Файл: Оу дістемелік кешеніне тсіндірме жазба Курсты масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 53

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

      5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер.
      Өтініш берушіге лицензия беруден бас тартылған жағдайда, бас тарту себептері көрсетіле отырып, жазбаша нысанда дәлелді жауап беріледі.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде лицензиялануға тиіс валюталық операциялардың ең аз сомасы, сондай-ақ берілген лицензияға сәйкес валюталық операция бойынша ақпарат ұсынудың нысандары мен тәртібі белгіленеді.

 

 

 

28 – Дәріс. Дебиторлық берешекті несиелеудің құқықтық нысаны

Жоспары : 1. Дебиторлық берешек

                     2. Дебиторлық берешекті несиелеу

Дебиторлық берешек
1) жеке немесе заңды тұлғалармен өзара шаруашылық қатынастардың нәтижесінде олардан кәсіпорынға (ұйымға‚ мекемеге) тиесілі борыштардың сомасы. Дебиторлық берешекте тұрған қаражат кәсіпорынның шаруашылық айналымына қатыспайды‚ сондықтан айтарлықтай сомада берешектің болуы оның қаржы жағдайына салқынын тигізеді‚ оны өндіріп алу мерзімін қысқарту шараларын қолдану қажет. Дебиторлық берешектің уақтылы өндіріп алынуы кәсіпорынның қаржы жағдайын жақсартудың аса маңызды құралдарының бірі. Түрлері: қалыпты (заңды) дебиторлық берешек – шартта белгіленген мерзімде кредитордың (сатып алушының) айналымынан қаражат алу; мерзімі өткен дебиторлық берешек – шартта белгіленген мерзімнен тыс төлем тәртібін бұзу жолымен айналым қаражатын алу; үмітсіз (неғайбыл) дебиторлық берешек – соттың өндіріп алудан бас тартуы немесе борышқордың төлем төлеуге қабілетсіздігі мүмкін емес деп танылған борыш. Үмітсіз дебиторлық берешек жағдайында берешек сомасы мен құжаттар бақылау үшін теңгерімде 3 жыл бойына (қуыну талабының ескіруі) және теңгерімнен тысқары шотта 5 жыл бойына есепке алынуға тиіс. Қуыну мерзімі өткеннен кейін дебиторлық берешек залалға жатқызылады;
2) несиеге тауар, материал жеткізуге, қызметтер көрсетуге немесе бөліп-бөліп төлеуге байланысты алынуға тиесілі шоттар. Кең таралған түрлері: сатып алушылар мен тапсырыскерлердің өздеріне босатылған тауарлар, материалдар, көрсетілген қызметтер үшін берешегі; орындалған, бірақ ақысы уақытылы төленбеген жұмыстар үшін берешек; ұйым өз 
қызметкерлеріне берген несиенің осы мақсаттар үшін алынған несиеден асып түсуі. Дебиторлық берешек ұйымның айналысынан қаражатты алаңдатады, оның қаржы жағдайын нашарлатады. Оны уақтылы өндіріп алу – ұйым бухгалтериясының аса маңызды міндеті. Талап ету мерзімі өткеннен кейін дебиторлық берешек залалға жатқызылып, есептен шығарылуға тиіс.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарларды, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ берешектер - Дебиторлық берешектер (Алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Осы  кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын)  уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті берешектер және ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл берешектердің есебі  «Алынуға тиісті шоттар» бөлімінің шоттарында есептеледі.

Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын дебиторлық берешектер «ағымдағы активтер» қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:

-    ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;

-    тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті берешектер;

-    вексельдер бойынша алынуға тиісті берешектер;

-    негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық берешектер;

-    ұйымның лауазымды адамдарының (тұлғаларының) дебиторлық берешегі;

-   басқадай дебиторлық берешектер.

Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексель бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша берешектер (дебиторлық берешектер) иелік ету хұқығымен қоса, заңды хұқығымен байланысты актив болып саналады. Қорытындылап айтатын болсақ «дебиторлық берешек» дегеніміз, бұл – иелік ету хұқығын қосқандағы заңды хұқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.

Ұйымның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық берешектердің айналымы жатады. Яғни дебиторлық берешектердің есептелген уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық берешегі оған байланысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады. Дебиторлық берешектер сатылған өнімдер мен тауарлардың құнынан баға жеңілдіктерін және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сома бойынша есептеледі. Бір жылдан астам уақыт бойы алынбаған  дебиторлық берешектер «
Ұзақ мерзімді дебиторлық берешектер» болып есептеледі. Дебиторлық берешектердің пайда болған (есептелінген) уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді.

