ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.04.2024
Просмотров: 55
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Парламент пен қоғамда аса белсенділікпен талқыланған мәсәлелер мыналар еді: экономикалық мәселе (әсіресе меншік мәселесі), Қазақстанның әкімшілік-аймақтық құрылымы, мемлекеттік тіл, басқару түрлері, азаматтық алу мәселесі.
Меншік мәселесі. Конституцияның бірінші жобасында бұл мәселе бойынша «Қазақстан экономикасы меншіктің әркелкі түрлері – жеке, ұжымдық және мемлекеттік меншікке негізделеді» деп жазылды. Жобаның екінші нұсқасында меншіктің екі түрі – жеке және мемлекеттік меншік қана қалдырылды. Ұлттық оппозиция жердің жеке меншікке берілуіне үзілді-кесілді қарсы болды. Ерте заманнан қазақтардың жерлері қауымдық меншікте болды, ал жерге жеке меншік енгізген жағдайда халықтың басым бөлігі жерінен айырылады деген дәлелдер келтірді.
Мемлекеттік тіл мәселесі. Конституцияның алғашқы жобасында «Қазақстан Республикасынында мемлекеттік тіл қазақ тілі болып табылады. Орыс тілі – ұлтаралық байланыс тілі. Мемлекеттік немесе ұлтаралық байланыс тілдерін білмегендігі үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол берілмейді» - деп жазылды. Осы бап төңірегінде баспасөзде кең пікір алмасу болды. Екі тілге бірдей мемлекеттік тіл статусын беру қажет деген талаптар да қойылды. Конституцияның екінші жобасында осы бапқа төмендегідей қосымша енгізілді: «Қазақстан Республикасы мемлкеттік тілмен қатар орыс тілінің де еркін қолданылуын қамтамасыз етеді. Азаматтардың ана тілдерін қолдану құқығы қорғалды.»
Әкімшілік-мемлекеттік құрылым. Конституцияның жобасында Қазақстан – егеменді, демократиялық және унитарлы мемлекет деп танылды. Қазақстан территориясы біртұтас, бөлінбейді және қол тигізуге жатпайды. Конституция мәтінінің осы бабына ұйғыр, орыс ұлттарының кейбір өкілдері қарсы болып, Конституцияға мемлекеттік федеративтік құрылымы туралы ұсынысты енгізбек болды.
Басқару түрі.Президенттің ұсынысы бойынша Конституция жобасына бірқатар өзгертулер енгізу туралы Жоғарғы Кеңеске ұсыныс жасалды: Президенттің парламентті таратуы туралы, екі палаталы парламент құру туралы, Президенттің импичменті және Конституцияны референдум арқылы қабылдау туралы. Алайда бұл ұсыныстар Жоғарғы Кеңес тарапынан қолдау таппады.
1993 жылдың 28 қаңтарында Жоғары Кеңес Конституция жобасын қабылдады. Бұл егеменді Қазақстанның алғашқы Конституциясы еді.
1990 жылы сайланған Қазақ КСР-інің Жоғары Кеңесінің өкілеттілігі 1995 жылға дейін еді. Алайда 1993 жылдың аяғында елдің саяси өмірінде біраз өзгерістер болды. 1993 жылдың қараша айында Алматы қаласы Әуезов аудандық халық депуттарының кеңесі өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдады және барлық деңгейдегі кеңестерге де осындай ұсыныс жасады.
9 желтоқсанда Жоғары Кеңес Қазақстан Республикасы халық депуттарының жергілікті кеңестерінің өкілеттіліктерін тоқтату туралы шешім қабылдады. 10 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Президенті мен жергілікті әкімшілік басшыларына қосымша өкілеттіітерді уақытша беру туралы » Заң қабылданды. Сол күні Жоғарғы Кеңестің 360 депутатының 200-ден астамы өз өкілеттіліктерін тоқтататынын жариялады.
Осының нәтижесінде 1993 жылдың 10 желтоқсанында Жоғарғы Кеңес өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдады. Бұл Қазақстанның парламентсіз қалғандығын және Қазақстандла кеңес өкіметі жойылғандығының белгісі болды.
