ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.04.2024
Просмотров: 17
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар-1
Бөлім: | 5.1. Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі | |||||
Педагогтің аты-жөні | | |||||
Күні: | | |||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Кіріспе сабақ. Зерттеу сұрағы: Қазақстанның ежелгі тарихында не оқытылады? | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | Ежелгі Қазақстан тарихына жалпы шолу | |||||
Сабақтың мақсаты | Барлығы:
Көпшілігі:
Кейбірі: Ежелгі Қазақстан тарихындағы дәуір ерекшелігін түсінеді. | |||||
Бағалау критерийлері |
Дағдылар: түсіну, білімін қолдану, талдау | |||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика және терминология: Ру, алғашқы қауым, тобыр, аналық және аталық ру, абыздар, терімшілік, аңшылық, балық аулау, мал шаруашылығы, теселі егіншілік, еңбек бөлінісі, өнімді еңбек, жеке меншік, өндіруші шаруашылық, қолөнер, кен өндірісі, тоқымашылық, керамика, көзе т.б.сөздерді еске түсіреді. Оқытудың тілдік мақсаты: Алғашқы адамдардың өмірі туралы әңгімелейді (айтылым дағдысы) – сабақтың негізгі бөлімі («Өзгерістерді анықтаңыз», «Ойлан. Талқыла. Ойыңмен бөліс»). Адам эволюциясы бейнеленген сурет бойынша шағын әңгіме құрастырады (жазылым дағдысы) – Диктоглосс әдісі арқылы. Тақырып бойынша мәтінмен жұмыс жасайды (оқылым дағдысы) – ДЖИГСО әдісін арқылы. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Адамның жануарлар әлемінен басты ерекшеліктері... Алғашқы адамдардың тұрмыс тіршілігінде келесі өзгерістер орын алды... Біздің анықтағанымыз... Қорытындысында... Біздің тобымыздың ойынша...Келесі себептер/факторлар.... Ең басты жетістіктер ... | |||||
Құндылықтарды дарыту | Өзіне және айналадағыларға құрметпен қарау, пәнге деген қызығушылығын арттыру. | |||||
Пәнаралық байланыстар | География, дүниежүзі тарихы пәндеріндегі негізгі білім дағдыларын пайдалана отырып, археологиялық ескерткіштердің орналасуын анықтап, әлем елдеріндегі табиғи, қоғамдық өзгерістермен салыстыра отырып, тиісті қорытынды жасайды. Қазақстандағы ежелгі тас, қола дәуіріндегі басты қоғамдық өзгерістерді анықтайды. | |||||
Бастапқы білім | Қазақстантерриториясындағы алғашқы адамдардың антропологиясын, тұрмысын, археологиялық ескерткіштерімен дүниетану пәнінде танысты. | |||||
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Ұйымдастыру кезеңі | Қызығушылықты ояту кезеңі. Бастапқы стимул. (Т)1-тапсырма. «Өзгерістерді анықтаңыз».Алдын ала дайындалған кестені тақтаға іліп, оқушылардың суреттерге назар аударуын сұраймын. Бастапқы ынталандырушы материал ретінде тарихи суреттер топтамасын көрсетемін. Оқушылардан жұптық жұмыста тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірінің кемінде 3 басты өзгерістерін анықтап, жауаптарын стикерге жазып, кестедегі әр кезеңнің тұсына ілуі қажет екендігін түсіндіремін. Оқушылар сабақ мақсатымен, тапсырмалармен және бағалау критерийлерімен танысады. Ықтимал жауаптары: еңбек құралдарын жасау, керамикалық ыдыстарды дайындау және малды қолға үйрету | Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу | мадақтау | Тақырыптық суреттер | ||
Жаңа сабақ | Мағынаны тану кезеңі. (Д) 2-тапсырма. «Ойлан. Талқыла. Ойыңмен бөліс». Тарих дегеніміз не? Ол не туралы баяндайды?
