Файл: ыса мерзімді жоспар1.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 18

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Зерттеу мен талдау

Сыныпты төрт топқа бөліп, мысты-тас дәуірін сипаттайтын мәтін ұсынамыз.

Т Оқушыларға топтық тапсырмаларды түрлендіріп береміз.

Алдын-ала мысты тас дәуіріндегі тұрақтарға қатысты сөздер мен суреттерді ұсынамыз. Оқушыға өздерінің тапсырмасына сәйкес сөздер мен суреттерді таңдап алуды тапсырыңыз.

Интерактивті тақтаға кесте шығарыңыз.




Шаруашылы

ғы

Табыл

ған бұйымдар

Айырмашылығы

Ұқсастығы

Ботай мәдениеті













Шебір тұрағы













ІІІ топ: Кен өндірудің әдіс-тәсілдерін зерттейді;

IV топ: Металлдан жасалған еңбек құралдарының шаруашылық салаларына тигізген ықпалын тірек-сызбамен дәлелдеп түсіндіреді.


Қолөнерде: ...







Металл бұйымдар мен құралдардың шаруашылыққа әкелген өзгерістері




Мал шаруашылығында: ...







Егін шаруашылығында: ...


Т Әр топ өзінің зерттеулерін қорғайды. Оқушылардың бір-біріне сұрақ қоюын ұйымдастырыңыз.

Интерпретация

Б Жұмыс нәтижелерін, яғни Қазақстан жеріндегі алғашқы кен өндіру адамдардың өмірін қалай өзгерткенін оқушылар шығармашылық түрде көрсетулері тиіс.

  • Сурет салу

  • Макет жасау

  • Фотоколлаж құрастыру

  • Постер жасау

  • Баяндама жазу

Мұғалім оқушыларды жұмыс жасау барысында бақылап жүреді, қажет болса кеңестер береді.

Мыс-тас дәуірінде екі ірі өзгеріс: еңбек бөлінісі мен аталық рудың орнай бастағандығы туралы түсінік қалыптастырады.


Оқушылар тапсырманы дәпрерлеріне орындайды
І және ІІ топ оқушылары Шебір және Ботай тұрақтары бойынша мәліметтерді жинақтайды, стикерлерге ерекшеліктерін жазып, тақтадағы кестеге жабыстырып, толтырады.

Әр топ өз жұмыстарын аяқтағаннан кейін, мұғалім жақсы жақтарын атап өтеді. Үздік жауаптар берген оқушыларды атайды.


ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

«Ең үздік жауап»

«Алақан-жұдырық»

«Жұлдызшалар»


Ежелгі Қазақстан тарихы.

1-бөлім, Т.С. Садыков,

А.Т. Толеубаев, Г. Халидуллин, Б.С. Сарсекеев. - Алматы: Атамұра, 2011 ж.

Кесте

Ботай тұрағына қатысты суреттер

Тірек-сызбалар

Қорытынды

Кері байланыс

Кері байланыс «бағалау ағашы» арқылы жүргізіледі. Қатысушылар себеттегі алма, жапырақ, гүл суреттерін флипчартта бейнеленген алма ағашының суретіне апарып жапсырады.

Алма – бүгін мен көп үйрендім

Гүл – маған ұнады

Жапырақ – менің сұрақтарым бар

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект


Үй тапсырмасы

Кітаптардан мыс-тас дәуірінің 2 ескерткіші, тұрақтары туралы мәліметтерді жинақтау. Тұрақтар туралы дәптеріне 25-30 сөйлемнен тұратын әңгіме жазып келу











Қысқа мерзімді жоспар-10

     

Бөлім:

5.1. Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі


Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері.

Зерттеу сұрағы:

Қазақстандағы қола дәуірі ескерткіштерінің қандай ерекшеліктері бар?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.2.2.2 археологиялық деректерге сүйене отырып, андронов және беғазы-дәндібай мәдениеттерінің белгілерін анықтау;

Сабақтың мақсаты

Бaрлық оқушылaр орындaй aлaды: Деректер арқылы Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің белгілерін анықтайды.

Оқушылaрдың көпшілігі орындaй aлaды: Археологиялық деректерге сүйеніп, Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің белгілерін ажыратып, талдайды.

Кейбір оқушылaр орындaй aлaды:Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің белгілерін салыстыра отырып,нақты мысалдар келтіру арқылы айқын тұжырымдайды.

