Файл: Орта таырып Блімше.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.04.2024

Просмотров: 42

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.







Мұғалім:

Айырбас жасала ма?

Мұндай жағдайдан шығудың қандай жолын ұсынасыңдар?

– Бұл екі адамның арасындағы бартерден көп уақыт алатынын байқадыңдар. Көп адамдар арасында бартер жасау одан да қиынырақ. Ал енді тіршілікке

қажетті барлық заттарды: киімді де, аяқкиімді де, тамақты да

айырбастап алу керек болды. Бұл күрделі жағдай. Бұдан гөрі

айырбастың сатып алу, сату деп аталатын басқаша түрі айтарлықтай ыңғайлы болады.

Сатып алу-сату – ақшамен жасалатын айырбас түрі.

Сызба бойынша сауданың: тауарды сату мен сатып алудың қалай

жүретінін түсіндіріңдер.

– Сауда – тауарды ақшаға айырбастау болып табылады.

Оқулықтағы суретке қарап, ақшаға айырбастауға болатын тауарларға мысалдар келтіріңдер.

Сауда былай жүреді: алдымен өз тауарларыңды сатасыңдар, яғни оны ақшаға айырбастайсыңдар, ал түскен ақшаға өздеріңе қажетті заттарды: азық-түлік, киім т.б. заттарды сатып аласыңдар.

Оқушылар күрделі мәселені шешуге кіріседі.

Оқулықтағы суретке қарап, ақшаға айырбастауға болатын тауарларға мысалдар келтіреді.





Оқулық







Сонымен, балалар, сабақта не оқып- үйренгенімізді қайталайық:

  • Айырбастың қандай түрлері

болады? (бартер және сатып алу- сату).

  • Ақшаны қандай тауарларға айырбастауға болады? Қандай

қызмет түрлеріне төлеуге болады?
Оқушы дәптерімен жұмыс. А. Сөз қос:

Айырбасқа немесе сату үшін өндірілетін өнім

Тауарды сатып алу мен сатуда қажетті құрал
Мұғалім:

  • Көптеген адамдар ақшаны ненің есебінен алады?


Мұғалім:

  • Адам тапқан ақшасына не сатып алады?


Сергіту сәті.

Көтер басты – бір, екі. Қолды кең жай – үш, төрт. Ақырын отыр – бес, алты. Отырамыз, демаламыз, Содан соң оқи бастаймыз.
Көзге арналған жаттығу

Ж. – отырып. 1-2 мин ішінде тез көзді жыпылықтату.

Сұрақтарға жауап береді.


Оқушы дәптерімен жұмыс орындайды.

Оқушылар:

Еңбекақы есебінен, яғни еңбек үшін төлем (қысқаша жалақы).
Оқушылар: Тауарлар мен қызметтер.

Сергіту жаттығуын орындайды.
Көзге арналған жаттығу

Ж. – отырып. 1-2 мин ішінде тез көзді жыпылықтатады.




Оқушы дәптері








Оқулықпен жұмыс


Мұғалім үшін мағлұмат:

Ақша тарихынан. Ақша әртүрлі болды.

Тарихты еске түсіріңдер: ерте

уақытта ежелгі гректерді, славяндар мен римдіктерде мал ақша есебінде жүрді, өйткені олар мал бағумен айналысты. Қытай мен Жапонияда күріш, Моңғолияда шай, Русьте аң терілері ақша есебінде қолданылды.

Яғни әр халықтың тауарларының ішінен барлығына немесе көпшілігіне бағалы болып саналатын ең маңыздылары мен қажеттілері таңдап алынды. Тіпті тас ақшаларда болды, Тынық мұхиттағы Яп аралының тұрғындары қоғамдық шығындар мен сот дау-дамайларына төлемді

тас табақшалары (дискілері) арқылы жасады. Олардың ірілерінің

диаметрі 4 метрге дейін жетті. Кейбір халықтар ақша есебінде тұзды пайдаланды, ол ұзақ сақталады, әрі ас даярлау үшін үнемі қажет еді.