(Б)Оқушыларға «Қазақстан - дүниежүзіндегі ең үлкен мемлекеттердің бірі» тақырыбындағы ресурсты көрсетіп, «Біз ұлан-ғайыр территорияға қалай ие болдық?» деген сұрағын қоямын. (М)Қазақстанның ежелгі тас, қола дәуірі хронологиясын көрсетіп, белгілі бір уақыт аралығы өткеннен кейінгі өзгеріс пен сабақтастықтардың орын алуын түсіндіремін Қосымша 1 (Ф)Оқушылар қалыптастырушы бағалау жұмысын ұсынамын. Қосымша 2 3-тапсырма. «Диктоглосс» әдісі. Берілген сабақтың тақырыбына сай мәтін дайындалады. Қосымша 3 (М)Оқушыларға тарихи деректер - ауызша, жазбаша, археологиялық, этнографиялық және антропологиялық деп бөлінетінін көрнекіліктер, суреттер қолданып түсіндіремін. (Т)4-тапсырма. ДЖИГСО әдісі. Мәтінмен жұмыс. Мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.Оқушыларға өз топтарының атауларына сәйкес шағын мәтін таратылады және тиісті критерийлер бойынша мәтінмен жұмыс жасайды: 1-топ: Деректану 2-топ: Археология 3-топ: Этнография 4-топ: Шежіре 5-топ: Антропология Қосымша 4 | Төмендегі сұрақтар аясында оқушыларға ойлануға және болжам жасауға мүмкіндік беріледі оқушылар негізгі ойларды түртіп отырулары қажет. Алдымен жеке ойланып, содан кейіп топ болып бұл мәтінді қалпына келтіреді. | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады «Ең үздік жауап» «Алақан-жұдырық» «Жұлдызшалар» | Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. – Алматы, 2010 ж. Т.С.Садыков, А.Т.Толеубаев, Г.Халидуллин, Б.С.Сарсекеев. Ежелгі Қазақстан тарихы, 1-бөлім. Алматы:Атамұра, 2011 ж. | ||
Қорытынды | Қорытынды кезеңі. Кері байланыс. Сабақ мақсатына оралып, қаншалықты түсінгендері туралы сұрап, әңгімелесемін. «Сұрақтары бар қорап».Кабинетке қорап қойып, оған оқушылардың сабақтың соңында өз сұрақтарын қалдыруцын сұраймын. Бұл сұрақтар келесі сабақтың басында талқыланады. Сабақтың негізгі бөлімінде, тиісті тапсырмаларды орындауда оқушылар білімін тексеру бағытында қалыптастырушы баағалау жұмысын ұйымдастырамын. Жұптық, топтық бағалау түрлерін қолдана отырып, тиісті критерийлер ұсынамын. | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект | ||
Үй тапсырмасы | Ежелгі кезеңнің маңызды оқиғалары бейнеленген суреттер топтамасы негізінде шағын әңгіме құрастыру тапсырмасын үй жұмысы ретінде ұсынамын. | | | |
Қысқа мерзімді жоспар-2
Бөлім: | 5.1. Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі | |||||
Педагогтің аты-жөні | | |||||
Күні: | | |||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Алғашқы адамдардың өмірі. Зерттеу сұрағы: Алғашқы адамдар қалай өмір сүрді? | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 5.1.1.1 алғашқы адамдардың антропологиялық белгілерін сипаттау; | |||||
Сабақтың мақсаты | Барлығы:Алғашқы адамдардың даму сатыларын біледі; Алғашқы адамдардың тұрпатын сипаттайды; Көпшілігі: ежелгі адамдардың антропологиялық сипаттамаларына сүйене отырып, әр сатыдағы өзгерістерін анықтайды; Кейбірі:алғашқы адамдардың қалай өмір сүргенін өздігінше тұжырымдайды | |||||
Бағалау критерийлері | Алғашқы адамдардың даму эволюциясын сипаттайды | |||||
Тілдік мақсаттар | Негізгі ұғымдар: антропология, архантроп, питекантроп, неондертальдық, кроманьондық Талқылауға арналған сұрақтар: Алғашқы адамдардың қайсысы қазіргі адамдарға ұқсайды? Диалогқа арналған сұрақтар: Адамның пайда болуы туралы қандай теориялар бар? Жазылымға арналған тапсырмалар: «Уақыт сызығы» | |||||
Құндылықтарды дарыту | Азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық | |||||
Пәнаралық байланыстар | Әлемтану, Дүние жүзі тарихы 5-сынып | |||||
