Файл: 1. Адам капиталына салынан инвестицияларды теориялы негіздері.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 64

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


- техникалық және кәсіптік білім берудің құрылымы мен мазмұнын реформалау жолымен техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлаудың сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;

- басқару мен қаржыландыру механизмін жетілдіру арқылы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің тиімділігі мен есеп беруін арттыру;

- техникалық және кәсіптік білім беру инфрақұрылымы мен материалды-техникалық базасын дамыту жолымен білім беру бағдарламаларын іске асыру жағдайларын жақсарту.

Кесте 3

Кәсіптік лицейлердегі оқушылар саны (мың адам)*





2006

2007

2008/09

2009/10

2010/11

Қазақстан Республикасы

106098

106769

108 018

115 504

113 247

Ақмола

6 331

6 082

6 229

6 656

7 091

Ақтөбе

5 495

5 488

5 540

5 626

5 823

Алматы

6 658

6 911

7 045

8 408

8 418

Атырау

3 975

4 058

4 396

4 996

4 983

Батыс Қазақстан

6 721

6 705

6 983

7 405

6 919

Жамбыл

3 796

4 974

5 419

6 215

5 970

Қарағанды

11 912

11 656

11 504

11 951

11 113

Қостанай

7 305

7 730

8 374

8 581

8 782

Қызылорда

4 514

4 556

4 930

6 006

5 732

Маңғыстау

2 077

2 137

2 005

2 176

2 162

Оңтүстік Қазақстан

12 284

12 287

12 689

12 893

2894

Павлодар

7 704

7 783

7 868

7 890

6 860

Солтүстік Қазақстан

4 302

4 303

4 225

4 859

4 217

Шығыс Қазақстан

12 776

12 130

10 645

10 266

9 641

Астана қаласы

2 068

2 156

2 156

2 532

3 223

Алматы қаласы

8 180

7 813

8 010

9 044

9419


*Дерек көзі:Статистикалық анықтамалық. «Білім берудегі негізгі жетістіктер», 2011 ж.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде еңбек ақысы деңгейі мен педагогтік қызметкерлер үшін әлеуметтік пакеттің төмендігі себепті жас мамандардың келуі өте баяу. Тәжірибелеуші инструкторларды қатыстыру мен арнайы пәндер оқытушылары мен оқу өндірістік шеберлердің өндірісте сынақтан өту жүйесі жоқ.

Педагогтік қызметкерлердің қызметінің жағымды тәжірибесін жалпылау мен таратуда жүйелілік жоқ.

Оқу орындарында білім беру қызметтерінің тапсырыс берушілерімен және клиенттерімен тұрақты қатынастар жетіспейді. Оқу орындары мен өндірістердің тәртіптерінің өзінде тұйықталған стилі, ынтымақтастық дамуының жемісті стратегиясының кемшіліктері, оқу орындарына консалтингті қызмет көрсету тәжірибелеу орын алады.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі еңбек рыногы мен жұмыс берушілердің қажеттілігіне емес, оқытушылар мен оқу материалдық базасының ағымдағы мүмкімшіліктеріне бағдарланған. Натижесінде кадрлар даярлау өндірістің нақты сұраныстарынан қол үзіп жүзеге асырылады. Әлеуметтік серіктестік даму жолында ынталындыруға міндетті және ұдайы негізінде ынтымақтастың дамуына ықпал ететін институционалдық, жергілікті денгейлерге көмекші құрылымының жоқтығы кедергі болып табылады.



Сурет 5. Студенттердің оқумен қамтылу көрсеткіштері

5-суретте жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің негізгі көрсеткіштері көрсетілген. Жалпы Республика бойынша 2010 жылы жоғарғы және жоғарғы оқу орындарының сыртқы бөлімінің контингенті 45,90%-ды, бұл көрсеткіш күндізгі бөлім контингентімен (53,10%) салыстырғанда төмен. Ал 2008 жылдан 2010 жылға дейін сыртқы бқлімнің контингенті, күндізгі бөлімнің контингенті, қазақ тілінде оқитындар пайызы артуда. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитындар пайызы 2009 жылы 23,20%-ға артты, ал 2010 жылы 22,60%-ға дейін төмендеді [29].

Өз қажеттілігі мен ішкі жағдайларға байланысты білім беру үздіксіз ресми жүйесін қорытындылайтын тағы бір деңгейді енгізу дұрыс болады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша колледждерде білім алатын оқушылар санының үлесі жылдан жылға көбейіп отырғанын атап айтқан жөн. 2008 жылы бұл көрсеткіш 16,3%-ға жетсе, 2010 жылы ол 21,7%-ды құрады

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мəліметтері бойынша 2009 жылы жоғары білім беретін ұйымдардың саны 148 оқу орнын құрады. Меншік түріне қарай саралайтын болсақ: мемлекеттік оқу орындарының саны – 53, мемлекеттік емес ұйымдардың саны – 95 болды.





