Файл: Зерттеуді ккейкестілігі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 23

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

КІРІСПЕ

Бұл әдістемелік жұмыста мұғалімдер арасында кәсіби күйзелістің алдын алу жолдары қарастырылған. Кәсіби күйзеліс мәселесі ХХІ ғасырдың жаңалығы болмаса да, соңғы онжылдықта зерттеушілердің ғана емес, бүкіл қоғамның назарын аударуда. Бұл жағдай негізгі әлеуметтік қызметтерде, яғни оқыту, күтім жасау, кеңес беру, емдеу немесе қорғау сынды әлеуметтік мамандықтарда жүргізілген әлеуметтік өзгерістер мен көптеген реформаларға байланысты туындап отыр. Күйзеліс – шамадан тыс созылмалы стресстен туындаған эмоционалды, психикалық және физикалық қажу. Бұл жағдай адамдар депрессияға ұшырағанда және оларды белгілі бір рөлді немесе функцияны атқаруға түрткі болған ынта-жігерін немесе қызығушылығын жоғалтқанда орын алады.

«Күйзеліс» терминін американдық психоаналитик Херберт Фрейденберг ұсынған болатын және 1986 жылы Кристина Маслак пен Сьюзан Джексон оны өлшеудің техникасын (Maslach Burnout Inventory, MBI) әзірледі. Ол бүгінгі күні де қолданыс табуда. Осылайша, бұл тек «сән үрдісі» немесе «медиа өнертабысы» ғана емес, психологтар мен әлеуметтану- шылар зерттеген шынайы құбылыс. Сарапшылар күйзеліс құбылысының эмоционалды қажу, деперсонализация және жұмысқа қызығушылық деңгейінің тө- мендеуі сияқты үш негізгі компонентін көрсетеді.

Зерттеудің көкейкестілігі: Күйзелістің негізгі құрамдас бөлігі болып табылатын психо-эмоционалды қажу адамның өз жұмысына байланысты эмоциялық босаңсу және шаршау сезімін білдіреді. Деперсонализация – қызығушылық жоғалту, тіпті жұмыс объектілері мен нәтижелеріне циникалық қатынас. Кәсіби жетістіктердің төмендеуі сенімділіктің төмендеуіне, біліктілік пен еңбек өнімділігінің төмендеуіне алып келеді. Мұның барлығы толық сәтсіздікке және мамандықтан кетуге алып келуі мүмкін. Көптеген адамдар стресс жағдайы көп туындайтын жұмыста көп уақыт өткізе- тіндіктен, эмоциялық күйзелістің артуы ең алдымен жұмыс атмосферасына және еңбек жағдайларына байланысты.

Бұл мектеп мұғалімдерінің, мысалы, агрессиясының артуына немесе керісінше, балаларға толықтай бей-жай қарауына, үнемі алаңдаушылық сезінуіне, басшылардан, ата-аналардан және балалардан қорқуына, еңбек өнімділігінің төмендеуіне немесе толығымен жоғалуына себеп болуы мүмкін.

Мектептік білім беру жөніндегі сарапшы және The Guardian газетінің шолушысы Лаура Мак Инерни 2500 мектеп мұғалімі мен респондент арасында жүргізген он- лайн сауалнама нәтижесінде мұғалімдер- дің 17%-ы сауалнама кезінде қажумен күрескенін анықтады. Сауалнаманың негізгі қорытындыларына сәйкес, мұғалімдердің күйзелісі ауыр жұмыс жүктемесі, жылдам өзгеретін білім беру бағдарламалары, сыныптағы тәртіп мәселелері, әкімшілік тарапынан қолдаудың болмауы және қаржыландыру мәселелері сияқты бірнеше факторларға байланысты.

Мектеп мұғалімдері қатаң иерархия үстемдік ететін білім беру жүйесінде өздерін тек кішкентай бөлшектер ретінде сезінеді. Олар мектепке қатысты маңызды шешімдер қабылдай алмайды. Әдетте мұғалімдер «кезекші қызметкер» ретінде қарастырылады және жұмыс жағдайларын ұнатпаса, жұмыстан шығып кете алатындарын жиі естуге тура келеді. Мұғалімдерге «Егер сізге ұнамаса, басқа жұмыс іздеңіз» деген сөздерді жиі тыңдауға тура келеді. Барлық дұрыс және бұрыс шешімдер комитеттерде, ведомство ларда және министрліктерде жасалады. Кей кездері жағдай одан әрі ушығып, мұғалімдер де оқушылар сияқты қорлық көруі мүмкін.

Йорк университеті тарапынан 4,500 оқытушының қатысуымен жүргізілген зерттеу нәтижелері «өзгерістерден шаршау» академиялық стресстің негізгі факторы болып табылатынын көрсетті. 10 адам- ның алтауы жылдам орын алып жатқан өзгерістерге ілесе алмай жатқандарын мәлімдеді. Оқытушылардың бірі өзгерістер оқытушылармен ақылдаспай жасалатынын және олардың көпшілігі үстіртін және нашар дайындалғанын айтып, мұндай жағдайлар оқытушылардың рөлі мен жауапкершілігін түсінуді қиындататын мәлімдеді. Әдетте, жағымсыз атмосфера тез арада бүкіл ұйымға таралып, соның салдарынан үздік қызметкерлерден айрылу және өзгерістерге бастамаларды жүзеге асыра алмай қалу қаупі төнуі мүмкін.