Үндістанда, Тайландта және Африкада каури қабыршағын ақша ретінде пайдаланды. Мөлшермен 4,5 мың жыл бұрын Египетте тауар

Оқушылар оқулықтағы

мәтіннен адамзат тарихында қандай тауарлар ақша есебінде жүргені туралы оқиды.




Оқулық







мен қызмет көрсетуге төлем жасау үшін әртүрлі металдарды –

алтынды, күмісті және мысты қолдана бастады. Алдымен олар құйма түрінде айналымға түссе, кейінірек құймаларды ұсақтап, монеталар жасай бастады.

Монеталар қымбат, берік әрі

ыңғайлы болды. Олар мал секілді өліп қалмайтын немесе аң терісі секілді бұзылып кетпейтін ақша болды. Оның үстіне монеталарды өлшемей, жеке санап беріп төлем

жасауға болатын еді. Алғашқы қағаз ақша Қытайда болды, ол жақтан әлемнің басқа елдеріне тарады. ХХ ғасырда адамдар сатып алған заттарға төлем жасауға өте қолайлы пластик банк карточкаларын

пайдалана бастады. Пластик карточкалардың көмегімен есептесуді білдіретін «электрондық ақша» термині пайда болды.

Мұғалім: – Қалай ойлайсыңдар, металл ақшамен салыстырғанда қағаз және электрондық ақшалардың қандай артықшылығы бар?
Электронды ақшаның артықшылығы: есеп жасауға ең қолайлы әдістердің бірі. Қолма-қол ақша болмаса да, банктегі есепте

бар болса, әлемнің кез келген


Жауаптар:

Қағаз ақшамен пластик карточкалардың артықшылығы: жеңіл әрі ыңғайлы (өзіңмен алып жүруге).














жерімен есептесуге болады.

Әр елдің сыртқы түрлері қайталанбайтын және бір-біріне ұқсамайтын өз ақша белгілері

бар.

«Оқушы дәптеріндегі» жұмыс. В. тапсырманы орындау.

(жауаптар: 1 – Ресей, 2 – Қазақстан, 3 – Өзбекстан, 4 – Қырғыстан).
ҚБ дәптерде орындалған

тапсырманы оқушылардың өзара тексеруі. «Бас бармақ» тәсілі.


«Оқушы дәптеріндегі» жұмыс. В. тапсырманы орындайды.


ҚБ дәптерде орындалған тапсырманы оқушылардың өзара тексеруі. «Бас бармақ» тәсілі.


Оқушы дәптері

Соңы

«Оқушы дәптеріндегі» С. тапсырманы орындау.

Қажетті фигураны таңдап √ белгісін қою арқылы сабақтағы өз

жұмысыңа баға бер.

«Оқушы дәптеріндегі» С. тапсырманы орындайды.

Қажетті фигураны таңдап, √ белгі қою арқылы сабақтағы өз жұмысыңа баға беру.

Оқушы дәптері



  1. сабақ




Ортақ тақырып: Бөлімше:

Тағам мен сусын

1.1. Мен және менің отбасым

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың

тақырыбы

Біздің қажеттіліктеріміз бен мүмкіндіктеріміз




Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.1.1.5 – тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымы, олардың өндіру көзін анықтау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

  • қажеттілік дегеннің не екендігін, білетін болады;

  • әлемдегі ресурстардың шектеулігін және таңдау жасау қажеттілігін түсінетін болады.

Көптеген оқушылар:

  • сатып алу үшін және қажеттіліктерге төлем жасау үшін қаржының қайдан алынатынын түсіндіреді;

  • адам қандай қажеттіліктерсіз өмір сүре алмайтынына, ал қайсылары бұрынғы қажеттіліктерді қанағаттандырғаннан кейін пайда болатынына талдау жасайды.