Заң жаңа парламенттің жұмысы басталғанға дейін Президентке қосымша өкілеттіктер берді.
10 желтоқсанда Президент Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының жергілікті өкілеттік және атқарушы органдары туралы заңы күшіне еніп, республикадағы билік жүйесі түбегейлі өзгертілді:
Өкілеттік билік | | Атқарушы билік |
Жоғары Кеңес Мәслихат – депутаттар жиналысы Мәслихат – депутаттар жиналысы Мәслихат – депутаттар жиналысы | Республика Облыс Аудан Қала | Президент Әкімшілік Әкімшілік Әкімшілік |
Мәслихаттар бүкілхалықтық дауыс беру арқылы бес жылға сайлануы тиіс болды, облыс әкімшіліктері басшыларын (әкімдерді) Президент тағайындайтын болды.
1993 жылдың 17 желтоқсанында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Кодексі жарық көрді. Соған сәйкес сайлаудың жаңа (мажоритарлық) жүйесі енгізіліп, парламентке бес жлдық мерзімге 177 депутат сайланатын болды.
Сайлау тәжірибесінде алғаш рет қоғамдық ұйымдардан үміткерлер ұсынуға және үміткерлердің өзін-өзі ұсыну құқығы берілді. Кодекске сәйкес 135 депутат аймақтық округтар бойынша және 42-президенттік тізім бойынша сайланды.
Сайлау 1994 жылдың 7 наурызына белгіленді, яғни сайлау науқанына 3 ай мерзім берілді. 744 адамнан тіркеуден өтіп, депутаттыққа үміткерлер атанды, оның 346 – қоғамдық ұйымдардан және 345 - өзін-өзі ұсынғандар болды. «Азат» және «Желтоқсан» партиялары сайлауға қатысудан бас тартты.
1994 жылдың 7 наурызынды егеменді Қазақстанның алғашқы Парламентіне сайлау болып өтті. Барлығы 176 депутат сайланды, оның ішінде: президенттік тізім бойынща – 42 ; қоғамдық ұйымдардан – 75; өзін-өзі ұсынушылар – 59. Жаңа парламенттің құрамында ер 154 адам, 22 әйел болды. Ұлттық құрамы бойынша: қазақтар – 105; орыстар – 49; украиндар – 10; немістер – 3; еврейлер – 3; поляк, ұйғыр, өзбек, татар, ингуш, корей – 1. Саяси құрамы: «Қазақстанның Халық бірлігі» одағы – 33; кәсіподақтар – 11; Халық Конгресі – 8; Шаруалар одағы – 4; «Лад» славян қозғалысы – 4.
Орталық сайлау комиссиясы мен оппозицияның сайлауға берген бағасы бір-біріне кереғар болды. Ресми бағаларға сәйкес Қазақстанда сайлау демократиялық еркін жолмен өткізіліп, сайлауға сайлаушылардың 75% жуығы қатысты деп танылды.
Оппозиция мен халықаралық бақылаушылардың берілген бағасы басқаша болды. Олар 1994 жылғы сайлау демократияға қарама – қайшы болды және халықаралық стандарттарға сай болмады деп мәлімдеме жасады. Мысалы халықаралық бақылаушылар сайлау туралы Хартияның 10 белгісі де өрескел бұзылды деп атап көрсетті:
-
сайлау науқанына берілген уақыт жеткіліксіз болды; -
үміткерлерді тіркеу кезінде сайлау комиссиялары тарапынан жіберілген келеңсіздіктер; -
президенттік тізімнің болу парламент депутаттарының 20% атқарушы билік тағайындауына жол берді; -
дауыс беру барысында «отбасылық тізім» принципінің, яғни бір адамның бірнеше адам үшін дауыс беруінің кең қолданылды. (сайлаушылардың 35%-тен 50%-ке дейіні) -
«қосалқы тізімдердің» болуы; -
сайлау туралы шынайы және толық мәліметтердің болмауы; -
жабық сайлау учаскелерінің болуы (әскери бөлімдерде); -
тәуелсіз ақпарат құралдарының жұмыс істеуіне кедергі келтіруі.
