Файл: ыса мерзімді жоспар1.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 20

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар-13

     

Бөлім:

5.1. Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі


Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстандағы жартастарға салынған ежелгі суреттер.

Зерттеу сұрағы: Тасқа салынған суреттер ежелгі адамдардың дүниетанымын қалай бейнелейді?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді сипаттау

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Жартастағы суреттер арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы біледі;

Алғашқы адамдардың наным-сенімдерін сипаттайды

Көбісі : алғашқы адамдардың наным-сенімдерін жіктейді

Кейбірі: ежелгі адамдардың өмірін сипаттайтын бір көріністі петроглифпен кӛрсетеді

Бағалау критерийлері

Ежелгі адамдардың дүниетанымын сипаттайды

Тілдік мақсаттар


Негізгі ұғымдар: петроглиф, анимизм, тотемизм, магия,

фетишизм

Талқылауға арналған сұрақтар:

Неліктен тасқа қашап салынған суреттерде жануарлар бейнесі кӛп кездеседі?

Тастағы суреттер ежелгі адамдар туралы қандай сыр шертеді?

Диалогқа арналған сұрақтар:

Біздің анықтағанымыз... Қорытындысында...

Біздің тобымыздың ойынша... Келесі себептер/факторлар......

Жазылымға арналған тапсырмалар: Тастағы суреттер негізінде

алғашқы адамдардың ӛмірі туралы әңгіме құрастыру

Құндылықтарды

дарыту

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау

Пәнаралық байланыстар

Дүние жүзі тарихы

Бастапқы білім

Ежелгі наным-сенімдер, жартастағы суреттер туралы алғашқы

білімдері бар

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

кезеңі


Сәлемдесу. Жағымды ахуал орнату.

Топтастыру – 4 топ: «Тамғалы», «Баянжүрек»,

«Ешкіөлмес»; «Қойбағар»

Үй тапсырмасына шолу – жұптық жұмыс

«Мен саған, сен маған» - Беғазы-Дәндібай мәдениетіне тән 3 белгіні салытырады, бағалайды

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу


мадақтау

Тақырыптық суреттер

дайын

жауап тармен салыстыру

Жаңа сабақ

(Т) «Мозаика»

1-қадам: «Қазақстандағы қола дәуірі ескерткіштерінің қандай ерекшеліктері бар?» - мәтінмен жұмыс

2-қадам: топта талқылау, салыстырмалы кесте дайын- дау

3-қадам: топтық шешімді қорғау

Төменде берілген кестеде Тамғалы және Қаратау петроглифтерін салыстырыңыз.




Тамғалытас

ескерткіші

Қаратау

ескерткіштері

Орналасқан

жері







Петроглиф- тердегі бейне

лер







Ең көп кезде- сетін сурет

тердің сипат- тамасы







(М) оқушыларды ежелгі наным-сенімдермен таныстыру

«Кеңейтілген тапсырма»

1.Төменде берілген наным-сенімдердің анықтамасын сипаттаңыз:

  1. тотемизм

  2. анимизм

  3. фетишизм

  4. магия

2. Неліктен тасқа қашап салынған суреттерде жануарлар бейнесі көп кездеседі?............................... 3.Ежелгі адамдардың өмірін сипаттайтын бір көріністі петроглиф арқылы бейнелеп көріңіз............

Дескриптор

- Тамғалы және Қаратау

петроглифтерінің орналасқан

жерін атайды;

- Тамғалы және Қаратау

петроглифтерінде

бейнеленген суреттерді

атайды;

- Тамғалы және Қаратау

петроглифтерінде

бейнеленген суреттерді

сипаттайды;

- Тамғалы және Қаратау

петроглифтердегі

бейнелердің мәнін

түсіндіреді.

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ «Ең үздік жауап»

ҚБ «ҚАҚ» (Қосу. Азайту. Қосарым бар)


ҚБ «Өзін-ӛзі бағалау»






Қорытынды

Кері байланыс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


«Бағдаршам»

Жасыл түс – осы секілді тапсырмалар көбірек болса;

Сары түс – ұнады, бірақ барлығы емес;

Қызыл түс – сабақ ұнамады, сұрағым кӛп


Қысқа мерзімді жоспар-14

     

Бөлім:

5.1. Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі


Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ежелгі адамдардың өміріне саяхат

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.1.2.1 алғашқы адамдардың тұрмыс- тіршілігін шығармашылық түрде көрсету

Сабақтың мақсаты

Барлығы:

  • алғашқы адамдардың тұрмыс- тіршілігін шығармашылық түрде (әңгімелеу, бейнелеу, көрініс, макет) көрсету

Көпшілігі:

  • Тас дәуіріндегі оқиғаларға шолу жасайды;

  • Ежелгі адамдардың мәдени жетістіктерін қорытындылайды;

  • Алғашқы жылқы өсірушілерді анықтайды;

Кейбірі:

  • Андронов шаруашылығындағы ерекшеліктерді ажыратады;

Жартастағы суреттерге шолу жасайды;

Бағалау критерийлері



  • ежелгі адамдардың тиісті іс-әрекетін анықтайды;

  • еңбек құралдарын топтастырады;

  • Екі петроглифтердің арасындағы 2 айырмашылық пен 2 ұқсастықты анықтайды;

  • Петроглифтерді салыстыра отырып, ежелгі адамдардың дүниетанымын сипаттайды.

