Файл: Реферат алдысыз жне аз алдыты технологиялар Орындаан Советбеков Сержан.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.04.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қазақстан Республикасы ғылым және жоғарғы білім министрлігі

Д.СЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХИНКАЛЫҚ УНВИРЕСИТЕТІ



РЕФЕРАТ

Қалдықсыз және аз қалдықты технологиялар

Орындаған:Советбеков Сержан 21-БЖК-1

Қабылдаған Қайсина М.И

Тақырыбы: Қалдықсыз және аз қалдықты технологиялар

Кіріспе
1. Қалдықтар туралы жалпы түсінік

2.Қалдықтардың  жіктелуі.
3. Қалдықсыз және аз қалдықты технологиялар 
4. Экологизациялау принциптері
5. Қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды енгізу принциптері
Қорытынды 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Адам баласының кез-келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кен үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты, оларды өндеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрде айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып отыр. Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады. 

Қалдықтар проблемасы қолымызда бар заттарды тиімді пайдаланумен тікелей байланысты. Бір көргенде, мысалы, күйіп кеткен лампалардан вольфрам алу түкке тұрмайтын іс сияқты. Жанып кеткен бір лампочкада 10 мг-дай вольфрам болады, ал оның миллионында

10 кг. Өнеркәсіпте осы қымбат, тапшы металдың 10 кг алу үшін кұрамында вольфрамы бар минераддар — вольфрамит, шеелиттің 1 тоннадан кем емес көлемі өңделеді, сонымен қатар, біраз энергия мөлшері жүмсалады. Вольфрам оксидінің геологиялық қоры не бәрі 1 млн. тоннадай. Жер шары масштабымен есептегенде ашылған қор 50 жылға ғана жетуі мүмкін, бұрынғы Одаққа кіретін мемлекеттерді есепке алмағанда, жылына дүниежүзі бойынша вольфрам рудасыньң 25 мьң тоннасы өндіріледі. Бұл мәлімет вольфрам қосылыстарын тастауды азайту тиімді екеніне ерекше көңіл аударудың қажеттілігін көрсетіп отыр. Румынияның аяқ-киім өнеркәсіп институтында тері қалдықтарынан табиғи терінің қасиетінен айырмашылығы жоқ материал шығаруға бағытталған пластикалық масса алу жолы жасалып өндіріске енгізілген. 1 кг қалдыктан 0,9 кг материал алынады.
 
Адамның өміріне, тіршілігіне қоршаған орта әр уақытта да әсер етіп отырады. Осы қоршаған ортаны қорғау, жақсарту, оның табиғи байлықтарын тиімді пайдалану қазіргі кездегі ең маңызды мәселелердің бірі. Осы мәселелерді шешу жыл сайын қиындай түсуде. Себебі қалалардың, өнеркәсіптің өсуі, электр қуатының қарқынды көтерілуі, ауыл шаруашылығын индустриализациялау мен химияландыру, химия өнеркәсібінің дамуы қоршаған ортаға өз әсерін тигізуде.


