Файл: Физикалы География httpst meqrtarix.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.04.2024

Просмотров: 56

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Саяси картасы

  1. Еуропаның қазіргі заманның саяси картасында неше ел бар: 40-тан аса

  2. Ең ірі елдері: Франция, Испания

  3. Бейтарап елдер: Аустрия, Швейцария

  4. Аймақтағы ең ұзын ел: Норвегия (1750 км)

  5. Саяси картаның бір ерекшелігі – ерегейжелі елдерінің болуы: Ватикан, Монако, Сан-Марино, Андорра

  6. Халқының саны жөнінен көзге түсетін ел: Германия

  7. Шетелдік Еуропаның діні: христиан діні

  8. XIX ғасырдағы эмиграция ошағы болып саналады: Еуропа

  9. Еуропаның және дүние жүзінің ең ірі қаржы орталығы: Лондон,Цюрих,Люксембург


Өнеркәсібі

  1. Батыс Еуропадағы өнеркәсіптің негізгі саласы: Машина жасау

  2. Машина жасаудан кейінгі маңызды сала: Химия өнеркәсібі

  3. Аймақтағы химия өнеркәсібі жоғары деңгейде дамыған аса «химияландырылған» ел: Германия

  4. Франция: жасанды каучук өнімдерін береді

  5. Бельгия: тыңайтқыштар, сода өнімдерін береді

  6. Швейцария: фармацевтика өнімдерін береді

  7. Атом энергетикасын дамытуда алдынғы орында: Еуропа

  8. АЭС-тарда электр энергиясының 50%-ын өндіретін елдер: Франция, Бельгия, Германия, Ұлыбритания, Чехия

  9. Қара металлургия дамуда: жергілікті шикізат есебінен

  10. Ескі өнеркәсіпті аудандар: Рур (ГФР), Лотарингия (Франция)

  11. Ірі қара металлургия орталықтары: Германия, Ұлыбритания, Франция, Польша

  12. Ірі болат экспорттаушы елдер: ГФР, Франция, Белгия, Люксембург

  13. Жан басына шаққанда жылы 10 т өндіретін ел: Люксембург («Болат герцогтігі»)

  14. Түсті металлургия дамуда: сырттан әкелетін шикізат есебінен

  15. Алюминий өндірудің 50% бағдарланған: жергілікті бокситке

  16. Арзан электр энергиясы (Норвегия,ГФР) мен боксит қоры көп (Франция мен Греция) елдерінде өндіріледі: алюминий

  17. Жетекші алюминий өндіретін елдер қатарына жатады: Германия, Норвегия, Франция, Ұлыбритания, Италия, Испания, Нидерланды

  18. Жеңіл өнеркәсіп дамыған аймақ: Еуропа

  19. Бүгінгі күнге дейін маңызын жоймаған ежелгі өнеркәсіпті аудандар: Йоркшир мен Ланкашир (Ұлыбритания), Лион(Франция), Фландрия (Бельгия), Милан (Италия)

  20. Португалия ерекшелінеді: тігін өнеркәсібімен

  21. Италия ерекшелінеді: аяқ киім өнеркәсібімен

  22. Чехия ерекшелінеді: бижутерия өнеркәсібі, кох-и-нор карандашы, көркем шыны жасаумен

  23. Лихтенштейн ерекшелінеді: жасанды тіс жасаумен


Ауыл шаруашылығы


  1. Батыс Еуропаның ауыл шаруашылығы ерекшеленеді: жоғары өнімділігімен

  2. Сырттан әкелінеді: тропиктік жеміс-жидек пен астық

  3. Ауыл шаруашылығының негізгі кәсіпорны: ферма

  4. Дүниежүзіндегі бидай, сұлы, жүгері, картоптан, техникалық дақылдарда-қант қызылшасынан (Франция, ГФР, Италия) ең жоғарғы өнім алатын аймақ: Еуропа

  5. Оңтүстік Еуропада дамыған: жүзім шаруашылығы, зәйтүн, миндаль, анар өсіру

  6. Осы аймақтағы бірден-бір астық экспорттаушы ел: Франция

  7. Дүние жүзіндегі жүзім жинаудан және шарап өндіруден алғашқы елдердің бірі: Италия

  8. Зәйтүн жинаудан алғашқы орында: Испания

  9. Батыс Еуропаның балық аулауға маманданған ел: Исландия, Норвегия, Дания

  10. Еуропаның сүт фермасы: Дания (сүт,ет,май,ірімшік,жұмыртқа өндіруден көзге түседі)

  11. Шығыс еуропаның ауыл шаруашылығы: астық, картоп, қант қызылшасы, күнбағыс, жеміс, сүт, ет өнімдерін өндіреді

  12. Егістіктің басым бөлігін сұлы мен бидай алқаптары алып жатқан ел: Польша

  13. Ауыл шаруашылық жерлерін бау-бақша мен жүзімдіктер, жүгері алқаптары алып жатыр: Болгарияда

