Файл: 1. Адам капиталына салынан инвестицияларды теориялы негіздері.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.04.2024
Просмотров: 62
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Академик Я.Ә.Әубәкіров адам капиталын әртүрлі ғалымдардың барлық жетістіктерін, білімді, дағдыны, жинақталған тәжірбиені және олардың әлеуметтік экономикалық прогресте қолданылуын біріктіретін кең масштабты ұғым ретінде түсінеді. Оның пікірінше, адам капиталы білім беру және ғылым салаларына, денсаулық сақтауға, білікті мамандарды ұдайы өндіруе мақсатты бағытталған инвестициялар нәтижесінде қалыптасады және ұлғаяды. Академик Я.Ә.Әубәкіров адам капиталын қоғамдық еңбек өнімділігінің артуын қамтамасыз ететін шешуші күш ретінде қарастырады.
Келесі авторлар ұжымы адам капиталын «индивидтердің өзінің оқуына, білім алуына және басқа да өнімділікті арттыратын іс-әрекет түрлеріне уақытты инвестициялау арқылы қалыптасатын іскерлік пен дағдылар» ретінде анықтайды.
С.К.Жұмамбаевтың пікірінше, «білім, дағды, іскерлік және жинақталған тәжірбие адам капиталын құрайды» және «жалдамалы жұмысшы кәсіпкерлік іс-әрекетке өзінің адамдық капиталын қосады. [20, 55]
Отандық экономист-ғалымдардың көзқарастарын талдай келе, төмендегідей тұжырымдар жасауға болады:
Біріншіден, білім, іскерлік, дағды арнайы іс-әрекет түрлері арқылы қалыптасады;
Екіншіден, ол қабілеттердің қалыптасуы белгілі бір қаржыны қажет етеді;
Үшіншіден, ол қаржылар инвестициялық сипатта;
Төртіншіден, білім, іскерлік, дағды және еңбек өнімділігі арасында тәуелділік орын алады;
Бесіншіден, уақыт факторын қалыптастыру арқылы адам капиталының қалыптасуында «балама шығындар» немесе «жоғалған жалақы» шығындары орын алады. Міне жоғарыда берілген шетелдік және отандық экономистердің көзқарастарында адам капиталына әртүрлі түсіндірмелер беріледі. Әйтсе де, осы анықтаған ортақ ұқсастықты байқадық. Ол ұқсастық адам капиталының жүре қалыптасатын қабілеттер ретінде анықталуы. Нақ осы негізде, біз, адам капиталы категориясының экономикалық мазмұнын ашуға талпынамыз.
Кез-келген экономикалық категория-экономикалық көзқарастар жүйесіндегі белгілі бір талаптардың логикалық көрінісі, жеткізілуі. Демек, адам капиталы экономикалық категория ретінде біздің ойымызша іскерлікті, дағдыны, т.б. қабілеттерді қалыптастыру, өндіру, тұтыну, жалғастыру үрдісінде қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетеді.
Ойымызды тұжырымдай келе, біз, адам капиталын инвестиция нәтижесінде қалыптасатын және қорланатын, қоғамдық өндірістің кез келген сферасында немесе азаматтық өмірде мақсатты пайдаланатын, адамның болашақ қанағаттарының және өспелі табыстарының көзі, сондай-ақ, қоғамдық өндірістің және экономикалық өсудің басты факторы болып табылатын белгілі бір білім, дағды, іскерлік, денсаулық және мотивациялар қоры ретінде түсінеміз.
Нарықтық қатынастарға негізделген азаматтық қоғам мен құқықтың мемлекетті құру процесінде әлеуметтік дамудың барлық болмысы адами өлшемдерді қажет етеді. Қазақстан үшін қазіргі әлеуметтік-экономикалық саяси кезеңге өту барысы сан қырлы күрделі процесс. Сондықтан да мемлекетіміздегі алға қойылып жатқан мақсат мүдделерге жетудің негізгі алғы шарттарына білім, ғылым, адам өмірінің толық қандылығы, қазақстандықтардың өз творчестволық әлеуметтік еркін жүзеге асыру мүмкіншіліктері жатады.
