Файл: 1. 1 жаса дейінгі баланы физикалы дамуын баалау шін мейірбике келесі зерттеулерді жргізеді.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 142

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жатыр мойны таза, бөліністері қанды. PV:жатыр мойны цилиндр тәрізді, ернеуі жабық.

Жатыр көлемі қалыпты, қозғалмалы. Қосалқылары анықталынбайды. Ең ықтимал диагноз:

А. эндометрии обыры

Б. аналық безінің гормонөндіруші ісігі

В. +жатырдан дифункционалды қан кетуі

Г. жатырлық жүктілік, өздігінен болған түсік
139). 45 жастағы әйелде диагнозы: аналық без обыры бойынша жоспарлы түрде ота жасатуға

стационарға келіп түсті. Ең ықтимал емдеу тактикасы:

А. Антибактериалды және инфузионды терапия

Б. Лапороскопия үстінде қосалқыларын алып тастау

В. Жатырды қосалқыларымен қынапүстілік ампутация жасау

Г. Полихимиотерапия, сәулелік терапиямен қосарланған

Д.+ Пангистерэктомия, шажырқайдың резекциясы
140). Репродуктивті жастағы әйелде дисфукционалды жатырдан қан кету кезіндегі көмек:

А. гормоналды терапия

Б. седативті терапия

В. Жатырды жеке диагностикалық қыру +

Г. Симптоматикалық ем

Д. фитотерапия
141). 30 жастағы әйел әйелдер кеңес орнына контрацепция қолданбай, ретті жыныстық

қатынас бола тұра, 7 жыл бала көтермегеніне шағымданды. Етеккір 14 жасынан, 5-7 күннен,

әр 35-45 күн аралығында келеді, қалыпты, ауырсынусыз. Қарағанда: науқастың дене бітімі

қалыпты, салмағы жоғары. Қынаптық зерттеуде: сыртқы жыныс мүшелері қалыпты дамыған,

түктенуі әйел типті, жатыр денесінің көлемі кішірейген, жатыр қосалқысы екі жағынанда

көлемі 3 х 4 х 4 см болатын, қатты, қозғалмалы, ауру сезімінсіз түзілім анықталынады.

Фунциональды диагностика нәтижесі бойынша, базальды температура монофазалы,

кариопикнотикалық индекс 60-70 %. Жолдасының спермограммасы патологиялық өзгеріссіз.

Ең ықтимал диагноз?

А. +аналық бездің поликистозды ауруы

Б. Генитальды инфантилизм

В. Жыныс мүшелерінің туберкулезі

Г. Аналық бездің екі жақты дермоидты кистасы

142). Әйел 43 жаста, хирургия бөліміне жатырдың шырыш асты миомасымен емделуге келіп түсті.

Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны гипертрофияланған, деформацияланған; жатыр денесі

8-9 апталық жүктілікке сәйкес ұлғайған, қатты, ауырсынусыз, екі жақты қосалқылары өзгеріссіз,

шырышты бөлінділер. Ең ықтимал ота көлемі:

А. Пангистерэктомия

Б. қосалқысыз жатырдың қынап үстілік ампутациясы

В. Консервативті миомэктомия

Г. + қосалқыларынсыз жатыр экстирпациясы

Д. жатыр дефундациясы
143). 38 жастағы әйел іштің сол жақ төменгі бөлігінің ауырсынуына шағымданады.

Етеккір функциясы тұрақты, өзгеріссіз. Анамнезінде: 2 жедел босану және асқынусыз 2 мед


түсік тастау, жатыр қосалқыларының созылмалы қабынуы. Гинекологиялық статус:

жатыр мойны таза, жатыр орналасуы қалыпты, көлемі үлкеймеген, ауру сезімінсіз,

оң жақ қосалқысы анықталмайды, сол жағында өлшемі 10х12 см овоидты формалы, беті тегіс,

эластикалық консистенциялы, қозғалмалы түзіліс пальпацияланады, күмбездері терең. Ең

ықтимал диагноз:

А. созылмалы сальпингоофориттің өршу кезеңі

Б. көптүйінді жатыр миомасы

В.+ сол жақ аналық бездің кистомасы

Г. аналық бездің қатерлі обыры

Д. Сол жақ аналық безінің эндометроидты кистасы
144). 38 жасар әйелге диагноз қойылды: Сол аналық безінің кистомасы. Ең тиімді зерттеу әдісі:

А. Ішкі жыныс мүшелерін ультрадыбыстық зерттеу

Б. Асқазан мен ішек жолдарын рентгенологиялық және эндоскопиялық зерттеу

В. Кеңейтілген кольпоскопия

Г. +Диагностикалық лапараскопия

Д. Гистероскопия
145). 26 жасар әйел гинекологқа сүт бездерінің қатаюы мен ауырсынуына, бет пен аяқтың

ісінуіне, іштің кебуіне, тершеңдік пен тітіркендіргіштігіне шағымданады. Өзін 3 жыл бойы

ауыру санайды. Жоғарыдағы шағымдар етеккір циклдың екінші фазасында басталады да

етеккірден кейін қайтады. Жылдар өте келе айтылған симптомдар күшейе келген.