  14. Роза майын өндіруден бірінші орында: Болгария


Транспорт

  1. Транспортпен қамтамасыз етілуі жөнінен Батыс Еуропа: 1 – орында

  2. Автомобиль жолдарының жиілігі жөнінен көзге түседі: Бельгия

  3. Франция мен Ұлыбританияны байланыстырады: Ла-Манш арқылы салынған тоннель

  4. Жүк айналымы жөнінен ірі порттар: Роттердам (1-орын), Марсель, Гавр, Антверпень, Гамбург

  5. Ірі әуежайлары: Хитроу(Лондон), Орли(Париж)


Туризм

  1. Батыс Еуропаның халықаралық маманданған саласы: Туризм

  2. Дүниежүзіндегі туристердің 2/3-сін қабылдайды: Еуропа

  3. Туристер көп келетін аймақ: Альпі мен Жерорта теңізі жағалауы

  4. Шығыс еуропаның рекреациялық шаруашылығын аталған курорттар құрайды: Карловы Вары (Чехия), Адриатика жағалауындағы курорттар (Хорватия, Черногория, Албания) және Балатон (Венгрия)



ЕУРОПАНЫҢ ДАМЫҒАН ЕЛДЕРІ

Германия

  1. Германияның жер көлемі: 357 мың шаршы шақырым

  2. Қай жылы социалистік ГДР мен капиталистік ФРГ бірігіп,біртұтас ел болды : 1990 жылы

  3. Германия астанасы: Берлин

  4. Халқының саны: 82,6 млн адам (1 км2 – 229 адам)

  5. Мемлекет құрылымы: 16 федералдық жерден тұратын федерациялы республика

  6. Мемлекет басшысы: федералдық президент

  7. Үкімет басшысы: федералдық канцлер

  8. Заң шығару органы: 2 палаталы парламент, төменгі палата-бундесрат, жоғары палата-бундестаг

  9. Ақша бірлігі: еуро

  10. Германияның халқының неше пайызы қалада тұрады: 85%

  11. Ірі қалалары: Франкфурт, Дортмунд, Нюрyберг, Гамбург, Мюнхен және т.б.

  12. Германиядағы тас көмірдің ірі кен орындары: Рур, Саар, Ахен

  13. Германия автокөлік жасаудан: 3 орын алады (Жапония мен АҚШ)

  14. Германияның «автомобиль астанасы»: Вольфсбург

  15. Дүние жүзінде химия өнеркәсібі жоғары деңгейде дамыған бірден-бір «химияландырылған» мемлекет: Германия

  16. Басты сауда әріптестері: Франция, Жапония


Ұлыбритания

  1. Жер көлемі: 244 мың шаршы шақырым

  2. Астанасы: Лондон (Темза өзенінің бойында орналасқан)

  3. Халқының саны: 62,2 млн адам (1 км2 – 241 адам)

  4. Мемлекеттік құрылымы: конституциялық монархия

  5. Мемлекет басшысы: королева (II Елизавета )

  6. Үкімет басшысы: премьер-министр

  7. Заң шығару органы: парламент

  8. Ақша бірлігі: фунт стерлинг

  9. Ұлыбритания бір елмен ғана құрлықтық шекарасы бар көне конституциялық монархиялы мемлекет: Ирландия

  10. Ұлыбританияның аумағы 4 провинциядан тұрады: 1.Англия, 2.Шотландия, 3.Солтүстік Ирландия, 4.Уэльс

  11. Ұлыбританияның иелігіндегі аумақ болып саналады: Гибралтар

  12. Ірі қалалары: Лондон, Манчестер, Бирмингем

  13. Қала халқының үлесі: 89%

  14. Королева резеденциясы орналасқан: Букингем сарайында

  15. Парламент үйі орналасқан: Весминстер сарайында

  16. Ұлыбританияның ең биік нүктесі: Бен-Невис тауы

  17. Климаты: қоныржай, типі-қоңыржай теңіздік

  18. Ірі көмір кен орындары: Уэльс, Йоркшир

  19. Мұнайды өндіреді: Солтүстік теңіз алабынан

  20. Ұлыбритания кеме жасайтын ауданы: Глазго ауданы

  21. Автомобиль,станок жасайтын аудан: Бирмингем

  22. Тоқыма өнеркәсібіне жабдық жасаудан көзге түскен аудан: Манчестер ауданы

  23. Ұлыбритания басқаратын Достастықтың құрамына неше мемлекет кіреді: 50


Италия

  1. Жер көлемі: 301,3 мың шаршы шақырым

  2. Астанасы: Рим

  3. Халқының саны: 60,5 млн адам

  4. Мемлекеттік құрылымы: парламенттік республика

  5. Заң шығару органы: 2 палаталы парламент (сенат және депутаттар палатасы)

  6. Әкімшілік-аумақтық бірлігі: 20 облыс (облыстар 94 провинцияға бөлінген)

