ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.04.2024
Просмотров: 28
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг «Өзің-өзі бағалауды көтеру жодары».
Мақсаты: адамға, жеке өзіндік «Менін» тереңірек таныту, қызығушылығын ояту, өзінің адамгершілік мінез-құлықтарына баға беру, өзіне деген сенімділік қабілетін дамыту.
Әдіс – тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ – жауап, ойын, интерактивті әдіс.
Көрнекілігі: ойшылдардың сөздері жазылған плакаттар, нақыл сөздер, жіп, А4 қағазы, слайд тақтасы.
Тренинг сағаттың барысы:
1. «Аялы алақан»
Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.
Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі тренингтен не алғ,ыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын мұғалімдерге қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)
2. «Көрші»
Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.
Нұсқаулық:
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,
Бүгінгі тренинг барысы,
Біз үлкен отбасы.
(Мұғалімдер қимыл – қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды)
3. «Сенімді, сенімсіз, агрессивті мінез – құлық»
Мақсаты: сенімді мінез-құлықтың мәнін түсініп, өзіне деген сенімділігін дамыту. Сенімді, сенімсіз, агрессивті мінез-құлықты бір-бірінен ажырата білу.
Жүру барысы: топтағы әр қатысушыға әр түрлі жағдаят жазылған парақ үлестіріледі, әрбір қатысушы сол жағдаятты үш түрлі мінез-құлық түрінде ойнап беруі керек.
Тапсырма: Сіздің досыңыз немесе танысыңыз алған қарызын беруді ұмытып кетті.
Агрессиялық әрекет:
Сенімсіз әрекет:
Сенімді әрекет:
(Мұғалімдер сол жағдаятты үш түрлі мінез-құлық түрінеде ойнап береді)
4. «Психогеометриялық фигура»
Мақсаты: қатысушылардың, жеке тұлғаны байқағыштыққа және топ мүшелері арасындағы үйлесімді қарым-қатынас қалыптастыру.
Нұсқаулық: Қатысушылар шеңбер құрып отырады. «Көзімізді жұмамыз. Бастапқы қатысушыға жіп беріледі. Ол барлық қатысушыларға жалғастырылады. Мен 1,2,3, төртбұрыш (үшбұрыш, дөңгелек). Әр фигурадан кейін көздерін ашып, танысады».
Талдау:
1. Сіз тапсырманы еш қиыншылықсыз орындадыңыз ба?
2. Оны орындау үшін сізге не қажет болды?
3. Қандай әсерлер болды?
5.«Ойлы болсаң тауып көр!»
Мақсаты: ойлау деңгейі мен шығармашылық потенциялын дамыту.
Нұсқаулық: «Алдарыңызда Т әрпі құрастырылуы тиіс. Ал қазір сіздерге Т әрпінің қиынды бөліктері беріледі. Осы бөліктерден Т әрпін құрауымыз керек» (Қағаздан жасалған қиынды фигуралардан Т әрпін құрастырады)
6. «Балалық шақтан қызықты оқиға»
Мақсаты: эмпатияны дамыту.
Нұсқаулық: «Сіздердің алдыызда қорапша тұр. Сол қорапшадан билет суыруларыңыз қажет. Ол билеттерде «Балалық шақ», «Балалық шақтан қызықты оқиға» билеті түссе, сол мұғалім өзінің балалық шақтан бастан өткізген қызықты оқиғасын айтып береді.
Талдау:
Өздеріңізді қалай сезінудесіз?
7. «Әнді жалғастыр!»
Мақсаты: қатысушылардың көңіл-күйін көтеру, жағымды эмоция туғызу.
Нұсқаулық: «Сіздерге бір өлеңнің 1 – жолын айтамын, ал сіздер келесі жолын айтасыз, ал келесі көрші топ 3-4 – жолын әнмен жалғастырады. Кейін жүргізуші басқа өлең бастағанда 3 – топ өлеңнің 2 – жолын айтады, ал 4 топ 3-4 жолын айтады. Ойын шеңбер бойынша жалғасады.
8. «Сен білесің бе?»
Мақсаты: қатысушылардың бір-бірін жақсы тану, өзара бөлісу, мән бермей жүрген қасиеттерін өзара түсінісу.
Нұсқаулық: «Сіздің алдарыңызда қоржын бар. Осы қоржыннан бір билет аласыз. Онда әр түрлі жануарлар мен құстар, жәндіктердің аттары жазылған. Алдымен әркім өзіңіздегі билеттегі жануарлармен танысып, көршіңіздің бойында осы жануарлардағы бар қасиеттерді анықтайсыз».
9. Қорытынды. «Әріптестер алға, қанаттарың талма» әнін айту.
Мұғалімдер мен оқушыларға арналған психологиялық жаттығулар.
-
«ХА» дем шығару жаттығуы. Дем шығаруды жақсартады. Демді ішке қарай жай жай тартамыз. Дем тартқан сайын еки қолды көтереміз. Демді шығару үшін қолды төменге түсіріп ХА деп айтамыз, солай бірнеше рет қайталаймыз.