Кейбір оқушылар:

  • өзінің және өз отбасының қажеттіліктеріне зерттеу жүргізе алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың

кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Сабаққа психологиялық көңіл күй қалыптастыру.
Мұғалім:

– Көздеріңді жұмыңдар. Бір-

бірлеріңе ойша жүрек жылуын жіберіңдер. Ойша барлығына

«Қайырлы таң!» деңдер. Өздеріңе сәттілік тілеп, іштеріңнен «Ісім оңды болсын!» деп айтыңдар.

Сендер қазір өте әдемісіңдер, сендерді әдемі ететін жақсы, мейірімді ойлар. Жарайсыңдар! Көздеріңді ашыңдар. Отырып, жұмысымызды бастаймыз!
Ж.Ұ Үй тапсырмасын тексеру.

Оң психологиялық көңіл күй қалыптастырады.

Көздерін жұмып, бір- бірлеріне ойша жүрек жылуын жіберіп, ойша барлығына «Қайырлы таң!» деп, өздеріне

сәттілік тілеп, іштерінен

«Ісім оңды болсын!» деп айтады.














Мақсатты тұжырымдау.

Мұғалім:

Балалар адамға өмір сүру үшін не қажет?
«Сөз айт» тәсілі.

Мұғалім: – Адам өмірі үшін керекті заттардың бәрі

қажеттіліктер деп аталады. Біздерге ең қажетті баспана,

Тамақ, киім, дәрі, су, басқа да Ойыншық, доп пен кітаптар, Компьютер, көзәйнек, мопед Балаларға қажетті заттар.

Санап бітпессің сен мүлде, Бәрі де қажет өмірде.
Ж.Ұ. Мұғалім: Қалай ойлайсыңдар, бүгін сабақта не туралы айтатын боламыз?

Мұғалім сабақтың мақсатын нақтылайды:

– Сендер тек өз қажеттіліктеріңді анықтап қоймай, оларды алатын көздерді де анықтайсыңдар.

Оқушылар адамдардың неге тауар айырбасын

бастағаны туралы айтып береді.
Оқушылар дөңгелене тұрып, кезекпен сөздер айтады. Жауап беретін бала жанындағы тұрған оқушының иығына қолын тигізеді. Тамақ, үй, ойыншықтар, кітаптар, киім, су және т.б. сөздер айтылады.


Оқушылар жауаптарын айтады.

ҚБ. Мұғалімнің ауызша мадақтауы.







Ортасы

Мұғалім: – Мынандай жағдайды елестетейік...

Дүниеде бір адам өмір сүруде. Онда бәрі бар. Оның бәріне көңілі толады, ол еш нәрсе туралы армандамайды, ештеңеге

ұмтылмайды. Ол тек өмір сүруде және ешқандай қарекет

жасамайды. Мұндай жағдай болуы мүмкін бе? (жоқ). Ондай жағдай – қиял-ғажайып секілді. Неге?
Мұғалім оқушылардың

жауаптарын қорытындылайды:

– Бұл қиял-ғажайып жағдай, өйткені адам баласы өз

қажеттіліктерін өтеу үшін өмір бойы еңбек етеді.
Қажеттіліктер дегеніміз не сонда? Сендердің ойларыңша

«қажеттілік» сөзі нені білдіреді?
Мұғалім: – Қажеттіліктер – адам үшін өмірдегі барлық керекті нәрселер. Оқулықтағы суретке қарайық. Бұл тұтыну заттарының қайсысы сендерге қажет, неге?

Адамның қажеттіліктері ненің көмегімен қанағаттандырылады? Не көмектеседі?

– Кейбір қажеттіліктер табиғатта барлық адамдар үшін тегін (су, ауа, өсімдіктер).


Оқушылардың жауабы

Оқушылардың жауаптары:

  • тілек;

  • мұқтаждық;

  • бір нәрсені қалау.




Оқушы дәптері








Су, ауа, күн, ай, жаңбыр, жемістер, балық, саңырауқұлақтар барлығы

– табиғаттың сыйы қандай керемет!