Бастапқы білім | Алғашқы адам, бірлестік формалары туралы ұғымдары бар | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Ұйымдастыру кезеңі | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру (Ұ) - Топтастыру: І топ – «питекантроп», ІІ топ – «кроманьон», ІІІ топ – «неандерталь», ІҮ-топ – «архантроп» (Ж) Бастапқы ынталандырушы материал «Ширатпа» (М) Алғашқы адамдар туралы не білесің? (М) Адамның пайда болуы туралы қандай кӛзқарастар бар? (Т) «Креативті матрица» Шарты: Тақтада 3 адамның суреті кӛрсетіледі. Аты - еңбек құралдары - кәсібі –киімі (суретпен беру) Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру | Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу | мадақтау | Тақырыптық суреттер ИТ Слайд 1 «Ежелгі адамдар» Адамдар ант- ропологиясы, маркер | ||
Жаңа сабақ | Мағынаны тану кезеңі. (Б)1-тапсырма. «Суреттерді салыстыр». Презентациядан алғашқы адам мен қазіргі адамның суретін ұсынып, оқушыларға сұрақтар қоямын:
Бүгінгі сабақта осыдан 2,5 млн жылдар бұрын өмір сүрген адамдар өміріне саяхат жасайтындарын айтамын. Қосымша 1 Ықтимал жауаптары: суреттегі екі адам әртүрлі кезеңде өмір сүрген. Олардың түр келбетінде, құрал-жабдықтарында ерекшеліктер бар. (Т)Зерттеу сұрақтары:
(Ж)2-тапсырма. «Сипатта».Слайдтан алғашқы кездегі табиғат жағдайын, жойылып кеткен жануарларды, динозаврлар, мамонттармен қатар тіршілік етіп жүрген адамдар тобыры бейнеленген суреттерді немесе бейнематериалдан дыбыссыз үзінді көрсетемін. (М)Алғашқы адамдардың өмірін сипаттайтын интерактивті материалды ұсынамын. (Т)3-тапсырма. Әр топ бейнематериал мазмұнының түрлі фокустарына назар аударуы тиіс: І топ: бейнематериалдағы адамдардың іс- әрекетін бақылайды; ІІ топ: еңбек құралдары, олардың қолданылуы туралы ойларын жазады; ІІІ топ: алғашқы адамдардың дене тұрпаты мен бет-әлпетіндегі өзгерістерді байқайды; IV топ: алғашқы адамдардың кәсібін сипаттайды. 4-тапсырма.«Шығармашылық жұмыс» (Д) Оқушыларға шығармашылық тапсырма орындауды ұсынамын. Мысалы,
(Б)«Алғашқы адамдар қалай өмір сүрді?» тақырып сұрағына қайта оралып, сабақты қорытындылаймын. | Оқушылар суреттерге немесе бейнематериалға мұқият қарап, алғашқы адамдар қоршаған ортамен қалай байланысын, тұрмыс тіршілігін сипаттайды. Оқушылар өздерінің бақылау қорытындыларын дәптерлеріне жазып отырады. Топтар өздерінің жауаптарымен алмасады, бір-бірін толықтырады. Оқушылар өздерінің Оқушы тиісті тапсырмалардың біреуін таңдап, орындайды. шығармашылық жұмыстарын сыныпқа таныстырады. | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады «Ең үздік жауап» «Алақан-жұдырық» «Жұлдызшалар» | Ежелгі Қазақстан. Балалар энциклопедиясы. – Алматы: «Аруна», 2002 ж. Ақпараттық білім ресурстары орталығы. 6 сынып. Қазақстан тарихы. Электронды оқулығы. 2011 ж. СББР №100. Алғашқы адамдардың өмірі: http://e-history.kz/kz/scorm/course/141 | ||
Қорытынды | Кері байланыс Қорытынды кезеңі. Кері байланыс. Оқушылар алған ақпараттарын қаншалықты түрде түсінгендерін анықтау үшін мына сөйлемдерді аяқтауын сұраймын: Менің бүгін білгенім... Менің бүгін үйренгенім... Менің байқағаным... Мен келесі мәселелер бойынша көбірек білгім келеді... | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект | ||
Үй тапсырмасы | Ежелгі адамның қаңқалары мен табылған аймақтарына қағаздан бейнефильм дайындау | | | |
Қысқа мерзімді жоспар-3
Бөлім: | 5.1. Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі | |||||||||||
Педагогтің аты-жөні | | |||||||||||
Күні: | | |||||||||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Алғашқы адамдардың өмірі. Зерттеу сұрағы: Алғашқы адамдар қалай өмір сүрді? | |||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 5.1.2.1 алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін шығармашылық түрде көрсету | |||||||||||