-
«Кеспе» жаттығуы. Ол адамның денесін қыздыртады және де жылытады. Қолымызда ыдыстың ішінде кеспе бар деп елестетемізде бір қолымызбен орай бастаймыз. Одан кейін шынтағымызға қарай орай бастаймыз,одан кейін бүкіл денемізге жайылды деп елестетіп шыр айнала бастаймыз.осылай шыр айналғаннан кейін қайтадан орнымызға келеміз.
-
«Сілку» жаттығуы. Бойымыздағы жағымсыз ойлардан арылтады. Жағымсыз энергиялар түседі. Басымыздан аяғымызға дейін сілкейміз. Басымызды да сілкеуге болады. Осы жаттығу арқылы бойымыздағы барлық жағымсыз ойлардан арыламыз.
-
« Сеніп құлау» жаттығуы. Бұл жаттығу сенімділікті және топтың тұтастығын арттырады. Бұл жаттығу топ ішінде жасалады. Бір адам құлайды қалғандары оны тосып алады. Құлаған адам өзін еркін ұстай отыра көзін жұмып артка қарай шалқая құлайды. Қалғандар оны тосып алады.Осылай кезек ауыса береді. Жаттығу ары қарай күрделене береді. Енді қалғандары орындықтан сосын үстелден жалғасады. Жаттығу аяқталғаннан кейін алған әсерлерін айтады.
-
«Джунглиядағы жаңбыр» жаттығуы. Барлығымыз шеңбер болып тұрамыз. Қолдарымыз бір-біріміздің иығымызға жетеіндей болып тұрамыз. Бастапқы кезде күн нұрын шашып, ауа райы тамаша болып тұрды. Бір кезде ауа райы бұзыла бастады. Алдынызда тұрған адамның арқасына қолынызды жайлап жоғарыдан төмен қарай қозғалтыңыз. Жел күшейе түсті. Арқаны ұаттылап ысұылай бастаймыз. Дауыл тұрды қолымызды шеңбер жасап қатты қимылдатамыз. Енді жаңбыр жауды алдыңыздағы адамның арқасын саусақтың ұшымен тырсылдата бастаңыз. Енді нөсер жауа бастады. Қолыңызды жоғары төмен қысымды күшейте қазғалта бастаңыз. Міне бұршақ жауды арқаны қатты тарсылдата саусақтармен ұра бастаңыз. Қайтадан дауыл тұрды. Қатты жел соға бастады. Содан кейін біртіндеп қоя бастады. Енді табиғат тынышталды күннің нұры шықты. Сіз қайтадан джунглиды аралап жүрсіз.
1 «Сәлемдесу салты»
Жеке - даралықтың көп түрлілігі және өзара іс қимыл процестерінде жеке тұлғаның қасиеттерінің мәні туралы оқушылардың білімдерін өзектендіру. «Бір күнгі танысыңа, қырық күн сәлем» дегендей? Біз бүгін қатысушылар бір - бірімен дәстүрден тыс амандасудың түрлерін көрсетеді.
- Бір - біріңе күлімсірей қарап, алақанның ішін және сыртын тигізіп сәлемдесу.
- Оң жақ, сол жақ тізелерін түйістіру арқылы сәлемдесу.
- Оң жақ, сол жақ иықтарын тигізіп сәлемдесу.
- Маңдайларын бір - біріне тигізіп амандасу. 5 мин.
2. «Сергіту жаттығулары - энерждайзер.
«Поезд» жаттығулары психологиялық және физикалық қобалжулықтан арылу, дұрыс пікір қалыптастыру. Ойын шеңберде өткізіледі. Алдымен бірінші, екінші деп саналу керек. Бірінші қадам - алақанмен шапалақтау, екі рет аяғымен тоқылдату. Екінші қадам - екі шапалақ, бір топылдату. Қозғалыс кезекпен қайталанады: бірінші - екінші - бірінші - екінші және т. с. с шеңбер бойынша: пойыз доңғалақтарының шуылын салып көрсетеді. Ойын барысының өн бойында қарқын үнемі тездетіледі. 2 мин
3.«Шеңбер бойынша сөз тізбегі»
Ойын тренингке қатысушылардың сөздік мағыналы ойлауын, топтық қатынасын, сөйлеу мәнерін дамытуға ықпал етеді. Ойынның ережесі: Қандай да бір қарапайым сөйлем таңдап, қатысушылар сол сөйлемді түрлі дауыс ырғағымен жалғастырулары қажет. Мысалы «Біз компетентті, кәсіби білімді маманбыз» Енді оң жақтағы ойыншыдан
4. Пікірталас.
Мақсат дегеніміз не? Ол - жетістікке жетудегі өзіміздің жақсы жақтарымызды пайдалану, өмірде жеңімпаз болуға баратын бірден - бір жол. Егер адам өзінің арманына адымдап жүрсе, сол жолда өзіне сенімді болса, онда сәттілікке, жетістікке жетеді.