Мұғалім: – Кейбір қажеттіліктер адамның экономикалық (шаруашылық) қызметінің өнімі. Кітаптар, компьютер, сағаттар, үйдегі жылу, дүкендегі тамақтар. Заттардың адамға керегін экономика береді.
«Оқушы дәптеріндегі» А 1.2. тапсырманы орындау.

Ж. Орындалған тапсырмаларды өзара жұптасып тексеру.

Сергіту сәті Сағаттың тіліндей Иіліп оңға бір, Сағаттың тіліндей Иіліп солға бір, Оң аяқ! Сол аяқ! Жаттығу оңай-ақ!

Қарлығашқа ұқсайық, Кәне, қанат жаяйық. Қарлығаш боп ұшайық, Ұшып-ұшып алайық.

Тік ұста да бойыңды, Жоғары соз қолыңды.


«Оқушы дәптеріндегі» А

1.2. тапсырманы орындайды.

Сергіту жаттығуын орындайды.



ҚБ. «Бас бармақ» тәсілімен өзара баға беру.


Оқушы дәптері







Мұғалім: – Ал қазір біз адамның барлық қажеттіліктерін өтеу мүмкін бе, соны талдаймыз.

Оқулықтағы суретті қарап шығыңдар. Арманның қолында аздаған ақша бар, ол сол ақшаға балмұздақ, кітап, сникерс және

плеер сатып алғысы келеді. Қалай ойлайсыңдар, мұның бәрін сатып алуға баланың ақшасы жете ме?

Неге екенін түсіндір. Оқушылардың жауаптары.
Мұғалім: – Арманға не істеу керек?
Мұғалім: – Дұрыс, балалар! Оған ақшасы жететін заттарды ғана таңдап алу керек. Әрбір адам үнемі өзіне ең қажетті деген затқа таңдау жасайды. Яғни «алғым келеді» және «қажет» деген

сөздердің айырмашылығын түсіне білу керек, біз осыған үйренеміз.

Әркімнің өз қиялы мен тілектері бар. Кейбіреуде олар қарапайым болса, кейбіреулердікі тым асқақ болып келеді. Тілектер орындалу үшін оған күш салу қажет.

Тілектің бәрі ертегілерде ғана орындалады, ал өмірде жетістікке жету үшін күн сайын еңбектену қажет. Бұдан басқа тағы бір ақиқатты есте ұстасаңдар: дүниеде ресурстар мөлшері шектеулі.

Оқулықтағы суретті қарайды, сұраққа жауап береді.

Оқушылардың жауаптары




Оқулық







Ресурстар не екенін оқулықтан қараңдар.
Оқулықпен жұмыс

Мұғалім: – Балалар! Біздің қажеттіліктерімізді қанағаттандыратын ресурстар

қайдан келетінін ойластырайық. Сендер бұл сұраққа қалай жауап бересіңдер?
Ұ. «Миға шабуыл» тәсілі. Мұғалім тақтаға оқушылар айтқан пікірлердің барлығын жазады.

Қажетті пікірлерді таңдап аларда қайталанып келетіндерін,

тақырыпқа қатысы жоқтарын жою қажет.
Мұғалім:

Бұл ресурстар шексіз деп айта аламыз ба?

Жоқ, әрине.

Мұғалім оқушылармен барлық ресурстар шектеулі деген қорытынды жасайды. Тек ақшалай ғана емес, материалдық ресурстар да солай. Мысалы, тауарлар

жасалатын шикізат, пайдалы қазбалар шектеулі.

Ресурстар шектеулі болғандықтан, адамдар үнемі таңдау жасайды.

Адам өзіне бір затты сатып ала отырып, екіншісінен бас тартады.



Оқулықпен жұмыс орындайды.
Оқушылардың жауаптары:

ата-ананың еңбек ақылары, әженің зейнетақысы, атаулы көмек және т.б.

Оқушылар сұраққа жауап береді.