Сабақтың мақсаты | Барлығы: адамның пайда болуын сипаттайды; адамдар тобырының тұрмыс-тіршілігін анықтайды; Көпшілігі: адамдар тобырын, ру, қауым, тайпа секілді алғашқы бірлестіктердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады; Кейбірі: олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдайды | |||||||||||
Бағалау критерийлері |
Дағдылар: түсіну, білімін қолдану, зерттеушілік дағдылар | |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика және терминология: Ру, алғашқы қауым, тобыр, аналық және аталық ру, абыздар, терімшілік, аңшылық, балық аулау, мал шаруашылығы, теселі егіншілік, еңбек бөлінісі, өнімді еңбек, жеке меншік, өндіруші шаруашылық, қолөнер, кен өндірісі, тоқымашылық, керамика, көзе т.б.сөздерді еске түсіреді. Оқытудың тілдік мақсаты: Алғашқы адамдардың өмірі туралы әңгімелейді (айтылым дағдысы)- «Сипатта», әдістерінде қолдану. Алғашқы адамдардың өмірі, қола дәуірінің ерекшеліктері туралы интерактивті түсіндірмені тыңдайды (тыңдалым дағдысы). Тақырып бойынша мәтінмен жұмыс жасайды (оқылым дағдысы) – Мәтінді талдау жұмысы кезеңінде.Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Адамның жануарлар әлемінен басты ерекшеліктері... Алғашқы адамдардың тұрмыс тіршілігінде келесі өзгерістер орын алды...Біздің анықтағанымыз...Қорытындысында...Біздің тобымыздың ойынша...Келесі себептер/факторлар....Ең басты жетістіктер ... | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігі, еңбегіне, тарихи ескерткіштеріне құрметпен қарау | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | География, дүниежүзі тарихы пәндеріндегі негізгі білім дағдыларын пайдалана отырып, археологиялық ескерткіштердің орналасуын, әлем елдеріндегі табиғи, қоғамдық өзгерістермен салыстыра отырып, тиісті қорытынды жасайды. Қазақстандағы ежелгі тас, қола дәуіріндегі басты қоғамдық өзгерістерді анықтайды. | |||||||||||
Бастапқы білім | Қазақстан территориясындағы алғашқы адамдардың антропологиясын, тұрмысын, археологиялық ескерткіштеріментанысты. | |||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||
Ұйымдастыру кезеңі | Қызығушылықты ояту кезеңі. Бастапқы стимул. (Б)Сабақтың басында оқушыларға«алғашқы адамдар жайлы не білесің?» сұрағын қоямын. Оқушылар бастауыш сыныпта алғашқы адамдар туралы танысқан ақпараттарын еске түсіруі қажет. Бұл алдыңғы білімдер арқылы оқушылар жаңа сабаққа ынтасын аударады. Оқушылар сабақ мақсатымен, тапсырмалармен және бағалау критерийлерімен (дескипторлармен) танысады.Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру | Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу | мадақтау | Тақырыптық суреттер Алғашқы адамдар, еңбек құралдары, алғашқы тайпалық бірлестіктер суреттері бар слайдтар. Суреттерге сілтеме: http://www.kazportal.kz/epoha-kamnya-v-kazahstane | ||||||||
Жаңа сабақ | (Ж) Тапсырма 1 - «БББ» стратегиясы
(Т) «Қара. Оқы. Жап. Айт» - мәтінмен жұмыс І топ - «Алғашқы адамдар қалай өмір сүрді?» ІІ топ - «Алғашқы адамдар жыртқыш аңдардан қорғану мақсатында қандай құралдар пайдаланды?» (Жт) Тапсырма 3 – «Жоба қорғау»
(Ж) Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма «Кеңейтілген тапсырма»
«Алғашқы адамдардың тобыр болып ӛмір сүргендерін сипаттаңыз?» | Оқушылар «БББ» стратегиясы толтырады Топтық жұмыста алғашқы адамдар өміріне зерттеу жұмыстарын жүргізеді Алғашқы адамдардың шаруашылығы мен түрмысын анықтайды | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады «Ең үздік жауап» «Алақан-жұдырық» ҚБ «Мен саған, сен маған» | | ||||||||
