Файл: 1. Адам капиталына салынан инвестицияларды теориялы негіздері.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 59

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ






1. Адам капиталына салынған инвестициялардың теориялық негіздері




1.1 Адам капиталының мазмұндық ерекшеліктері және құрылымы




1.2 Адам капиталына салынған инвестиция нысандары




1.3 Инвестиция тартудың шетелдік тәжірибесі





2. Қазақстан Республикасындағы адам капиталына салынған инвестициялар




2.1 Инновациялық дамудағы адам капиталының рөлі




2.2 Білім беруге салынған инестициялар




2.3 Адам капиталы дамуының институциональдық базасы





ҚОРЫТЫНДЫ





ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ





КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адам капиталы - адамдардың инвестиция жұмсау нәтижесінде қалыптасқан білімдік және ғылыми-жаңалықтық сипаттарының жинақталған жиынтығы. Олар болашақта өзекті мәселеге айналып, тиімді қолданылу арқылы өнімділікті көтереді және табыстар ағымын қамтамасыз етеді [1]. Адам капиталы қорлана алады, оны өнімді пайдалану жеке акт түрінде емес, жеткілікті ұзақ мерзім бойына жүзеге асырылады және иесіне пайдалану мерзімінде табыс әкеліп отырады. Олай болса, адам капиталы – капиталдың ерекше формасы, себебі ол:

- жеке адамның артықшылығы және байлығы;

- ол өзінің иесіне жоғары табыс әкелуге қабілетті;

- оны қалыптастыру тұлғаның өзінің ғана емес, сондай-ақ қоғамның да мардымды шығыстар жұмсауын қажет етеді;

- ол қорлана алады және сақтала отырып, болашақта да пайдаланыла алады.

Тұтас экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің артуы өз кезегінде білім беру жүйесінде тұрақты дамуға қол жеткізуге байланысты. Білім берудің жаһандану жағдайында еліміздің интеллектуалды қорын дамыту деңгейі үлкен маңызға ие болып, ал білім беру сапасы ішкі саясаттың жетекші құралының бірі ғана емес, сонымен бірге еліміздің халықаралық мәртебесінің елеулі факторы болып табылады. Осыған орай қоғам өмірінің жаңа сапасының негізін құрайтын және елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің аса маңызды факторлары әрі базасы болып табылатын, қоғамдық даму деңгейінің өлшемдері ретінде, қазіргі білім беру жүйесінің, адам капиталының рөлі мен мәні арта түсуде.


Экономикамызды әртараптандыру кезеңі және БСҰ-ға кіруге бағытталып жатқан қадамымыз еліміздің негізгі салалары бойынша, соның ішінде әсіресе экономика, басқару және ақпараттық технологияға қатысты жоғары білікті мамандар даярлауды қажет етеді.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауларының бірінде “Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет”, - деп айқын атап көрсетті [2].

Жаңа ғылыми идеяларды шығармашылықпен қабылдай алатын және қазіргі заманғы озық технологияларды тиімді басқаратын бастамашыл мамандар даярлау ісі өзекті мәселелер қатарын құрайды. Бұл ретте кәсіби білім берудің мазмұны мен бағыты ұдайы дамудағы экономикалық ахуал мен жұмыс берушінің сұранысына сәйкес анықталып отыруы тиіс. Нәтижесінде межеленген Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыруды қамтамасыз ететін кәсіби-техникалық білікті маман даярлауға қолайлы жағдай қалыптасады.

Әлемдік білім кеңістігінің көш басында жүрген академиялық институттар мен ғылыми орталықтарды елімізге тарту үшін жасалған алғы шарттар ҚР-ғы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен үндес, бұл Елбасы саясатынын білім беру жүйесін ілгерілетудегі бірізділікті аңғартады.

Жаңа жүзжылдықтың басында елдегі экономикалық ахуалдың жақсаруы тұтастай алғанда білім беру жүйесіне оң әсерін тигізді. Жаңа мектептер салу ісі жандандырылды. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға қаражат бөліне бастады. Алайда бұл білім беру жүйесіндегі жағдайды түбірімен өзгертуге жеткіліксіз. Білім беру жүйесінің нарықтық экономиканың, ашық азаматтық қоғамның қажеттіліктерінен қалыс қалуы айқын көрініп отыр.

Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Адам капиталы теориясының бөлігі ретінде білім беру экономикасын ХХ ғасырда америкалық Т. Щульц, Г. Беккер, П. Друкер зерттеді. Одан өзге ұлттық білім беру саласын модернизациялау бағытындағы оқыту мен экономикалық тәрбие мәселелері, отандық экономист-ғалымдар Н.К. Мамыровтың, К.И. Нәрібаевтың, Я.Ә. Әубәкіровтың, Ө.Қ. Шеденовтың, М.Д. Есқалиевтің, Т.С. Сарбасованың, С.К. Жұмамбаевтің, Ғ.Р. Дәулиеваның, Л.А. Бимендиеваның және Тайжанованың еңбектерінде зерттелініп келеді.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.