1994 жылдың сәуірінде жаңа парламент өз жұмысын бастады. Екінші парламенттің ерекшелігі онда парламенттік оппозицияның болуы еді. Оның құрамына Социалистік партия, Кәсіподақтар федерациясы, Қазақстанның Халық конгресі партиясының өкілдері енді.
1994 жылдың мамырында парламент табандылық танытып, сол кездегі С. Терещенко басқарған үкіметтің әлеуметтік-экономикалық саясатына сенімсіздік білдірді. Әртүрлі саяси күштер тарапынан қатты сынға ұшыраған үкімет 1994 жылдың күзінде отставкаға кетті. Президенттің ұсынысы бойынша жаңа Премьер-министр болып Ә.Қажегелдин сайланды.
Жаңа парламент небәрі бір жылдай ғана жұмыс атқарды.1995 жылдың наурызында Қазақстанның саяси өмірінде тағы бір саяси дағдарыс орын алды.
Тіркеуден өтпей қалған үміткерлердің бірі Т.Квятковская Орталық сайлау комиссиясына Абылайхан сайлау округінде сайлау туралы Кодекстің бұрмаланғандығы жөнінде шағым түсірді. Ұзақ талқылаудан соң 1995 жылдың 6 наурызында Конституциялық сот сайлаудың қорытындыларына, соған байланысты парламенттің легитимділігіне күмән келтіретін шешім қабылдады.
Қазақстан тағы да парламентсіз қалды. Парламенттің легитимсіздігі үкіметтің де легитимсіз екендігін білдірді. 1995 жылдың 11 наурызында үкімет толық құрамында отставкаға кетті. Өзіне берілген қосымша өкілеттіктерді пайдаланып Президент Ә. Қажегельдинді Премьер-министр етіп тағайындады, оған жаңа үкімет құрамын жасақтауды тапсырды.
Бір айдан кейін, 1995 жылдың 29 сәуірінде Президенттің өкілеттілігін 2000 жылға дейін созу туралы референдум болып өтті. Ресми деректер бойынша сайлаушылардың 91% қатысып, олардың 95%қолдау көрсетті.
Сонымен, 1995 жылдың наурызынан желтоқсанына дейін Қазақстанда заңды түрде сайланған парламент болмады. Елде бүкіл билік бір адамның – Президенттің қолында шоғырландырылды.
Жаңа парламенттің сайлануын күтпестен 1995 жылдың маусымында Н. Назарбаев Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын ұсынды. Жаға Конституция 8 тараудан және 95 баптан тұрды.
1995 жылы шілденің басында Конституция жобасын бүкілхалықтық талқылау басталды. Оның барысында жоба бойынша көптеген сын пікірлер айтылды. Мысалы, Конституциялық соттың алты мүшесінің мәлімдемесінде жобада адам құқықтары мен бостандықтары біршама шектелген, биліктің бөліну принципі бұрмаланған деп атап көрсетілді. Авторлар жобада президенттік биліктің ауқымы шамадан тыс кеңейтілген деп мәлімдеді.
Жобаны талдау барысында Конституцияның балама жобалары да ұсынылды. Алайда көпшілікке олар беймәлім куйінде қалды, ал билік басындағылар оларды назардан тыс қалдырды.
1995 жылдың 30 тамызында жаңа Конституцияның жобасы бойынша бүкілхалықтық референдум бөліп өтті. Ресми деректер бойынша, референдумға сайлаушылардың 90% қатысып, олардың 89% жаңа Конституцияның қабылдануын жақтап дауыс берді.
1995 жылдың 1 қыркүйегінде оппозициялық партиялар мен қозғалыстардыңөкілдері баспасөз конференциясын өткізіп, референдумның қорытындыларын теріске шығарды. Бақылаушылардың мәліметтеріне сүйене отырып, референдумға сайлаушылардың небәрі 30% ғана қатысты деп мәлімдеді.
