Файл: Орта таырып Блімше.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.04.2024

Просмотров: 43

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.







Мақсатты тұжырымдау

Мұғалім: – Балалар, әр адам білім алуға талпынады. Көптеген жаңа, қызықты нәрселерді білгісі келеді. Сендер де білгілерің келе ме?

Ж.Ұ. «Ежелгі адамдардың өмірі қалай өзгерді?» атты сабақтың тақырыбын оқыңдар. Бұл тақырып бойынша сендер не білесіңдер?

Сендердің ойларыңша, бүгінгі сабақта біз не білетін боламыз?
ФТ.

Мұғалім:

– Ежелгі адамдардың өмірі бір қалыпты болған жоқ. Мыңдаған

жылдар барысында өзгеріп отырды. Оған табиғаттың тікелей әсері болды. Өмір сүру үшін адамдар жаңалықтар ашып, жаңа нәрселер ойлап табумен болды.

Бүгін сендер көрнекі материалдарды оқып-үйрену негізінде ежелгі

адамдардың өмірінде болған өзгерістер туралы айтып беретін боласыңдар.


Сабақтың тақырыбын оқиды. Бұл тақырып бойынша сендер не білесіңдер? Сендердің ойларыңша, бүгінгі сабақта біз не білетін боламыз?
ФТ. Оқушылардың жауаптары







Ортасы

Мұғалім: – Біз тағы да өткен кезеңдерге саяхатқа аттанамыз.

Ежелгі адамдар пайда болған кезде Жердегі климат қалай болғанын еске түсіріңдер.







Тақтаға

бейнеленген тікбұрыш







Оқушылардыңжауаптарын

тыңдағаннан кейінмұғалім

жалғастырады:

– Мөлшермен 100 мыңдай жыл бұрын жер беті қатты суынды, адамдар өмірі үшін қатал сынақ басталды.

«Идеялар кілемшесі» тәсілі.

Суыну жағдайында тірі қалу үшін адамдарға не қажет болды?

Мұғалім тікбұрыштың ішіне оқушылардың жауаптарын жазады:
От
баспана

Мұғалім:

Ежелгі адам еңбектің арқасында тірі қалыпты. Еңбек етіп, ол баспана салды, киім тікті, отты пайдаланды.

Суықтан аман қалу үшін ежелгі адамдардың ашқан ең маңызды жаңалығы қандай?
ФТ. «Эврика! Таптым!» тәсілі Дұрыс жауап: от.
Мұғалім: – Оқулықтағы мәтінді (алғашқы екі абзацын) оқып шығамызда адамдар үшін оттың маңызын көрсететін сызбаны қарастырамыз.

ФТ. Оқушылардың жауаптары:

Жер бетінде ежелгі адамдар пайда болған кезде климат жылы болды.

Сұраққа жауап береді.





Оқушы дәптері Оқулық








Мұғалім: – Ұзақ уақыт бойы адамдар от жағуды білмеді, сондықтан

өздерінің тұрған жерлерінде күндіз- түні отты сөндірмей жағып отырды. Оттан айырылу ежелгі адам үшін үлкен бақытсыздық әкелер еді.

Кейінірек адамдар от жағуды үйреніп алды.
Алақандарыңды бір-біріне үйкегенде нені сезесіңдер? Ежелгі адамдарда құрғақ ағашты бір-біріне үйкегенде жылу бөлінетінін байқаған. Бірақ мұндай тәсілмен от жағу үшін ептілік пен шыдамдылық қажет болды. От қазіргі кезде де біздің өміріміз үшін үлкен рөл атқарады. Ал ежелгі адам үшін ол аса қажет болды.

«Оқушы дәптеріндегі» А.

тапсырманы орындаймыз. Оқулық мәтінімен жұмыс істейміз.
Мұғалім:

– Ал қазір біз жаттығу барысында сендердің оқығандарыңды қалай түсінгендеріңді тексереміз.
Сергіту жаттығулары.