Үздіксіз өзгерістерден шаршаған мұғалімдердің инновациялық белсенділігі мен шешім қабылдау қабілеті төмендегенін және тиімді жұмыс жасауға қызығушылық танытпай, жағдайларға енжар және немқұрайды қарайтынын көруге болады. Бұл құбылыстар мұғалімдердің жеке өміріне де кері әсерін тигізеді. Сонымен бірге, білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде педагогикалық қызметкерлердің денсаулығы мен тиімділігі қоғамның тұрақтылығы мен дамуы үшін аса маңызды. Сондықтан министрлік, мектеп әкімшілігі және жоғары оқу орындары өз қызметкерлерінің әл- ауқаты мен тиімділігін қорғау үшін өтпелі кезеңде және белгісіздік кезінде бұл мәселелерге мұқият қарап, тиімдірек басқаруы керек.

Зерттеудің мақсаты: Үздіксіз өзгерістерден шаршаған мұғалімдердің инновациялық белсенділігі мен шешім қабылдау қабілеті төмендегенін және тиімді жұмыс жасауға қызығушылық танытпай, жағдайларға енжар және немқұрайды қарайтынын қарастыру. Бұл құбылыстар мұғалімдердің жеке өміріне де кері әсерін тигізеді. Сонымен бірге, білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде педагогикалық қызметкерлердің денсаулығы мен тиімділігі қоғамның тұрақтылығы мен дамуы үшін аса маңыздылығын көрсету. Психологиялық әдістерді пайдалана отырып, күйзелістен арылу дағдысын қалыптастыру. Теориялық аспектілерге тоқталу және стресстен арылудың жаттығуларын ұсыну.

Зерттеудің міндеттері:

  • Кеңес беруде қолданылатын әдістемелік тәсілдерді қолдану, пайдалану.

  • Психологиялық тренингтерді пайдалану арқылы адамның тәрбие үрдісін әр түрлі әдіс - тәсілдермен түрлендіру, жетілдіру.

  • Конструктивті шешімдер арқылы қорқыныш пен қиындықтардың қандай түрін болса да жеңіп, өз денесіне адамның өзі билік жүргізе алатынын, өмірге деген көзқарасын дамытуды көздейді.

  • Күйзеліс жағдайында психологиялық көмек көрсету түрлерін қолдану.

  • Адамның өзін әр түрлі психологиялық күйзелістің зиянды әсеріне қарсы тұрудың шығармашылығын жаттығулар арқылы дамыту.

Көтеріліп отырған мəселе зерттелмеді деп айтуға болмайды. Мұғалімнің кəсіптік- шығармашылық дамуы жөнінде В.А.Афанасьева, Н.Д.Хмель, Ш.Т.Таубаева, А.А.Бейсенбаева, М.Ə.Құдайқұлов, А.К.Ахметов, Б.А. Тұрғынбаева жəне тағы басқа ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Педагогтардың кəсіби іскерлігін қалыптастыру мəселелерін П.П.Блонский, Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, А.С.Макаренко жəне тағы басқалар жете зерттеген. Олар кеңес мұғалімін даярлаудың мəнін, мазмұны мен жүйесін негіздеген. Бүгінгі педагогтар Н.В.Кузьмина, В.А.Сластенин, С.Т.Каргин, Л.А.Шкутина, С.Қ.Əбілдина, Н.В.Мирза, Қ.А.Сарбасова, тағы басқалар мұғалімді кəсіби даярлау үдерісінің психологиялық-педагогикалық негіздеріне, педагогикалық мамандықтың мəніне, өзіндік ерекшеліктері мен функцияларына тоқталады. Мұғалім іс-əрекетінде кездесетін қиындықтар (С.Г.Вершловский, В.А.Метаева, Л.М.Митина, Т.С.Полякова), мұғалімнің эмоционалдық мəдениеті (М.И.Кряхтунов) мəселелері зерттелді [2].

«Үрей» мəселесі дəстүрлі түрде белгілі бір жағдаятың немесе құбылыстың əсерінен туындаған эмоция ретінде қарастырылып келді жəне осы аспект С.Л. Рубинштейн (1946), П. Фресс, Ж. Пиаже (1975), В.К. Вилюнас (1976), П.В. Симонов (1981), Л.М. Аболин (1987), Л.А. Гозман (1987), Б.И. Додонов (1987), Г.М. Бреслав (2004) жəне тағы басқа ғалымдар еңбегінде кездеседі. Үрейлену мəселесін түрлі ғылым өкілдері: биологтар, медиктер, педагогтар, философтар, психологтар, фиолог- лингвистер зерттеді. Көп еңбектерде үрей табиғатын эмоция, яғни əр адамның дербес ерекшелігі ретінде түсіндіреді (Л.В. Домодедов, 1986; А.Е. Олынанникова, 1997; Е.С. Розенберг, 2004 жəне т.б.).