 Кәсіпорындар өздерінің тауарларын сатқанда кейде сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді. Ұйымдардың бұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарлардың көлемін арттыру болып табылады. Сонымен қатар баға жеңілдіктерін ұйымның күмәнді берешектерінің сомасын қысқартуға үлкен әсер етеді. Халықаралық тәжірбиеде баға жеңілдіктері сөзімен бірге сауда жеңілдігі сөзі қатар қолданылады. Өз экономикасын нарықтық жолмен жүргізіп келе жатқан елдердегі ұйымдар сауда жеңілдігін тауарларды сатудағы жарнама ретінде пайдаланады. Ұйымдардың сауда жеңілдігін қолдануының мақсаты баға жеңілдіктерін пайдаланғандағы жағдаймен бірдей деп айтуға болады.

Кейбір жағдайларда сапасының төмендігінен немесе тауарлардың ақау болу себебінен сатылған тауарларды қайтаруға тура келеді. Бұндай тауарларды қайтарып алу сатушы ұйымдар үшін тиімсіз болады. Сондықтан да кәсіпорын сатып алушы заңды немесе жеке тұлғаның осы тауарлар бойынша борыш сомаларының мөлшерін қысқарту туралы талабын қабылдауға келісуіне тура келеді. Әрине аталған жеңілдікті жасау ұйымның келіп түсуге тиісті табыстарының көлемін азайтатындығы сөзсіз.

Кәсіпорындардың бухгалтериясы дебиторлық берешектер есебін жүргізу барысында мына төменде аталған құжаттарды қолданады:

нөмірі 7 – Журнал-ордер – «Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың берешегі» деп аталатын шотының кредиті бойынша;

нөмірі 8 –  Журнал-ордер – «Алынуға тиісті қосылған құн салығы», «Есептелінген пайыздар», «Басқадай дебиторлық берешектер» және «Берілген аванстар» деп аталатын шоттардың кредиті бойынша;

нөмірі 9 – Журнал-ордерге қосымша тізімдеме – «Берілген аванстар» шотының дебиті бойынша:

нөмірі 10 – Журнал-ордер – «Күдікті қарыздар бойынша резерв», «Алдғы кезең шығындары» шоттарының несие бойынша;

нөмірі 11 – Журнал-ордер – «Сатып алушылар және тапсырыс берушілердің берешегі» шотының және «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық берешегі» шотының кредиті бойынша жүргізіледі.

Стып алушылар мен тапсырыс берушілер және басқадай дебиторлармен есеп айырысудың есебі бойынша жоғарыда аталып өткен тіркелімдерден басқа дебиторлық берешектердің есебіне талдамалық есептің карточкалары, ажырату парақшалары, бухгалтерлік анықтамалары және тағы да басқа тіркелімдер (құжаттар) қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың жиынтығын анықтау үшін керек. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартында ұйымның бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барысында қолданатын барлық бланкілері үшін міндетті ортақ есеп беру формалары қарастырылмаған. Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін таңдап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсақ, олар негізгі есеп тіркелімдерінде үнемі қатысатын, эпизодтық болып бөлінеді және олар басқадай операцияларда қолданылады. Дебиторлық берешектер шоттарында есептелетін сомалардың дұрыстығы мен олардың толықтығын бақылау үшін түгендеу жүргізілуі қажет, ол құжаттар бойынша шоттарды корреспонденцияланатын шоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мұндағы басты мақсат  –  әрбір шоттағы сомалардың сәйкестігі мен дұрыстығын, толықтығын анықтау болып табылады. Дебиторлық берешегі есептеудегі басты мәселе сату мерзімін анықтау болып табылады, яғни сатып алушыларға тиеліп жіберілген немесе жөнелтілген тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің қашан сатылғанын тануында. Бухгалтерлік есептің көзқарасымен қарағанда, тауарлардың тиелуі мен сатып алушыға қаржылық және есеп айырысу құжаттарының ұсынылуы, тауарлардың сатылғаны деп танылады.


Дебиторлық берешектер келесідей бөлімдерден тұрады:

       «Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілер берешегі».

«Күмәнді дебиторлық берешектер».

«Еншілес серікестіктердің дебиторлық берешегі».

«Басқадай дебиторлық берешек».

«Алдағы кезең шығындары».

«Берілген аванстар».