Жұмыстың мақсаты адам капиталының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ұйымдастыру-экономикалық механизмінің жұмысын зерттеу әрі қолданылатын теориялық тәсілдемелер мен білім беру қызметін қорытып талдау болып табылады.

Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттері қойылды:

- адам капиталының бәсекелік ортаның дамуына әсерін қарастыру және экономикалық жағынан талдау;

- адам капиталының салынатын инвестициялардың нысандарына талдау жасау;

- білім беру жүйесіндегі бәсекелестік артықшылықтарды мен олардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру принциптерін анықтау;

- инновациялық даму негізінде адам капиталының орнын көрсету;

- адам капиталының дамытушы факторы ретінде білім беруге салынатын инвестицияларды талдау;

- бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында адам капиталының инстиционалдық базасын анықтау.

Зерттеу пәні адам капиталына салынатын инвестицияларды басқару процестері болып табылады.

Зерттеу объектісібілім беруге салынатын инвестициялар арқылы адам капиталын дамыту зерттеледі.

Жұмыстың әдіснамалық, теориялық және іс-тәжірибелік негізі. Адам капиталы тақырыбына жазылған шетелдік және отандық монографиялық еңбектер мен оқулықтар, сондай-ақ оқу құралдары, шетелдік және отандық ғалымдардың диссертация жұмыстары мен ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференциялар материалдары, Қазақстан Республикасының Конституциясы және соған сәйкес Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары, ҚР Ұлттық Статистика Агентінің статистикалық деректері, ҚР БҒМ материалдары, бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары, мерзімді басылым мақалалары зерттеудің әдіснамалық, теориялық сондай-ақ іс-тәжірибелік негізін құрайды.

Жұмыстың құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Сонымен қатар жұмыста 4 кесте, 7 сурет берілген.

1. АДАМ КАПИТАЛЫНА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Адам капиталының мазмұндық ерекшеліктері және құрылымы


Капитал бұл қарым-қатынас, яғни кеңейтілген капиталдың ұдайы өндірісі бойынша мүдделі топтар арасындағы қарым-қатынас. Капиталы – тауар мен қызмет көрсету өндірісінде қолданылатын игіліктердің қоры. Қазіргі кезде экономистер капиталды табиғи, өндірілетін және адамдық капиталға бөліп қарастыруда.

Бізге белгілі адам капиталы дербес теория болып қалыптасудан бұрын, яғни ХХ ғасырдың ортасына дейін экономикалық теорияда адам тек жұмыс күші ретінде қарастырылып келді. Кейіннен адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде тану процесі орын алғаннан кейін, адамды барлық игіліктердің бастауына қою тенценциясы орын алып келеді. Расында барлық игіліктерге адам тек физикалық еңбегімен ғана емес, ой-қабілетімен, шеберліктері арқылы қол жеткізеді, яғни адам өзін ұдайы өндіру арқылы қоғамды дамытуға атсалысады. Сондықтан адамды барлық игіліктердің жасаушысы, әрі квинфссенциясы ретінде тану заңды. «Адам капиталы» факторын даралап көрсету бұған дейін тұтынушы және өндірмейтін сала ретінде қаралып келген білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларының экономикалық және әлеуметтік ролін дұрыс анықтауға мүмкіндік береді [3].

Адам капиталы теориясының астарында адамға айналған қабілеттіліктер қоры, білім, дағды мен мотивация түсіндіріледі. Оның құрылымы физикалық және қаржылық капиталдың жинақталуы тектес, ағымдағы тұтынудан келешекте қосымша пайда алу үшін айналым жолып қажет етеді. Адам инвестициясының ең басты түріне білім беру, өндірістегі дайындық, миграция, ақпараттық іздестіру, нәрестелердің туылуы мен оларды тәрбиелеу жатады.

Адам капиталы мен жай капиталдың арасындағы айырмашылық:

Біріншіден, қазіргі заманға сай қоғамдағы адам жай капиталға қарағанда сату-сатып алу құралы болып саналмайды. Нарықта тек адам капиталын жалға алу бағасы ғана белгіленеді, яғни жалақы ставкасы ретінде, ал оның активтеріне баға болмайды;

Екіншіден, адам капиталы қызметтік тиімділігін нарықта да, нарықтан тыс да өсіре алады және одан пайданы ақшалай немесе ақшасыз түрде алуға болады. Нәтижесінде, адамға салынатын тұтынушылық аспектілерінің салымдары өндірістің салымдарға қарағанда маңыздылығы кем емес. Алайда, бастысы адам капиталы физикалық капитал тәрізді ұзақ уақыт пайдалануға мүмкіндік береді.