Мұғалім еңбегі көп салалы қызметтен, түрлі кəсіби іс-əрекеттен тұрады. Осы уəжді көптеген зерттеушілер ескере бермей: «Мұғалім қызметінде қиындығының туу себебі — еңбек ақының төмен мөлшерде болуы», — деп көрсетеді. Э.Днепров: «Мектепті «өмір сүру минимумымен» қамтамасыз еткенде ғана сапалы білім күтуге болады», — дейді [3].

І . Мұғалімдерге психологиялық көмектің қажеттілігі мәселесінің маңызыдылығы.

1.1. Мұғалімдердің инновациялық белсенділігі мен шешім қабылдау қабілетін көтеру жолдары.

Мұғалімдерді кәсіби қызметке тікелей қатысы жоқ салаларда қосымша ресурс ретінде пайдаланып оларға әртүрлі қысымды арттыру, жаңа дағдыларды игеруі мен дамуына жол бермей олардың біліктілігіне қойылатын талаптарды арттыру саясаты сөзсіз, кең таралған стресске, оқшаулануға, қоғамның әл-ауқатына жауапты әлеуметтік тобының теріс психофизикалық реакцияларына әкеледі.

Айта кету керек, бұл алаңдаушылық тудыратын үрдістер орын алған және зерттелген жерлерде қызметкерлердің күйзелісінің зиянды әсерін болдырмау үшін белгілі бір шаралар қабылдануда, бірақ бұл оқу орындарына қарағанда ірі бизнес-корпорацияларға тән. Альтернативті жұмыс модельдері, сондай-ақ бос уақытты қамтамасыз ету шаралары қызметкерлерді әлдеқайда өнімді етуге бағытталған. Кейбір жаһандық өндірушілер мен үкіметтер бұл мәселені шеше бастады. Мысалы, Volkswagen, Puma және BMW сияқты неміс компаниялары жұмыс уақыттарынан тыс кездерде электронды поштаны пайдалануға тыйым салды. Өзгерістер күшіне енген кезде Германияның Еңбек және әлеуметтік істер министрі болған Урсула фон дер Ляйен: «Жұмысшылардың жұмысынан тынығуы жұмыс берушілердің мүддесіне сай келеді. Әйтпесе, бұл ерте ме, кеш пе күйзеліске әкеліп соқтыруы мүмкін», – деп мәлімдеген болатын.

Нарықтық экономикасы бар әлемнің түрлі елдеріндегі тәрізді Қазақстанда да көптеген мұғалімдер білім берудің барлық деңгейлерінде оқушылар мен ата- аналардың артып келе жатқан талаптарына және осыған байланысты жұмыс өмірінде тұрақсыздыққа тап болуда. Сондықтан, қоғамға деген теріс әсерін өлшеу қиынға соғатын бұл әлеуметтік мәселенің тиімді шешімдерін іздестіру қажет. Егер қоғам бұл мәселенің маңыздылығы мен өзектілігін мойындауға дайын болмаса, шешім жасау әлдеқайда қиын болады. Ең алдымен, адами капиталдың өнімділігі, әл-ауқаты, шығармашылығы мен денсаулығы кәсіби күйзеліс мәселесінің шешіміне байланысты екенін түсіну қажет. Сонымен қатар, күйзеліс синдромының алдын алуға және емдеуге бағытталуы мүмкін салауатты жұмыс ортасын құру және қолдау қажет. Шешімдердің қатарында жоғары сапалы байланыс, ынтымақтастық, мұғалімдердің мәртебесін іс жүзінде тану, бірлескен шешімдер қабылдау, шынайы көшбасшылық және т.б. атап көрсетуге болады.

Қазақстанда 2018 жылдың желтоқсанында 28 жылдық жұмыс тәжірибесі бар бастауыш мектеп мұғалімі әлеуметтік желілерде мектепте жұмыс істеу қиындықтары туралы ашық айтқан болатын. Бұл хатта білім беру стандарттарының кемшіліктері, шамадан тыс тексерулер, бос уақыттың жетіспеушілігі және ең маңыздысы мұғалімдерге психологиялық көмектің қажеттігі сияқты мәселелер көтерілді. Оның айтуынша, бүгінгі күні мұғалімдер ата-аналар, балалар мен реттеуші органдарға байланысты жүйелі түрде стресс пен агрессияға ұшырауда. Білім беру жүйесінде мұғалімдер ең қорғалмаған адамдар болып табылады. Сондықтан жас мұғалімдер мектепте ұзақ қалмайды.

