Файл: шкмей орталау мектебі Коммуналды мемлекеттік мекемесіні 20202021 оу жылындаы Оутрбие рдісіні жмыс жоспар ы мазмны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.04.2024

Просмотров: 29

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Үшкөмей орталау мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

2020-2021 оқу жылындағы

Оқу-тәрбие үрдісінің жұмыс

Ж О С П А Р Ы
Мазмұны


  1. Кіріспе

2019-2020 оқу жылында атқарылған оқу - тәрбие жұмысына талдау, 2020-2021 оқу жылына қойылатын мақсаттар мен міндеттер.

  1. оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру

  2. әдістемелік жұмыс жүйесі

  3. педагог мамандармен жұмыс

  4. мектепшілік бақылау мен басқару

  5. тәрбие жұмысының жүйесі. Қоғам, отбасы және жұртшылықпен жұмыс

  6. материалдық-техникалық базаны нығайту және шаруашылықпен жұмыстар

қосымшалар:

  1. Педагогикалық кеңес

  2. Директор жанындағы кеңес

  3. Әдістемелік кеңес

  4. Оқушылар ұйымының жұмысы

  5. Мектеп үйлестірушісінің жұмысы

  6. Кітапхана жұмысы

  7. Психологиялық қызмет

  8. Медициналық қызмет


I ТАРАУ

Кіріспе


КІРІСПЕ
Үшкөмей орталау мектебі КММ 2019-2020 оқу жылының оқу-тәрбие және әдістемелік жұмысын талдау.

Мектептің мақсаты мен міндеттері: Қазіргі заман талабына орай білім беру жүйесінің алдында қоғамдық құндылықтарды, мәдениетті қоғамдық белсенді шығармашылыққа беймделген міндеттерді атқара алатын тұлғаларды дайындау.

2019-2020 оқу жылында мектеп 11.02.2011ж №130 Қаулысымен бекітілген ҚР 2011-2020ж. арналған Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдаралмасымен жұмыс жасауға бағытталған.

Мектептің өзекті мәселесі: « Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде жеке тұлғаға бағытталған білім беру технологияларын қолдану». Мақсаты: Мектепте оқу – тәрбие үрдісін жетілдіру.

I.Сапалы білім беруді қамтамасыз ету.

Мектептің мөлтек аудандарында 0 ден 18 аралығында 60 бала тұрады. Мөлтек аудан бойынша оқу мен тәрбиеленуге 75 бала мен жасөспірімдер бар оның ішінде мектеп жасындағысы - 41 .Барлығы оқумен қамтылған, Оқымай қалған бала жоқ. Басқа мектептерде оқитын балалар саны - 4. Жетім, ата-аналарының қамқорынсыз қалған балалар жоқ.Мектепалды даярлық тобына 5 бала оқиды. 2 жастан 6 жасқа дейінгі аралықтағы бала санының 72,9% құрайды.

Білім беру саласындағы дамытудың негізгі параметрі.

2019-2020 оқу жылының басында 41 оқушы оқыды, оқу жылының соңында 28 оқушы оқиды 1- 9 сыныптар арасында 7 сынып. Оқу жылының басында орта есеппен алғанда сынып жиынтығы. Өткен жылға қарағанда оқушы санының төмендегенің көрініп тұр. Соңғы 3 жылда бала саны төмендеуде.

Бастауыш сыныптарда: 3 сынып топтамасы бар онда 18 оқушы оқиды,5-9 сынып топтамасында 4 класс комплекті бар,ондағы оқушы саны 23 оқушы.


Жоғарғы сыныптарда : 5 сынып топтамасында 23 оқушы. Бұл буында жинақ саны орта есеппен алғанда 5.

Білім жүйесіндегі ең модернизацияның маңызды стратегиялық бағыты жалпы және орта білім сапасын көтеру және жаңарту. Мектеп жалпы және орта білім бағдарламасын жүзеге асырады. Мектептің 2019-2020 жылғы оқу жоспары бастауыш, негізгі орта білімнің типтік оқу жоспарына (жаратылыстану бағыты бойынша) негізделіп құралған. Оқу жоспары әр оқудың сатысына арналған көлемде сақталады.

12 жылдық оқу бойынша жұмыстар дұрыс бағытта жүргізілуде. Бұл жұмыстар бірінші кезекте ата-аналармен, оқушылармен мемлекеттік білім беруді дамыту туралы нормативтік құжаттар негізінде (ҚР БҒМ приказа № 339 «Об утверждении правил в 1 класс 12-летней школы», түсінік жұмыстарын жүргізумен және мектепті материалдық-техникалық базасын күшейту жұмыстарымен байланысты.

