Файл: 1. 1 жаса дейінгі баланы физикалы дамуын баалау шін мейірбике келесі зерттеулерді жргізеді.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 140

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Дәрігердің ең болжамды тактикасы қайсысы ?

+a) кесарь тілігін жүргізу

b) Цовьянов ІІ тәсілімен босандыру

c)босануды күту тактикасымен жүргізу

d)классикалық қолдық тәсілмен босандыру

e)ұрықты аяғы арқылы экстракциялау
162. Босанушы 8 сағат бойы босануда. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, бойы орташа, дене бітімі қалыпты. Жамбас өлшемдері 24-27-30-19,0 см, ІА - 110 см, ЖТБ - 35 см.. Толғақ 1-2 минут сайын 50 сек. ауырсынады. Вастен белгісі оң. PV: жатыр мойыны тегістелген, аран шеттері жұқа, жұмсақ, ашылуы 8 см, ұрық басы кіші жамбас кіре берісінде. Жебе тәрізді жігі кіші жамбастың кіре беріс жазықтығының көлденең өлшеміне сәйкес келеді, мекониймен боялған ұрық маңы сулары ағады.

Осы кезеңдегі дәрігердің ең тиімді тактикасы?

a)толық ашылуда – шығарушы акушерлік қысқыштар

b)қуыстық акушерлік қысқыштар

c)босануды стимуляциялау

d)табиғи туу жолдары арқылы босану

+e) жедел Кесарь тілігі
163. Босанушы 8 сағат бойы босануда. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, бойы орташа, дене бітімі қалыпты. Жамбас өлшемдері 24-27-30-19,0 см, ІА - 110 см, ЖТБ - 35 см.. Толғақ 1-2 минут сайын 50 сек. ауырсынады. Вастен белгісі оң. PV: жатыр мойыны тегістелген, аран шеттері жұқа, жұмсақ, ашылуы 8 см, ұрық басы кіші жамбас кіре берісінде. Жебе тәрізді жігі кіші жамбастың кіре беріс жазықтығының көлденең өлшеміне сәйкес келеді, мекониймен боялған ұрық маңы сулары ағады.

.

Осы әйелде бұндай клиникалық жағдайға не себеп болды ?

+a) клиникалық тар жамбас

b) дискоординирленген босану әрекеті

c) босану әрекетінің әлсіздігі

d) ұрықтың шалқайып келуі

e) ірі ұрық
164. Жүктілігі 32 – 33 апталық әйелде қағанақ суының босануға дейін ерте кетуіне шағымданып патологиялық бөлімшеге келіп түсті. Жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 120/80мм сын.бағ., пульс минутына 78 соққы. Жатыр норматонуста. Ұрықтың жүрек соғысы қалыпты, біркелкі, минутына 136 соққы. Қағанақ суы аз мөлшерде, иісі жоқ. Бұл этапта дәрігердің жоғарылаған инфекцияны алдын алу үшін ең қолайлы қандай тактика қолданған дұрыс?

a) көктамырға ампициллин 2,0 мг күніне 1 реттен, 7 күн бойы

+b) эритромицинді ішке 500 мг күніне 3 реттен, 7 күн бойы

c) бұлшық етке гентамицинді 80,0 мг 2 реттен, 7 күн бойы

d)көктамырға гентамицинді 240 мг 1 реттен, 7 күн бойы

e) көктамырға толғақ басталғаннан кейін ампицилин немесе гентамицинді енгізу
165. Босанушы әйел босану палатасында, босануын күтіп тұр. Оған дейін аналгезия немесе анестезияны жүргізбеген. Ұрықтың басы жамбас шыға берісінде, әрбір толғақ кезінде ұрықтың басы көрініп тұрады. Ең ықтимал анестезия әдісін көрсетіңіз:


+a)пудендальді анестезия

b)ми жұлынының анестезисы

c) морфинді бұлшық етке енгізу

d)эпидуральді анестезия

e)көктамырішілік наркоз
166. Босанушы әйел 1 сағат бойы босанудың екінші кезеңінде.