Мұғалім мәртебесі туралы жаңа заң қабылданды. Бұл заң арқылы мұғалім мамандығының беделі мен оның қазақстандық қоғамдағы мәртебесін арттыру көзделініп отыр. Мүмкін, барлығының орнына ештеңе берместен көп нәрсе күтетін зиялылар қауымының ең қорғалмаған және сабырлы бөлігінің мәселелеріне назар аударатын уақыт келді.


    1. Оқушылардың депрессиядан шығу жолдарын бақылау

Депрессия (латынша deprimo – жабығу, торығу, құлдырау) – бұл психикалық ауытқу. Оның негізгі үш белгісі бар: өмірге қызығушылығының төмендеуі, көңіл күйдің бұзылуы (ангедония), ой мен сананың сергелдеңі, яғни жағымсыз ойларға бой алдыру және белсенділіктің жоғалуы. Күйзеліс ұғымы адам болмысына қарай белгіленген төрт темпераменттің ішінде меланхолиямен пара - пар.

Күйзеліс дерті бұрыннан бар. Бірақ бұл ұғым баяғы заманның емес, қарыштаған қазіргі заманның сүйікті сөзіне айналды. Олай дейтін себебіміз, бүгінгі жаһандану дәуірінде күйзеліске түспеген жан кемде - кем. Өйткені, әлемдік көрсеткіштер бойынша жүрек қан - тамырлары ауруынан кейінгі орында тұрған осы ауру. Қазақтың қамығу, күйзеліс, жабығу, торығу сөздеріне сиятын күйзелістің ақыр соңында адамды өзін - өзі саналы түрде басқара алмауына әкеледі.

Қымқуыт тіршілікте жұмыр басты пенде белгілі бір кезеңде психологиялық күйзелісті бастан кешіретіні аян. «Дәл қазір күйзелісте жүрмін» деген сөзді он адамның тоғызы жиі айтатын болды. Бұрын - соңды мұндай сөзді құлағымыз шалмаушы еді. Ал қазір екінің бірі күйзелістік жағдайға душар болғандар. Әлем халқының 20 пайызы өмір бойы депрессиялық күйзелісте жүреді екен.

Күйзеліс - адамның психологиялық ауытқуы. Көбіне көңіл - күйі болмаған немесе қандай да бір қайғылы оқиғаны, жағымсыз кезеңді бастан өткерген адам күйзеліске ұшырайды. Психолог - мамандардың айтуынша, әсіресе, күз, көктем мезгілдерінде адамдар күйзелістік күйге тап болады. Бір қызығы, әлемде әрбір жиырмасыншы адам қандай да бір депрессиялық күйзелісті бастан кешіреді екен. Америкалық мамандар күйзелісті «психологиялық тұмау» деп айдар таққан. Яғни, бұл дерт бүгінде қарапайым тұмау сияқты қаптап кеткен дегенді білдіреді. Мәселен, Америка Құрама Штаттарында жыл сайын 15 миллион адам «психологиялық тұмауға» тап болады. Ал жаһан халқының 5 пайызы депрессиялық күйзелісте жүреді екен. «Күйзеліс - адамның өмір сүруге бейімділігін сипаттайтын жаһандық дерт» деген пікір бар. Ең қызығы жер - жаһанның миллиондаған адамы аталмыш дертпен бетпе-бет кездессе де, одан шығу жолын, пайда болу себептерін дөп басып ешкім айта алмайды.

Гиппократ күйзеліске ұқсас психологиялық күйреуге «адам миының қара сөлге толуы» деп анықтама берген.

Психологтар ХХ ғасырға тән дерт деп атаса да, күйзеліс ХХІ ғасырға адамзатпен бірге аяқ басты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пайымынша, алдағы он жылда күйзеліс адамды өлімге жетелейтін аурулардың қатарына жатқызылады-мыс. Тіпті жүрек-қан тамырларынан баса озып алдыңғы қатарға шығады. Шамасы, адамның психологиялық күйзелісі күн санап белең алып келетін сияқты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Гарвард университетінің зерттеулері бойынша, әлемде 121 миллион адамның бойынан күйзеліс дерт табылған. Ең сорақысы, жыл сайын 850 мың адам күйзелістің салдарынан өзіне-өзі қол салады.

Мамандар күйзелісті үш түрге бөледі.

Біріншісі - адамның инфаркт, жүрек ауруларына жиі ұшырауы және түрлі жарақат сияқты дертке тап болуымен қалыптасатын депрессия.

Екіншісі - эндогендік депрессия. Яки адамның ішкі жан дүниесінің тереңінен пайда болатын дерт. Эндогендік депрессия адамға кері әсер етеді. Дәл осы депрессиялық күйге түскен адам айналасындағы құбылыстарға баға бере алмай, белгілі бір сезімдерді бастан кешіре алмай дал болады.

