және жабдық сатып алу туралы
кәсіпорынның атауы Директор

_____________________ _______________________

(аты-жөні)

АНЫҚТАМА
00.00.00 № ______

_________________ қаласы

____________ жылдың ___________ тоқсанында кеңсе жиһазы мен жабдықтарын жаңалау туралы жоспарға3 сәйкес төмендегі жиһаздар мен жабдықтар жиынтығы сатып алынды:


Анықтама _______________________________________________ негізінде жасалды.
Бас бухгалтер __________________ ________________________________

(қолы) (аты-жөні)

№ _____________ іске
Орындаушының қолы

___________________

А.Анықтама түрлері: қызметтік және жеке адамға қатысты танысу, оқушылардың алдарындағы анықтамамен жұмыс істеу барысында 8 тұрақты жағдаймен, интервалдармен, реквизиттердің орналасу тәртіптерін анықтау

Б. 1 тапсырма Жеке адамға қатысты: Павлодар мемлекеттік технологиялық колледжінде оқып жүргендігі туралы А5 қалыпты форматта құрастырыңыз
В. 3 тапсырма Алдарыңыздағы анықтама үлгісіне қарап, қызметкердің фирмада жұмыс істейтіндігі және жалақы көлемін көрсетіп, қызметтік анықтама түрін құрастырыңыз А4 форматта орындаңыз

Жұмысты тексеру : Оқушылардың орындаған жұмыстарын тексеру
Түзету жұмыстары: Құжаттарға қойылатын талаптар бойынша тексеру
Үйге тапсырма беру: орындаған жұмыстарын А5 және А 4 қалыпты форматтарда ресімдеп, компьютерде теру

9Тәжірибелік жұмыс

Тақырыбы: Қолхат

Жұмыс мақсаты: Қолхатқа және оның қандай жағдайларда жазылатындығына түсінік беру, реквизиттер құрамы туралы түсінік беру, түрлі жағдайларға байланысты қолхат құрғызып үйрету

Материалдық қамтамасыздандыру: дайын қолхат үлгілері, оқушылардың папкалары, әдебиеттер: А . А Адельгужинов, К. Е. Ермекбаев, Тұрпатты ережелер, Астана – 2003,Скала В. И., Скала Б В., Скала Н.В, Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу,Алматы – 2007,М. Қасымбеков., Қ.Әлімқұлов., Екі тілде іс жүргізу , Алматы - 2004,Делопроизводство Адильбек Жақып, Астана – 2000, А. Алдашева, Ресми іс қағаздары, Алматы -2001

Әдістемелік нұсқаулар:
ҚОЛХАТ
1. Қолхат дегеніміз – Заттың (ақша , мүлік) алынғанын куәландыратын ресми құжат.

2. Қолхаттың мәтіні екі бөліктен тұратындығын ұмытпау, бірінші бөлігінде тұлға бір нәрсені алынғандығын куәландырады, ал екінші бөлігінде келісілген мерзімде қайтарып беруді міндеттенеді.
Қолхатты құру деректемелері:


  1. Құжат түрінің атауы

  2. Мәтін

  3. Датасы Ескерту. Датасы сөздік – цифрлік әдіспен жазылады. Мәселен, 2010 жылғы 20 қаңтар

  4. Қолы



Тәжірибелік жұмыс:

А.Қолхатпен танысу, оқушылардың алдарындағы қолхатпен жұмыс істеу барысында 8 тұрақты жағдаймен, интервалдармен, реквизиттердің орналасу тәртіптерін анықтау

Б. 1 тапсырма. Ақша алғандығы туралы қолхат А4 қалыпты форматта құрастырыңыз

В. 2 тапсырма Мекеме автокөлігін алғандығы туралы қолхат құрастырыңыз.