  7. Италияның аумағына кіреді: Сицилия,Сардиния аралдары

  8. Ірі қалалары: Милан, Неаполь, Турин, Генуя, Палермо

  9. Ақша бірлігі: еуро

  10. Апеннин түбегінде орналасқан жерортатеңіздік мемлекет: Италия

  11. Италия аумағында Сан-Марино Республикасы мен Рим қаласының батыс бөлігінде орналасқан мемлекет: Ватикан

  12. Ватикан жер көлемі: 0,44 шаршы шақырым болатын дүние жүзіндегі ең кіші мемлекет

  13. Ватикан халық саны: 1000 адам (туу деңгейі 0-ге тең)

  14. Ватиканның тілі: латын,итальян

  15. Ватиканның ақша бірлігі: еуро

  16. Католиктердің қасиетті жері: Ватикан

  17. Мемлекетке табыс түседі: католик шіркеулерінің салымы, пошта маркаларын сатудан

  18. Ватиканның діні: христиан (католиктер)

  19. Маманданған салалары: шарап жасау, машина жасау, аяқ-киім, жүзім өсіру, туризм

  20. Ең ірі порты: Генуя

  21. Италияда салынған: Еуропадағы ең ұзын тас жол (1200 км) – «Күн жолы»


Франция

  1. Жер көлемі: 551500 шаршы шақырым

  2. Халқы: 63 млн адам

  3. Астанасы: Париж

  4. Мемлекеттік құрылымы: республика

  5. Мемлекет басшысы: президент

  6. Заң шығарушы орган: парламент (сенат, ұлттық жиналыс)

  7. Франция 8 мемлекетпен шекараласады: Солтүстігінде – Бельгия, Люксембург Шығыста – Германия, Швейцария Оңтүстік-шығыста – Италия, Монако Оңтүстік-батыста –Андорра, Испания

  8. Франция мен Ұлыбританияны қандай бұғаз бөліп тұр: Ла-Манш

  9. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтері орналасқан: Парижде

  10. Францияның ең ұзын өзені: Луара

  11. Француз тілі: роман тобына жатады

  12. Маманданған салалары: машина жасау, шарап жасау, туризм

  13. Франция жылына неше млн турист қабылдайды: 77 млн (1-орын)

  14. Бидай өсіруден Франция нешінші орында: 5

  15. Әлемдегі сән орталығы, парфюмерия, Рокфор ірімшігін жасайтын мемлекет: Франция

  16. Францияның басты сауда әріптесі: Германия


ШЕТЕЛДІК АЗИЯ

  1. Ең үлкен дүние бөлігі: Азия

  2. Ауданы: 44 млн шаршы шақырым

  3. Халқы: 4 млрд. 140 млн. адам

  4. Миллионер-қалалар басым аймақ: Азия

  5. Шетелдік Азия 4 ірі аймаққа бөлінеді: 1.Оңтүстік-батыс Азия, 2.Оңтүстік Азия, 3.Оңтүстік-шығыс Азия, 4.Орталық және Шығыс Азия

  6. Дүниежүзілік екі діннің (ислам және христиан), бір ұлттық діннің (иудаизм) отаны: Оңтүстік –батыс Азия

  7. Оңтүстік-батыс Азия немесе «Таяу Шығыс» елдері: Сауд Арабия, Ауғанстан, Сирия, Иран, Ирак, Кипр, Туркия, Израиль, Ливан, Палестина, Йордания, БАӘ, Йемен, Оман, Катар, Бахрейн, Кувейт

  8. Азиядағы «қоныс аударған» капитализм елі: Израиль

  9. 1948 жылы БҰҰ-ның шешімімен құрылып, Азиядағы алдыңғы қатарла елге айналды: Израиль

  10. Мұнай өндіруден көзге түседі: Сауд Арабиясы

  11. Бахрейн астанасы: Манама

  12. Парсы шығанағындағы аралдық мемлекеттердің бірі: Бахрейн

  13. Месопотомия ойпатында орналасқан мемлекеттер: Ирак, Иран

  14. Месапотамия мағынасы: «Екі өзен аралығы» (Тигр мен Ефрат)

  15. Оңтүстік Азия елдері: Пәкістан, Үндістан, Бангладеш, Непал, Бутан, Шри-Ланка, Мальдив Республикасы

  16. Дүние жүзіндегі халық тығыздығы ең жоғары мемлекет: Бангладеш

  17. Бангладеш жерінің көлемі жөнінен әлемде: 87-орында

  18. Бангладеш халқының саны жөнінде: 9-орында

  19. Оңтүстік-шығыс Азия елдері: Индонезия, Лаос, Мьянма, Тайланд, Вьетнам, Камбоджа, Филиппин, Малайзия, Бруней, Сингапур

  20. Оңтүстік-Шығыс Азия аймағындағы ауданы жөнінен ең үлкен мемлекет: Индонезия

  21. Оңтүстік-Шығыс Азия аймағындағы Үндіқытай түбегіндегі орналасқан елдер: Лаос, Мьянма, Тайланд, Вьетнам, Камбоджа