1995 жылдың 6 қыркүйегінде Президент резиденциясында жаңа конституция ресми түрде енгізілді. 30 тамыз мемлекеттік мереке – Конституция күні болып жарияланды.
1995 жылдың 7 желтоқсанында Қазақстанның жаңа Парламетіне сайлау болып өтті. Жаңа Парламенттің жастық, ұлттық, кәсібилік және әлеуметтік құрамы төмендегідей болды: депутаттардың 94 – ер адам, 10 – 59; 55-ке дейін – 16; 60-қа дейін - 14; 70-ке дейін -5. Ұлттық құрамы: қазақтар – 68 ; орыстар – 31; украиндар – 2; неміс – 1; ұйғыр – 1; корей – 1. Білім деңгейі; жоғары білімді – 103; аяқталмаған жоғары білім – 1.
Әлеуметтік және кәсіби құрамы: басшылық қызметтегілер-23; мемлекеттік шенеуніктер – 10; мәслихат қызметкерлері – 34; заңгерлер – 6; ғылым және білім қызметкерлері – 13; мәдениет қызметкерлері – 5; кәсіподақ қызметкерлері – 2; әскерилер – 2; жұмыссыздар – 6; дәрігерлер – 1.
Саяси құрамы: «Қазақстанның Халық бірлігі» партиясы – 24; Демократиялық партия – 12; шаруалар одағы – 7; кәсіподақтар федерациясы – 5; Жастар одағы – 3; Инженерлік академия – 5; Қазақстан коммунистік партиясы – 2; Қазақстан Халық конгресі – 1; Халықтық-кооперативтік партия – 1; Қазақстанның өркендей партиясы – 1; Невада-Семей – 1; Кәсіпкерлер одағы – 1.
1996 жылдың қысында Қазақстанның Парламенті өз жұмысын бастады.
1997 жылдың қазанында Президент Н.Назарбаев Ә. Қажегелдинді Қазақстанның Премьер-министрі қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды. 1997 жылдың 10 қазанында Қазақстанның жаңа Премьер – министрі болып Н. Балғынбаев тағайындалды.
1997 жылдың қазанында Ақмола қаласын 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Қазақстанның астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды. 1998 жылдың көктемінде Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертілді.
1998-1999 жылдың басында сайлау жүйесінің заңдық негізіне елеулі өзгертулер енгізілді. 1998 жылдың мамырында сайлау туралы жарлыққа енгізілген өзгертулер бойынша тіркеу алдындағы бір жыл ішінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған үміткерлер сайлауға жіберілмейтін болды.
1998 жылдың қазанында Парламент Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Президентінің Жарлығына 19 өзгерту енгізілді. Парламент 1999 жылдың 10 қаңтарында мерзімінен ерте президент сайлауын өткізу туралы шешім қабылдады. Өз шешімін Парламент елдегі әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың шиеленісіп кетуімен байланыстырылды. Осыған байланысты елде саяси тұрақтылықты сақтау үшін ерекше шараларқажет деп тапты.
Келесі өзгерту президенттің өкілеттілігін бес жылдан жеті жылға дейін ұзартты. Президентке үміткерлердің жоғарғы жас деңгейі туралы бап күшін жойды. Сондай-ақ сайлауға сайлаушылардың кем дегенде 50% қатысуға тиіс деген бап та алынып тасталды.
Қазақстан Республикасы Президенттігіне алты үміткер өз өтінішін білдірді: Н.Назарбаев – сол кездегі Президент, Ә. Қажегелдин – бұрынғы Премьер – министр, Э. Ғаббасов – Сенат депутаты, С. Әбділдин – Қазақстан компартиясының төрағасы, Ж. Бәзілбаев – «Мұнай» ҒТО АҚ вице – президенті, Ғ.Қасымов – Кеден комитетінің төрағасы. Ұзаққа созылған сот отырысынан кейін Ә. Қажегелдиннің әкімшілік жауапкершілікке тартылуы сайлау туралы Заңға сәйкес емес деп табылып