«Үңгірде» Үңгірдеміз қазір біз, Теріні қолға аламыз, Инемен үш, төрт,

Қолымызды созамыз.


«Оқушы дәптеріндегі» А. тапсырманы орындайды.

ФТ. Оқушылар кезекпен бір сөйлемнен оқулық мәтінін параграф соңына дейін оқиды.

Сергіту жаттығуын орындайды.





Оқушы дәптері

Оқулық







Оқушылар бірнеше рет қолдарын жан-жаққа созады.
«Садақ пен жебелер»

Зымырап жүгірген маралды, Көздеп садақпен алдым.

Адырна қатты тартылды, Жебе аңға атылды.

Оқушылар оң қолдарымен садақ ұстап, сол қолдарымен адырна тартудың қимылын келтіреді де, ойша жебені жібереді.
«От»

От суықта үміт береді,

Адал достай көмекке келеді. От көмек болар түні бойы, Оттан қорқар қасқыр үйірі. Үйрену үшін от жағып,

Мыңдаған жылдар кетті анық. Құрғақ ағашты бір-біріне үйкедім, От жағуды да үйрендім.
Оқушылар бір-бірінің алақандарын үйкейді.

Екі тасты қолға алып, Бір-біріне соғамын.

Одан шыққан ұшқынмен. Мүкті тамызып жағамын.

Балалар таспен тасты соққандай қимыл жасайды.


Оқушылар бір-бірінің алақандарын үйкейді.
Топқа бөлініп, әр топ жеке тапсырма алады.
Т. Топпен жұмыс істей отырып, оқушылар түсініктер













Балаларды санына қарай топқа бөлу.

«Байланыс» тәсілі.

Әр топ жеке тапсырма алады.

1-тапсырма (әр топқа бір сөйлемнен). Түсініктер арасындағы байланысты табыңдар.

  1. Ұлы мұз басу – от.

  2. От – қуырылған ет.

  3. От – күйдірілген ыдыс – ыстық сұйық тамақ.

  4. Ұлы мұз басу – баспана мен киім.

  5. Зілдердің қырылуы – садақ пен жебе.

  6. Мұздықтардың еруі – сал мен қайық.


Т. Топпен жұмыс істей отырып, оқушылар түсініктер арасындағы байланыстарды табады.

  1. Ұлы мұз басу – суыну, аман қалу қажеттілігі, адамдар отты табуды үйренеді.

  2. От – оттың арқасында адамдар етті отқа пісіріп жеуді үйренді.

Қуырылған ет шикі етке қарағанда дәмдірек болды және оны адам ағзасы жеңіл қабылдады.

Адамның миы дамып, түйсік пайда болды. Адамның бет пішіні өзгеріп, төменгі жақ сүйегі мен тістері тамақ

шайнауға бұрынғыдай көп күш қажет болмағандықтан кішірейді.

  1. От – отқа күйдірілген қыш ыдысты отқа қойып, сұйық ас әзірлеу мүмкін

арасындағы байланыстарды табады.






Оқушы дәптері








болды. Ондай тамақты адам ағзасы жылдам қорытатын болды.

  1. Ұлы мұз басу – суыну аман қалу қажеттілігі, адамдар баспана салып, киім тігуді үйренді.

  2. Зілдер қырылды – жер бетінде адамдарды көрсе қашатын (ұшып кететін) ұсақ жануарлар мен құстар қалды, адамдар алыстан көздеп ататын садақ пен жебені ойлап тапты.

  3. Мұздықтардың еруінен жер

бетінде өзендер тасып, көлдер пайда болды, оларды жүзіп өтудің

қажеттілігінен адамдар қайық пен сал ойлап тапты.
2-тапсырма. Ежелгі адамдардың – аңшылар мен терімшілердің ас мәзірін құрастырыңдар.

Топтардың баяндаулары.
ҚБ. «Мұғалімнің сөзбен бағалауы» тәсілінің көмегімен баға беру.

