Файл: 1. Адам капиталына салынан инвестицияларды теориялы негіздері.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 61

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


б) білім беру қызметінің сапасы – жоғары оқу орнының бәсекеге қабілеттілігінің басымды көрсеткіші;

Жоғары оқу орнының жинақталған ғылыми-білім потенциалы деңгейінің бірдей еместігі, білім беру қызметі сапасының түрлі деңгейлерін объективті анықтайды, сондықтан да әр түрлі жоғары оқу орындарындағы бірдей мамандық бойынша студенттерді дайындау деңгейінің бір-бірінен айырмашылығы бар. Егер жоғары оқу орны тұтынушылармен сұралатын сапа деңгейі бар мамандарды шығаруды қамтамасыз ете алмаса, онда оның ісі сәтсіздікке ұшырайды, себебі қазіргі нарықтағы төмендетілген баға бәсекеде өз рөлін жоғалтады.

в) инновациялық білім беру технологияларын енгізу.

Жоғары оқу орындары көбінесе техникалық және технологиялық прогресске негізделген инновациядағы бәсекелестікпен жұмыс істейді, ол нарықты жаулап алу үшін үдемелі қару ретінде қолданылуда. Жоғары оқу орнының бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету әлемдік көшбасшы және республиканың алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының дәстүрлі жүйелерінің жағымды тәжірибесін қолдануға негізделуі керек және білім беру аясындағы өндірістік инновациялардың бірлігін, ал дәлірек айтқанда, жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды ендіруді (технологиялық инновациялар), оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдерін (педагогикалық инновациялар), білім беру аясындағы механизмдерді (экономикалық инновациялар), институционалдық нысандарды (ұйымдастырушылық инновациялар) қарастыруы керек [27].

Маманды шығарудан бастап, жоғары оқу орнының болашақ түлегін дайындауға дейінгі мамандарды дайындаудың сапасын басқару сұрақтарының болмауы, соның ішінде Қазақстанда да, әдістемелік өңдеу және шынайы тәжірибе объектісі болып отыр.

Жоғарғы оқу орындарында бағалау объектілерінің ұйымдастыру мен басқару деген екі негізгі топтары бар. Бірінші топ – жоғарғы білімі бар студенттер немесе бітірушілер. Екінші топ - әртүрлі деңгейдегі жоғары білімі барлар – жалпы жоғарғы оқу орны, жеке мамандық бойынша және т.б. Басқа мамандардың айтуы бойынша, педагогикалық жүйедегі сапалық үдерістерді басқару арқылы сапалық нәтижені басқару мен сәйкес педагогикалық жүйенің тиімділігін қамтамасыз етуі қажет [23].

Көптеген жоғары оқу орындарының бұрын болған монополиялық жағдайы құлдырайды. Яғни, қазіргі уақытта олар өздерінің білім беру қызметінің тұтынушылары үшін бәсекелестік күрес жүргізу қажет. Осындай жағдайда бұрын танымал болған жоғары оқу орындары өздерінің жоғарғы атағын растау үшін қосымша аргументтерді іздеуге мәжбүр болып отыр. Бұдан да қиын мәселені қазірден ашылып жатқан жоғарғы оқу орындары шешуге мәжбүр, оларға сонымен қатар, лицензия мен мемелекеттік аккредитациядан басқа абитуриенттер мен болашақта жұмыс берушілер арасында өздерінің оқу орындарының жағымды имиджін қамтамасыз ету үшін, қосымша аргументтерді іздеуі қажет.


Қазақстанда білім беру сапасын бағалау білім беру ұйымының мемелекеттік аккредитациясы әдісі негізінде және жоғарғы оқу орындарының мамандықтар бойынша саптау әдістемесін қолдану негізінде анықталады. Бағалаудың мақсаттары болып бәсекелестік ортаның қалыптасуы, білім сапасын жоғарылату, мемлекеттік білім гранттарын рационалды орналастыру табылады. Саптау әдістемесі өзін бағалау әдісін қолданады, ал жоғарғы оқу орындардың жетекшілері әділдік жауапкершілікпен қатар бірнеше жоғары оқу орындарының рейтингісін анықтауды өз міндетіне алады. Қазақстан дамушы елдердің халықаралық тәжірибиелерін ұлттық білім жүйесімен үйлестіру жолында алғашқы қадамдарын жасап отыр.