Бүгінгі таңда Қазақстан өз дамуының қоғам ауқаттылығының өсуі адам капиталын құрайтын жеке қабілеттілік мен мүмкіндікке тәуелді болатын жаңа кезеңіне өтіп жатыр. Бұл кезең еліміздің әлеуметтік-экономикалық құрылымдары тез өзгеріп, нарықтық іс-әрекеттердің институтционалдыруымен, ескі қатынастардың ыдырап, адам қызметінің жағдайымен сипатталатын ескі кәсіби білім беру жүйесін өзгертетін жаңа әлеуметтік қатынастардың қалыптасуымен ерекшеленеді. Яғни, адамның біліміне, мүмкіншілігіне, сипатына жаңа талап-тілектер қоюымен қалыптасып отыр.
Сонымен, өтпелі кезеңнің бағыты, мақсаты қоғамның, адамның құндылығын, жетістіктерін аша түсетін жағдайға жеткізу үшін мемлекеттік және жеке мүдделерді сол адамның азаматтық бейнесін тұрақтандыруға, білімі мен біліктілігінің мазмұны мен сипатын, құрылымын жетілдіруге, ғылыми-творчестволық әлеуетін дамытуға жұмылдыру керек.
Енді осы адам өмірінің құндылығы жөніндегі көзқарастарға тоқталсақ, адамның шаруашылық іс-әрекетін “экономикалық адам” теориясының шеңберінде үлгілеу әрі экономикалық, әрі әлеуметтік проблемаларды терең қамтуымен сипатталған. Осы теорияларда біріншіден, адам тәуелсіз әрі тұрақты артықшылықтары бар дараланған тұлға ретінде көрінеді. Ол өзінің нақты әлеуметтік байланыстарынан тыс – табиғат берген өзіндік бір “орташа қалыпты” адам ретінде қарастырылады, жеке пайдасын ойлайтын өзімшіл болып табылады. Екіншіден, бұл адам ұқыпты, өзінің пайдасы екенін біле тұра, ол өз мақсатын таңдап алады да, белгілі бір таңдауының салдарына қарай салыстырмалы шығынға бататынын пайымдайды. Үшіншіден, бұл жақсы хабардар адам. Ол өзінің қажеттерін біліп қана қоймайды, сол қажеттерді қалай қанағаттандырудың жолдары туралы оның ақпараты жеткілікті /3/.
Осындай У.Петтидің идеяларын А.Смит ілгері дамытты. Ол адамның қабілетін ел байлығының аса маңызды көзі деп санады: “Пайдалы еңбек өнімділігінің артуы, ең алдымен, жұмыскердің ептілігі мен іскерлігінің артуына, ал содан кейін ғана машиналар мен аспаптардың жақсаруына байланысты”. Ол негізгі капитал деп машиналардың, еңбек қаруының, үй – жайдың, әсердің өндірістік жиынтығын, сондай-ақ “қоғамның барлық тұрғындарының немесе мүшелерінің үйренген әрі пайдалы қабілеттерін” санауды ұсынған.
А.Смиттің аса маңызды әдіснамалық қорытындысы адам қабілетінің екі ұдай табиғатын негіздеуі болды: “мұндай қабілеттерді игеру, оларды меңгерген адамның тәрбие алу, оқу немесе шәкірт болу кезіндегі шығынын қосқанда, қашанда шын мәніндегі шығындарды қажет етеді, оның тұлға бойында іске асқан есепті негізгі капитал”. Мұндай тұлғаның дәулетін құрай отырып, бұл қабілеттер соның өзі өмір сүретін күллі қоғамның да байлығын құрайды. Жұмысшының үлкен ептілігі мен білігін еңбекті қысқартатын немесе жеңілдететін, белгілі бір шығынды қажет еткенмен, сол шығынды пайдасымен қоса өтейтін машиналар мен өндіріс құралдары ретінде қарастыруға болады [21].
Бұдан шығатын қорытынды: еңбек қабілетін арттыруға байланысты шығатын шығындар еңбектің нәтижелігін өсіруге ықпал етеді, оны жеңілдетеді, ұйымның пайдасы арқылы өтеледі. Бұл пікірдің біздің қоғам үшін маңызы зор, жаңалықтар, технологиялар адамдардың күшімен, даму деңгейімен, қабілетімен, іскерлігімен жүзеге асады. Сондықтан да адамның білім, еңбек ету, яғни мамандану қабілетіне инвестиция салу бірінші орынға тұруы керек.