«Оқушы дәптеріндегі» В. тапсырманы орындау.


«Оқушы дәптеріндегі» В. тапсырманы орындайды.


ҚБ. «Мұғалімнің сөзбен бағалауы» тәсілінің көмегімен баға беру.




Соңы

«Иә-жоқ» ойыны

Егер тұжырыммен келіссең, «иә» деп жаз. Егер келіспесең – «жоқ» деп

жаз. «Оқушы дәптеріндегі» В. тапсырма.

«Оқушы дәптеріндегі» В. тапсырмасын өздігінен орындайды.




Оқушы дәптері







ҚБ. «Пантомима»

– Балалар, өз жұмыстарыңның нәтижелерін пантомимамен көрсетіңдер. Егер өз жұмыстарыңа

көңілдерің толса, екі қолдарыңды да көтеріңдер; егер көңілдерің толмаса, бастарыңды төмен түсіріңдер.

Егер сендерге бәрібір болса –

беттеріңді қолдарыңмен жабыңдар.

Өз жұмыстарының нәтижелерін пантомимамен көрсетеді.

ҚБ. «Пантомима»

Бір бет ақ қағаз



  1. сабақ




Ортақ тақырып:

Бөлімше:

Тағам мен сусын

1.1. Мен және менің отбасым

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Адамдар үнемі сауда жасады ма?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.1.1.4 – тауар-ақша қатынасының қарапайым түрлерін түсіндіру.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

  • сауданың не екенін білетін болады;

  • тауарларды сату және сатып алудағы ақшаның рөлін түсінеді.

Көптеген оқушылар:

  • тауарларды тікелей айырбастау мен сату және сатып алудың айырмашылығына талдау жасай алатын болады;

  • ақшаның неліктен пайда болғандығына талдау жасайды.

Кейбір оқушылар:

  • сауданың: тауарды сату мен сатып алудың қалай болатынын сызба бойынша түсіндіріп бере алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың

кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар





Басы

Сабаққа психологиялық көңіл күй қалыптастыру.

Тақтада «Қалаймын», «істей аламын», «қолымнан келеді»,

«істеймін» деген сөздер. Мұғалім оларға былайша түсіндірме береді:

«Қалаймын» – мен сендердің білімдерің мен түсініктеріңнің көлемінің ұлғаюын тілеймін.

«Істей аламын» – сабақта қателесу, күмәндану, кеңес алу мүмкін

болады.

«Қолымнан келеді» – біз сендермен оқып-үйренген материалды мәселелерді шешуде,

тапсырмаларды орындауда қолдана аламыз.

«Істеймін» – әрқайсысымыз өзімізге

«өткендегілер туралы қажетті мәліметтерді өзім іздеп, тауып, болашаққа болжам жасаймын» – деген нұсқау береміз.
– Қымбатты балалар! Мен сендерге сабаққа мынандай көңіл күймен келдім (күнді көрсетеді).

Ал сендердің көңіл күйлерің қалай?

Оны суреттердің бірін таңдау арқылы көрсетіңдер.

Ашық Бұлтты күн Жаңбырлы күн күн
Үй тапсырмасын тексеру

Көңіл күйлерін суреттердің

бірін таңдау арқылы көрсетеді.

Оқушылар «Ежелгі адамдардың өмірі қалай өзгерді?»

тақырыбына жазылған эссені оқиды.













ҚБ. «Найзағай жарығы» тәсілінің көмегімен өзара баға беру:

естігендерге өзінің көзқарасын

  • еліктіреді;

  • пайдалы;

  • қызығушылық танытамын;

  • қажет;

  • білдім және т.б. сияқты бір сөзбен білдіреді.


Мақсатты тұжырымдау:

Тақтада сабақтың тақырыбы

жазылған. «Адамдар үнемі сауда жасады ма?»
Мұғалім:

Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақта немен байланысты жұмыс істейміз?