Бағалау критерийлері



Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің белгілерін анықтайды.

Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің белгілерін ажыратып, талдайды.

Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің белгілерін салыстыра отырып, нақты мысалдар келтіру арқылы тұжырымдайды.

Тілдік мақсаттар


Оқушылaр орындaй aлaды : Оқушылар:

-Оқыған ақпаратты өз сөзімен айтып,баяндайды

-Тақырып бойынша мәтінмен жұмыс жүргізіп, мысалдар айтады

-Өз білімін кестеге жазыптүсіре алады

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Андронов мәдениеті, Беғазы-Дәндібай мәдениеті, жертөле, абыз, кремация сөздерін еске түсіреді

Оқытудың тілдік мақсаты:

Бейне материал көріп, Андронов мәдениеті туралы әңгімелейді(тыңдалым және айтылым дағдысы);

Тақырып бойынша мәтінмен жұмыс жасайды (оқылым дағдысы).

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері басты ерекшеліктері...

Қола дәуірін адамдарының тұрмыс тіршілігінде өзгерістер орын алды...

Біздің анықтағанымыз...

Қорытындысында...

Біздің тобымыздың ойынша...

Келесі себептер/факторлар....

Ең басты жетістіктер ...

Тaлқылaуғa aрнaлғaн сұрaқтaр:

Қазақстандағы қола дәуірі ескерткіштерінің қандай ерекшеліктері бар?

Қола дәуірінде адам өмірінің сапасы қалай өзгерді?

Құндылықтарды

дарыту

«Мәңгілік ел»

2)Қоғамымыздағы ұлттық бірлік,бейбітшілік пен келісім

3)Зайырлы қоғам және рухани мәдениет

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану, технология.

Бастапқы білім

Қола дәуірінің еңбек құралдарын, кәсіп түрлерін біледі.

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

кезеңі


Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Тамаша екен!» әдісі



Б. «Серпілген сауал» әдісімен үй тапсырмасы тексеріледі:

1.Мыс кенінің ежелгі орталығын атаңыз? Жезқазған.

2.Ғалымдар Жезқазған өңірінен неше тонна мыс өндіретінін айтқан? 100 мың.

3.48 мың тонна мыс өндірілгенін қалай анықтаған?Имантау кен орнындағы қалдықтарға қарап.

4.Мыс пен қалайы кені қандай құралдармен қазып алынған?Қайла, балта, тесе.

5.Тау жыныстары қызған кезде үстіне не құйған?Су.

6.Шахталардағы төтенше,қайғылы жағдайлардың орын алғанына қандай дәлел келтіресің?Кен толтырылған тері қап арқалаған адам қаңқаларының табылуы.

7.Қолөнер кәсібінің ең дамыған түрі?Зергерлік бұйым жасау ісі.

8.Шеберханалар қайда орналасты? Қоныстарда.

9. Әшекей бұйымдары негізінен қандай әдіспен дайындалды? Қақтау, сығымдау, шеку.

10.Ерте металл дәуірінің тұрғындары қандай шаруашылықпен айналысты? Мал шаруашылығы, балық және аң аулау.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

Суреттер арқылы сынып3топқa бірігеді


мадақтау

Тақырыптық

суреттер

Жаңа сабақ

(Б) Түрткі сұрақ

Ширaту жaттығуы:

Іс-әрекет: «Қоныстың» суретін тақтадан көрсетіп, оқушыларға:

  • Бұл не?

  • Қандай мақсатта жасалған?

  • Кімдер жасаған?

  • Қазіргі адамдар қолдана ма? Неліктен?

  • Ал алғашқы адамдар қолданды ма?

  • Олардың не қолданғаны туралы білгілерің келе ме?-деген сұрақтар арқылы сыныптық талқылау ұйымдастыру.

Мақсаты:

  • сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру;

  • оқушылардың қызыгушылығын оятып, зейінін сабаққа аудару;

  • жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Ширaту жaттығу aрқылы сaбaқтың тaқырыбын aштым және мақсатын таныстырып өттім:

Тыңдaлым бaрысындaғы тaпсырмa:

(Б) «Саусақ ұшы» әдісі

Іс-әрекет: Интерактивті тақтаға Андронов және Беғазы-Дәндібай терминдері жазылған алақандардың суретін ұсынып, оқушыларға екі мәдениеттің ерекшеліктерін саусақ ұштарына жазуды ұсыну.