АҚШ-та білім сапасын бағалаудың көптеген тәжірибиелері жинақталған. Бизнес мектептерін қоғамдық аккредитациялау үшін қолданылатын, Американдық бизнес мектептерінің университеттік ассоциациясының әдістемесі көп көңіл аудартады. АҚШ – та мемлекеттік аккредитациялау жоқ. Әдістемеде білім сапасының бағалаудың 6 топталған критериялары қарастырылған, олар 4-кестеде көрсетілген [30].
Кесте 4

Американдық бизнес мектептерінің аккредитациялау критерийлері*


Топтық критерийлері

Бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштері

1. Мақсаттары мен миссиясы

1.1 Мектеп миссиясының тұжырымдауы (клиенттің қажеттіліктері, рынок сигменттері, бәсекелестік артықшылық, ұйым құндылығының негізгі кұзыреті).

1.2 Әрбір білім бағдармалардың мақсаттары

1.3 Тұжырымдау үдерісі, миссия мен мақсаттардың келісілуі және қайта қарастырылуы

2. Оқытушы- профессорлық құрамы (ПОҚ)

2.1 ПОҚ жоспарлау

2.2 Қабылдау, сұрыптау және бағдар

2.3 Даму, жылжу, сақтау, жаңарту

2.4 ПОҚ саны, құрылымы мен біліктілігін жоғарылатуы

3. Оқу бағдармасының мазмұны және бағалауы

3.1 Пәндер курсының мазмұны

3.2 Бағдарламаны жоспарлау және бағалау

4. Оқу - әдістемелік қамтамасыз ету және оның жауапкершілігі

4.1 Іс жүзінде оқу - әдістемелік қамтамасыз ету

4.2 Оқу - әдістемелік қамтамасыз етудің ұжымдық жауапкершілігі

4.3 Оқу - әдістемелік қамтамасыз етудің жеке жауапкершілігі

5. Оқу орнының студенттері (тыңдаушылары)

5.1 Студенттерді сұрыптау

5.2 Жоспарлау, мансап және жұмысқа орналасуы


* Дерек көзі: А.Хоскинг Среда предпринимательства. Курс предпринимательства. - М., 1993 г.
Сонымен, шетелдердегі білім беру жүйесінің әртүрлілігіне және академиялық дәрежелер беруге деген әртүрлі көзқарастарға қарамастан мамандарды дайындаудың көп деңгейлі жүйесі векторына, студенттердің дербестігі мен шапшаңдықтарын дамытуға және әрбір жеке тұлғаның мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып оқытуды жеке бастылыққа бағыттаудағы білім беруді унификациялауға деген ұмтылыс байқалады.

Қашықтан оқыту қазіргі өндірушіге қажет емес мамандарды дайындауды дәстүр бойынша жалғастырып отырған мемлекеттік ЖОО студенттерінің мамандану мәселелерін шешуге көмектеседі. Қазіргі технологиялық жетістіктерге негізделген оқытудың қашықтық әдісі болашақта негізгі роль атқарады.

Көп елдердің білім беру жүйесінде компьютерлік техникалармен және коммуникация құралдарымен жабдықталу мәселелері біржолата шешілгендігін ерекше көңіл аударғымыз келеді.

Жаңа білім беру дәуірінде компьютерлермен жабдықталмаған оқу орындарының болуы ұят болып саналады. Қарастырылған барлық елдердің оқу орындары Интернетке шыға алады. Азиаттық оқу орындарында әрбір екі студентке бір дербес компьютерден келеді, яғни егер 1000 студент оқыса, онда 500 компьютер бар. ОЭСР елдер бойынша бұл қатынас орта есеппен 13 оқушыға 1 компьютерден келеді. Қазіргі таңда Қазақстанда 113 білімгерге 1 компьютерден, ал ғалымдық желіге компьютерлердің 6% ғана шыға алады. Ал Қазақстанда компьютер техникасымен жабдықтауға кеткен қаражаттарға келсек, онда 2001-2004 жылдары осы мақсаттарға мысалы, 170 млн. доллар бөлетін Кореямен салыстырғада 6,5 есе аз ақша жұмсалған [30].

