Файл: 1. Адам капиталына салынан инвестицияларды теориялы негіздері.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.04.2024
Просмотров: 60
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ол үшін келесі жолдармен қамтамасыз етілетін жоғары сапалы мамандарды дайындау қажет:
- барлық білім беру бағдарламаларын жетілдіру;
- студенттерді дайындау үдерісінде халықаралық ынтымақтастықты тереңдету;
- мамандықтар бойынша оқытушыларды қайта дайындау және олардың біліктіліктерін жоғарлатудың тиімді жүйесін құру;
- оқу үдерісіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу.
Білім беру қызметінің негізгі сипаттамасы ретінде оның егжей-тегжейлігі, сапасы, өмірлік циклі, сондай-ақ, білім беру үдерісін қамтамасыз ету шарттары көрінеді. Осылармен бірге, білім беру қызметі оқыту мақсатын, студенттердің контингентін, оқу тәртібі мен ұзақтығын, іргелілемелі және қолданбалы мәнін, материалдық қамтамасыз етуін ұйғарады. Нарықтық экономика жағдайында мамандарды дайындау үшін нарық тетіктерін толық қолдану керек. Жоғарғы білім беру нарығының жағдайын талдау үшін сұраныс пен ұсыныстың өзара арақатынастарын мақсатты түрде қарастыру қажет.
Білім беру қызметтеріне деген сұраныс жоғары еңбек ақы төленетін бос орындарға сұраныс болып табылады, яғни, осындай бос орындарды алу үшін білім туралы сәйкес құжат бар болу қажет, ол келесі факторлардың әсер етуімен қалыптасады:
1) неғұрлым жоғары білім деңгейі есебінен экономиканың жаңа секторларында жұмыс орындарын алу жолымен өзінің табысын ұлғайтуға талпыну;
2) білім алушының өзінің және оның жанұясының тікелей және жанама шығындары көлемі. Білім беру қызметтеріне деген ұсыныс мемлекеттің қаржылық мүмкіншіліктеріне және оқытудың ақылы альтернативтерін ұсынатын нарық мүмкіндіктеріне байланысты. Мемлекет білім беру қызметі нарығының тең құқылы қатысушысы ретінде көрінеді, оның жалпы стратегияларды жасауға, реттеу- бақылау қызметтерін атқаруға, біліктілігі жоғары мамандармен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік тапсырыстарды жасауға құқығы бар.
Мамандарды дайындау үдерісі кәсіби шеберліктер мен ғылыми білімдер жүйесін бүтіндей қалыптастыруға әсер ететін, беріктілік мүмкіндігін туғызатын жаңа ақпараттық және оқыту технологияларын, оқытудың оңтайлы әдістерін, нысандары мен құралдарын қолдану негізінде жүзеге асырылуы қажет, сол арқылы болашақ мамандардың кәсібилілігіне қол жеткізуге болады. Қазіргі кездегі жаңа формацияның маманына оның жеке бастылық сапасына, білу және шеберлік қабілеттіліктеріне терең талаптар қойылады. Ол инновациялық технологиялар саласында білімі және шеберлігі бар, тілдерді білу деңгейі жоғары және т.б. негізгі халықаралық талаптарды қанағаттандыруы қажет. Сондай-ақ, мәдениетке және т.б. қойылатын талаптар да маңызды факторлардың бірі болып табылады.
Оқу орындары білім беру нарығында өнімдерді өндірушілер болып табылады, олар шығарылатын өнімдердің «ассортиментін», яғни қай профессия және мамандық бойынша қандай сандық мөлшерде қажет ететіндігін анықтайды. Сонымен бірге, олар бәсекелестік орта жағдайында жоғары сапалы мамандарды дайындауда оқу-материалдық базалар мен оқытушылық құрам мүмкіншіліктерін максималды түрде қолдануға мүмкіндіктер беретін сәйкес оқу технологияларын таңдау керек. Баға бәсекелестігін жеңуге, сол арқылы өзінің пайдасын ұлғайтуға ұмтылуы қажет.