Тыңдалымнан кейін:

Ж/Т Мәтінмен жұмыс. Графикалық органайзер «Ақпаратты сүзу» әдісі.

1-топ «Қазақстанның солтүстік-батысынан табылған артефактілер»

2-топ «Қазақстанның орталығынан табылған артефактілер»

3-топ «Қазақстанның оңтүстік-шығысынан табылған артефактілер»

Графикалық кескін-суреттер жапсырылған кестемен жұмыс жасап, осы суреттер негізінде Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттеріне сипаттама жасауды ұсыну.

Б/Т «МИКС» әдісі арқылы 3 топқа 3 түрлі тапсырмалар беріледі.

Т 1- топ: Тапсырма. Картамен жұмыс.

-Тақырыптық картаны пайдалана отырып,1-контур картаға Андронов мәдениетінің ескерткіштерін белгілеп көрсетіңіз;

-2-контур картаға Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ескерткіштерін белгілеп көрсетіңіз;



Т 2- топ: Тапсырма. Кестемен жұмыс.

Андронов мәдениеті мен Беғазы-Дәндібай мәдениетін салыстырады, ерекшеліктерін анықтайды. Өз жауаптарын дәйектер келтіре отырып қорытындылайды.


Андронов мәдениеті

ұқсастығы

Беғазы-Дәндібай мәдениеті








қорытынды:



Т 3- топ: Тапсырма.«Ой толғау»

Төмендегі дәйексөздерді қолдана отырып, «Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері » тақырыбына 50-70 сөзден тұратын ой толғау жазыңыз.

-Андронов мәдениеті;

-Беғазы-Дәндібай мәдениеті;

-жертөлелер;

-абыз;

-қоныстар;

-кремация;

-қыш ыдыстар;

-артефактілер.

Барлық топты бағалау. Бағалау критерийі:

1.Тақырыптың ашылуы, нақтылығы

2. Қызықты фактілердің келтірілуі

3. Белгілі бір деректерге сүйенуі


Дескриптор

Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің негізгі ерекшеліктерін анықтайды.

Екі мәдениеттің белгілеріне сипаттама жасайды

Дескриптор

1. Тақырыпқа қатысты кескін суреттермен жұмыс жaсaйды.

2. Андронов пен Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктерін дәлелдейді.

3. Дәлелдер келтіріп, талдау жасайды.


Дескриптор:

1.Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің орналасқан жерін картада көрсетеді;

2.Қола дәуірі тұсындағы басқа мәдени ескерткіштерді картада белгілейді.

Дескриптор:

- Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің тарихымызға тигізер ықпалын салыстырады;

-« Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері» тақырыбына критерийге сәйкес 50-70 сөзден тұратын ой-толғау жазады.


ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

«Ең үздік жауап»


«Алақан-жұдырық»


ҚБ «Бас бармақ» әдісімен оқушылар өзін-өзі бағалау.

«Жұлдызшалар»


Графикалық органайзерлерстеД

АКТ, суреттер, дәптер, оқулық, карта, кесте,

АҒ


Қорытынды

Кері байланыс

«Борт журналы»

Тақырып бойынша оқушылар келесі мазмұнды кестені толтырады:

1.«Берілген тақырып бойынша бұрыннан білетінім».......

2.«Мәтінді оқып жаңадан білгенім».........

3.«Болжамдар».................

4.«Тың ақпараттар».........................

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект


Үй тапсырмасы

Қазақстан аумағындағы қола дәуірі мәдениеті» тақырыбында 50-70 сөзден тұратын ой-толғау жазу.












Қысқа мерзімді жоспар-11

     

Бөлім:

5.1. Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі


Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері.

Зерттеу сұрағы:

Қазақстандағы қола дәуірі ескерткіштерінің қандай ерекшеліктері бар?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.2.2.5 Ә.Марғұланның Қазақстан археологиясының дамуына қосқан үлесін айқындау

Сабақтың мақсаты

Андронов мәдениетінің археологиялық олжаларын

сипаттайды;

Ә.Марғұланның зерттеулері мен археологиялық жаңалықтарын біледі;

Бағалау критерийлері

Қола дәуірінің археологиялық ескерткіштерін талдайды

Қола дәуірі тайпаларының рухани және материалдық мәдениеттерін

жіктейді

Тілдік мақсаттар


Негізгі ұғымдар: Андронов мәдениеті, жертӛле, абыз, кремация

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Андроновтықтар қандай кәсіппен айналысқан? Андроновтықтар қандай бұйымдар жасаған?