Дағдылар:

түсіну,білімін қолдану, талдау

Тілдік мақсаттар


Пәндік лексика және терминология:Ру, алғашқы қауым, тобыр, аналық және аталық ру, абыздар, терімшілік, аңшылық, балық аулау, мал шаруашылығы, теселі егіншілік, еңбек бөлінісі, өнімді еңбек, жеке меншік, өндіруші шаруашылық, қолөнер, кен өндірісі, тоқымашылық, керамика, көзе т.б.сөздерді еске түсіреді. Оқытудың тілдік мақсаты: Алғашқы адамдардың өміріндегі ең маңызды сәттерден құралған бейнелерді ажыратып, шағын көрініс жасайды (айтылым дағдысы). Ежелгі еңбек құралдарын жасауда, тиісті критерийлерді жазады (жазылым дағдысы).

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:Адамның жануарлар әлемінен басты ерекшеліктері...

Алғашқы адамдардың тұрмыс тіршілігінде келесі өзгерістерорын алды...

Біздің анықтағанымыз...

Қорытындысында...

Біздің тобымыздың ойынша...

Келесі себептер/факторлар....

Ең басты жетістіктер ...

Құндылықтарды

дарыту

Алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігі, еңбегіне, тарихи ескерткіштеріне құрметпен қарау.

Пәнаралық байланыстар

География, дүниежүзі тарихы пәндеріндегі негізгі білім дағдыларын пайлана отырып, археологиялық ескерткіштердің орналасуын, әлем елдеріндегі табиғи, қоғамдық өзгерістермен салыстыра отырып, тиісті қорытынды жасайды. Қазақстандағы ежелгі тас, қола дәуіріндегі басты қоғамдық өзгерістерді анықтайды.

Бастапқы білім

Қазақстантерриториясындағы алғашқы адамдардың антропологиясын, тұрмысын, археологиялық ескерткіштерімен, діни наным-сенімімен танысты.

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

кезеңі


Қызығушылықты ояту кезеңі. Бастапқы стимул.

  1. (Б) Бұл сабақта оқушыларға өткен тақырыптарды қайталай отырып, ежелгі дәуірге саяхат жасайтындығын ескертіп өтемін. «Тас және қола дәуірінде қандай өзгерістер орын алды?» сұрағын қоя отырып, оқушыларды өзара пікір алмасуға бағыттаймын. Алдымен талқылау үшін тақырып бойынша (барлығына бір тақырып немесе әр топқа бөлек тақырып) топтарға бөліп отырғызамын. Талқылаудан кейін оқушыларға түстер беріп, тиісінше қайтадан топқа бөлемін. Топты «Мозайка» әдісі арқылы 4 оқушыдан 4 топты анықтаймын. Жаңа топтар «бастапқы топ» қатысушыларынан тұрады. Кейін оқушылар топта не талқылағандарын айту үшін қайта оралады. Бұл одан әрі тақырыпқа шолу жасауға түрткі болады.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу


мадақтау

Тақырыптық суреттер

Жаңа сабақ

Мағынаны тану кезеңі.

  1. (Т) 1-тапсырма. «Уақыт сызығы».Презентация арқылы ұяшықтарға тас дәуірінің кезеңін (палеолит, мезолит, неолит, энеолит) санмен көрсетіп қойямын.

  2. 1 топ. Палеолит

2 топ. Мезолит

3 топ. Неолит

4 топ. Эноелит

Өткен тақырыптарды еске түсіру мақсатында сұрақтар беремін:

  • «Тас дәуірі» кезеңінен қандай оқиғалар ерекше есте қалды?

  • Металды игеру адам өміріне қандай өзгерістер алып келді?