Үшінші - түрі психогендік деп аталады. Адамның психикалық ауытқуы салдарынан пайда болатын депрессияның бұл түрі тіпті қайғылы жағдайға итермелеуі мүмкін. Тағы бір қызық пайым. Ер - азаматтарға қарағанда, нәзік жандылар күйзелістік күйге жиі тап болады. Зерттеулерге жүгінсек, әйелдер күйзеліске ерлерге қарағанда 2 - 3 есе көп екен. Бұл - әйел бойындағы гармондық өзгерістерге байланысты болуы мүмкін. Мәселен, аяғы ауыр немесе босанған әйелдің психологиялық күйі жиі өзгереді. Тіпті дәл осы кезеңде нәзік жандылар мына әлемнен баз кешіп, бәрінен бас тартады. Бірақ мұндай күйзеліс ұзаққа созылмайды. Қарапайым халықтың тілімен айтқанда, мұндай депрессия «ұмытшақ ауру» сияқты. Бір мезетте пайда болып, бір мезетте жоғалады. Ал қара күштің иесі күйзеліске сирек тап болғанымен, дертті оңай еңсере алмайды. Өйткені ер - азамат үшін психологиялық күйзеліске тап болу - намысын аяқасты етумен пара-пар.

Мамандардың айтуынша, ер - азаматтар дертін мойындаудың орнына маскүнемдікке салынады. Яки арақ ішіп өзара арпалысты тыйып, бірер уақытқа дерттен айықтырады деп алданады ер - азаматтар. Күйзеліске тап болған ер - азамат өмірмен қоштасуға да дайын тұрады. Әсіресе, жас жігіттер мен қарттардың арасында күйзелісті еңсере алмай, өзіне - өзі қол салушылар басым.

Өз - өзіне қалай көмек көрсетуге болады?

Күйзелісті жеңу үшін алдыңа нақты міндеттер қою және салауатты өмір салтын ұстана білу маңызды.

Күйзеліспен күрестегі басты қару – кез келген қоздырғыш факторларға деген эмоциямыз бен реакциямызды бақылау.

Егер сонда да күйзеліске ұшырасаңыз бірнеше оңай қағиданы есте сақтап, қолдану қажет.

Бірінші қағида: Барынша өз - өзін сергіту. Дем алысыңызды қадағалаңыз, толық кеудемен ауызды ашып демалуға тырысыңыз (әдетте күйзеліс жағдайындағы адам тісін шықырлатады, ал біздің міндетіміз барлық бұлшық еттерді босату). Созылып, керіліңіз бірнеше минут мойынға массаж жасаңыз. Соңғы релаксация қолды ыстық сумен жылыту, себебі ағзада адреналиннің бірден өңделмеуі қол - аяқ ұштарындағы қан айналымын төмендетеді. Ыстық қол барлық ағзаның босауына ықпал етеді.

Екінші қағида: қозғалу қажет. Жүріп қайтыңыз, ал ең жақсысы кішкене жүгіріп қайтыңыз. Белсенді іс - қимыл сізді ашуланудан арылтады.

Үшінші қағида: өзіңізге ұнайтын тәтті бір нәрсе жеңіз. Бұл арада керемет көмекші балмұздақ болуы мүмкін. Балмұздақтың негізгі құрамы сүт пен кілегей, бұнда ұйықтай алмау, депрессия кезінде, көңіл - күйді жақсарту және қорқыныш пен алаңдаушылық сезімдерін азайту үшін медицинада қолданылатын табиғи триптофан транквлизаторы бар. Сондай - ақ күйзеліс кезінде шоколад та көмектеседі – ағзада серотонинды тудырудағы көмекші, «бақыт гармоны» ретінде де аса белгілі. Сонымен қатар, шоколадта бұлшық ет пен нерв жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне қажетті екі минерал магний мен калий бар.

Төртінші қағида: сергітетін шөптермен, майлармен немесе тұзбен ванна қабылдаңыз. Су процедуралары кезінде жағымды музыканы тыңдауды үйлестірген жөн. Бұл сізге тыныштықта және жайлы атмосферада демалуға мүмкіндік береді. Су процедураларын жағымды музыка тыңдаумен үйлестіріп, одан кейін жақындарыңызға массаж жасату қажет.

Бесінші қағида: қандай да бір күлкілі жақсы фильм көріңіз. Ал мұндай фильм әр фильмотекада барына сенімдіміз. Барынша күліп, көңіл көтеріп, осы көңіл - күйде ұзаққа қалуға тырысыңыз. Бастысы — есте сақтаңыз: күйзелістен қашпау керек — өз - өзін ұстау қажет. Мәселен күйзеліс деген бізбен болған жағдай емес, бұл қандай да бір жағдайға қалай қарағанымыз.

Ал күйзеліс симптомдарынан арылу үшін мынаны пайдаланыңыз:

1. Өз - өзіне гипноз жасау (бұл күйзелістен арылудың бірден - бір тәсілі)

2. Аутогенді жаттығу

3. Жеке күнделік бастау

4. Медитация (бұл күйзелістен арылудың ең жақсысы)

5. Йога – бұл тек күйзелістен арылуға ғана емес, жалпы организмді гармонияға келтіреді.