1. Қалдықтар туралы жалпы түсінік

Үшінші мыңжылдықтың басы ғылым мен технологияның геометриялық прогрессияға негізделіп дамудың жолында. Сонымен бірге адам қызметінің ең ірі саласы ретінде өнеркәсіп саласы да қарқынды алға басып келеді.Әрине мұндай түрдегі тенденция бүкіл әлемге жайылып дамушы елдердің көбінде таралған. Қазақстан Республикасы бүкіл әлем бойынша ең қуатты өнеркәсіптік әлеуеті бар мемлекеттердің бірі болып табылады. Бұл байлықтың бір бөлігі Кеңес Одағы ыдырауы нәтижесінде қалды. Бұл бөліктің аса көп емес болғанына қарамастан Қазақстанның өнеркәсіптік саласы тұрақты және алға басып дамып келеді. Бұл саланың, яғни өнеркәсіп саласының, мінсіз емес болуына байланысты бұл этаптағы технологиялық үрдістер кесірінен қоршаған ортаға жағымсыз факторлар әсер етеді. Жыл сайын бүкіл әлемде, сонымен қатар біздің елімізде, биосфераға миллиардтаған тонна сұйық, газтәрізді, паста тәрізді қатты және т.б. қалдықтар түсуде. Осы қалдықтар әсерінен тірі және өлі табиғатқа орны толмас залал келуде. Жаһандық ауқымда өнеркәсіп саласының қалдықтары әсерінен су айналымы және атмосферадағы газдардың балансы бұзылды. Тірі ағзалардың көптеген түрі қауіпті қалдықтардың әсерінен көптеген тірі ағзаларға генетикалық деңгейде қауіп төніп тұр. Сол себептен кейбір ағзалардың мүлде жойылып кету қаупі тұр. Өнеркөсіп қалдықтарының мөлшері бір адамға шаққанда тұрмыс қалдықтарынан 20 еседен артық келеді. Агрегатты күйіне байланысты топтастыруда сулы ерітінділер мен шламдарға араласқан (органикалық және анорганикалык), бейтарапты, сілтілі және қышқылды сұйық ерітінділер жатса, сусыздарға пайдаланылған шайырлар, мал мен өсімдік майлары, органикалық еріткіштер  жатады. Әр өнеркесіп өндірістері өнім өндіруге ғана назарларын аударып қоймай қор айналымын жүзеге асыратын әдістерге кешсе, қоршаған орта ластанудан қорғалынады. Аз немесе қалдықсыз технологиялық кешендер ұйымдастыру қажеттігі айқын, яғни бір жердің шеңберінен аспайтын қалдықсыз өндірістер емес, калдықсыз өндірістік кешендер туралы сөз көтерілгені орынды. Бұл жағдайда бір өндірістің қалдығы басқа өндіріске шикізат ретінде пайдаланылады.


Қалдықтарды қосымша шикізат ретінде тиімді пайдалану көптеген проблемалардың шешу жолдарын ашуға мүмкіндік туғызады. Қалдықтарды қайтадан қолдану қоршаған ортаны қорғаумен, бастапқы минералдарды, электр энергияны үнемдеумен, еңбек ресурстарын босатумен байланысты көптеген заттар мен материалдар қалдықтарға жатқызыла береді, шын мәнінде оларды әртүрлі қажеттілікке немесе басқа өндірістерге шикізат ретінде қолдануға болады. Кезінде Д.И. Менделеев “Химияда қалдықтар болмайды, тек қана қолданылмаған шикізат болады” деп айтқан. Сонымен қатар, ол озат өнім алуға технологияның басты мақсаты пайдасыздан пайдалы өнім алуға бағытталған болу қажет деп те ескерткен.

Сондықтан, ішінара немесе толығымен қайта өңдеу арқылы қажеттілікке жаратылатын өндіріс пен тұтыну қалдықтарын екінші реттік материалдық ресурс ретінде қарауға болады.

Біздің халық шаруашылығында жыл  сайын шығатын қалдықтардың көлемі 1 млрд. тоннадай болады. Статистикалық  мәліметтерге сүйенсек біздің елде жиналған сұйық өндіріс қалдықтарының  көлемі 10 млрд. тонна шамасында. Табиғи ресурстардың қоры шексіз еместігіне байланысты оларды кешенді түрде пайдалануға ерекше көңіл аударып, атап айтқанда аз  қалдықты немесе қалдықсыз технологияларды жасау және халық шаруашылығының әртүрлі салаларында шикізат базасын қалдықтарды кеңінен пайдалану элементтердің  2-3%  ғана алынып 97-98%  пайдасыз нәрсе ретінде тасталынады.

Қазақстанның тусті жәнс кара металлургия саласындағы көптеген өнеркәсіптерден бөлініп шығатын газдар күкірт қышқылын алуға шикізат ретінде пайдаланылып келеді. Металлургия өнеркәсіптерінің құрамында күкірті бар газдардан алынған қышқылдың өзіндік кұны, сонымсн катар, 1 т өнімге жүмсалған қаржының үлсс салмағы табиғи шикізаттан өндірілген күкірт қышқылына қарағанда 2 еседей төмен.

Қазіргі кезде Қазақстанда 20 миллиард тоннадан астам қалдықтар, соның ішінде 230 миллион тонна радиоактивті қалдықтар бар. Парламентаридің “Қалдықтар” туралы заңында әр адамға жылына 60 тонна қалдықтар түзіледі деп есептелген. 

Қоршаған ортаға қауіп туғызатын көптеген құбылыстар негізінен алғанда адамның өмірін жеңілдетіп, денсаулығын жақсартуға бағытталған жаңалықтар негізінде пайда болған. Іштен тұтанатын қозғағыштар синтетикалық жуғыш заттар, пестицидтер және медициналық препараттар адамның ізгі ниеті тұрғысында қолданылады, бірақ олардың әрекеті үлкен қолайсыздық тудырады.