Диалогқа арналған сұрақтар:

Біздің анықтағанымыз... Қорытындысында...

Біздің тобымыздың ойынша... Келесі себептер/факторлар......

Жазылымға арналған тапсырмалар: «Бір сӛзбен айтқанда»

Құндылықтарды

дарыту

Азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық

Пәнаралық байланыстар

Әлемтану, Дүниежүзі тарихы – 5-сынып

Бастапқы білім

Қола дәуірі туралы жалпы ұғымдары бар

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

кезеңі


Ұйымдастыру кезеңі

(Ұ)Топтастыру – түрлі-түсті фигуралар (1-4 деп нӛмір ленген және жылқы, сиыр, қой, ешкі бейне ленген қима қағаздарды теріс аударып қойып, таңдата отырып, топтастыру)

(М) Сабақтың мақсатымен таныстыру. Бағалау критерилерімен таныстыру.

(Ұ) «Миға шабуыл»

Қазақстандағы қола дәуірі ескерткіштерінің қандай ерекшеліктері бар?

Қазақстандағы қола дәуірінің ескерткіштерінің қандай ерекшеліктері бар?Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу


мадақтау

Тақырыптық суреттер

Түрлі- түсті фигуралар


Жаңа сабақ

(Т) «Шеңберге жиналатын уақыт» әдісі

1-қадам:

1,3-топ: Андроновтықтардың материалдық мәдениеті

2,4-топ: Андроновтықтардың рухани мәдениеті

2-қадам : «Бір сөзбен айтқанда» (ең кемі 3 дәйек) 1,3-топ: Андроновтықтарда қоғамдағы ӛзге- рістері немен байланысты деп ойлайсыңдар?

2,4-топ: Андроновтықтардың ӛмірінде мал шаруашылығы қандай рӛл атқарды?

3-қадам : «Тұжырымдамалық карта» ҚБ: «Бағалау парағы»

(Т) «Ыстық орындық» әдісі

Қола дәуірінің ескерткіштерінің қазіргі адамдар үшін маңыздылығы неде?

ҚБ: «Алақан-жұдырық» әдісі

(Жт) Тапсырма

Мәтінді оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Әлкей Хақанұлы Марғұлан - Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. Ғалым Қазақстан жеріндегі археологиялық ескерткіштер кешенін іздестіру, табу және зерттеу ісін алғашқылардың бірі болып бастады. Әлкей Хақанұлы Қазақстан жеріндегі кӛне сауда

жолдары мен кӛш соқпақтарын бойлай ӛтіп, кең байтақ шӛл далалардан, кұлазыған

құмдардан ондаған жаңа археологиялык ескерткіштер тауып, оларды ғылыми тұрғыда жан- жақты зерттеп, ғылым әлеміне танытты. Ә. X. Марғұлан Оңтүстік Қазақстанда Сырдария,

Талас және Шу ӛзендерінің бойынан ежелгі қала мәдениетінің іздерін ашып зерттеді. Ежелгі Отырар, Тараз, Сайрам және Сығанақ қалаларынан қазақтың материалдық және рухани

мәдениетіне жататын жәдігерлерді тапты.

30 жылдан астам Ә. X. Марғұланның басшылығымен Орталық Қазақстанда археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Қола дәуіріндегі кӛшпелі тайпалардың мәдениеті жан-жақты зерттелді. Орталық Қазақстанда Әлкей Хақанұлы Беғазы-Дәндібай мәдениетін ашты. Беғазы- Дәндібай жерінде сақталған тас кесенелерден әшекей бұйымдар, қыш ыдыстар табылды.

Кесенелерде жерленген адамдардың әлеуметтік теңсіздіктің болғандығы анықталды. 1-сұрақ.Ә. Марғұлан қай аймақтарды зерртеді?

2-сұрақ. Ол қандай археология ғылымында қандай жаңалықтар ашты?

3-сұрақ. Әлкей Марғұлан қола дәуірі ескерткіштерінің қандай сырын ашты?

(Ж) Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма

1.Қола дәуірі археологиялық ескерткіштерінің айырмашы-лықтары мен ұқсастықтарын толтырыңыз.

2.Төменде берілген андронов тайпаларының рухани және материалдық мәдениетінің белгілерін кестеге жіктеңіз.