  22. Дүние жүзіндегі ең ірі қалайы-вольфрам белдеуі өтеді: Оңтүстік-шығыс Азия арқылы

  23. АСЕАН-ға мүше елдер: Индонезия, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Филиппин, Вьяетнам

  24. Орталық және Шығыс Азия елдері: Қытай, Монғолия, Жапония, Корея Республикасы, Корей Халық Демократиялық Республикасы, ТМД құрамындағы елдер: Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан

  25. Халық ең сирек қоныстанған мемлекет: Монғолия


Қытай

  1. Қытай ауданы жөнінен әлемде: 3-орында

  2. Жер көлемі: 9 млн 600 мың шаршы шақырым

  3. Астанасы: Пекин (Ұлы Қытай жазығында орналасқан)

  4. Халқының саны: 1 млрд 338 млн адам (2010 ж.)

  5. Қытайдың негізгі халқының санын 1 млрд астамын кімдер құрайды: хань қытайлары

  6. Қытай діні: конфуцийлік

  7. Қытайдың әкімшілік ауданы: 23 провинциядан тұрады

  8. Қытай Республика болып жариаланды: 1949 жылы

  9. Қытай ауылдардың саны бойынша: 1-орында

  10. Қытай ірі көмір кен орны: Датун

  11. Қытайдағы мұнайдың 50%-ын беретін кен орны: Дацин

  12. Қытайдың солтүстік-шығысында аса ірі металлургиялық комбинаты орналасқан: Аньшань

  13. Қытай мақта, көмір өндіруден, бидай, шошқа өсіруден дүниежүзінде: 1-орын алады

  14. Қытайдың басты егіншілікті аудандарының басым көпшілігі қайда орналасқан: елдің шығыс бөлігінде

  15. Шай отаны: Қытай

  16. Көк шай өсіруден: монополист

  17. Қытайдағы экономикалық аудандар саны: 3 (шығыс,батыс,орталық)


Үндістан

  1. Жер көлемі: 3 млн шаршы шақырым

  2. Халқының саны: 1 млрд 189 млн адам

  3. Ең отбасын жоспарлау саясатын енгізді: Үндістан

  4. Ұлыбритания басқаратын Достастықтың құрамына кіреді: Үндістан

  5. Үндістан қай жылы тәуелсіздігін алды: 1947

  6. Қай жылы республика болып жарияланды: 1950

  7. Мемлекет тілі: хинди, ағылшын тілдері

  8. Діні: индуизм

  9. Үндістан неше ұлт өкілдері тұрады: 1000-нан аса

  10. Көп


  1. тілді мемлекет: Үндістан

  2. Шахмат ойынынң отаны: Үндістан

  3. «Үндістан Руры» деп айтады: Дамодор өзенінің бойында орналасқан қара метталургия базасын

  4. Үндістанның басты егіншілікті ауданы: Пенджаб

  5. Ірі қараның саны жөнінен дүниежүзінде: 1-орын

  6. Ал ет өнімдерін тұтынудан: соңғы орын алады


Жапония

  1. Жер көлемі: 372,2 мың шаршы шақырым

  2. Астанасы: Токио (Хонсю аралында орналасқан)

  3. Қай жылға дейін Жапония абсолют монархиялы ел болып саналды: 1947

  4. Жапониядағы өнеркәсіп өте жақсы дамыған ірі арал: Хонсю

  5. Мемлекет құрылымы: конституциялық монархия

  6. Мемлекет басшысы: император

  7. Іс жүзінде басқарады: премьер-министр

  8. Заң шығарушы орган: парламент

  9. Әкімшілік-аумақтық бірлігі: 47 профектура

  10. Ақша бірлігі: жапон йенасы

  11. Жапония: 4 ірі және 4 мың ұсақ аралдарда орналасқан архипелаг ел

  12. Ірі аралдары: Хонсю, Хоккайдо, Сикоку ,Кюсю

  13. Халқының саны: 127,4 млн адам (1 км2 - 340 адам)

  14. Халқының ұлттық құрамы: 99% жапондықтардан тұратын бірұлтты мемлекет

  15. Жапонияның жағалау сызығының жалпы ұзындығы: 30000 км

  16. Жағалауға бай, табиғат ресурстарны кедей мемлекет: Жапония

  17. Жапония қиыр шығыста орналасқан жағдайына байланысты берілген атауы: «Күн шығыс» елі

  18. Жапонияның ең биік нүктесі: Фудзияма тауы

  19. Діні: Буддизм және синтоизм

  20. Жапонияның халықаралық маманданған салалары: автомобиль жасау, робот жасау, супертанкерлер жасау

  21. Хонсю мен Хоккайдо аралдарын жалғастырады: Сейкан тоннелі

  22. Ірі қалалары: Токио, Осака, Нагоя

  23. Жапониядағы ірі қала агломерацияларының бірігуінен пайда болған дүниежүзіндегі ең ірі мегаполис (60 млн адам): Токайдо

