Файл: Осы саба білім алушыларды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 129

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Талдау: Өз жауаптарыңызды шағын топтарда сыныптастармен талқылаңыз.

Пікірлеріңіздің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды анықтаңыздар.
Зерделеу: Қандай сенімдеріңіз сізге кедергі келтіруі мүмкін? Егер ісіңізде табысқа жете алмаған болсаңыз, нені кінәлар едіңіз? Бұл сізге қалай әсер етеді? Қандай ұстанымдарыңыз сізге көмектесе алады? Сіз олардың көбісін қалай қолдана аласыз?
Қолдану: Сіздің ұстанымдарыңыз бен бір нәрсені қабылдамауыңыздың оқу сапасына әсерін анықтауға тырысыңыз. Мұндай жағдай орын алса, сіз басқаша қалай істер едіңіз? Бұған дейін болған осындай жағдайдан мысал келтіре аласыз ба?
МЕКТЕПТЕГІ ОҚУ ЖАҒДАЙЛАРЫН МОДЕЛЬДЕУ
Бұл әдіс мектептегі әртүрлі оқу жағдайларынан барынша көбірек пайда алу мақсатында оларды егжей-тегжейлі ойластыруға көмектеседі.
Орындау: Мектептегі оқуды мына жағдайлар бойынша салыстырыңыз:

  • сіз жақсы оқыған екі жағдай;

  • сіз нашар оқыған бір жағдай;

  • сабақта емес, мектепте болған оқу жағдайы.


Жағдайлардың әрқайсысын ойластырып, олар бойынша кестедегі сұрақтарға жауап беріңіз.





Жақсы оқу

Жақсы оқу

Нашар оқу

Сыныптан тыс




1

2




оқу
















Бұл қандай













жағдай? Қай













жерде?













Сіз кіммен













бірлестіңіз?













Жағдайды кім

















62

ұйымдастырды?

Күн тәртібін кім

анықтады?

Бұл күн тәртібі

сіздің

мақсаттарыңызбен

үндесе ме?
Сіз қалай оқисыз?
Сіздің оқуға деген
көзқарасыңыз

қандай?


Талдау: Жағдайлардың арасында қандай айырмашылық байқадыңыз? Жағдайлардағы қандай ұқсастықтарды байқадыңыз? Өз жауаптарыңызды досыңыздың жауабымен салыстырыңыз. Олар ұқсас па, әлде әртүрлі ме?
Зерделеу: Өзіңіз берген жауаптарға қарап, «жақсы оқу» жағдайы «нашар оқу» жағдайына ұқсамайтын екі немесе үш аспектілерді анықтаңыз.
Қолдану: Нашар оқу жағдайын жақсарту үшін жақсы оқуды қамтамасыз ететін факторлар туралы біліміңіздің қайсыбірін қолдана аласыз ба? Бұны шағын топтарда талқылап, қандай әрекет жасау қажет екендігін шешіңіз.
МЕКТЕПТЕН ТЫС ОҚУ ЖАҒДАЙЛАРЫН МОДЕЛЬДЕУ
Осы тапсырма оқуды өмір бойы жалғаса беретін үдеріс ретінде, басқа сөзбен айтқанда, мектептен кейін де аяқталмайтын үдеріс екендігі туралы пікірді қарастыруға көмектеседі. Бұл сондай-ақ зерттеу жүргізу арқылы сіздің оқу дағдыларыңызды жетілдіруге бағытталған.
Орындау: Мектепте және одан тыс, жұмыс орнында және одан тыс жерлердегі оқытуды қоса алғанда, мектепті бітіргеннен кейінгі оқуға қатысты басқа адамдардың тәжірибелері мен пікірлерін білу үшін сұхбат ойлап табыңыз.
Олар қазір не оқып жатыр? Қайда? Кіммен? Осы оқу мектептегі оқумен ұқсас па, әлде басқаша ма?
Бірнеше адаммен, мысалы:

  • мектепті биыл ғана бітірген адаммен;

  • бірнеше жерлерде жұмыс істеген адаммен;

  • жұмыс істемейтін адаммен;

  • зейнеткермен сұхбат жүргізіңіз.


Талдау: Не болды? Адамдардың айтқандарында сізді таңқалдырған бірдеңе болды ма?

Сұхбат кезінде өзіңізді қалай сезіндіңіз?

Сұхбат барысында сіз қажетті ақпарат алдыңыз ба?


63

Егер сіз «Мектепте және оның қабырғасынан тыс оқу» тапсырмасын орындасаңыз, осы тапсырмадағы сіздің жауаптарыңыз бен адамдардың айтқандарының арасында айырмашылық бар ма?
Зерделеу: Сіз адамдардың жауабынан не білдіңіз:

  • Адамдарға әртүрлі кезеңде білім алу үшін не қажет?