Г. 3 тапсырма Пәтерді жалға алу туралы қолхат құрастыру
Жұмысты тексеру : Оқушылардың орындаған жұмыстарын тексеру

Түзету жұмыстары: Құжаттарға қойылатын талаптар бойынша тексеру

Үйге тапсырма беру:А4 форматта кәсіпорын бухгалтериясынан несие алғандығы туралы қолхат құрастырыңыз

10Тәжірибелік жұмыс

Тақырыбы: Сенімхат
Жұмыс мақсаты: Сенімхат және оның қандай жағдайларда жазылатындығына түсінік беру, реквизиттер құрамы туралы түсінік беру, түрлі жағдайларға байланысты сенімхат құрғызып үйрету
Материалдық қамтамасыздандыру: дайын қолхат үлгілері, оқушылардың папкалары, әдебиеттер: А . А Адельгужинов, К. Е. Ермекбаев, Тұрпатты ережелер, Астана – 2003,Скала В. И., Скала Б В., Скала Н.В, Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу,Алматы – 2007,М. Қасымбеков., Қ.Әлімқұлов., Екі тілде іс жүргізу , Алматы - 2004,Делопроизводство Адильбек Жақып, Астана – 2000, А. Алдашева, Ресми іс қағаздары, Алматы -2001
Әдістемелік нұсқаулар:
Сенімхат

СЕНІМХАТ
Сенімхат – сенімді тұлғаға сенім білдіруші (кәсіпорынның немесе азаматтың) атынан қандай да бір іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқық беруі туралы құжат.

Сенімхат үшінші тұлға алдында сеніп тапсырушының атынан сенімді тұлғаға берілген құжат болып табылады.

Жалақы алуға берілген сенімхат
СЕНІМХАТ
_________ қаласы 200__ жылғы «___» __________
Мен, ______________________________________(аты-жөні), жеке куәлік № _______, мекенжай: ______________________________________________, өзімнің жалақымды1 ______________________________________________ мекенжайында тұратын азамат(ша) ___________________________ (аты-жөні) сеніп тапсырамын.

Бұл үшін __________________________________________ (аты-жөні) менің атымнан барлық құжаттарға қол қою, өтініш жазу құқығын беремін.

200__ жылғы «___» ________ ____________ ________________________________

(қолы) (аты-жөні)


Сенімхаттың үлгі-формуляры мына деректемелерден тұрады:
Сенімхатты құру деректемелері:
1. Құжат түрінің атауы

  1. Мәтін

  2. Датасы Ескерту. Датасы сөздік – цифрлік әдіспен жазылады. Мәселен, 2010 жылғы 20 қаңтар

  3. Қолы


Нотариус растаған кезде мынадай деректемелер кіреді:


  • Мәтін:

  • Аты – жөні, тегі, мекеме қалай аталады, тіркегендігін жазу

  • Қандай реестрге тіркелді

  • Мемлекеттік салық алынғандығын жазу

  • Қолы

  • Мөр қойылғандығы турал белгі


Жұмысты тексеру : Оқушылардың орындаған жұмыстарын тексеру
Түзету жұмыстары: Құжаттарға қойылатын талаптар бойынша тексеру
Үйге тапсырма беру:А4 форматта сенімхатты дұрыс ресімдеп, компьютерде теріңіз