  24. Жапония ірі порттары: Тиба, Кобэ, Иокогама, Нагоя, Осака, Китакюсю

  25. Семей қаласындағы аспалы көпірді салуға, Арал маңындағы экологиялық жағдайды жақсартуға қомақты қаржы бөлген мемлекет: Жапония


ЛАТЫН АМЕРИКАСЫ

Саяси картасы

  1. Латын Америкасы орналасқан: Солтүстік Американың оңтүстігінде, Орта Америка және Оңтүстік Америкада

  2. «Латын Америкасы» атауы пайда болды: елдердің латын тілді елдердің (Испания мен Португалия) XV-XVII ғасырларда отарлауынан кейін

  3. Латын Америкасына неше ел мен аумақ кіреді: 46

  4. Оның қаншасы тәуелсіз елдер: 33

  5. Қалыптасқан кезінен бастап Еуропа елдеріне, кейінірек АҚШ-қа экономикалық және қаржы жағынан тәуелді болды: Латын Америкасы

  6. Латын Америкасы елдерінің көбісі басқару бойынша: республикалар

  7. Ұлыбритания достығына кіретін елдер: Виргин аралдары, Кайман аралдары, Бермуд аралдары, Фолкленд (Мальвин) аралдары

  8. Әкімшілік-территориялық құрылысы жөнінен елдер: унитарлы болып саналады ( сонымен қатар федерациялы елдер де бар)

  9. Материктің саяси картасында: 20 жуық мемлекет бар

  10. Аумағы жөнінен ірі ел: Бразилия

  11. Латын Америкасындағы «социалистік даму жолындағы» 1250 км созылған арал-мемлкет: Куба

  12. Теңіз деңгейінен 3630 м биіктікте орналасқан ең биік таулы астана: Боливияның астанасы Ла-Пас қаласы

  13. Латын америкасы 4 субрегионға бөлінеді: 1. Анд елдері: Чили, Колумбия, Боливия, Перу, Эквадор; 2. Ла-Плата елдері:Парагвай, Уругвай, Аргентина; 3. Орта Америка: Мексика, Орталық Америка және Кариб теңізі аралдық елдері; 4.Бразилия

  14. Латын Америкасының аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай: 13 мың км

  15. Батыстан шығысқа қарай: 5 мың км созылып жатыр


Экономикалық-географиялық жағдай

  1. Экономикалық-географиялық жағдайының негізгі белгісі: АҚШ-пен көршілік жағдайы және дүние жүзі елдерінен қашықта орналасуы

  2. Боливия мен Парагвайдан басқа: елдерінің барлығы теңізге шыға алады


Халқы

  1. Халықтың ұдайы өсуінің: 2 түрі тән

  2. Халқының жартысынан астамы: метистер, мулаттар, креолдар (Испания мен Португалиядан келгендердің ұрпақтары) құрайды

  3. Халықтың көпшілігі сөйлейді: роман тілі топтарында

  4. Халықтың орташа тығыздығы: 1 шаршы шақырымға - 24 адам

  5. Анд тауы мен жағалық аудандарда халық тығыздығы: 1 шаршы шақырымға – 50-100 адам

  6. Аймақтың урбандалу деңгейі жоғары: 72%

  7. Миллионер қалалар саны: 30-ға жуық

  8. Дүние жүзіндегі ең ірі қала: Мехико


Шаруашылығы

  1. Латын Америкасы елдері шаруашылығының дамуы жөнінен дамушы елдер арасында: 1- орын

  2. Латын Америкасында дамыған: тау-кен өнеркәсібі және өңдеуші өнеркәсіп

  3. Жергілікті қажеттілікті қамтамасыз ете отыра, сыртқа шығаруға бағдарланған: қара металлургия

  4. Латын Америкасында ежелден бері дамыған: түсті металлургия

  5. Машина жасау өнеркәсібінде маңызы зор: автомобиль, кеме жасаудың

  6. Жаңа салалары: микроэлектроника, аэроғарыш, электроника, прибор құрастыру дамыған

  7. Ауыл шаруашылығында басым: өсімдік шаруашылығы

  8. Климат жағдайының қолайлы болғандығынан жылына неше рет өнім алуға болады: 2-4

  9. Өнім өндіру шоғырланған: ірі плантацияларда

  10. Сыртқа экспорттаушы дақылдар: банан, кофе, какао, бидай, күріш, соя, қант құрағы, мақта

  11. Мал шаруашылығы басым: Уругвай мен Аргентинада

  12. Балық аулаудан көзге түседі: Чили мен Перу

  13. Банан экспорттаудан алдынғы орында: Эквадор


Транспорт

  1. Құрлық көлігінің негізгі түрі: автомобиль көлігі

  2. Латын Америкасында темір жол көлігі дамуда: шетел қаржысы есебінен

  3. Теңіз деңгейінен 4800 м биіктікте салынған ең биік таулы темір жол іске қосылды: XIX ғасырдың аяғында