6. Дем алу жаттығулары

7. Ойындар (тек үстелдегі немесе компьютерді жай ойындар, азарттық ойындар тек күйзелістен арылтып қана қоймай, кейде кедергі келтіруі мүмкін)

8. Секс

9. Күлкі

10. Биологиялық кері байланыс

11. Музыкалық терапия

12. Жаяу серуендеу

13. Бау - бақшадағы жұмыс

14. Тайм - Менеджмент немесе жеке уақытын басқару

15. Жақсы көретін музыканы тыңдау

16. Дұрыс тамақтану

17. Адамдармен сөйлесу техникасын үйрену

18. Ароматерапия

19. Кофені және кофеині бар сусындарды ішуді азайту

20. Алкогольді шектеп ішу (асыра ішпеңіз!)

21. Көк чай

22. Теледидар бағдарламаларын және фильмдерді көру

Алдын - ала ескерту! Күйзеліс жағдайлары жиі болған кезде гипертонияны болдырмау үшін күні бойы күре тамырдағы қан қысымын өлшеу қажет және егер ұзақ уақыт бойы күйзелісте болсаңыз маманға жолығу керек.



ІІ . Мектептегі күйзеліс: себептері және жедел жәрдем.

2.1. Оқушыларда болатын күйзеліс себептері.

Мұғалімдер балалар өмірінде көп нәрсені анықтайды. Олар оқушылармен тым либералды болуы мүмкін немесе тым қатал, тәрбиешілердің қамқорлығы немесе оқшаулануы, мұқият болуы және т.б.

Мұғалім жақсы мұғалім туралы біздің идеяларымызға толық сәйкес келеді. Бірақ бір адам оқушының тағдырын, оның өмірдегі сәттілігін немесе сәтсіздігін анықтамайды. Мектеп барлық маңыздылығымен - бала өміріндегі басты орын емес.

Не істеу керек? Оқу процесінде ата-аналардың өзіндік рөлі бар. Олар бастаушы студентті бақытты ете алады. Егер бала мұғалімнен қорқатын болса, оның тәжірибесін мойындаңыз: ол шынымен қорқады! Мұғалімнің қаталдығы оған қарсы бағытталмағанын түсіндіріңіз, ересек адам да жүйке мен ашуланшақ бола алады.

Егер қандай да бір сабақта бала мазасыз болса, оның білімге деген қызығушылығын оятыңыз. Оған жақсы кітаптар оқыңыз, мұражайларға бірге барыңыз, Discovery және BBC-дің деректі фильмдерін теледидардан немесе бейнежазбалардан көріңіз - бұл қызығушылықты сақтаудың жақсы тәсілі.

2. Жұмыс жүктемесі тым үлкен.

Бала мектепке барғаннан кейін оның күні ересектердің күніндей болады. Нәтижесінде ол шаршайды, жиі ауырады. Кейде шаршау энергия мен уақыттың дұрыс бөлінбеуінің салдары болып табылады. Кішкентай мектеп оқушылары әдетте көптеген қажет емес нәрселерді жасайды, өйткені олар әлі де қалай үйренуді білмейді. Олар үшін күнделікті жұмыс әлі де маңызды. Кейбіреулерге мектепке дейінгі ұзақ жолды жүріп өту қиынға соғады.

Не істеу керек? Мұнда бастысы күнделікті мінез-құлық алгоритмін жасау: ол үйге келді, тамақ ішіп, демалып, белгілі бір уақытта үй жұмысын бастады.

Таңғы астан бастаңыз. Көбінесе таңертеңгілік асығыс «түнгі» жағдайдан шығып, оқушының «аяқ киіміне» жол бермейді, ал балалар үйден мектепке ауысуы керек. Бірлескен таңғы ас - бұл сіздің эмоционалды қарым-қатынасыңыздың уақыты, сонымен қатар оның күшін арттыратын тамақ. Таңертең «алдын-алу» әңгімелерін ұйымдастырмаңыз, ренжітпеңіз.

Бала берілген тапсырманы дауыстап оқиды, дауыстап: «Мен не істеуім керек?» - деп сұрайды және оған дауыстап жауап береді.

Сабақ аяқталғаннан кейін, үй тапсырмасын еске түсірмес бұрын, балаға қуат беріңіз. Сабақтарда мұғалімдер: «Біз күнделік алып, қалам алып, жазып аламыз. »Әрбір әрекетті үйде де айту керек. Бала берілген тапсырманы дауыстап оқиды, дауыстап: «Мен не істеуім керек?» - деп сұрайды және дауыстап жауап береді. Жаттығуды жасай отырып, ол қазір не істеп жатқанын айтады: «Мен жазып отырмын: 12 плюс 12 тең 24».



Егер бұл тақырып қиындықпен берілсе, бұл өте маңызды. Өз іс-әрекеттерін атай отырып, ол бірте-бірте «өзімен-өзі сөйлесуді» үйренеді, тапсырмаларды орындау алгоритмін тыныш игеріп, оны автоматты түрде қолдана бастайды.

3. Бағалау тұрақты күйзелісті тудырады.