Осылайша, білім беру әлемнің көп елдерінің негізгі мемлекеттік басымдылықтарының санына кірген. Қазақстан қазіргі уақытта ғалымдық бәсекеге жағдайындағы жаңа талаптарға жауап бере алатын жоғары білім берудің икемді жүйесін құруға ұмтыла отырып түбегейлі өзгерістер жасауға көшуде.

Қазіргі заманғы бәсекеде табысқа жету үшін біз күн сайын туындап жататын кез келген құбылысқа дайын болуымыз керек, деді “Кредит Свис Групп” компа­ниясының бас атқарушы басшысы О.Грюбель. Ал енді ертеңгі күнге үңіле білу одан да маңызды. Қазақстан жағдайына келсек, мұндай көзқарас жоғары білікті және тиімді мамандарды бүгінгі күні даярлаудың қажеттігін сезіне білуді көрсетеді.


Одан әрі ол Қазақстанның табиғи байлықтарының елге қаржы легінің ағылуына себепкер болатынын айта келіп, соған сәйкес республикада қаржы маман­дарының өте қажет болатынын айрықша атап көрсетті.

Қазақстанда білім беруді дамыту бағдарламаларының орындалуы білім жүйесінің толыққанды дамуы мен жұмыс істеуі үшін қажетті барлық деңгейлердегі бюджеттердің қаржылық қаражаттарын, сонымен бірге ғылым мен тәжірибе (инновациялар) жетістіктері негізінде жүйені дамытудың бірінші кезектегі міндеттерін шешуге бағытталған шаралар мен жобаларды іске асыруды қамтамасыз ететін қосымша мақсаттық қаржыландыруларды да талап етеді.

Қазақстанда білім беруді дамыту бағдарламаларының орындалуы білім жүйесінің толыққанды дамуы мен жұмыс істеуі үшін қажетті барлық деңгейлердегі бюджеттердің қаржылық қаражаттарын, сонымен бірге ғылым мен тәжірибе (инновациялар) жетістіктері негізінде жүйені дамытудың бірінші кезектегі міндеттерін шешуге бағытталған шаралар мен жобаларды іске асыруды қамтамасыз ететін қосымша мақсаттық қаржыландыруларды да талап етеді.

АҚШ-та адам капиталына жиынтық салым жалпы ішкі өнімнің 26% құрайды. Дегенмен бұл деңгейдің өзі де ғылыми-техникалық инновацияда АҚШ-тың жетекші орынға шығуына жеткіліксіз деп саналады. 2009 жылғы 27 сәуірде американың Ұлттық ғылым академиясының жыл сайынғы жиналысында АҚШ Президенті Барак Обама былай деп мәлімдеді: «Біз іргелі және қолданбалы зерттеулерге қаржы салу, жеке инновациялар үшін жаңа ынталандырулар жасау, энергетика мен медицинадағы серпінді қолдау, және математика мен жаратылыс-ғылыми білім беруді жақсарту арқылы ғарыштық жаппай қарулану уақыты деңгейіне жетіп қана қоймай, одан жоғары өрлейтін боламыз» [25, 16].

Қазақстанда адам капиталына жиынтық салым көрсеткіші ЖІӨ-нің 9% деңгейінде. Өткен жылдар енжарлығы тағы бар. Экономиканың ресурстық интенсивті секторы инвестицияның негізгі бөлігін тартып отыр. Ал шикізаттық экономикаға сапалы адами капиталдың қажеттігі шамалы. Оған жаппай сұранысты инновациялық экономика білдіреді.