5.«Сенімділік»
Мақсаты: өзіне сенімділігін арттыру.
«Мен өзіме сенемін, өйткені....» сөйлемін аяқтау.
6. «Позитивтік шумақтар»
Жүрекшелер мен Күндер беріледі.
Жүрек:
Мен жетістік жолындамын,
Мен білемін, мықтымын.
Мен білемін, сеземін,
Өзімді биіктен көремін.
Жұлдыз:
Менде білім сенімдімін,
Барлығына төзімдімін.
Жетістікке жетемін деп,
Болашаққа үміттімін.
7. «Қуаттандыру»
Мақсаты: өзіндік бағалауын, сенімділігін, белсенділігін жақсарту.
Өзіңе деген сенімді жоққа шығарғысы келетіндерден аулақ бол. Бұл қасиет деңгейі төмен адамға тән. Ұлы адам, керісінше, сенің де ұлы адам бола алатыныңа сенім ұялатады.
(Марк Твен)
Мақсаты:
Қатысушылар барлығы бірге қайталайды:
• Мен осы өмірдегі ең үлкен байлықпын.
• Мен үшін орындалмайтын ешнәрсе жоқ.
• Менің қолымнан бәрі келеді.
• Мен өзіме сенімдімін.
Психолог: өміріңіз бақытқа бөленсін, өміріңіз жарық болсын. Проблемаларыңызды шешетін қуат берсін! Бақытты болу үшін үміт берсін! Өзіңіздің күшіңізге сеніңіз! Сіздің қолыңыздан бәрі келеді!
«Көңіл - күй неге ұқсас». Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл - күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. Ойынды үлкен дер бастаса жақсы болар еді: «Менің қазіргі көңіл - күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның соңында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл - күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т. б. Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жаңбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.
Орта және жоғары буын оқушыларының адамгершілік құндылықтарын зерттеу.
Мақсаты: оқушылардың тұлғалық қалыптары мен қағидаларын, өмірде басшылыққа алатын құндылықтарын, адамгершілік - рухани бағдарларын анықтау.
Адамның адамгершілігі сыртқы іс - әрекеттерде көрінеді. Алайда жеке тұлғаның мінез - құлқына қарап оның шын адамгершілік екені туралы айтуға болмайды, өйткені ол әрекеттердің ар жағында әртүрлі адамгершілікті емес түрткілер мен сезім жатуы мүмкін. Руханилық сыртқы көзден жасырын тұрады. Руханилық – ізгі ақылдың шешімі, ізгі жүрек әмірі, ізгі сезім, махаббат пен жанашырлықтың саналы және санадан тыс әрекеттерден көрінуі. Руханилық – жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез - құлқы қалыптасады, ұят, ар, өзін - өзі адамгершілік бақылау мен бағалау жүзеге асырылады.
Оқушылардың рухани бағытын анықтау мақсатында М. Рокичтің құндылықты анықтау әдістемесі алынды. Оқушылар өздері үшін аса маңызды болып табылатын құндылықтарын берілген 18 түрлі құндылықтар ішінен рет - ретімен орналастыруы тиіс болды. Тестілеуге барлығы 283 оқушы қатысты. Қатысқан оқушылар көбінесе төменде келтірілген 5 құндылықты бірінші орынға жиі орналастырған:
Құндылықтар Пайыздық көрсеткіштері
Денсаулық 55%
Нәтижелі өмір 20%
Белсенді іс - әрекетке толы өмір 15%
Адал және сенімді жақсы достардың көп болуы 5%
Материалдық жағынан қамтамасыз етілген тұрмыс 5%
Қорытынды: сыналушылардың нәтижелері бойынша өмірде басшылыққа алатын құндылықтардың ішінде денсаулық алғашқы орында, яғни қатысушылар денсаулық және салауатты өмір салтының маңызын жете түсінеді. Өмірлерінің, болашақтарының нәтижелі және белсенді іс әрекетке толы болғанын қалайды.
Психологиялық ойындар. «Менің көңіл - күйім» жаттығуы.
Мақсаты: оқушылардың көңіл - күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу.
Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл - күйлеріңді суреттеп салыңдар.
Есте қалған қызықты оқиға.
Топ дөңгеленіп отырып, қатысушыларға доп беріледі. Допты бір - біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады.
Мен саған сенемін.
Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір - бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін …» өйткені сен жақсы адамсың.
«Сиқырлы сөздер» ойыны
Мұғалім кез - келген өтінішті айтады, ал оқушы оны әдепті түрде айтуы керек. Мысалы: Айнаш, дәптерді бер. «Айнаш, өтінемін дәптерді берші» Ізеттілік туралы ертегі тыңдау
«Жағдайлы волейбол» ойыны
Мұғалім әділдік пен әділетсіздікті көрсететін жағдайларды айтады, сол арада дұрыс жауапқа бала допты қағып алады, бұрыс жауапқа қағып алмайды.
«Кездесу» ойыны
Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама – қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір - біріне қарап, баланың қасиетін айтады.