Көптеген оқушылар нашар бағадан қорқады, оны өз жұмысын бағалау ретінде емес, стигма ретінде қабылдайды. Көбінесе ата-аналардың өздері балалардың мазасыздануына себеп болады: «Қайта ноутбук лас болды, мәселені шешпеді, өлең оқымады және оқулықты жоғалтып алды. «Олар жағдайды күрделендіреді, және балалар ата-аналары оларға риза болатындай ешқашан үйренуге болмайды деп сене бастайды.

Не істеу керек? Тіпті ең қызықты және зейінді бала кейде тапсырманы жеңе алмайды. Бұл оның нашар студент екенін білдірмейді. Мұндай нәзік, бірақ өте маңызды айырмашылықты өзіңіз сезіп, ұлыңызға немесе қызыңызға түсіндіруіңіз керек. Әрқашан жұмысты бағалаңыз, бірақ бала емес. Тапсырма жақсы орындалған кезде, оның күш-жігерін байқауды ұмытпаңыз.

Бастауыш сынып оқушыларында анда-санда «кері айналу» кездесетінін білу маңызды. Мысалы, 8-9 жастағы балаларда қолжазба ұқыпсыз, түсініксіз, байсалды болып кететін кезең келеді. Бұл жас ерекшелігін біле отырып, баланы эмоционалды түрде қолданыңыз: «Сіз тез жазуды үйрендіңіз!» - және «ұмытылған» каллиграфияны қайта үйренуге көмектеседі.

4. Оның сыныптастары мазақ етеді.

Бұл беделге, орналасқан жеріне және оқыту деңгейіне қарамастан әр түрлі мектептерде болады. Кез-келген ұсақ-түйек келеке-мазаққа себеп болуы мүмкін: көзілдірік, шаштары бірдей емес, ұзын немесе қысқа бойлы, тым тығыз физика немесе тыныш дауыс.

Не істеу керек? Баланы тыңдаңыз, бірақ оның тарихына түсініктеме бермеңіз. Оның мәселесін тез арада шешуге азғырудан аулақ болыңыз. Оның қалай сезінетінін түсінуге тырысыңыз: ауырсыну, реніш, ашу? Осы сезімді атаңыз: «Мұндай болу өте өкінішті» немесе «Осындай ауыр сезімдерді басу қиын».

Бұл керемет көрінуі мүмкін, бірақ біз балаларға шынымен көмектесіп, оларды тыңдап, олардың сезімдерін мойындаймыз. Дереу араласу керек бір ғана жағдай бар: баланың немесе сенің немесе басқаның әрекеті адамның қадір-қасиетін түсіретін немесе өміріне қауіп төндіретін жағдай.

5. Ол мектепке барудан бас тартады.

Бұл жиі және жиі болады. Бір жағынан, біздің балалар өздерінің сезімдері мен тілектерін көрсетуде еркінірек. Екінші жағынан, мектеп әрқашан олардың еркін таңдау, шығармашылық, дамуға деген қажеттіліктерін қанағаттандыра бермейді.


Не істеу? Бала бұдан былай мектепке бармайтынын айтты. Бұл туралы онымен сөйлесіңіз, бірақ бірден емес. Өзіңізге де, оған да шынымен не болып жатқанын түсінуге уақыт беріңіз. «Шабуылшыға» келісу керек: «Мектеп өте қиын ... Бірақ ол жерде достар бар, сізге ұнайтын мұғалімдер бар. Тағы біраз уақыт кетейік (қайсысын көрсетіңіз), барамыз, көреміз, бір нәрсені өзгертуге тырысамыз. «

Ең жақсы мектеп - бұл балалар құрметтейтін, сабақ бере алатын және сонымен бірге барлық шырындарды төгіп тастамайтын орын

Сіздің міндетіңіз - мектепті тастап кету мүмкіндігін мүмкіндігінше алға жылжыту. Егер мәселе шешілмесе, сіз қате мектепте оқитын шығарсыз. Мұнда драма жоқ. Мектептің өзгеруімен байланысты барлық сұрақтарға сыныпты алтыншыға дейін шешкен жөн. Осы уақытқа дейін қарым-қатынас, құрдастармен, балалармен қарым-қатынас мәселесі оңай шешіледі. 7-8 сыныптарда қиын болады.

Қай мектеп жақсы? Мүмкін үйге жақын немесе аз жүктеме болатын жерде. Көптеген ата-аналар үшін оқу орнын өзгерту туралы шешім қабылдау қиынға соғады. Олар көп сабақ сұралатын және екі шет тілі бар жерде жақсы деп санайды. Шын мәнінде, ең жақсы мектеп - бұл балалар құрметтейтін мектеп, олар оны қалай үйретуді біледі және сонымен бірге олардан барлық шырындарды сығып алмайды.

Оқушылардағы стресс – себептер.