Қорытынды | Кері байланыс Жалғастырыңыз: Маған ... қызықты болды Бұл ... қиындық туғызды Осы ... мені ойландырды | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект | ||||||||
Үй тапсырмасы | «Адамзаттың даму барысы» кестесі | | | |
Қысқа мерзімді жоспар-4
Бөлім: | 5.1. Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі | |||||
Педагогтің аты-жөні | | |||||
Күні: | | |||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің тұрақтары. Зерттеу сұрағы: Археологтар Қазақстан жерінен тас дәуіріне жататын қандай олжаларды тапты? | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 5.2.3.1 қазақстандық ғалымдардың археологиялық жаңалықтарын білу; | |||||
Сабақтың мақсаты | Барлығы: Ежелгі Қазақстан тарихын зерттеушілерді біледі; Қазақстаннның географиялық құрылымын сипаттайды, картадан көрсетеді Көпшілігі: тарихи, географиялық ұғымдарды ажыратады; Кейбірі: Неліктен зерттеушілердің еңбегі жоғары бағанатындығы туралы пайымын интерпретациялайды | |||||
Бағалау критерийлері | Қазақстандық зерттеушілердің ғылыми жаңалықтарының маңызын сипаттайды | |||||
Тілдік мақсаттар | Негізгі ұғымдар: деректану, археология, этнография, шежіре, Антропология Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестері: Біздің анықтағанымыз... Қорытындысында... Біздің тобымыздың ойынша... Келесі себептер/факторлар...... Талқылауға арналған сұрақтар: Алғашқы адамдардың қайсысы қазіргі адамдарға ұқсайды? «География- тарих сахнасы» дегенді қалай түсінесіңдер? Жазылымға арналған тапсырма: №1 кесте «Толтыр», №2 кесте «Хронологиялық дәуірлер/Зерттеушілер» | |||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық | |||||
Пәнаралық байланыстар | Әлемтану, Дүние жүзі тарихы 5-сынып | |||||
Бастапқы білім | тарих, археология, деректер туралы ұғымдары бар | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Ұйымдастыру кезеңі | Ұйымдастыру кезеңі Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру (Ұ) - Топтастыру: І топ – «деректанушы», ІІ топ – «археолог», ІІІ топ –«этнограф», ІҮ топ - «антрополог» (Жт) Үй тапсырмасын сұрау «Археологтар – тарихты заттай дерек бойынша зерттеушілер» эссе (Ж) Бастапқы ынталандырушы материал «Шешімі кейінге қалдырылған сұрақ» Бүгінгі сабақта не туралы әңгіме айтады екенбіз? Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру | Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу | ҚБ «Мен саған, сен маған» | Тақырыптық суреттер | ||
Жаңа сабақ | (Ж/ЖтТ) «Джигсо» әдісі І топ – «Деректану» - Ежелгі Қазақстан тарихын зерттеушілер; ІІ топ – «Археология» - «Ә.Марғұлан – академик, зерттеуші»; ІІІ топ –«Этнография» - «География - тарих сахнасы»; ІҮ топ – «Антропология» - №1 кесте «Толтыр» 1-қадам: мәтінмен жеке танысу; 2-қадам: топта талқылау, «Өкіл» дайындау 3-қадам: Өкілдер «сағат тілімен» басқа топтарға тақырыптарын кезекпен түсіндіреді. (Жт) «Ойлан. Жұптас. Бөліс» - Ә.Марғұланның әлемдік деңгейдегі атақты ғалым болып қалыптасуына қандай тұлғалық және адами қасиеттері көмектесті?Академиктің ғылыми ерлігі неден байқалады? (Т) «Мозаика» Суреттер топтамасы ұсынылып, әңгіме құрау ұсынылады. Топтар:
| Оқушылар топтық жұмыста ақпараттық мәтінге талдау жасайды Ә.Марғұланның әлемдік деңгейдегі атақты ғалым болып қалыптасуына дәлелдер келтіреді | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ – «Мадақтау сэндвичі» ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» | Тарихи кезең- дер бейнелен- ген суреттер | ||
Қорытынды | (Ж) Кері байланыс «Жақсы сұрақ» әдісі арқылы кері байланыс жасайды.
Сіз қалай ...? | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект | ||
Үй тапсырмасы | «Хронологиялық дәуірлер/Зерттеушілер» | | | |