Өндірілген өнімдердің (мамандардың) тұтынушылары кімдер болатынын анықтаудың маңыздылығы жоғары. Бұл білім беру нарығының нақты секторында қалыптасқан ұсыныс пен сұранысты талдаудан, ғылыми-техникалық прогресс үрдісін оқып-үйренуден, факторлық нарықтардағы жағдайларды зерттеуден тұрады. Жоғарғы оқу орнын аяқтағаннан кейін жұмыс табу мүмкіншілігі сұранысқа әсер ететін және оқу орынының рейтингін және беделін анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады.
Мамандарды дайындау сапасын басқарудың жоғары оқу орнының ішіндегі жүйесін қалыптастырудың бастапқы кезеңінде ерекше көңіл «тұтынушыға бағдар» және «фактілер негізінде шешімдерді қабылдау» қағидаларына аударылуы қажет [31]. Жоғары оқу орындарында берілген әдістемелерді енгізу 2010 жылға дейінгі Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың Бағдарламасын және білім сапасын бағалаудың Ұлттық жүйесін жүзеге асыруға көмектеседі.
Халықаралық білім беру жүйелерімен интеграцияланған инновациялық білім беруді енгізу табиғи-ғылыми және гуманитарлық саладағы кең ой-өріске ие, таңдалған мамандық бойынша жұмысқа кәсіби дайындалған жаңа типтегі мамандарды дайындауға септігін тигізеді. Ол өсіңкілік өзгеріп отыратын еңбек нарығы жағдайында, базалық білімі шеңберінде тез арада алған негізгі мамандығын ауыстыруға психологиялық дайын болуы керек және өзінің қызметінің әлеуметтік және экологиялық нәтижелерін алдын-ала байқап, бағалауы кажет. Егер маман, экономикалық және әлеуметтік тиімділік беретін интернет желісі мүмкіншіліктерін, жаңа технологияларды оңай қолдана алатын болса, онда ол талап етілетін маман болады. Басқа жағынан, ол жеткілікті шығармашылық әлуетке ие, өнертапқыш болуы керек, егер еңбек нарығында оған деген қажеттілік болмаса, өзінің жеке ісін құру үшін инновациялық бизнес құрудың негізін білу керек [30].
Білім беру қызметінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілік мәселесі қазіргі кезде әмбебап нысанға ие. Бәсекеге қабілеттілік және сапа – кез келген жоғары оқу орнының тұтынушыларға қажетті мамандарды шығару мүмкіншіліктерінің барлық жиынтығының шоғырландырылған көрінісі. Әдебиеттерде «сапа» және «бәсекеге қабілеттілік» түсініктері өте жиі синоним ретінде қолданылады. Әдістемелік жағынан бұндай көзқарас дұрыс емес. Бәсекеге қабілеттілік түсінігін нарық жағдайында қызмет ете алатын ұйымның (жоғары оқу орнының) мүмкіншіліктерін сипаттайтын басты критерийлердің бірі деп қарастырайық.
Арнайы курстарда қарастырылатын мемлекеттердің, фирмалардың, ішкі салалық, бағалық, түрлік, заттық және т.б. бәсеке түсініктері бар. Жалпы, бәсеке ретінде мыналар түсіндіріледі:
- нарық механизмінің элементі немесе;
- нарық субъектілерінің немесе тауар өндірушілердің нарық және табыс үлесіне өзара әрекет ету формасы, мемлекеттік тапсырысты алу немесе;
- қоғамдық өндіріс пропорциясын реттеу механизмі [31].
Тауардың бәсекеге қабілеттігі – тауардың бәсекелі нарық талаптарына, нарықта көрсетілген басқа ұқсас тауарлармен салыстырғанда сатып алушылар сұранысы талаптарына жауап бере алуы.
Бәсекеге қабілеттілік бір жағынан, тауарлардың сапасы, оның техникалық деңгейі, тұтынушылық қасиеттерімен анықталса, екінші жағынан, тауарларды сатушылардың орнатқан бағасымен анықталады. Одан басқа, бәсеке қабілеттілікке, сондай-ақ, сән, сату және сатудан кейінгі сервистік қызмет, жарнама, өндіруші имиджі, нарықтағы жағдай және сұраныс өзгерісі әсер етеді [30].
Тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін (яғни, бәсеке нарығындағы коммерциялық пайдалы өткізу мүмкіншілігі) бәсекелестердің тауарларын өзара салыстыру арқылы анықтауға болады. Басқа сөзбен айтқанда, бәсекеге қабілеттілік – нарыққа және сату уақытына нақты тәуелді қатысты түсінік. Әрбір сатып алушының жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруды бағалаудың өзінің жеке критерийлері бар болғандықтан, бәсеке қабілеттік жеке көрініске де ие болады.
Жоғарыда аталған анықтамалар бәсекеге қабілеттілікті тұтыну бағасына әсерлі қатынасы ретінде қарастырады, ал пайдалы әсер үшін тауардың нарықтағы сапасының интегралдық көрсеткіші және оны өткізу алынады. Бұл білім берудің бәсекеге қабілеттілігін анықтау үшін жеткіліксіз. Біздің ойымызша, білім беру қызметінің бәсекеге қабілеттігі – маманның берілген қызмет көрсету түрінің нарық талаптарына жауап бере алу мүмкіншілігі және оны өткізе алу мүмкіншілігін қарастыратын интегралдық сипаттама.
Бәсекеге қабілеттілікке, білім беру қызметінің сапасы, бағасы, өзіндік құны, қол жетерлік және мобильділік, жоғары оқу орнының имиджі және басқа да факторлар әсер етеді. Бәсекеге қабілеттілік факторларының басымдылығы тұтынушылардың нақты талаптарына тәуелді, сондықтан білім беру қызметінің қазақстандық және әлемдік білім беру кеңістігіндегі интеграциясы үшін оның бәсекеге қабілеттігінің басымды факторы сапа болып қалады.
Бәсекеге қабілетті маманды дайындау белгілері ретінде біз келесідей көрсеткіштерді қарастырамыз:
а) өсіңкілік өзгеріп отыратын орта жағдайында жоғары оқу орны түлегінің тез бейімделуге қабілеті;
б) түлек жаңа мамандықтарды үйрену үшін уақыт және күш шығындарын жұмсамай, жұмыс істей алатын аралас салалардың саны;
в) дұрыс басқару шешімдерін қабылдау қабілеті;
г) жүйелік басқарушы шеберлігін білу.
Бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету жүйесі мен жоғары оқу орны сапа менеджменті жүйесінің әдістемесі бірнеше бірдей ғылыми көзқарастар мен қағидаларды қолданады, олардың бастысы болып жүйелік және үдерістік көзқарастар табылады. Жүйелік және үдерістік көзқарастар жаңа түсіндірмелер бойынша операцияларды зерттеу, функционалды-құндық талдау және басқа да инжинерингтің әдістерімен қатар басқарылатын объектілердің сапасы мен тиімділігін көтеруге көмектесетін экономика үшін XX ғасыр жаңалығы болып табылады. Жүйелік және үдерістік көзқарастар – бұл менеджмент философиясы, нарықта өмір сүру әдісі [31].
Студенттердің бәсекелестікке қабілеттілігі – бұл бір уақытта жоғары оқу орындарының да бәсекеге қабілеттігі. Қазіргі кездегі жоғары оқу орындарының өздерінің орнын табу үдерісі бүгінгі күні бұрынғыдан гөрі белсенді және жоғары оқу орындарына белгілі бір категорияларды ұсынатын жоғары инстанциялардың шешімдерімен ғана анықталмайды. Нарықтық қатынастар жоғары мектеп өмірі аясын да қозғайды. Бірақ ең бастысы, жеке жоғары оқу орындарының тағдыры шеңберінен шығу мәселесі – ол жалпы біздің қоғамның өміріне қатысты. Тек қана біздің түлектеріміздің мәртебесін көтеру ғана емес, сондай-ақ шетел мамандарымен бәсекеге түсу мүмкіншіліктерінде. Біріншіден, бізді мазалайтын жеке проблемаларымыз, әйтпесе біздің қызметіміздің мәні болмас еді.
Қазақстан Республикасындағы басқа өндірістік және өндірістік емес қызмет аяларынан кейінгі жоғары білім беру институты, еңбек нарығы қысымын көбірек сезуде, жұмыс берушіге дипломын ұсынатын түлектің біліктілігіне, потенциалды жоғары оқу орнының беделіне қатаң талаптарды орнатуда. Осы себепке байланысты А.Эфендиев және О.Дудиннің еңбектерінде, жастар, белгілі бір жоғары оқу орнына түсе отырып, сапа жағынан да, мамандықтың сипаты бойынша нарық конъюктурасы жағынан да қарастырғанда бәсекеге қабілетті бола алатын білімді ала алатындығын бұрынғыдан гөрі маңыздырақ ескере бастайтындығы айтылған [31].