Сонымен, адам капиталын бірнеше негізгі қырларынан анықтауға болады, олар:
- әлеуметтік қатынастардың еңбек, ақпараттық-білім, кәсіби, әлеуметтік-саяси, отбасылық-туыстық салалрдағы нысаны;
- әлеуметтік өзара ықпалдастықтың адам дамуына жұмсалатын инвестициялар ретінде қаралуының нәтижесі;
- адамның әлеуметтік өзара ықпалдастық процесінде жинақталған, сандық және спалық сипаттамасы бар рухани және табиғи мәдениетінің деңгейі (білім, білік, машық, қабілет, бедел қоры);
- адамның болашақта әлеуметтік қолдау табатын мақсат-мұраты мен қоғамдық ұдайы өндіріс саласындағы мәртебесіне жету үшін қолданылуы мүмкін немесе қоғамның, фирманың яки нақты агенттің табысын өсіре алатын, сондықтан потенциалды адам капиталы ретінде айқындалатын қабілеті, білімі, білігі;
- адамның дәл қазір қоғамдық ұдайы өндіріс саласында пайдаланылып жүрген, сондықтан нақты жұмыс істеуші адам капиталы ретінде айқындалатын қабілеті, білімі, білігі;
- адамның мемлекет, жеке фирмалар, ұйымдар қызметінің мақсаты түрінде және жұмыскерді қарқынды еңбекке ынталандырушы факторлар ретінде көрінетін қабілеті, білімі, білігі;
- қоғамдық әл-ауқат дәрежесін макродеңгейде бейнелейтін және мемлекеттің мәртебесін халықаралық деңгейде сипаттайтын аса маңызды әлеуметтік көрсеткіш.
Адам капиталының инвестициялары
Ұлттық есепте бейнеленген
Ұлттық есепте бейнеленбеген
миграция
Нысандық білім
Жоғалтылған жалақы
Бос уақыт
Денсаулық сақтау
Салауатты өмір сүру
Фундаментальды ғылыми талқылау
Уәждеме
Ақпарат іздеу
Өзіндік білім алу
Өндіріске дайындық
Экология
Сурет 1. Адам капиталындағы инвестицияның негізгі түрлерінің
жалпылама жіктемесі
А.Смиттің идеяларын оның ізбасары Д.Рикардо дамытты. Ол ғылыми айналысқа ”жұмыс күші” санатын тұңғыш рет енгізді, оны жалдану арқылы жұмыс істейтін адамдардың өзі деп білді. Еңбек ету қабілетінің ұдайы өндірісі барысында сол халықтың өзінің тұрмыс игіліктерін тұтынушы.
Адам капиталы теориясын тұжырымдаудың алғышарттары К.Маркстің еңбектерінде де кездеседі. Егер шектеулі буржуазиялық формасын былай қойсақ, байлық дегеніміз қажеттіліктердің, қабілеттердің, тұтыну құралдарының, өндіргіш күштердің және тағы басқа индивидтердің әмбебап айырбасы тудырған әмбебаптығы болмағанда не? Байлық дегеніміз табиғат күштеріне, яғни “табиғат” деп аталатын күштерге де, оның өз табиғаттының күштеріне де биліктің үрдісі тұрғысынан қарағанда, жұмыс уақытын үнемдеуді негізгі капитал өндірісі деп қарауға болатының және сол негізгі капиталдың өзі-адам екенін баса айтады. Қоғамды зерттеудің іргелі негіздерінің бірі – капиталды белгілі бір қатынастар жиынтығы деп, ал оның негізін жалдамалы жүмысшыларды қанау құрайды деп қарастыру болды.
Адам капиталы теориясының пайда болуы және дамуы қоғамдағы ғылыми-техникалық және информациялық революция кезінде орын алып отырған күрделі өзгерістермен байланысты. Осы кезеңде адам, оның ғылыми-білімдік потенциалы әлеуметтік және экономикалық барыста шешуші факторға айналып отыр. Осы замандағы әлемдік экономикалық ғылымда адам капиталы категориясы кең пайдаланылады және ол нарықтың шаруашылық теориясы мен практикасында маңызды орын алады.
Адам капиталы теориясының кейбір мәселелері осыдан көп жылдар бұрын саяси экономия классиктерінің еңбектерінде шешілген еді.
ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында адам капиталының тұтас тұғырнамалары біртүтас қисында теоряилар ретінде дами бастады. Адам капиталы теориясының калыптасуына үлес қосқан экономистер: Г.Беккер, У.Боуэн, Б.Вейсборд, Э.Денисон, Л.Туроу, М.Фишер, Т.Шульц және тағы басқалар. 1992 жылы адам капиталы туралы еңбектері үшін американдық экономист Г.Беккер экономика бағытынан Нобель сыйлығының лауреаты атағына ие болды