  • Мектеп бітіргеннен кейін адамдар қаншалықты ұзақ оқиды?

  • Уақыт өте келе оқу үдерісі қалай өзгереді?

  • Олардың оқу туралы пікірі қандай?

Сіз осыдан зерттеу жүргізу жолдары туралы не білдіңіз?
Қолдану: Сіз өзіңіздің мектеп бітіргеннен кейінгі кездегі білім алуыңыз жайында не ойлайсыз?
Зерттеу жүргізу туралы сіз білгеніңізді ескере отырып, өз сұхбатыңыздың сұрақтарын өзгертіңіз. Сіз көп адамдардан сұхбат алу арқылы немесе оларға көп сұрақ қоя отырып, бұл зерттеуді кеңейте аласыз.



64

СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ
Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейілділік пен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді.
Бастапқы деңгейде сын тұрғысынан ойлау үдерісі:

  • қажетті ақпараттар жинауды;

  • дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалауды;

  • кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;

  • ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды

көздейді.
Төменде балаларға сынып тапсырмаларын ойдағыдай орындау үшін қажетті әрекеттер реті мен дағдылар келтірілген:


  1. Көру немесе есту арқылы алынған ақпаратты өңдеу, сондай-ақ бастапқы дереккөздерді зерделеу кезінде алынған деректерді, жауап алу немесе сауалнама барысында жиналған деректерді немесе оқулықтар, энциклопедиялар немесе веб-сайттар сияқты екінші дереккөздерден жиналған ақпаратты өңдеу.




  1. Зерттеу жүргізуге арналған дәлелдемелерді немесе зерттеу нәтижесінде алынған дәлелдердің негізін құрайтын дәлелдемелерді жүйелейтін түйінді мәселелер,


болжамдар мен гипотезаларды түсіну.


  1. Осы түйінді мәселелер мен қолда бар дәлелдемелердің бір-біріне сәйкес келуін және үндесуін талдау.




  1. Жекелеген факторлар немесе түрлі дербес бағалар мен болжамдар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау.




  1. Дәлелдерді немесе бірқатар идеяларды дайындау үшін түрлі ақпарат көздерін жүйелеу.Сіздің идеяңызды қалыптастыратын және қолдайтын түрлі дереккөздерарасында байланыс жүргізіңіз.




  1. Сіздің зерттеуге қатысты дәлелдемелердің шынайылығы мен дәлелділігін және дәлелдемелер сіздің болжамдарыңызбен, туындаған идеяларыңызбен қаншалықты сәйкес келетінін бағалау.




  1. Зерттеу негізінде жатқан сұрақтардың жауабына түсініктеме беру кезінде зерттеу барысында алған білімін қолдану.





  1. Зерттеу қорытындылары мен нәтижелерін дәлелдеу және негіздеу.


Белсенді оқыту мен оқу әдістерін қолдану үдерісінде оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытқысы келетін мұғалімдер арасында оқу мақсаттарын жіктеудегі Блум таксономиясы ең маңызды жұмыстардың бірі болып табылады.






65

Блум таксономиясына сәйкес танымдық мақсаттарды топтастыру
Роберт Фишер (2005: 57) ұсынған төмендегі кестеде түрлі ойлау деңгейлеріне тән түрлі санаттар мен үдерістер аталған.








1-кесте. Ойлау үдерісінің санаттары мен мазмұны




Санат

Ойлау үдерісінің шешуші белгілері




1

Білу

Кім, қашан, қайсысы, қайда, не екенін сипаттау,







(есте сақтау және

қайталау, тұжырымдау арқылы не білетіндімізді, нені







қалдыру)

есте сақтағамызды айту.




2

Түсіну

Өзіңіздің бір нәрсеге қатысыңыз туралы сипаттау







(түсінік беру және

және баяндау, оның мәнін түсіндіру, салыстыру,







түйсіну)

арақатынасын белгілеу.




3

Қолдану (қатысу)

Сіз мұны қалай пайдаланасыз, оны проблеманы шешу










үшін пайдалану, көрсету.




4

Талдау (қатысу)

Факторлардың, тәуекелдердің, проблемалардың, оны










шешу жолдарының, күтілетін нәтижелер мен










салдардың құрылымын, ретін, себебін анықтау.




5

Жинақтау (біріктіру)

Бұдан әрі өзгерту, түрлендіру, жақсарту тәсілдерін










анықтау.




6

Бағалау (пайымдама

Табысқа жететінін/жетпейтінін анықтау, алдағы







және бағалау)

нәтижелерді болжау.