Осыған сәйкес жоғары оқу орындарының жетекшілері алдында өз оқу мекемесінің беделдігін көтеру, өз түлектерінің жоғары сапалы білімін кепілдендіретін «өмір сүру әрекеті» жағдайларын құру мәселелері тұр. Сонымен қатар, әрбір жоғары оқу орны үшін оны сырттан бағалау, түлектердің сыртқы «тұтынушылар» беретін, туыстық профильдегі оқу орындары арасындағы орны қызықты. Бұл мәселелерді шешу жалпы жоғары оқу орнындағы білім үдерісінің жағдайын объективті бағалаудың сәйкес механизмдерін қолданусыз мүмкін емес.
Жоғары оқу орындары өнімдердің бірнеше түрін өндіруші болып табылады: білім беру сипатындағы қызметтер; ғылыми-техникалық өнімдер; ғылыми-техникалық өнім және білім беру қызметі негізіндегі интегралданған өнімдер; оқу-әдістемелік өнімдер.
Жоғары оқу орындарындағы көрсетілген барлық қызмет көрсету спектрлерінің бар болуына қарамастан, сөзсіз, білім беру қызметі анықтаушы болып табылады. Жоғары білім беру аясында білім беруді дамыту концепциясы оқу үдерісін ұйымдастыру технологиясын өзгертуді және оны оқушылар мүдделеріне бағындыруды, оқытушылар арасында бәсекелестікті жасау, түрлі оқу әдістемелерін қолдану және жетілдіруді қарастырады. Жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттігі ұлттық білім беру жүйесін сәтті реформалаудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуы – абыройлы. Бүгінгі күні жоғары оқу орны өзін нарықтың субъектісі деп мойындауы керек, яғни білім беру қызметін көрсету нарығында нарықтық қатынастардың барлық мектептері қызмет етеді және өмір сүру күресінің түрлі әдістері мен табиғи сұрыптау қолданылады.
Ұлттық және әлемдік экономикадағы болып жатқан үдерістер жоғары оқу орнының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде білім беру сапасы рөлінің басымдылығына әкеліп соқтырады. Біздің ойымызша, бәсекеге қабілеттіліктің негізгі қағидаларына келесілерді жатқызуға болады:
а) білім беру қызметтері ұсынысының сұраныстан көп болуы;
Бұл бәсекелестіктің күшеюімен байланысты заңды үдеріс. Ол білім беру қызметін тұтынушыларда таңдау мүмкіншілігі, ал жоғары оқу орындарында – «өмір сүру» мәселелері пайда болады. Білім беру қызметін өндірушілер ретінде жоғары оқу орындарының саны жеткілікті түрде және олар өздерінің тұтынушылары үшін бәсекелі күресті жүргізуге мәжбүр. Мамандарды дайындау қызметіндегі қатынас бойынша, қазіргі кезде ұсыныстың сұраныстан артуы тән, бұл жоғары оқу орындарының өзінің танымалдығын ұстап қалу мен жоғарылатуға қатты әсер етеді, яғни максималды бәсекеге қабілетті болуына әсер етеді. Бұған сапалы білім беру қызметінсіз жету мүмкін емес. Мұндай жағдайларда, тұтынушыларды қанағаттандыратын сапаны қамтамасыз ету, стратегиялық мәселе болып жатыр.
ә) тұтынушылардың қажетті және потенциалды сұрауларын қанағаттандыру;
Білім сапасын тұтынушы бағалайды, ол оның талаптары мен күтімдеріне сәйкес келуі керек. Яғни, сапа – салыстырмалы түсінік, ол көп дәрежеде нарықтағы бәсекемен анықталады. Бұл білім беру қызметіндегі талаптарды өңдеуде, сапаны жоспарлауда жаңа көзқарастарды талап етеді. Бұндай жоспарлаудың негізінде көп дәрежеде маркетингтік зерттеулер қолданылуы керек, ал тұтынушылардың мүдделері басымдылық ретінде қарастырылуы керек;