Мектепалды даярлық тобы бар. Мектепалды даярлық тобы оқу-әдістемелік құралдар, үлестірмелі материалдармен 100% қамтылған. 7 жыл бойы барлық сыныптарда «өзін-өзі тану» пәні жүргізілуде, 1 мұғалім дене шынықтыру курсынан өтті, әдістемелі-дидактикалық және үлестірмелі материалдар жинақтап, құрастыруда. Аздаған кемшілік: кабинеттер жетіспейді химия биология және дене шынықтыру пәндері сабақтарына жиhаздар мен әдістемелік құралдар қажет.

II. Мемлекеттік тілдің дамуы.

Мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқытуды көтеру сапасына ерекше көңіл бөлінуде. Мектепте 7 сынып топтамасы бар, бала саны 41 оқушы (62%), бұл көрсеткіш жылдан жылға өсіп келеді. Қазақ тілін барлық 41 бала және 5 мектепалды даярлық сынып оқушылары оқиды. Барлық іс-шаралар мемлекеттік тілде өткізіледі. Мектеп бойынша қазақ тілінен білім сапасы 66,7%, қазақ әдебиетінен -77,3%. Пән бойынша дарынды балалармен жұмыстар жүргзілуде.

ІІІ. Мектеп компьютеризациясы.

Жыл бойы оқу процесінде информатизация бойынша жүйелі жұмыс жүргізілді. Бүгінгі таңда мектепте 13 компьютері бар. Оның екеуі интернетке қосылған. 1 оқушыға орта есеппен алғанда 3,4-тен келеді. (2019 жылы – 3 адам). Мектепте 2- проект экраны бар. Жыл сайын балалардың компьютермен оқу саны көбейіп келеді. Барлық балалар интернетке шығып жұмыс жасайды, электрондық почта , сайттары бар. Лингафон және мультимедиялық кабинетер жоқ, ал талап бар.

IV. Кітап қоры.

Мектептің негізгі кітап қоры- 1247 дана. Энциклопедия, анықтама, сөздіктер 123 дана, көркем әдебиет -156, дидактикалық материалы-123. Оқу әдебиет қоры 85 дананы құрайды. Мектепалды даярлық тобының барлық оқулықтары мен пособиялары, өзін-өзі тану пәндері бар. Мектеп бойынша орта есеппен алғанда оқулықпен қамтылуы 100% құрайды. Мектептің кітапханасы аудандық білім бөлімінің есебі мен ата-аналардың демеушілігімен толықтырылады. Мектеп кітапханасының қорында 2 медиатека дискісі бар. (ертегілер, мультфильмдер) 2 диск қазақ тілінен, 12 электрондық оқулық бар. Әдістемелік әдебиет және көркем әдебиеттер керек, компьютер бар.


V. Кадрлар туралы.

Мектепте 12 мұғалім жұмыс жасайды. Жоғарғы білімді -12 (100%), 3 мұғалім жоғарғы және бірінші санатты 60% құрайды. Қажет кадрлар математика, физика пәні мұғалімдері химия , агылшын тілі , музыка ,география,бастауыш сынып мұғалімдері және Дефектолог және логопед маманы жоқ. Пед коллективтің білім деңгейі толығымен көтерілді: Жас маман – 2. АОКМДИ-да жаңа инновациялық технология бойынша білімін көтерген – 1, «Өрлеу»де 2020 жылы 3 мұғалім курстан өтті. Барлық мұғалімдермен базалық деңгейлік курстан өту жұмыстарын жүргізу керек.

Оқу – тәрбие процесінің нәтижелігі.

Мектеп бойынша білім сапасы 74,1% құрайды, 100% оқу үлгерімі.

Соңғы 3 жылдағы оқу үлгерімі мен білім сапасын салыстырмалы талдау

Жыл

Оқу жылының соңындағы оқушылар саны

Оқу үлгерімі %

Білім сапасы %

2017-2018

31

100

61.1

2018-2019

27

100

64

2019-2020

28

100

71.1

Соңғы 3 жылдағы оқу үлгерімі мен білім сапасын салыстырмалы талдау

2019-2020 оқу жылының пән бойынша аралық, кезекті және қорытынды аттестаттаудың көрсеткіші :

Пән бойынша білім сапасының мониторингі



Негізгі мектепте 2 оқушы орыс сыныбынан, мемлекеттік емтиханды тапсырғанды есептегенде білім сапасы 9 сыныпта - ерекше үлгідегі негізгі орта білімді куәлігін алған оқушылар жок. Оқушылардың жұмыспен қамтылуы мектеп әкімшілігінің үнемі бақылауында. 9 сыныпты бітіруші 2 оқушы білімдерін қайтаБастөбе сервистік техникалық колледжінде оқуларын жалғастыруға кетті.

VII. Жалпы орта білімді қамтамасыз ету.

Мед кабинетте лицензия бар, медбике жұмыс істейді, керекті құрал жабдықтармен қамтылған, дәрі дәрмектер де бар. Медициналық жұмыс жүргізіледі. Оқушылар 100% медициналық тексеруден өткен. Мектептен 3 км алыс тұратын балалар жоқ.