Сурет 6. ҚР жоғары білімді мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы.
ҚР статистика агенттігінің мәліметі бойынша автормен құрастырылған.

2009 жылғы мəлімет бойынша жоғары оқу орындарын түріне қарай бөлетін болсақ: университеттер – 93, академиялар – 24, институттар мен оларға теңестірілгендер саны – 31 болды. Республиканың жоғары оқу орындарында оқитын шетелдік студенттер контингенті2005 жылы 10916 адам болса, 2009 жылы 11974 адамға дейін жеткен. Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алып жатқан шетелдік студенттер саны артып, 2009 жылы жалпы студенттер санына пайыздық қатынасы 2 %-ды құрады [30].

ҚР мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының ұлғаюы жоғары оқу орындарында ақылы негізде білім алатын студенттер үлесінің азаюына тікелей əсер еткенін 8 диаграммадан көруге болады.

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі қоғамның даму мәселелерін шешуге, интеллектуалды потенциалды өсіруге, өндірістің жоғары технологиялық деңгейіне жетуге, жаңартылған өндірістік базасының және экономиканың әлеуметтік бағытталуы негізінде өмір сапасын көтеруге, қоғамның ақпаратты-индустриалды қалыптасу жолында ілгерлеуге мүмкіндік береді. Пайдаланылатын шектеусіз жалғыз ресурс - бұл интеллектуалды капитал нысанында қазіргі заман жағдайында жүзеге асырылатын адамдардың өндірілетін қабілеттіктері.

Қазіргі Қазақстан экономикасының басқа бір мәселесі негізгі капиталдың тозуы, көздері мен резервтерінің және оның ауыстрылымы мен жинаталуының болмауы. Бұл жағдайда адам капиталы көптеген экономистермен материалды капиталмен салыстырғанда құнды өндірілмелі ресурстар ретінде бағаланады. Жинақталған адам капиталын бұзы немесе жеткілікті пайдаланылмау, оның дамуына жаңа бағыттардың болмауы Қазақстанның экономикасы экономикалық прогрестің ең артықшылықты көздерінің бірін жоғалтады деген болжам бар.

Тәжірибе адам капиталының қалыптасуына бұрынғы жағдайларын қайта бағалау және өзгертуді, өз уақытында экономикалық қайтақұру кезіндегі жаңа мәселелерге назар аударуды туғызады. Тәжірибелік мәселелерді шешу адам капиталының дамуының ғылыми негізделген концепцияларын жасауынсыз мүмкін емес. Бұл концепция шегінде ең алдымен оның өндірісінің және өндірісінің іске асырылуының терең негізін, базасын зерттеу қажет. Осындай объективті база болып инвестиция табылады.

Осыған байланысты, адам капиталына инвестициялау мәселелеріне методологиялық анықтау және негізделу, дәлелдемелер, зерттеулер тек қана актуалды болып қоймай, жалпы әлеуметтік-экономикалық зерттеулер құрылымында бірінші кезектегі разрядқа жылжу керек.


«Адам капиталына» инвестициялар ұлттық байлықтың материалды-заттай элементтеріне инвестицияларға қарағанда тезірек өсу керек. Экономиканың тұрақты дамуға жетудің басты шарты болып адам капиталының жинақталуы мен сақталуы, адамдарды өздерінің білім мен дағдыларын өмір бойы қолдану мен үздіксіз білім алу мен кәсіби даярлығына шақыратын стратегияларды іске асыру табылады.

Әлемдік және отандық тәжірибе елде экономикалық өрлеу болу үшін физикалық капиталға инвестициялармен қатар, білім, денсаулы, мәдениет және адам капиталының басқа да элементтеріне ірі масштабты инвестициялар қажет. Бүгінде адам капиталына инвестицияларына фундаменталды ғылыми зерттеулерге шығындарды жатқызу актуалы болып табылады.

Ғылымды дамыту үдерісінде солардың негізінде өндірістің жаңа технологиялары мен тұтыну әдістері қалыптасатын тек интеллектуалды новацияларды ғана емес, сонымен қатар жаңа қабілеттіктер мен тұтынуларды тасушы болып табылатын шаруашылық субъект ретінде адамдардың өздерінің өзгеруі жүзеге асады. Ақпаратты қоғамда ғылым «адам капиталының» генераторына айналады.

Адамға инвестициялар мемлекеттік және жеке салымдардың аса пайдалы және тиімді сала болып келе жатыр. Білімге негізделген жаһанды қоғам қалыптасу жағдайларында ұлттық интеллектуалды капитал әрдайым өзгеріп тұратын әлемдік еңбек бөлінісінде оның орнын анықтай отырып экономикалық байлықтың негізі мен мемлекеттің саяси күшіне айналады.