  1. (Т)2-тапсырма. «Суретін сал».Оқушыларды топтарға бөлемін. Әр топ топ мүшелерінің санына қарай 1-ден 4-ке дейін немесе 5-ке дейін нөмір беремін. Сыныпқа сұрақ қоя отырып, «Бірге ойлаймыз» – деп айтамын. Сұрақ: «Ежелгі адамға ең үлкен пайдасын әкелген еңбек құралы қандай?» Ең үлкен пайда әкелген еңбек құралын анықтау үшін топтарға ежелгі адамдардың әртүрлі іс-әрекетін карточкамен ұсынамын. 1 карточкада – аң аулау, 2- от жағу, 3- аңдардың терісін боршалау, 4 – балық аулау. Осы іс-әрекеттерге сәйкес келетін еңбек құралын анықтап, топпен не жұппен суретін салады. Еңбек құралдарын еске түсіру үшін оқулықтың бастапқы беттеріндегі тақырыптарды қайталайды.

(Т) 3-тапсырма. «Топтық зерттеу».Оқушыларға «Тас дәуіріндегі Қазақстан» тақырыбы бойынша алынған білімді жүйелеу мақсатында топтық жұмыс ұйымдастырылатындығы туралы ескертемін.

Мысалы: алғашқы адамдар, тас құралдары, кен өндіру, қыш құмыралар, петроглифтердің суреттері. Осы суреттер бойынша сол кезеңге ойша өтіп, нені елестеткендерін жазып алады.

1 топ: Журналистер:

«Менің тас дәуіріндегі бір күнім» тақырыбында оқиға орнынан репортаж дайындайды;

2 топ:Ұсталар:

Тас және қола дәуірінің еңбек құралдарының ішінен адамға ең үлкен пайдасын (қажетті) әкелген еңбек құралын таңдап, оның суретін салып, мысалдар келтіре отырып, өз таңдауларын негіздеу.

3 топ: Қыш құмыра (керамика) жасаушылар:

Тұрақтардан табылған қыш құмыраларды зерттеп, олардың қажеттілігі мен қолданылуын түсіндіреді. Қыш құмыралардың бірнеше нұсқасының суретін салады, ондағы бейнеленген суреттерді сипаттайды.

4 топ: Этнографтар:

Тас және қола дәуіріне тән ғұрыптармен наным-сенімдер бойынша презентация жасайды. Олардың мағынасын ашып, түсіндіреді.

(Т) 4-тапсырма. Стоп-кадр.Ежелгі адамдардың өміріне саяхатты мектеп ауласында немесе кітапханада өткізуге болады. Сыныпты шағын топтарға бөлемін. Топтар келесі көріністерді көрсетеді:

І топ: ежелгі адамдардың тастардан еңбек құралын жасауы;

ІІ топ: терімшілік пен егіншілікпен айналысуы;

ІІІ топ: аң аулауы;

IV топ: от жағу тәсілін;

V топ: ежелгі адамдардың тастарға сурет салуы;

VI топ: тоқымашылық, тері өңдеу;

VII топ: баспана салу.

(Б)5-тапсырма. «Ыстық орындық». Бір оқушы ортаға шығып, өзін питекантроп, саналы адам немесе андроновтық тайпа өкілі ретінде ыстық орындыққа отырып, пікірін айтады. Ол тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Қалған оқушылар белгілі бір пікірмен келіспеген жағдайда, алға шығып сөйлей алады. Бұл жерде оқушылар белгілі бір рөлді немесе адамды сомдай алады.

Сынып оқушыларын топқа бөлнеді

Өткен тақырыптарды еске түсіру мақсатында сұрақтарға жауап береді

Оқушылар сұрақты ауызша талқылау үшін үстелдің орта тұсына барады.

Критерийлері:

1. Пәндік мазмұны: кәсібі, тұрмысы және т.б

2. Өзектілігі: тас дәуірінің ерекшелігі, еңбектің рөлі, адам эволюциясы және т.б.

Оқушылар өздерінің алған білімдеріне негізделе отырып, өзіндік интерпретацияны көрсетеді. Әр топ өз көріністерін сипаттап, таныстырады.


ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

«Ең үздік жауап»

«Алақан-жұдырық»

ҚБ «Өзін-ӛзі бағалау»



Қазақстан тарихы (көне

заманнан бүгінге дейін). Бес

томдық. 1-том. – Алматы, 2010 ж.


Т.С.Садыков,

А.Т.Толеубаев, Г.Халидуллин, Б.С.Сарсекеев. Ежелгі Қазақстан тарихы, 1-бөлім. – Алматы:Атамұра, 2011 ж.



Қорытынды

Кері байланыс

«Бағдаршам» тәсілі арқылы оқушының тиісті рефлексия жасауына бағыт беремін:

Жасыл түс – осы секілді тапсырмалар көбірек болса

Сары түс – ұнады, бірақ барлығы емес

Қызыл түс – сабақ мүлдем ұнамады

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект


Үй тапсырмасы

Ежелгі адамдардың өміріне саяхат