11Тәжірибелік жұмыс

Тақырыбы: А К Т
Жұмыс мақсаты: АКТ қа және оның қандай жағдайларда жазылатындығына түсінік беру, түрлерін анықтау, реквизиттер құрамы туралы түсінік беру, А К Т құрғызып үйрету
Материалдық қамтамасыздандыру: дайын акт үлгілері, оқушылардың папкалары, әдебиеттер: А . А Адельгужинов, К. Е. Ермекбаев, Тұрпатты ережелер, Астана – 2003,Скала В. И., Скала Б В., Скала Н.В, Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу,Алматы – 2007,М. Қасымбеков., Қ.Әлімқұлов., Екі тілде іс жүргізу , Алматы - 2004,Делопроизводство Адильбек Жақып, Астана – 2000, А. Алдашева, Ресми іс қағаздары, Алматы -2001
Әдістемелік нұсқаулар:
АКТ
Акт – анықтамалы-ақпараттық құжат. Ол – бірнеше лауазымды адамның қатысуымен белгілі бір факті не болған нақты оқиғалар мен жағдайларды (тәркілеу, тұрмыстық құндылықтарды өткізіп-қабылдау, істерді, құжаттарды жою, апат актілері) растап бекіту барысында әзірленеді. Актіге оны жасаушылардың пікірлері, ойлары (тексеру, зерттеу, ревизия жасау, бір затты сынақтан өткізу акті) жазылады. Мұндай актілерді өкілеттігін бір не бірнеше қызметкер растайтын құжат нұсқайтын уақытша немесе тұрақты комиссиялар жасайды. Кейбірі (пікірлері мен жарнамалаулары бар бақылап-тексеру актілері) бекітуге жіберіледі.

Актінің келісім мөрі болуы мүмкін.

Актінің мәтіні кіріспе және белгілеуші бөлімдерден тұрады.

Кіріспе бөлімінде актіні жасау негіздемесі, оны жасаған адамдар және қатысушылар (басшы, комиссия мүшелері, қатысқандар) көрсетіледі.

Белгілеуші бөлімінде атқарылған іс-әрекеттер (берілген уақыты, әдістері, түрлері, анықтылығы, маңыздылығы) сипатталады; нақты дәлелдер (оқиғалар) тіркеледі; актіні жасаушылардың шешімдері, пікірлері, ойлары, қорытындысы айтылады. Актінің мәтіні пункттерге және одан да кіші ішкі пункттерге немесе кесте түрінде жасалынуы мүмкін. Олардың қатысқандары туралы қосымша мәліметті мәтіннен кейін жазады.


Мәтіннің соңында (қосымша мәлімет бойынша) практикалық қажеттіліктер және нормативті ережелермен сәйкес актінің көшірмелерінің саны, әрбір көшірменің жіберілген мекен-жайы көрсетіледі.

Актіге барлық қатысқандар (қызметтері көрсетілмейді) қол қояды. Тексерудің және зерттеудің актілерімен қызметтерінің қатысы бар барлық адамдар таныстырылады. Осы жағдайда келісілген қол (Актімен танысқандар: қолы; уақыты) қойылады. Ескертулер болса, онда «Ескертулер қабылданды» белгісі қойылады. Актілерді жалпы бланкіде жазады. Ішкі актілер бланкіде толтырылмауы мүмкін.

АКТ үлгі-формулярының деректемелері:

  • мекеменің аты (министрлік немесе басқару органдарының аты, құрылымдық бөлім аты) – құжат авторы;

  • құжаттың түрі – АКТ;

  • мерзімі (акт жасалған оқиғаның күні, сол мезетте актіге қашан қол қойылғанына қарамастан жазылады);

  • нөмірі (бір жолаққа уақыты, күнімен);

  • құжаттың бұрыштамасы;

  • басылған жері (қала);

  • мәтін (1,5 интервал кейін жазылады);

  • қосымшасы (егер бар болса);

  • келісім мен бекіту мөрі (егер міндетті түрде қажет болса);

  • қол қою (кіріспе бөлімінде көрсетілгендердің);

  • құжаттың орындалуы және іске асырылуы туралы мәлімет.


Тәжірибелік жұмыс:

А.А К Т түрлері, 7 түрімен танысу оқушылардың алдарындағы а к т пен жұмыс істеу барысында 8 тұрақты жағдаймен, интервалдармен, реквизиттердің орналасу тәртіптерін анықтау
Б. 1 тапсырма. Мына төмендегі үлгіні негізге ала отыра алдарыңыздағы

А КТіні ресімдеңіз, барлық реквизиттерді анықтаңыз

В. Өз ойыңыздан бір АКТ түрін құрастырыңыз
Бекітемін

Кәсіпорынның басшысы

_____________________

Қолы Аты-жөні

00.00.00

Мөр
ІСТІ ТАПСЫРУ-ҚАБЫЛДАУ

АКТІСІ
00.00.00. _______________қаласы
Жұмыстан босатылатын бас бухгалтер ____________________________________________

(кәсіпорынның атауы)

_____________________________________________________________________________

(аты-жөні)

және жаңадан тағайындалатын бас бухгалтер ______________________________________

(аты-жөні)

№_________ бұйрық негізінде , 00.00.00. жағдай бойынша олардың істі тапсыру-қабылдау актісі жасалды.