Қыш ыдыстар жасау, жертөле түріндегі баспаналар тұрғызу, күнге табыну, теселі егіншілік, тотемизм, тіл-көзден сақтайтын бойтұмар, кен өндірісі.

Андроновтықтардың рухани мәдениеті

Андроновтықтардың мәдени ескерткіштері










Оқушылар бірнеше қадамдармен Андроновтардың материалдық және рухани мәдениетіндегі өзгерістерді анықтайды

Дескриптор

  • Ә.Марғұланның ӛмірбаянын біледі;

  • Ә.Марғұланның жүргізген

археологиялық зерттеулерін атайды;

  • Ә.Марғұланның Қазақстан

территориясындағы қола дәуірі

мәдениетін ашқанын атайды;

  • Беғазы-Дәндібай археолгиялық

ескерткіштерінің орналасқан жерін атайды;

  • Беғазы-Дәндібай археологиялық

ескерткіштерінен табылған жәдігерлерді атайды

Дескриптор

  • андронов мәдениеті тайпаларының

рухани мәдениеті белгілерін жіктейді;

- андронов мәдениеті тайпаларының

материалдық мәдениетін жіктейді;

қола дәуірі тайпаларының археологиялық ескерткіштерін атайды.


ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

«Ең үздік жауап»

«Алақан-жұдырық»


«Жұлдызшалар»



Оқулық, 32-33 бб

А4 қағазы маркер Ватман маркерлер

ҚБ парағы
Аталым қағаз

Оқулық иллюст рациялары


Қорытынды

Кері байланыс

Шоллиер табақшасыкері байланыс (Оқушылар түрлі-түсті стикерді жапсыру арқылы материалды игергендігін кӛрсетеді)

Білу Түсіну Қолдану

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект


Үй тапсырмасы

Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері











Қысқа мерзімді жоспар-12

     

Бөлім:

5.1. Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі


Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстандағы жартастарға салынған ежелгі суреттер.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.2.1.1 алғашқы адамдардың наным-сенімдерін сипаттау

Сабақтың мақсаты

Мәтінмен жұмыс жасай отырып алғашқы адамдардың наным-сенімдері туралы түсінік қалыптастыру. Дерек көздерін талдау арқылы наным-сенімдердің, тотемизм, анемизм т.б. діни түсініктердің пайда болуының себеп-салдарларына талдау жүргізу. Археологиялық ескерткіштердің маңызы туралы түсінік қалыптастыру

Бағалау критерийлері



  • алғашқы адамдардың сенім-нанымдарын сипаттап мини эссе жазады.

  • Суретті хат жазады. Шарты: сөздерді қолданбай-ақ, мағынасын суреттер арқылы жеткізу

Тілдік мақсаттар


Пәнге тән лексика мен терминология: Ру, алғашқы қауым, тобыр, аналық және аталық ру, абыздар, анимизм, тотемизм, фетишизм, магия, өнер, петроглифтер, гравюра, тері өңдеу, пиктография, археология, терімшілік, аңшылық, балық аулау, мал шаруашылығы, теселі егіншілік, еңбек бөлінісі, өнімді еңбек, жеке меншік, өндіруші шаруашылық, қолөнер, кен өндірісі, тоқымашылық, керамика, көзе т.б.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Адамның жануарлар әлемінен басты ерекшеліктері...

Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің ескерткіштері...

Алғашқы адамдардың тұрмыс тіршілігінде келесі өзгерістер орын алды...

Ежелгі адамдар өмірінде орын алған өзгерістерге келесі факторлар әсер етті...

Тасқа салынған суреттер ежелгі адамдардың өмірі, дүниетанымы туралы келесі ақпараттарды береді...

Біздің анықтағанымыз...

Қорытындысында...

Біздің тобымыздың ойынша...

Келесі себептер/факторлар......

Құндылықтарды

дарыту

Ежелгі адамдардың өмірі, тұрмысы туралы айтқанда ынтымақтастық, ашықтық құндылықтары қалыптастырылады.

Пәнаралық байланыстар

Ықтимал пәнаралық байланысты әріптесіңізбен талқылаңыз немесе дереккөздерге жүгініңіз.

Сабақта пәнаралық кіріктірілу қалай жүзеге асырылатынын көрсетіңіз (іс-әрекет және/немесе мазмұн арқылы)

Бастапқы білім

Ежелгі адамдардың алғашқы өмірі, тұрмыс-тіршілігі, кәсібі туралы біледі. Қазақстандағы археологиялық ескерткіштермен танысу негізінде ежелгі адамдардың эволюциясы, бастапқы діни-нанымдары, адамдардың бірлесу формалары, еңбек құралдарының жетілу кезеңдері жайлы білім алады.