  4. Дүние жүзіндегі ең ұзын деп есептелетін Панамерикан тас жолының құрылысы қай жылы басталды: 1930

  5. Мексика жерінен Буанос-Айреске дейін созылатын тас жолының ұзындығы: 33 мың км

  6. Материк арқылы өтеді: Трансамазонка тас жолы (елдің батысы мен шығысын байланыстырады)

  7. Трансамазонка тас жолының ұзындығы: 5,5 мың км

Бразилия

  1. Ауданы: 8 млн 512 шаршы метр

  2. Астанасы: Бразилия

  3. Халқы: 193,3 млн адам

  4. Діні: христиан (католик)

  5. Мемлекеттік тілі: португал тілі

  6. Мемлекеттік құрылысы: республика

  7. Әкімшілік-территориялық бірлігі: 22 штаттан тұратын федерация

  8. Ақша бірлігі: реал

  9. «Бразилия» атауы: «паул-бразил» ағаш атынан шыққан

  10. Бразилияның ең биік нүктесі: Бандейра тауы (2890м)

  11. Бразилия: Амазонка ойпатында орналасқан

  12. Кофе өндіруден 1 орын: Бразилия, Колумбия

  13. Бразилия-темір рудасының қоры жөнінен: 1 орын

  14. Бразилия жылына қант құрағынан алынатын этил спиртімен жұмыс істейтін неше автомобиль шығарады: 1 млн-нан аса

  15. Бразилияның ірі қалалары: Рио-де-Жанейро, Сан-Паулу, Белу-Оризонти, Ресифи

  16. Бразилияның маңызды порттары: Рио-де-Жанейро, Витория, Риу-Гранди, Сантус

1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


СОЛТҮСТІК АМЕРИКА

Саяси картасы

  1. Бұл аймақта 2 ірі мемлекет орналасқан, олар: Канада және АҚШ

  2. Канада жер көлемінен дүние жүзінде: 2-орында

  3. АҚШ жер көлемінен дүние жүзінде: 4-орында


Экономикалық-географиялық жағдайы

  1. АҚШ пен Канада ешқандай шығынсыз әлеуметтік-экономикалық даму жолына өтіп, жоғары дәрежеде дамуына мүмкіндік туғызады: құрлықтардан алыс орналасуы және олардың аумағында дүниежүзілік соғыстардың болмауы


Пайдалы қазбалары

  1. Канада қалқанында мол қоры бар: түсті металл кен орындары, мыс, мырыш, кобальт, уран, алтын, темір

  2. Көмір кен орындары кездеседі: Аппалач, Сеңгір таулар етегінде

  3. Мұнай кендері кездеседі: Мексика шығанағы мен Солтүстік Мұзды мұхит қайраңдарында


Халқы

  1. Солтүстік Америка халқы: 450 млн жуық

  2. Материктің байырғы халқы: үндістер, эскимостар, алеуттер монғол нәсілінің америкалық тармағы

  3. Материкте еуропалық елдерден келгендер – испандар, ағылшындар, ирландықтар, француздар қоныстана бастады: XVII ғасырдан бастап

  4. Халықтың басым көпшілігі сөйлейді: ағылшын тілінде

  5. Канада халқының бір бөлігі: француз тілінде сөйлейді

  6. АҚШ-та тұратын қара нәсілділердің саны: 20 млн

  7. Халық тығыз қоныстанған: АҚШ пен Канада шекарасы және АҚШ-тығ шығыс жағалауында

  8. Солтүстік Америкада қалада тұратын халық құрайды: 75%


АҚШ

  1. Ауданы: 9 млн 363 мың шаршы шақырым

  2. Әлемде ауданы жөнінен: 4-орында (Ресей, Қытай, Канада)

  3. Астанасы: Вашингтон (Колумбия федералды округінде орналасқан)

  4. Халқының саны жөнінен дүние жүзінде: 3- орын алады (Қытай, Үндістан)

  5. Халық саны (2010 ж.): 309, 6 млн

  6. Мемлекеттік құрылымы: 50 штаттан тұратын федерациялы республика

  7. АҚШ аумағы 3 бөліктен тұрды: 1. Негізгі аумақ, 2. Аляска, 3.Тынық мұхитындағы Гавай аралдары

  8. Қай жылы АҚШ республика болып жарияланды: 1776 ж 4-шілдеде

  9. АҚШ-тың алғашқы президенті: Джордж Вашингтон

  10. Мемлекеттік туындағы жұлдыздар білдіреді: штаттар санын

  11. Мемлекеттік туындағы кезектесіп орналасқан ақ және қызыл жолақтар білдіреді: алғашқы біріккен 13 штаттың санын

  12. АҚШ-тың байырғы халқы: үндістер (1%)