Гинекологиялық қарау жасағанда патологиялық өзгерістер анықталмаған. Етеккір алды

синдромының қандай формасы осы жағдайға тән ?

А. Цефалгиялық

Б. Жүйке -психикалық

В. Криздік

Г.+ Ісіктік

Д. Атипиялық
146). Аналық бездерінің поликистоздық ауруы диагнозы қойылған науқастарға қандай қосымша

зерттеу тағайындау қажет ?

А. Хромосальпингоскопия және биопсиямен лапароскопия

Б. + жатырды жеке диагностикалық қыру және гистероскопия

В. Ішкі жыныс мүшелерін трансвагиналды сканирлеу

Г. Қандағы ФСГ, ЛГ, тестостерон мөлшерін анықтау

Д. Колоноскопия
147). Етеккір алды синдромының ісіктік формасы бар науқасқа қосымша қандай зерттеу

әдісін тағайындау қажет?

А.+ Гормональды, функциональды диагностикалық тестер

Б. Маммография

В. Бүйректердің экстреторлы функциясын зерттеу

Г. Кіші жамбас мүшелерінің УДЗ

Д. Құрсақ қуысының УДЗ

148). Репродуктивті жастағы науқаста дисфункционалды жатырдан қан кету кезінде қанды тоқтату

мақсатында қандай гемостаз қолданылады:

А. Андрогендер

Б. +Гестагендер

В. КОКтар

Г. рилизинг гормондарының агонистары

Д. Антигонадотропиндер
149). 46 жастағы әйелде етеккір циклы ретсіз, қан кетумен сипатталады. Осы
кезде жатыр мойынын

және жатыр қуысын жеке диагностикалық қыру жүргізілді. Аталған клиникалық жағдайда

эндометрии бұзылысы қандай көрініс береді?

А. + безді - кистозды гиперплазия

Б. Полипоз

В. Атипиялық гиперплазия

Г. Эндометрии атрофиясы

Д. жатыр мойнының обыры.
150). 24 жастағы әйел біріншілік бедеулігін анықтауға гинекологиялық бөлімшеге түсті.

Анамнезде: 3 жыл тұрмыста, күйеуінің дені сау. Етеккірі қалыпты, аз мөлшерде, ауырсынып келеді.

Базальді температура екі фазалы. Қынаптық зерттеуде: жатыр дұрыс қалыпта, ұлғаймаған,

аз қозғалмалы: қосалқылары екі жақтан да қалыңдаған, пальпациялағанда сезіледі; күмбезі шұңқыр.

Диагнозды және бедеулік генезді анықтау үшін қандай зерттеу әдістерін жүргізу керек?

А. Хромосальпингоскопия және лапароскопия

Б. Туберкулинді сынама

В. Трансвагинальді эхография

Г. + Жеке диагностикалық қырумен гистероскопия

Д. Гормональді терапия


151.Берілген партограммада не бейнеленген?




+a)жатыр мойынның ашылу динамикасы

b)ұрықтың жүрек соғу жылдамдығы

c)басының көтеруі

d)қарқындылығы мен жиілігі

e)дене температурасының қисығы

152. Берілген патрограммада босанудың бірінші кезеңі бейнеленген.

Қанша қынаптық зерттеу орындалды?



a)1 рет

b)2 рет

+c)3 рет

d)4 рет

e)5 рет
153. Әйел босанганнан кейін 30 минуттан кейін аз мөлшерде қанды бөлініс бөлінді. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Пульс Ps 80 соққы минутына.

АД 110/70 мм.с.б.

Төмендегілердің қайсысын ең алдымен орындаған дұрыс?

+a) Жатырға сыртқы массаж

b) жатыр ішін қолмен зерттеу

c) утеротоникалық заттарды енгізу

d) айнамен босану жолдарын тексеру

e) катетрмен зәрді шығару
154. Алғашқы босану 21 жаста, толғағы басталғаннан кейін 9 сағат кейін келіп түсті. Акушерлік статус: Жатыр жүктілік мерзіміне сай ұлғайған, ұрықтың бойлық орналасуы, басы жамбастың кіре берісіне жақын орналасқан. Толғағы 2- 3 минут сайын, 40 секундка дейін, орташа күшпен. Жүрек соғысы минутына 118, айқын, ритмді. PV: жатыр мойны тегіс ашылуы 6 см.

Болжамды диагноз қандай?

a) босанудың I кезеңі, латентті фаза

+b) босанудың I кезеңі, активті фаза

c) босанудың I кезеңі. Босану әрекетінің әлсіздігі

d) босанудың I кезеңі.Ұрықтың жедел гипоксиясы

e) босанудың I кезеңі. Босану әрекетінің тым аса күшті болуы
155. Босанудың 2 кезеңінде дәрігер қынаптық зерттеу нәтижесінде қасағаның төменгі бөлігінің , 3 сегізкөз омыртқасының және жамбастың отырықшы сүйектерінің бос екенін байқады.