Ұрық салмағы 4200,0. гр деп болжамданады. Ұрықтың жүрек соғысы қалыпты, біркелкі, минутына 160 соққы. Толғағы әрбір 2 минутта, 45 – 50 секунд жалғасады. Жамбас көлемі қалыпты. Қынаптық зерттеуде: ернеуі толық ашық, басы кіші жамбас кіреберісіне итеріліп тұр. Бас сүйегі тығыз, тігісі мен еңбектері қатты анықталмайды. Мысқа қол жетімсіз. Қандай акушерлік тактика ең тиімді ?

a) босануды ынталандыру және ұрықтың ваккум-экстракциясын жасау

b) босануды консерватитвті жүргізу

c)босануды окситоцинмен ынталандыру

+d)кесер тілігі отасын жасау

e)босануды ынталандырып акушерлік қысқыш салу
167. Босанатын әйелге босану қалпын өз еркіне таңдау қандай асқынуды алдын алады?

a) I және II босану кезеңінің ұзақтығын қысқарту

+b) туу жолдарының жарақатын қысқарту

c)босану кезіндегі қан кетуді азайту

d)қағанақ суының босануға дейін кетуін азайту

e) босанудың үшінші кезеңін қысқарту
168. Босанудың бірінші кезеңінде жыныс жолдарынан аздаған қанды бөліністер байқалады. Қынаптық зерттеуде жатыр ернеуінің шеттеріндегі қабықша кедір-бұдырлы. Ең ықтимал диагноз:

a) бала жолдасының толық келуі

b) бала жолдасының төмен орналасуы

c) қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы

+d)бала жолдасының жартылай келуі

e)жатыр мойнындағы варикозды түйіннің жарылуы
169. Бала жолдасы туылғаннан кейін, дәрігер оның бүтіндігін тексеріп бүтіндігіне күдіктенді. Жыныс жолдарынан қан кетуі қалыпты. Дәрігердің қай тактикасы дұрысырақ?

a) ультрадыбыстық зерттеу

b) жатырға сыртқы массаж

c) +жатыр ішін қолмен қарау

d) жатыр ішін қыру

e) утеротониялық ерітіндіні енгізу
170. Босанушы әйелдің толғақ кезеңі 1 сағат 20 минут. Жағдайы қанағаттанарлық. Толғақ әрбір 2 минутта 50-55 секундтан . Ұрықтың жүрек соғысы қалыпты, біркелкі, минутына 160 соққы. Берілген варианттардың қайсысы босанушы әйелдің екінші кезеңінің ағымын сипаттайды?

a)босану темпі жеткілікті, ұрықтың жүрек соғысы бұзылған

b)босану әрекетінің әлсіздігі, ұрық жағдайы қанағаттанарлық

c) +босану темпі жеткілікті, ұрық жағдайы қанағаттанарлық

d) босану әрекеті шамадан тыс қарқынды, ұрықтың жағдайы қауіпті

e) босану әрекеті шамадан тыс қарқынды, ұрықтың жағдайы қанағаттанарлық
171. Босанған әйелді босанудан кейінгі кезеңінде қан кетуге байланысты тексергенде, бала жолдасының кейбір бөлшектері қалып қалғаны анықталды. Дәрігердің бұл жағдайда бірінші болып жасайтын іс – әрекеті қандай ?


a) бала жолдасының бөлшектері өздігінен шыққанға дейін жатырды жиыратын ерітінділерді енгізу

b)бала жолдасының бөлшектері өздігінен шығады, ешқандай әрекет жасау қажет емес

c)жатырға сыртқы массаж және жатырды жиыратын ерітінділерді енгізу

d) жатыр ішін қолмен тексеру және бала жолдасының тінінің қалдықтарын алып тастау

+e) бала жолдасының тінінің қалдықтарын инструментальді алып тастау
172. Босанушы әйелдің бала жолдасы туылғаннан кейін жыныстық жолдарынан қан кеткен , 200 мл жетті және тағы да қан кетуде. Жатыры тығыз. Бала жолдасы тексергенде бүтін. Бұл жағдайда дәрігер қандай манипуляцияны бірінші болып жасаған дұрыс?

a) зәрді катетер арқылы шығару

b)жатыр қуысын қолмен тексеру

c) окситоцинді көктамыр арқылы енгізу

+d)босану жолдарын айнамен қарау

e) жатырға сыртқы массаж жүргізу
173. Босанушы әйел босанғаннан кейін 1 сағат ішінде босанудың үшінші кезеңі белсенді жүргізілді, бала жолдасының бөлінуі жоқ. Анамнезінде 2 түсік. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, пульс 86 соғыс/минутына, ырғақты. АҚҚ 120/60 мм сын. бағ.. Жыныс жолдарынан қан кетпеген. Ең ықтимал диагноз?

a) бала жолдасының қынапта қалып қоюы

b) босанудан кейінгі кезеңнің қалыпты ағымы

c)ұрық жолдасының жартылай бітіп кетуі

d) ұрық жолдасының толық бітіп кетуі

e) +ұрық жолдасының тығыз бекуі
174. Әйел СВА-ға 31 апталық жүктілігімен іштің төмен бөлігіндегі тұрақты толғақ тәрізді ауырсынуына шағымданды. Ұрық көлденең орналасқан. Жатыр мойнының ашылуы 2,0 см. Ең ықтимал тактика?