Тапсыру-қабылдау актісі кәсіпорын директорының орынбасары____________________________________________________________________________________________________________________________қатысуымен жүргізілді.

(аты-жөні)

Істі тапсыру-қабылдау нәтижесінде:

1. Бас кітап толығымен «___»____________ жағдай бойынша толтырылды. Синтетикалық есеп талдама есептің тиісті позициясына сәйкестендірілді.

2. __________________________________шоты бойынша аналитикалық есептің карточкасы көрсетілді.

3. Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларына арналған ордерлік журналы көрсетілді, _________________________________талдама есеп бойынша ведомостар және депоненттерді тіркеу кітабы көрсетілді.

4. ___________________________________________________жылғы бухгалтерлік баланс көрсетілді.

5. Мыналар бойынша ________________________жылғы салық декларациясы көрсетілді:

- табыс салығы бойынша;

- ҚҚС бойынша;

- әлеуметтік салық бойынша.

6._________________________________ жылғы І, ІІ,ІІІ тоқсандар­дағы тексерулердің актілері көрсетілді.

7._________жылғы кәсіпорынның жылдық есебін тексерген тәуел­сіз аудитордың қорытындысы берілді.

8.Тізімдеме бойынша ___________________________іс архивке өткізілді.

9. Тізімдеме бойынша анықтамалық-нормативтік әдебиеттер тапсырылды.
Қосымша: 1. Кәсіпорын архиві ісінің тізімдемесі, 5 бет.

2. Анықтамалық-нормативтік әдебиеттер тізімдемесі, 2 бет.
Істі тапсырдым қолы аты-жөні
Істі қабылдап алдым қолы аты-жөні

Істі тапсырып-қабылдап алуға қатысқандар:

Кәсіпорын директорының орынбасары ____________________қолы

аты-жөні

Жұмысты тексеру : Оқушылардың орындаған жұмыстарын тексеру
Түзету жұмыстары: Құжаттарға қойылатын талаптар бойынша тексеру
Үйге тапсырма беру:А4 форматта АКТ түрін ресімдеңіз

12Тәжірибелік жұмыс

Тақырыбы: Жарғы
Жұмыс мақсаты: Жарғы және оның қандай жағдайларда жазылатындығына түсінік беру, реквизиттер құрамы туралы түсінік беру, Жарғы құрғызып үйрету
Материалдық қамтамасыздандыру: дайын жарғы үлгілері, оқушылардың папкалары, әдебиеттер: А . А Адельгужинов, К. Е. Ермекбаев, Тұрпатты ережелер, Астана – 2003,Скала В. И., Скала Б В., Скала Н.В, Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу,Алматы – 2007,М. Қасымбеков., Қ.Әлімқұлов., Екі тілде іс жүргізу , Алматы - 2004,Делопроизводство Адильбек Жақып, Астана – 2000, А. Алдашева, Ресми іс қағаздары, Алматы -2001
Әдістемелік нұсқаулар:

ЖАРҒЫ

 

Жарғы – ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның және жеке адамдардың қызметін, сондай-ақ олардың басқа мекемелермен, жеке адамдармен қарым-қатынасын реттейтін, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқықтарын және міндеттерін белгілейтін ережелер жинағы.

Жарғыны мемлекеттік өкімет және басқару органдары бекітеді, ал қоғамдық ұйымдардың жарғыларын (съезд) құрылтай қабылдайды және бекітеді.