Ұрықтың басы қай жерде болу мүмкін?
a)кіші жамбастың кіре берісіне жакын орналасқан

+b) кіші жамбастың кіре берісіне үлкен сегментпен

c)кіші жамбастың кіре берісіне кіші сегментпен

d)кіші жамбастың кең жазықтығында

e)кіші жамбастың шыға беріс жазықтығында
156. Қынаптық зерттеу нәтижесінде: жатыр мойны толық ашылған, ұрық қапшығы жоқ.

Ұрықтың басы барлық сегізкөз ойысын және қасағаны алып жатыр, қолға отырықшы бұдырмақ және құймышақ ұшы сезіледі. Жебе тәрізді жік оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек сол жақта, алдында орналасқан. Ұрықтың басы қай жерде болу мүмкін?

a) кіші жамбастың кіре берісіне жакын орналасқан


b)кіші жамбастың кіре берісіне үлкен сегментпен

+c)кіші жамбастың кіре берісіне кіші сегментпен

d)кіші жамбастың қуысының кенейген жерінде

e)кіші жамбастың шыға берісінде
157. Босанушы әйел босанудың 3-ші кезеңін белсенді жүргізуге рұқсатын берді. Босанудан кейінгі кезенде жүргізу ережесі бойынша жатыр бұлшық етін жиырылтатын окситоцинді қай кезде енгізген жөн?

a)ұрықтың басының тірелген кезінде

b)ұрықтың басының щығуына дайындық кезінде

+c)ұрықтың алдыңғы иығының шығуы кезінде

d) ұрықтың басының шығуы кезінде

e) ұрықтың толық шығуынан кейін
158. Қайталап босанушы 28 жастағы әйел тұрақты босану кезеңі басталғаннан кейін 4 сағатта және қағанақ суының кетуінен 6 сағаттан кейін келіп түсті. Мерзімі жеткен жүктілік. PV:жатыр мойнының ашылуы –5 см, пальпацияда сезіледі: көз алмалары, мұрын ұшы, ауызы, беті оң жағынан, иегі сол жағынан және алдынан.

Болжамалы диагноз?

a)Босанудың I кезеңі. Босануға дейінгі қағанақ суының кетуі. Бетпен келудің артқы түрі

+ b) Босанудың I кезеңі. Қағанақ суының босануға дейін ерте кетуі. Бетпен келудің алдыңғы түрі

c)Босанудың 1 кезеңі. Қағанақ суының ерте кетуі. Босану әрекетінің әлсіздігі

d) Босанудың 1 кезеңі . қағанақ суының ерте кетуі. Бетпен келудің артқы түрі

e)Босанудың 1 кезеңі. Бетпен келу. Босану әрекетінің әлсіздігі
159. Бірінші рет босанатын әйелдің мерзімі уақытылы, босанар алдында 5 сағат бұрын суы кетіп қынаптық қаралды. Қаралғанда – жатыр мойнының ашылуы 5 см, ұрық қапшығы жоқ, көз ұясы, мұрын түбі, аузы пальпацияланады, беттік сызығы оң жақ қисық өлшемде. Иық асты сол жақта, алдына қарай. Бұл жағдайда қандай босану тактиксын қолданған дұрыс?

+a) босануды консервативті жүргізу

b)кесер тілігі арқылы босандыру

c) ұрықты бөлшектеу отасы

d) жатыр мойнының толық ашылуында шығаберіс акушерлік қысқыш салу

e) жатыр мойнының толық ашылуында қуыстық акушерлік қысқыш салу
160. Қынаптық қарауда: жатыр мойны толық ашылған, ұрық қапшығы жоқ, баспен келіп тұр. Жебе тәрізді тігіс сол жақ қиғаш өлшемде. Үлкен еңбегі оң жақ алдында. Кіші еңбегі үлкеннен төмен орналасқан. Сегізкөз ойысы мен қасағаның ішкі бетінің жартысынан көбі бала басымен орын басылған. Отырықшы сүйектің бұдырмағы қолға сезіледі. Бұл босану биомеханизмінде бала басының туылуы мүмкін өлшемі.

a) кіші қиғаш

b) үлкен қиғаш

+ c) ортаңғы қиғаш

d) тік өлшем

e) көлденең
161. Жамбас өлшемдері қалыпты, мерзімі толық қайта босанушы әйелде босану әрекеттері басталғаннан кейін 3 сағаттан соң ұрық маңы сулары бөлінді. Ұрықтың жүрек соғысы 140 соғ.мин. Болжамалы салмағы 3800,0. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойының ашылуы 7 см, ұрықтың құйрығы мен аяқтары келіп тұр.