  13. АҚШ халқының орташа тығыздығы: 1 шаршы шақырымға - 28 адам

  14. Американ ұлтының қалыптасуына әсер еткен фактор: иммиграция

  15. Адамдардың көпшілігі қоныс аударған: Еуропа елдерінен

  16. Халқының саны 10 млн асатын агломерациялар: Нью-Йорк, Лос-Анджелес

  17. АҚШ-та 3 ірі мегаполис бар: Босваш-Бостоннан Вашингтонға дейін созылып жатыр (Солтүстік-Шығыс мегаполисі), Чипитс-Чикагодан Питсбургқа дейін созылып жатыр(Көл маңы мегаполисі), Сан Франсискодан Сан-Диегога дейн созылып жатыр (Калифорния мегаполисі)


АҚШ-тың шаруашылығы

  1. Өнеркәсібінің жетекші саласы: машина жасау, металлургия, химия өнеркәсібі

  2. Негізгі көмір алабы: Аппалач алабы

  3. «Көмірлі штаттары»: Кентукки, Батыс Вирджиния, Пенсильвания

  4. АҚШ-тағы аса ірі мұнай кен орны: Аляска

  5. 1867 ж Алясканы Екатерина ІІ 7 млн 200 мың долларға сатты: АҚШ-қа

  6. «Автомобиль штаты»: Мичиган

  7. Мичиган штатының орталығы, «Автомобиль астанас»: Детройт

  8. Әуе-ғарыш, электроника саласының орталығы: Лос-Анджелес

  9. «Боинг» ұшақтары қай қалада құрастырылады: Сиэтл

  10. Неше мұнай-газ химиясы кәсіпорындары жұмыс істейді: 200-ден аса

  11. АҚШ-тың «Мұнай-химиялық астанасы»: Хьюстон

  12. АҚШ аумағы 4 экономикалық аумаққа бөлінеді: 1.Солтүстік-Шығыс экономикалық ауданы (АҚШ-тың «ұлт шеберханасы» деп атайды, себебі мұнда елдің «Саяси астанасы» - Вашингтон мен «Қаржы астанасы» - Нью-Йорк орналасқан; 2.Орта Батыс ауданы; 3.Оңтүстік ауданы; 4.Батыс аудан (ең жас экономикалық аудан)

  13. АҚШ-тың ірі өнеркәсіпті аудандары: Нью-Йорк, Чикаго, Лос-Анджелес

  14. АҚШ-тың теңіз жағалауындағы туризмнің басты орталықтары: Гавай, Флорида, Калифорния

  15. АҚШ-тың ең ірі порттары: Нью-Йорк, Жаңа Орлеан

  16. АҚШ-тағы ең ірі көлік торабы: Чикаго

  17. Чикагода: 30 темір жол түйісіп, тәулігіне 2 мың поезд өтеді

  18. Басты ғарыш айлағы орналасқан: Форидада

  19. Флорида: «Күн сәулелі штат»


Канада

  1. Ауданы: 9 млн 970 мың шаршы шақырым

  2. Халық саны: 34,1 млн адам (1 км2 – 3 адам) 2010 ж.

  3. Астанасы: Оттава

  4. Мемлекет тілдері: ағылшын және француз

  5. Квебек провинциясының тұрғындарының тілі: француз тілі

  6. Мемлекет басшысы: Ұлыбритания патшайымының өкілі генерал-губернатор

  7. Әкімшілік-аумақтық бірлігі: 10 провинция мен 2 аумақтан тұратын парламенттік конфедерация

  8. Мемлекет туында бейнеленген: үйеңкі ағашының жапырағы

  9. Ұлттық ақша бірлігі: Канада доллары

  10. Көлдерінің саны жөнгінен дүниежүзінде: 1 -орында

  11. Байырғы халықтары: эскимостар мен үндістер

  12. Канада атауы үндістер тілінен аударғанда: «қоныс», «қауымдастық» деген мағынаны білдіреді

  13. Ірі қалалары: Торонто, Монреаль, Ванкувер

  14. Өңдеуші өнеркәсіптің негізгі салалары: машина жасау, ағаш өңдеу, отын-энергетика, түсті металлургия


АФРИКА ЕЛДЕРІ

Саяси картасы

  1. Материктің бүкіл аумағы негізінен еуропалық елдердің иелігінде болды: ХХ ғасырдың басында

  2. Екінші дүние жүзілік соғысқа дейін материкте 4 тәуелсіз ел болды, олар: Либерия, Эфиопия, Египет, Оңтүстік Африка

  3. «Африка жылы» болып жарияланды: 1960 жылы

  4. 1990 ж Африкадағы соңғы отар жойылды: Намибия

  5. Аймақтағы өнеркәсібі дамыған жетекші ел: ОАР

  6. Қазіргі уақытта аймақтағы елдердің басым көпшілігі: республикалар

  7. Монархиялы басқарудағы ел: Лесото, Марокко ,Свазиленд

  8. Федерациялы елдер: Нигерия, ОАР, Эфиопия, Комор аралы

  9. Артта қалған елдер: Чад, Эфиопия, Сомали, Уганда (халықтың 70% кедей)


