Файл: Модуль бойынша саба жоспары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 21

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Механизмнің жұмыс істеу тәртібі. Өнім жүк тиеу шанағы арқылы жұмыс камерасына түседі. Мұнда ол айналып тұрған шнекпен алдын ала ұсақталып, камера бойымен ұнтақтау конустарының арасына беріледі. Ұнтақталған өнім түсіру саңылауы арқылы машинадан сыртқа шығарылады.

Жұмсақ тамақ өнімдерін ұнтақтауға арналған құрылымдар.

Піскен өнімді ұнтақтауға арналған МИВП машинасы (9.5-сурет) піскен ет, балық, бүйрек, көкөніс, жарма және сүзбе өнімдерін майдалап ұнтақтауға арналған. Машинаның жұмыс камерасы ондағы айналатын ротор мен ста- тордың арасындағы қуыс болып табылады. Бұлардың беттері бұдырлы болып келеді. Машина корпустан, статордан, ротордан және электрқозғағыштан тұрады. Электрқозғағыш муфта арқылы жетекші білікпен жалғасқан.



Жетекші білікке сыналы кілтектер көмегімен конус пішінді ротор бекітілген. Ротор бір шетімен бұранда арқылы білікке бекітілген. Ротор үш - ірі, орташа және майда ұнтақтау бөліктерінен тұрады. Машинаның ұнтақтау дәрежесін реттеу сақинасы мен бұранда арқылы орнықтырылады. Машинаның жоғары жағына тиеу шанағы орнатылған.