А) амбулаторлы бақылау

Б) СВА-ға бағыттау

В)2ші дәрежелі перзентханаға бағыттау

Г)+3ші дәрежелі перзентханаға бағыттау

Д) акушерия және гинекология ҒЗИ бағыттау
175. Жеңіл дәрежедегі преэклампсиясы бар жүкті әйел СВА-ға кенеттен іш ауыру шағымымен түсті. Пульс 120 соғыс/минут. АҚҚ 100/60 мм сын. бағ. Жатыр кернелген, босаңсымайды, пальпация кезінде жатырдың алдыңғы қабырғасының түбінде ауыратын ісік анықталады. Қынаптан аздаған қанды бөліністер бар. Ұрықтың жүрек соғысы анықталмайды. Диагнозды анықтаңыз:

А)+ұрық жолдасының мерзімінен бұрын ажырауы

Б) ұрық жолдасының төмен орналасуы

В)миоматозды түйіннің некрозы

Г)қантамырларының төмен орналасып келуі

Д)басталған жатыр жыртылуы
176. Жүкті әйелдің қабылдау бөлімшесінде аяқтары, беті, құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасында ісіну байқалады. АҚҚ 190/100 мм сын. бағ.. Кенеттен бас ауруы пайда болып
, көру қабілеті жоғалып кетті. Жатыр тітіркенбеген. Ұрықтың жүрек соғысы бұзылмаған. Төменде көрсетілгендердің қайсысы осы жағдайды емдеуге тиімді препарат болып табылады?

А)допегит

Б)нифедепин

В)+магний сульфаты

Г)нормодепин

Д)натрий нитропруссиді
177.Босанушы әйелде екінші кезеңі 2 сағат жалғасуда, соңғы сағатта күшенуі әлсіреді. Ұрықтың жүрек соғысы тұйықтау, 145 соғыс/минутқа дейін, ырғақсыз. Ішкі зерттеуде ұрық басы жамбаспен орналасқан. Жебе тәрізді жігі тік өлшемде. Ең ықтимал тактика:

А) босану ынталандыру

Б)+ұрықтың вакуум-экстракциясы

В )динамикалық бақылау

Г) босанушы әйелдің қалпын өзгерту

Д) физиологиялық ерітінді енгізу
178.Мерзімі толық жүкті әйел ЖПД қабылдауында әлсіздік пен ентігуге шағымданады. Еріндерінің әлсіз цианозы мен беттерінде қызару анықталады. Кеуде қуысын пальпациялауда «мысық пырылы» симптомы анықталады, жүрек шекаралары жоғарғы жаққа 1 см, оңға 3 см үлкейген. Аускультацияда «бөдене» ырғағы естіледі. АҚҚ 110/70 мм сын. бағ.. Жүрек қантамырлары жүйесінің ең мүмкін болатын қай патологиясы туралы ойлауға болады?

А)аортальды клаппаның жетіспеушілігі

Б) аортальды клаппаның стенозы

В)+митральды клапан стенозы

Г)митральды клапанның жетіспеушілігі

Д)трикуспидальды клапанның стенозы
179.Босанушы әйелдің қынаптық зерттеуде тігіспен бөлінген тегіс бет анықталады. Тігіске бір жағынан кеңсірік үсті және қас үсті доғалары, басқа жағынан үлкен еңбегінің алдыңғы бұрышы тақалған. Ұрықтың мүмкін орналасуы:

А)шүйденің алдыға қарап туылуы

Б) шүйденің артқа қарап туылуы

В) баспен келудің алдыңғы түрі

Г)+маңдаймен келуі

Д)бетпен келуі
180. 20 жасар алғаш босанушы әйел 10 сағат босануда. Ұрықтың болжамды салмағы 3200,0 гр. Ұрықтың жүрек соғысы 160 соғыс/минут. Жатыр мойыны тегістелген, ашылуы 5 см. Ұрық қабы бүтін. Ұрық басы кіші жамбас кіре берісіне жанасып тұр. Жамбас өлшемдері қалыпты. Акушерлік тактиканың ең тиімді тәсілі:

А)+ динамикалық бақылау

Б)амниотомия

В)окситоцинмен босанудың ынталандыру

Г)Кесарь тілігі

Д)физиологиялық ерітінді енгізу
181.Қайта босанушы әйел 28 жаста, мерзімі толық жеткен жүктілік, іштің төменгі жағының тартып ауырына шағымданып СВАға келді. Анамнезінде: жатырдың төменгі сегментінде 2 Кесарь тілігі

Жүкті әйелге қатысты мүмкін тактика:

А) амбулаторлық бақылау

Б) СВА-ға бағыттау

В) 2 дәрежелі перзентхана бағыттау

Г) + 3 дәрежелі перзентханаға бағыттау

Д) акушерия мен гинекология ҒЗО-на бағыттау

182. Бірінші босанудың екінші кезеңі 2 сағат жалғасуда. Жамбастың сыртқы өлшемдері 24-27-30-17 см. Диагональді конъюгата 10 см. Ұрық басы жамбас кіре берісіне жанасып тұр. Вастен белгісі оң. Ұрықтың жүрек соғысы қалыпты. Ең ықтимал акушерлік тактика ?

A) Динамикада бақылау

B) Окситоцинмен стимуляция

C) +Кесарь тілігі

D) Ұрықтың вакуум- экстракциясы

E) Акушерлік қысқышы
183. Жүктіліктің 39 аптасы. Мөлдір ұрықмаңы сулары бөлінді. Жүкті әйелдің дене температурасы 36,6°С. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты 140 соғыс/минут. Ең ықтима тактика:

А) амбулаторлы бақылау

Б) СВА- ға бағыттау

В) +2 дәрежелі перзентханаға бағыттау

Г) 3 дәрежелі перзентханаға бағыттау

Д) акушерия мен гинекология ҒЗО - бағыттау

186. 30 жасар К. босанушы әйелде босанудың тіректік әлсіз әрекетіне байланысты босануы 25 сағатқа жалғасқан. Салмағы 3200,0 бала туылғаннан 10 минуттан кейін, тез арада 350 мл қан жоғалтты. Қағанақ бөлінді, бүлінбеген. Қан кету жалғасуда, 500мл-ге жетті. Окситоцин мен метилэргометрин енгізілді. Жатыр болбыр, массаждан кейін жиырылды, бірақ қайта босаңсып қан кетуі тоқтамады. Жатыр мойыны мен қынап қабырғалары айналарда бүтін.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал ?

a) Гипотониялық қан кету

b) + Атониялық қан кету

c) Жатырдың толық емес жыртылуы

d) ДВС-синдром

e) плацентаның бөлшектерінің қалып қою

187. Босанудың екінші кезеңінде ұрықтың жағдайын бақылау үшін ұрықтың жүрек соғысын қандай уақыт аралығында тексереді:

+a) әрбір күшенуден кейін

b) әрбір 5 мин сайын

c) әрбір 10 мин сайын

d) әрбір 15 мин сайын

e) әрбір 30 мин сайын
188. Жүктілігі 9-10 апта әйелге әйелдер кеңес орнында, жүктіліктің үзілу қаупі деген диагноз қойылды.

Ерте мерзімде жүктілікті тоқтату қаупінің қандай себебін алып тастауға болады ?

a) эмбрионның тұқым қуалайтын хромосомдық аномалиялары

b) жыныс жолдарымен берілетін инфекциялар

+c) истмико-цервикальді жетіспеушілік

d) ішкі жыныс мүшелерінің туа біткен даму ақаулары

e) бүйрекүсті безі гиперандрогения генезді
189. Алғаш босанатын әйел 23 жаста, стационарға түскен диагнозы: жүктіліктің 39 аптасы. Босанудың І кезеңі. Пельвиометрия кезінде анықталды: distantia spinarum –

25 см, distantia cristarum -29см, distantia trochanterica - 33 см, conjugate externa - 20

см. Соловьев индексі 15 см тең.

Шынайы конъюгатаның мүмкін мөлшері ?

a) 9 см

b)10 см

c) +11 см

d)12 см

e)13 см
190. Босанудан кейінгі кезеңнің ерте кезеңінде қан кетудегі дәрігердің ең дұрыс бірінші тактикасы ?