Сарапшылардың мәліметінше, 2020 жылға таман барлық кәсіптердің 80%-ы жоғарғы квалификацияны талап етпек, яғни, әлемде жоғары білімге жаппай ден қою ағымы байқалуда. Ағымдағы жылы мемлекеттік тапсырыстың көлемі техникалық мамандықтарға 450 грантқа, ауылшаруашылығы мамандықтарына 80 грантқа, медицианалық мамандықтарға 500 грантқа, ветеринарлық мамандықтарға 20 грантқа, "Өнер" мамандығы топтарына 20 грантқа, "Гуманитарлық ғылымдар" мамандықтар топтарына 20 грантқа ұлғайтылды [31].

Сурет 7. ЖОО түлектері [46]
Осы суреттен соңғы жалдары жоғары оқу орындарының түлектерінің санының қысқарғанын көруге болады. Президент Н.Назарбаев Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» Жолдауында да жоғары оқу орындарындағы мамандар дайындаудың сапасы төмен екендігін айтып, сапалы білім беру ісін қамтамасыз ету үшін кезек күттірмейтін шараларды қабылдауды тапсырған болатын. Осыған байланысты Білім және ғылым министрлігі еліміздің 143 жоғары оқу орны 66 филиалда, оның ішінде бесеуі ресейлік оқу орнының филиалында жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Нәтижесінде 13 жоғары оқу орнының лицензиясын кері қайтару туралы шешім қабылданып, құрылтайшыларының ұсыныстарымен 25 жоғары оқу орыны бірігу арқылы 11 жаңа заңды тұлғалар құрды. Сонымен қатар, 9 жоғары оқу орнының басқа жоғары оқу орындарына қосылу туралы ұсынысы қолдау тапты. Соның негізінде жоғары білім беру желісі 36 жоғары оқу орнына және 58 филиалға қысқарды [30].


Адам капиталына инвестициялар тез өзгеретін әлемде бейімделе үлгеретін техникалы прогрессивті және өндірісті жұмыс күшін қалыптастыру үшін өте маңызды болып келеді. Тиімді экономика болып, өзінің әр секторының дәстүрлі басымдықтарына адам капиталын қоса алатын экономика ғана бола алады. Сондықтан да, Қазақстанның дамуының маңызды бағыты болып ол халықтың білімін, дағдыны және мүмкіндіктерін инвестициялау табылады. Қазіргі таңда білім шығындарын әлеуметтік қажеттіліктерге кететін шығындар деп емес, оны экономикалық инвестициялар деп түсіну қажет.

Соңғы үш жылда білім беру жүйесіндегі талдау барысы көрсетіп отырғандай отан­дық білім беру жүйесінің қызметі, оны ре­сурс­тық тұрғыдан қамтамасыз ету, білім беру үдерісін ұйымдастыру және іске асыру бағытында әлеуметтік-экономикалық жағдай тудыру деңгейі бойынша бірқатар нәтижелерге қол жеткізілді. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде барлық деңгейлі білім беру ұйымдарының материалдық базалары нығайтылды.

Елдің даму үдерісінде адами құндылық­тар­дың өркендеуі стратегиялық маңызды мақсат болып саналады. Қазақстандағы қазіргі білім беру жүйесінің көркеюі адам капиталының рөлін бағалауға, тең білім алу мүмкіндіктерін туғызуға, жоғары білім беру стандарттарына қол жеткізуге көңіл бөле отырып жүргізуді қарастырады. Осы орайда Елбасының “Болашақ” бағдарламасы адам капиталын дамытуға зор үлес қосқан жобалардың бірегейі болып табылады [29].

Алайда, инвестиция салу, оның тиімділігін экономикалық тұрғыда есептеудің көбіне қолданбалы ғылымда ғана басымдығын ескеру қажет. Осы себептен білім беру инвестициясының тиімділігіне анықтауда “шығындар-ұтымдар” қағидасымен қатар, оның индивид, фирма тұтас алғанда қоғамдық өміріне тигізетін әсерін ескеру қажет

2.3 Адам капиталы дамуының институциональдық базасы
Нарықтық қатынастардың дамуы, бәсекелестік ортаның күшеюі жас мамандардың білімдерінің сұранысқа ие болмауымен байланысты кейбір мәселелерді туғызуда. Бұл жоғары экономикалық білімнің мазмұнына нарықтық экономиканың қазіргі заман талаптарына жауап беретіндей түбегейлі өзгерістер енгізудің қажеттіліктерін туғызуда. Білім беру реформасы – Қазақстанның нақты бәсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндіктер беретін маңызды құралдарының бірі болып табылады.