Мәселелер мен жетістіктер.


Білім берудегі 2020 жылға дейінгі 12 жылдық оқытуға көшудегі мемлекеттік бағдарламаны дамытуда 6 жасар балаларды 12 жылдық оқыту бағдарламасы бойынша ойын бөлмелерін қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету, жаңадан компьютерлер саны көбейтілуі, санитарлық мөлшерге сәйкес жаңа жиhаздар алуға қаражаттың жетіспеушілігі кедергі болуда. Электр жарықтарына жөндеу жұмысары қажет.

2020 жылға дейінгі 2017-2018 оқу жылына мектептің білім жүйесіндегі Мемлекеттік бағдарламаны дамытудағы стратегиялық бағыттары:

  1. Сапалы білім беруді жетілдіруге жағдай жасау

  2. Мектеп оқушыларының денсаулықтарын күшейтіп сақтауға жағдай жасау

  3. Мектептің материалдық техникалық базасын жетілдіру

  4. Оқушыларды үйірме және секцияларға тарту бойынша жұмыс жүйесін жандандыру

  5. Мектептің инновациялық қызметін тиімді етуге жағдай жаса



2019-2020 оқу жылының ҚАШЫҚТЫҚТА ОҚЫТУ IV тоқсан жағдайы бойынша
Қаратал ауданы, Үшкөмей ауылында «Үшкөмей орталау мектебі» КММ – сі орналасқан. Аудандық орталыққа дейін 7 км, Облыс орталығына дейін 66 км. Мектеп бойынша 1-9 сынып аралықта 41 оқушы, МАД сыныбында 5 оқушы оқиды. Жоғарыда аталып өткен 1 – 9 сынып аралықтағы 41 оқушы 100 % -ға және ата – аналар 100 % kundelik.kz электронды журнал жүйесіне тіркелді. Оқушылар интернет желісіне қосылуға мүмкіншіліктері бар. Бірақ, кейбір көп балалы, жартылай жетім отбастарында ұялы телефондары болғанымен интернет желісіне кіре алмайды мүмкіншіліктері жоқ. Жоғарыда аталып өткен оқушыларға волонтерлер сабақ тапсырмаларын беріп, өткізіп, тапсырма орындалғанан кейін кері байланыстарын жинап алады. Көп балалы отбасында 4 оқушы, жартылай жетім отбасында 2 оқушы бар. «Үшкөмей орталау мектебі»КММ – нің оқушылары интернет желісіне қосылуы, вебинар арқылы сабаққа қатысуы, арналған бағдарламалар және ресурсты сайттарға тіркелу бойынша ақпарат төменгідей:



Қосылған веб ресурстары (бағдарламалар)

Оқушылар саны

Қосылған оқушы саны

Қосылған оқушылардың пайыздық көрсеткіш

1

https://whatsapp.com/

27

27

100%

2

https://login.kundelik.kz/login

27

27

100%

3

https://zoom.us/activate

27

27

100%

Жалпы интернет желісімен жұмыс істеу пайызы

100%



Интернет желісі бойынша ауыл тұрғындары толық қамтылмаған, қамтылған үйлердің өздерінде қосылу қуаты 512 кбит/сек жетер жетпес. Ал, ауыл бойынша «БАЛАПАН» және «Ел Арна» телеканалдар барлық үйлерде қамтылған сол себептен, мұғалімдер телеканалдарда сабақ көрсетіліп біткенен кейін сабақ тапсырмаларын сәйкестендіріп беріледі.

«Үшкөмей орталау мектебі» КММ – нің мұғалімдері 4 тоқсан бойынша сабақтары өтіліп белсенді тапсырмалары беріліп жатыр және күнтізбелік тақырыптық жоспарларына қосымша өзгерістер енгізуде. Олар, ұқсас тақырыптарды біріктіріп және сол тақырыпртарға тиімді ресурстарға сілтеме жасап өздеріне ынғайландырып сабақтарын өткізіп жатыр. Интернет желісіне қосылуы, вебинар өткізуге арналған бағдарламалар және ресурсты сайттарға тіркелу бойынша ақпарат төменгідей:



Қосылған веб ресурстары (бағдарламалар)

Мұғалім саны

Қосылған мұғалім саны

Қосылған мұғалімдердің пайыздық көрсеткіш

1

https://daryn.online/

10

10

100%

2

https://bilimland.kz/ru

10

10

100%

3

https://whatsapp.com/

10

10

100%

4

https://login.kundelik.kz/login

10

10

100%

5

https://zoom.us/activate

10

10

100%

6

https://aitu.io/

10

10

100%

Жалпы интернет желісімен жұмыс істеу пайызы

100%