Мектеп жалпы даму процестерін ынталандырып қана қоймайды, ол шиеленістің көзі бола алады. Оқу жылының басталуы және оқу орнының өзгеруі студенттік өмірдегі ең қиын кезең. Стресті тудыратын басқа факторлар:

• оқытуға байланысты жағдайлар - бағалау, білімді тексеру, қызметтен асып кету және т.б.

• құрдастарымен қарым-қатынастағы проблемалар

• ата-аналардың нашар жұмысына қатынасы - қорлау, қорқыту, жазалау

• мұғалімге қатысты қиындықтар - мұғалім сыныптастарымен айқайлайды, ұрады немесе қорлайды.

Өзгелердің жағымсыз көңіл-күйі оқушының денсаулығына әсер етеді. Ең алдымен, жүйке және иммундық жүйелер зардап шегеді, қан айналымы бұлшықеттің тұрақты кернеуіне байланысты бұзылады. Мұндай жағдайда толыққанды ақыл-ой жұмысы мүмкін емес, нәтижесінде қатал шеңбер пайда болады - бағалар жақсармайды, оқушының психикасы одан сайын күшейеді.

Оқушыларда стресс қалай көрінеді?

Стресстің нәтижесі болып табылатын белгілер жас балаларда оңай байқалады, өйткені жасөспірімдерден айырмашылығы, олар өздерінің жағдайларын жасырмайды. Белгілі белгілердің қатарына мыналар жатады:


• төсек салу

• ашуланшақтық, агрессивті мінез

• апатия, ұйқышылдық, концентрацияның төмендеуі

• пессимизмге немесе қиялға бейімділіктің пайда болуы

• немқұрайдылық

• асқазан-ішек ауруы (мысалы, іштің ауыруы, диарея, құсу)

• бас ауруы, ауыздың құрғауы, бұлшықет тонусының жоғарылауы (әсіресе мойын мен иық)

• иммунитеттің төмендеуі.

Отбасы тірек көзі ретінде.

Қиын кездерде отбасын қолдау өте маңызды. Бала оны тыңдайтынына сенімді болуы керек, ал проблемалар мазақ етілмейді немесе асыра айтылмайды. Сонымен қатар жағымсыз жағдайларды барлық жолмен жою мүмкін емес. Ақыр соңында, стресс өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады, және оқушы оны тезірек жеңуге үйренсе, соғұрлым қиын жағдайларға төтеп беру оңай болады.

Отбасының көмегінің орнына психологиялық көңіл-күйінің нашарлауы жиі кездеседі. Бұған жол бермеу үшін келесі тармақтардан аулақ болыңыз:

1. Мектеп немесе мұғалімнің көмегімен қорлау. «Мектепте олар саған күледі» немесе «сізге қиын болады» деген хабарламалар дабыл мен оған келуді қаламайды. Мұндай өрнектердің орнына, мектепте ол жаңа таныстарды немесе өткен демалыс туралы алған әсерлеріңізбен бөлісе алатын достар күтеді деп айтыңыз.

2. Жақын адамдардан қорқу. Кейде ата-аналар баладан қорқып, оқушы үшін стрессті туғызатын ашуланшақтықтарын көрсетеді. Оның ойынша, егер анам мен әкем алаңдаса, онда сынып - бұл қауіпсіз жер емес. Студенттің жанында қатты уайымдамаңыз, оны тек жақсылап баптаңыз.

3. Қорқынышты болашақ.

Балалар ересектерден жиі естиді - «егер сіз жақсы оқымасаңыз, өмірде ештеңеге қол жеткізе алмайсыз». Бұл сөздер зиянды, әсіресе орта және орта мектеп жасындағы балаларға қатысты. Көптеген жасөспірімдер бұған басқаша қарайды, өйткені олар керісінше көрінеді. Бұл жағдайда гипотетикалық салдарсыз фактілерге сүйене отырып, өз ұстанымыңызды түсіндіріңіз. Мысалы, егер бала спортшыларға жақсы бағалар қажет емес деп шешсе, оларға жарақат алу мүмкіндігі туралы еске салыңыз. Спортшылар ауыр жарақаттан кейін таңдаған жолдарын тастап кетеді және лайықты жалақысы бар басқа жұмыс іздеуге мәжбүр.

4. Менмендік.

Әдетте ата-аналар өздерінің сынықтарын өте ақылды және талантты деп санайды, бұл оқушы үшін проблемаға айналады. Ересектер одан жоғары балл күтеді, ал егер үміт орындалмаса, олар оған «неге 4?» деп қорқытады. Осылайша, ата-ана оның отбасына сәйкес келмейтінін хабарлайды, бұл өз кезегінде қосымша күйзелісті тудырады. Барлық балалар бірдей қабілетті емес, ал бағалар жай ғана бағалар, болашақта бақытсыздықтың көзі емес. Көптеген зерттеулер орта мектептің үлгерімі ересек адамда сәттілікке кепілдік бермейтіндігін көрсетті. Әлеуметтік дағдылар, қарым-қатынас құру және мақсатқа жету қабілеті өмірдің қанағаттануына едәуір әсер етеді.