Жеделдетілген экономикалық жаңғыру еңбек әлеуетінің сапасын жақсарту үшін ілгерілемелі әлеуметтік жаңғыртумен қоса жүргізілуге тиіс. Адам капиталы елдің стратегиялық ресурсына айналады. Оны жинақтау мен сақтау экономика мен мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Және де, халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғанындай, адам капиталына инвестиция салу ұлттық игіліктің материалдық-заттық элементтерінен гөрі, тезірек ұлғайғаны жөн.


Адам капиталы басқалары сияқты тозады, экономикалық құнын жоғалтады, ескіреді. Адам капиталына салымның тиімділігі өте жоғары, бірақ та жай капиталға қарағанда, оның инвестициялық мерзімі соғұрлым ұзақ, ол 12-20 жылға дейін созылады. Сондықтан әлеуметтік дамуға жұмсалатын шығындар ұзақ мерзімді стратегия тұрғысынан жоғары тиімділікті салым деп қарастырылады және оның есесін едәуір уақыт өткеннен кейін ғана алуға болады.

Пенсильвания университетінің білім беру кафедрасының профессоры Роберт Земскимен, Тафта университетінің Флетчер бизнес мектебінің экономисті Лайза Линчпен және менеджмент профессоры Питер Капеллимен жүргізілген зерттеулер нәтижесінде (үш мың жүздей жұмыс орындары зерттелінді) білім беру деңгейін он пайызға жоғарылатқанда жалпы еңбек өнімділігі 8,6%-ға өседі.

Салыстыру үшін: сәйкесінше негізгі қорды өсіргенде, еңбек өнімділігі тек 3,4%-ға ғана өсті. Басқаша айтқанда, адам капиталына салынған шекті табыс, техникаға салынғаннан алынатын табыстан үш еседей артық.

Білім беру тиімді болу үшін, ол үздіксіз болу қажет екені дәлелденген. Яғни, мынадай оқыту-тәрбиелік комплекстерін қалыптастыру: «балабақша – мектеп – орта кәсіби білім – жоғары оқу орны – жаңа мамандық алу және қайта даярлау институты – квалификация көтеру институты – өндірістік оқытылу институты (жұмыс орнында).

Адам капиталының институционалдық дамуына негіз болатын негізгі факторлар ретінде мыналарды қарастыруға болады:

Біріншіден, бұл ғылыми-техникалық факторлар. Жалпыға бірдей базалық білім мен кәсіби білімнің сәйкес деңгейін алу адам капиталын пайдаланудың объективті шарты бола бастады. Адам капиталының сапалық сипаттамалары болып интеллетуализацияның жоғарғы деңгейі, ун,иверсалдылық пен мобилділік,тұлғаның көп жақты дамуы табылады. Физикалық және адам капитиалының, қоғамның арасындағы өзара қатынасындағы өзгерістер болады. Соның өзінде, соңғысының экономикалық дамудағы ролі өседі. Ол жаңа техника емн технологияны тиімді қолданып қана қоймай, сонымен қатар оны жасаушы болу керек. Физикалық капиталдың өскен деңгейі оны тиімді пайдалану қабілеті бар адам капиталын объективті түрде талап етеді. Мұндай қарама-қайшылық бірыңғай білім беру комплексін шешеді. Тек қана оның инновациялық өндіріс талаптарына жауап беретін адам капиталын қалыптастыру жағдайы бар.

Екіншіден, білім беру комплексін жасауына ұйымдастырушылық факторлар, оқитындардың бос ағымы мүмкін болатын шегінде бірыңғай білім беру кеңістік қалыптастыруы әрекеттеседі. Бүгінгі күннің басты мәселесі әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялау. Республикамызда осы бағытта белгілі бір қадамдар жасалды. Шетелдік оқу орындарымен байланыс орнатылды, шетелдік жоғары оқу орындарында оқу мен тәжірибе өту мүмкіндігі пайда болды. Білім беру қызметтерін тұтынушыларының арасында сұранысы баршетелдік әріптестермен бірге оқу орындары ашылды.