Адам капиталы - өндіріс және ұзақ уақыт пайдалану заттарының екі жақты қызметін орындайтын білім мен біліктілік жиынтығы. Бұл категория қазіргі таңда өте өзекті, көп талданатын категориялардың бірі. «Адам капиталы» факторын даралау бұған дейін тұтынушы және өндірмейтін сала ретінде қаралып келген білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларының экономикалық рөлін дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Заман дами түсе адамның қабілеттері мен біліген, мүмкіндіктеріне ерекше көңіл бөлінуде. «Адам ресурстарын басқару» деген мамандық шетелдің жоғары оқу орындарында оқытылады, яғни адам капиталының маңыздылығы күннен-күнге өсуде, экономика, саясат, әлеуметтік және өзге де салалалардағы рөлі артуда.


Адам капиталы адамның тәрбиеленуі мен қалыптасу процестері жүзінде пайда болатын, барлық шығындарының жинағы деп есептелінетін адамның өндірістік елеуеті. Біздің көзқарасымыз бойынша «адам капиталы» қоғамдық байлықтарды көбейте отырып, өзінің тәжірибесі, белгілі бір біліктілігі мен білімділігі, қабілеттілігін көрсете отырып, әрі қарай дамып отыратын халықтың белсенді бөлігіне жатады. Қазіргі экономика ғылымында басқа да түсініктер қолданылады: еңбек және адам ресурстары. Еңбек ресурстары еңбекке қабілетті жастағы тұлғалар, сонымен қатар еңбек етіп отырған, еңбек етуге жасы жетпеген адам деп түсінеміз. Бұл категория маңызды ғылыми-танымдық мағынаға ие, дегенмен «адам ресурсы» терминінің көңіл аударарлығы, ол ресурстық қажеттерді қамтамасыз етеді.

Адам капиталы - ұлттың байлығы екенін және ол адам өмір бойы жинап-теретін біліммен, білікпен және интеллектуалдық қабілетпен өлшенеді. Білім адам капиталын дамытудың маңызды құралы болмақ. Сондықтан жа білімнің тиімді жүйесін құру экономиканың қажеттіліктерге сай келуі керек. Ел экономикасының нақты мүмкіндіктеріне қарай, халыққа әлеуметтік қамқорлықтың деңгейі әр кезеңде әртүрлі жағдайда болғаны рас. Мемлекеттің адам капиталының даму дәрежесін көрсететін білім мен ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік қорғау салаларына жұмсап жатқан қаражатының жыл санап өсуі бұл бағытта атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың қарқындылығын байқатады. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жүргізіп жатқан сарабдал саясатының нәтижесінде жыл өткен сайын республикамызда әлеуметтік міндеттемелер, оның ішінде адам капиталының дамуына жасалып жатқан шаралар өз нәтижесін беруде [4].

Адам капиталының теориясы - білімнің әлеуметтік қызметіне принципті, сапалық жаңа көзқарас. Сансыз көп теорияларда білім не еңбек тиімділігін арттырудың факторы, немесе ғылым және техникалық прогрестің қозғаушысы ретінде қаралып келді, бірақ барлық жағдайда да оған қосалқы, көмекші роль берілетін еді.

Қоғамға білімді шындап бағалауға оған тек капитал ретінде қарау ғана көмектесті, әрі ол ең құнды және ең сенімді капитал болады.

Адам капиталы тұжырымдамасының кейбір алғышарттары классикалық саяси экономияда, марксизмде, әлемдік экономикалық пікірдің өзге де ағымдарында қаланған еді, бірақ ол үйлесімді және тиянақты болып тек ХХ ғасырда ғана ресімделді.

Адам капиталы теориясының ғылыми және қоғамдық тұрғыдан танылуына, осы теорияны әзірлеуге ХХ ғасырдағы экономикалық, басқарушылық және әлеуметтік ілімнің аса көрнекті өкілі Питер Друкердің қатысуы өз септігін тигізді. Оның «Білім революциясы» мақаласы ғылыми және саяси тұрғыда кең резонанс туғызды. Автор осы мақаласында былай жазады: «Білім-бүгінгі таңдағы жеке ара нақты капитал. Халық білімін дамыту-капитал жасаудың ең маңызды құралы, ал білімді адамдардың саны, олардың білім сапалары мен осы білімдерді пайдалану-байлық өндірудегі ел қабілетінің ең маңызды көрсеткіші» [12, 9].