Яғни осы жоғарыда аталған баптар бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан алашақ сомалары дебиторлық берешек болып табылады.

 

1.2 Дебиторлық берешекті беру-сату

 

Дебиторлық берешекті беру-сату мәміле жасау кезінде тараптардың қарым-қатынасы туындайтын міндеттемелерді орындауға бағытталған. Қызмет көрсету, тауарлар сату кезінде тараптардың бірі – дер кезінде ақы төленеді деп ойлайды. Егер мәміле бойынша ақы алдын – ала төленген болса, одан әрі қиындық туындамайды. Егер сатып алушы көзделген мерзімде есеп айырыспай, соның себебінен сатушыда дебиторлық борыш сомасының туындауына әкеп соқтырса, қиындықтар туындайды. Одан кейін сатушының сатып алушыдан борышты акцептсіз өндіріп алуы мүмкін болмайды, өйткені өзара есеп айырысудың негізгі нысаны акцепттік тәртіппен, яғни сатып алушының келісімі бойынша көзделген.

Дебиторлық берешектің ауқымына байланысты кәсіпорында айналымнан қаржыларды оқшауландыру, ақшалай қаражат айналымдылығы мерзімдерінің баяулауы және дебиторлық борышты қайтару мерзімінің ұзақтығы пайда болады.

Тауар запастарымен салыстырғанда дебиторлық берешек – бұл ақшалай қаражаттың (ақы төлеу) келіп түсуі жолындағы бір қадам алға басу. Алайда «Қысқа қадам» сияқты болып көрінетін осы соңғы қадам көбінесе бола бермейді. Іс жүзінде пайда болған дебиторлық берешектен кейін 90 күн өткеннен соң сатушы күдіктенеді де, белгілі бір іс-қимылдар жасай бастайды, бірақ олар әрдайым ойдағыдай аяқтала бермейді.

 

Берешектің нақтылығын және дебитордың бар екендігін растау жөніндегі  іс- қимылдың бірі есепті күнге салыстырып тексеру актісін жасау болып табылады, бірақ бұл әрекет ақшалай қаражатты қайтаруға кепіл бола алмайды. Міндеттемелерді орындамау жағдайларының жиілеп кетуіне байланысты  «Векселдік айналым туралы» ҚР заңдарында міндеттемедегі талаптан қайту ретіндегі шарт нысаны – цессия көзделген. Анағұрлым кең тараған нысан факторингілік компанияның дебиторлық берешегін сату болып табылады.


Факторингілік компания – бұл белгілі бірсыйақыға кәсіпорынның дебиторлық берешекті сатып алатын, содан кейін тікелей тауар (жұмыстар, қызметтер) сатып алушылардың борыштарды жинайтын қаржы компаниялары немесе банктер. Факторинг кезіндегі негізгі рәсімдерді сызба түрінде беруге болады:

 

Сатып алушы- компания

                               тауар, қызмет

Сатушы-

компания




                                                                                              несие шартын

                                                                                                                  сұрайды

Несие шартындағы факторингілік компания

      

      төлем  жасайды

                                                                                     

                            алдын-ала қолма қол

                                                                                                          ақша төлейді               

1–сызба

Факторинг кезіндегі негізгі рәсімдердің сызбасы

 

Яғни факторинг – бұл төлемнің көп бөлігін, берешектің толық өтелу кепілдігін дереу алу, шоттарды жүргізу жөніндегі шығындарды кеміту мақсатымен тауар сатушы тауар мәмілелері бойынша қысқа мерзімді талаптарды қайта табыстайтын қаржыландыру жүйесі.

Әлбетте, өз қызметтеріне факторингілік компаниялар несие мен комиссия үшін проценттер өндіріп алады. Бұл орайда дебиторлық борыш кері талап қою құқығымен не кері талап қою құқығынсыз сатылуы мүмкін.

Кері талап қою (регресс) – бұл мынадай жағдайда дебиторлық берешекті жинау жөнінде құқық беретін тұлғадан төлемдерді алуға арналған дебиторлық берешекті жинау жөніндегі құқық ауысатын тұлғаның құқығы (факторингілік компанияның құқығы):

  1. Дебиторлар берешекті белгіленген уақытта өтемесе;

  2. Мерзімінен бұрын төлесе;

  3. Аударылған дебиторлық берешектің қолайсыз болуы салдарынан туындаған түзетулер енгізсе.

 

       Витулаева Т. «Дебиторлық борышты беру-сату»