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

кезеңі


Сабақ басында:



Б «Тамғалы тас» деректі бейнематериалынан үзінді көрсетіңіз.

  • Алғашқы адамдар неліктен бұл суреттерді салды деп ойлайсыздар?

  • Олар қандай ойды білдіргісі келді?

Осы сұрақтардың аясында бүкілсыныптық талқылау ұйымдастырыңыз

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.


Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу


мадақтау

Тақырыптық суреттер

«Тамгалы тас» бейнематериалы

https://www.youtube.

com/watch?v=

td98ss3MwuE

Жаңа сабақ

М «Петроглифтер», «пиктография», «тотемизм», «анимизм», «магия» ұғымдарының мағынасын презентация арқылы түсіндіріңіз.



Зерттеу сұрақтары

  • П етроглифтерде көбінесе кімдер, қандай көріністер бейнеленген?

  • Алғашқы адамдар суретті салу үшін қандай тәсілдерді қолданған?

  • Тастағы суреттер алғашқы адамдардың дүниетанымы туралы қандай ақпарат береді?

Зерттеу мен талдау

Т Таңбалы, Ешкіөлмес, Жасыбай ескерткіштері туралы шағын мәтіндер мен осы ескерткіштің суреттер топтамасын оқушыларға ұсыныңыз.

1. Петроглифтерде бейнеленген аңдардың және т.б. тізімін жасайды;

2. Бейнеленген көріністерді жазбаша сипаттайды;

3. Петроглифтердің ерекшеліктерін анықтайды:

- қандай аңдар көптеп салынды? Бұл неге байланысты болды? Сіздер қандай қорытынды шығара аласыздар?

- бейнеленген көріністер сол кездегі адамдардың тұрмыс тіршілігі туралы қандай ақпарат беруі мүмкін?

- осы петроглифтерді зерттей келе, олардың наным сенімдері, дүниетанымы туралы қандай нәтиже шығара аласыздар?

Интерпретация

Ж Сыныптағы әр оқушы «петроглифтерді зерттеуші маман» кейпіне еніп, өз таңдаған петроглифтің «құпиясын» ашады. Оқушылар өздеріне ұнаған петроглифтерді таңдап, сол туралы барынша көп ақпарат іздейді, оны құндылығын сыныпқа негіздейді. М Оқушылардың жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырыңыз.

Көрмеге зерттеу барысында жинақталған материалдарды, суреттерді, жазбаларды ұсынуға болады.

Б Оқушылардың жүргізген зерттеу жұмысының нәтижесін қорытындылау үшін алғашқы адамдардың сенім-нанымдары туралы туралы алған білімдері бойынша кем дегенде бес-он сөйлемнен тұратын шағын әңгіме құрастыруды тапсырыңыз..

Оқушылар бұл петроглифтерді келесі критерийлерді басшылыққа ала отырып, зерттейді:


Өз зерттеулерінің негізінде Қаратау, Таңбалы, Ешкіөлмес, Жасыбай ескерткіштерінен табылған петроглифтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.


. 3-4 оқушының жазған әңгімелерін сынып алдында оқытып талқылайды.
Барлық оқушылардың дәптерлерін қарап шығап, бағалап өтеді. Ең үздік жазған оқушыларды атап өтеді


ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

«Ең үздік жауап»

«Алақан-жұдырық»

Мұғалім оқушыларды жұмыс барысында бақылып, өзінің журналына белгілеп алып отырады
«Жұлдызшалар»


Петроглифтер-ежелгі заманғы және ортағасырлық өнердің бірегей ескерткіштері

http://bm.yvision.

kz/post/421180

Тамгалы петроглифтері

http://www.uralrockart

Қазақстан тарихы (көне

заманнан бүгінге дейін). Бес

томдық. 1-том. – Алматы, 2010 ж.

Қорытынды

Кері байланыс

Маған ұнады......

Мен тілеймін......

Маған .......... қиын болды

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект


Үй тапсырмасы

Оқушыларға үйге тапсырма ретінде суретті хат жазуды тапсырыңыз. Шарты: сөздерді қолданбай-ақ, мағынасын суреттер арқылы жеткізу.