  • сауда дегеніміз не? ол қалай пайда болғанын білеміз;

  • ақша не себепті пайда болғанын анықтаймыз.


Ұ. Оқушылар сабақ соңында жетуге тиісті мақсаттарды түсіндіреді:

  • сауда дегеніміз не? ол қалай пайда болғанын білеміз;

  • ақша не себепті пайда болғанын анықтаймыз.

ҚБ. «Найзағай жарығы» тәсілінің көмегімен өзара баға беру.

Күн, бұлтты және жаңбырлы ауа райының суреттері

Ортасы

Мұғалім: – Осы сұрақтарға жауап беру үшін өткен уақытқа саяхат жасауымыз керек. Дайынсыңдар ма? Онда аттанайық. Оқулықтағы ежелгі адамдарға арналған бетті ашыңдар. Біз өткен уақытқа тап

болдық. Мыналар кімдер? (алғашқы қауым адамдары). Қалай

ойлайсыңдар, алғашқы қауым адамдарында ақша болған ба? Әрине, жоқ. Алғашқы қауым адамдары үңгірлерде тұрды, аң

Сұрақтарға жауап береді.




Оқулық








терілерін киді, табиғаттың бергенімен қоректенді.

Уақытпен тағы да мыңдаған

жылдарға қозғалайық. Адамдар енді өздеріне қажетті өсімдіктерді

өсіріп, кейбір аңдарды қолға үйретіп үй жануарларына

айналдырды, темірден құрал жасап, мата тоқуды және т.б. үйренді. Әр

істің шеберлері қажет болды. Кез келген адам өсімдік өсіріп, мата тоқып, аяқкиім тігіп және темірден құрал жасай алмады. Сол сияқты кез келген адамның қолынан үй салып, егін өсіру келмеді. Бұл

жұмыстарды адамдардың өзара бөлісіп атқаруы керек болды.

Біреулер аң аулады, кейбіреулер үй жануарларын өсірумен айналысса, енді тағы біреулері егін салды, темірден құралдар жасады т.б.

Мұндай қоғамда не байқалды?

Өз еңбектерінің артық өнімдері мен басқа адамдардың өнімдеріне

қажеттілік пайда болды. Адамдар енді не істеді?

Дұрыс, олар енді әртүрлі өнімдер мен тауарларды айырбастай

бастады, өйткені ол кезде ақша

болған жоқ. Олар айырбас жасады (сауда келісімі). Мысалы, жылқыны екі қап астыққа, арбаны қойға деген сияқты. Ондай айырбасқа мысалдар келтіріңдер.
















  • Ондай айырбас түрі бартер деп аталады. Бұл – бір тауарды

екіншісіне тікелей айырбастау болып табылады.

  • Бәрі де қарапайым әрі ыңғайлы секілді. Жақсы, екі адам бартер

жасады, ал егер мынандай жағдай болса ше?
Оқулықты ашып суретке қараңдар.

Қалай ойлайсыңдар, тауар айырбасы бола ма?
«Қойылым» тәсілі.

Тақтаға төрт оқушы шығады. Олардың қолдарында суреттер бар (қыш құмыра, астық қапшығы, мата, қой).

Оқулықты ашып, суретке қарап,ойларымен бөліседі.

Тақтаға төрт оқушы шығады. Олардың қолдарында суреттер бар (қыш құмыра, астық қапшығы, мата, қой).


  1. ші оқушы: Мен қыштан ыдыс жасаушымын, астық сатып алғым келеді.

  2. ші оқушы: Мен диқанмын, астық өсіремін. Маған қой керек.

  3. ші оқушы: Мен

тоқымашымын, мата тоқып, сатамын. Қыш құмыра сатып алғым келеді.

  1. ші оқушы: Мен малшымын, қой мен ешкі өсіремін, өзіме киім тігу үшін мата сатып алуым керек.




Оқулық

Суреттер (қыш, құмыра, астық, бір қапшық астық, мата, қой)