Африка 5 тарихи-географиялық аймаққа бөлінеді

  1. Солтүстік Африка немесе Араб Африкасы елдері: Египет, Алжир, Ливия, Тунис, Марокко, Батыс Сахара

  2. Батыс Африка елдері: Кабо-Верде, Сенегал, Гамбия, Гвинея-Бисау, Гвинея, Сьерра-Леоне, Либерия, Кот-д-Ивуар, Гана, Того, Мали, Мавритания

  3. Шығыс Африка елдері: Судан, Эритрея, Эфиопия, Джибути, Сомали, Уганда, Кения, Руанда, Бурунди, Танзания, Замбия, Малави

  4. Оңтүстік Африка елдері: ОАР, Лесото, Свазиленд, Намибия, Ботсвана, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар

  5. Орталық Африка елдері: Конго, Конго Демократиялық Республикасы, Габон, Орталық Африка Республикасы, Камерун


Экономикалық-географиялық жағдайы

  1. Африканың экономикалық-географиялық ерекшелігі: көпшілік елдерінің теңізгі шығу жолының болмауы

  2. Мұхитқа шыға алатын елдердің жағалау сызығы аз тілімделгендіктен: порттар салуға қолайсыз


Табиғат ресурстары

  1. Мұнай мен газдың біршама қоры табылды: Солтүстік Африка мен Гвинея шығанағы жағалауынан

  2. Ежелгі қатпарлы аудандарда (Орталық Африкадағы Заир, Замбияда) кенді қазбалар қоры шоғырланған: темір, кобальт, хром, марганец, мыстың ірі кен орындары

  3. Алмаз бен алтын өндіруден 1-орын алады: ОАР

  4. Кобальт пен мыс рудаларының орасан қоры шоғырланған: Замбия мен Конго Республикасында

  5. Марганец кені шоғырланған: ОАР мен Зимбабведе

  6. Платина, алтын, темір кендері шоғырланған: ОАР-да

  7. Алмаз шоғырланған: Конго, Ботсвана, ОАР, Намибия, Анголада

  8. Фосфорит шоғырланған: Марокко, Тунисте

  9. Уран шоғырланған: Намибияда

  10. Өзен торының жиілігі аумақ бойынша әркелкі болуының себебі: климаттың алуан түрлігі

  11. Ормандар Африка жерінің неше пайызын алып жатыр: 10%


Халқы

  1. Африка халқының саны: 1 млрд. 30 млн. (2010 ж.)

  2. Халықтың басым көпшілігін құрайды: қара нәсіл өкілдері

  3. Еуропалық нәсілдердің өкілдері материктің солтүстігінде тұратындар: арабтар мен берберлер

  4. Оңтүстікте тұратын, Нидерландыдан келгендердің ұрпақтары: бушмендер, готтентоттар, бурлар

  5. Африка халқының басым көпшілігі сөйлейді: семит-хамит (арабтар) және нигер-кардофан (банту) тілдерінде

Біршама тығыз қоныстанған аудандар: Жерорта теңізі жағалауы, Гвинея шығанағы, Ніл өзенінің аңғары (1 км2 – 22 адам)

  1. Халқының саны жөнінен көзге түсетін ел: Нигерия


Шаруашылығы

  1. Африка өнеркәсібінің басты маманданған саласы: тау-кен өнеркәсібі

  2. Көптеген пайдалы қазбалардың түрлерін өндіруден жетекші орынға ие: Африка

  3. Африканың қандай пайдалы қазбалар өндіруден бәсекелесі жоқ: алтын, алмаз, платина

  4. Өңдеуші өнеркәсіптен жұмыс істейді: жеңіл, тамақ

  5. Ауыл шаруашылығы дамыған елдер: Египет (мақта), Судан, Чад, Мали

  6. Какао өндіретін елдер: Гана, Кот-д-Ивуар, Нигерия

  7. Кофе өндіретін елдер: Эфиопия, Кения, Ангола, Бурундуи, Руанда

  8. Жержаңғақ өндіреді: Сенегал, Гамбия, Судан

  9. Қой шаруашылығы дамыған: Солтүстік Африка (Марокко, Алжир, Судан)


Африканың маңызды порттары

  1. Африканың маңызды порттары: Александрия, Касабланка, Алжир, Дакар

  2. Қосарлы экономикалы ел деп атайды: ОАР-ды (экономикасына дамыған және дамушы елдердің белгілері тән)

  3. Теңіз жүк айналымының көрсеткіші бойынша әлемде 1-орында: Либерия

  4. Экономикасының екінші саласы: тропиктік, субтропиктік егіншілік

  5. Негізгі өсірілетін тауарлық дақылдар: кофе, какао, жержаңғақ, құрма, шай, табиғи каучук, сорго, дәм-татымдық дақылдар