Адамның қоршаған ортаға әсері табиғаттағы тепе-теңдіктің бұзылуына, яғни әр түрлі улы қосылыстардың химиялық, ластаушылардың азық –түлікті, ішетін суды, атмосфералық ауаны ластауы нәтижесінде қоршаған ортаның ластануына әкелді. Мысалы жер шарында жылына 20миллианрд тонна көмір, 2,5 млрд тонна мұнай жағылып, 800млн тоннадан астам түрлі металдар қорытылады екен. Соның нәтижесінде ауаға 23млрд тонна көмір қышқыл газ, 17 млн тонна бензиннің буымен түрлі газ тәрізді зиянды заттар бөлінеді. Қоршаған орта 50 млн тоннадай мұнай мен мұнай өнімдері түсіп, су көздеріне 600млрд м өте ластанған сулар құйылады, қоршаған ортаға 500 млн тоннадай түрлі синтетикалық қосылыстар тасталады.


Ауыл шаруашылығында жыл сайын 400 мың км топырақ өңделіп 320 млн тоннадай әр түрлі тыңайтқыштар, 5 млн-ға жуық улы химикаттар қолданылады.

Өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор мөлшерде әр түрлі газ және оларға қоса өте майда бөлшектен тұратын қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен бірге адам мен жануарлардың денесіне сіңеді және топырақ бетіне шөгеді. Кейде оларды жел мыңдаған шақырым жерге айдап апарады. Ауаның әр түрлі жолмен ластануы атмосферада бірте-бірте түпкілікті өзгерістер тудырады. Мысалы қалардың үстін 1500-2500метр биіктік шамасында әр түрлі газдармен ұсақ бөлшектерден тұратын қара қошқыл шаң басып тұрады. Осы себептен қалаға күн сәулесінің өтуі тым нашарлайды. Ғалымдардың зерттеуі бойынша жаз кезінде жарықтың күші 20% дейін, қыста 50 %-ға дейін кемиді. Сонымен қатар, күн сәулесінің спектрлік құрамы өзгереді. Қала үстіндегі түтін мен шаң, әсіресе организмдерге ең пайдалы ультракүлгін жарықты тұтып қалады.

Өнеркәсіп орындары қала атмосферасын әр түрлі газдармен және ұсақ қалқып жүретін майда шаңдармен де ластайды. Әсіресе миллиондаған тонна көмір мен мұнайдың жануы негізінде пайда болатын көмір қышқыл газдың көлемі аса үлкен. Халықаралық зерттеулер бойынша бұл газдың көлемі жылына 0,2 % -ға өседі.

Автокөліктер ауаны қорғасын буымен және резина үгінділерімен ластайды. Қала көшелерінің әрбір шаршы метріне 2,5-3,0 грамға дейін қорғасын шөгеді.  Әр машина жыл сайын 10 кг резина үгінділерін шашады.

Өнеркәсіп қалдықтары көлемі мен зияндылығы жөнінен өте күрделі әрі қауіпті болып келеді. Олар су, дала, орман, т.б. кешендерді ластап, қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Бұдан бүкіл тіршілік атаулы зиян шегіп, адамдар ауруға шалдығуы мүмкін. Көбіне металл қалдықтары балқытылып, қайтадан пайдаланылса, пластмассадан жасалған бұйымдарды жоюға тура келеді.Қалдықтардың көбін құрылыс материалдарын шығаруға, шикізат өндіруге жұмсайды. Ал кей біреулерінен кәдімгі тыңайтқыштар алынады. Органикалық қалдықтар құрамында қоректік элементтер: азот, фосфор, кальций, магний, калий көп болады.

Ірі қалаларда халық санының артуы тұрмыстық – коммуналдық құрылыстар мен өнеркәсіп орындарын, зауыт, фабрикаларды салу қажеттігін тудырады. Осыған байланысты мұндай қалаларда техникалық және ақаба сулар көптеп жинақталуда. Қазақстанда жыл сайын шығарылатын ақаба судың мөлшері, шамамен, 6 млрд м³ деп есептеледі. Қазіргі кезде тұрмыстық ақаба суларды залалсыздандыру үлкен мәселе туғызып отыр. Осындай қаланың бірі – оңтүстік астана атанған Алматы қаласы.


Қаладағы өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор мөлшерде әр түрлі газ және оларға қоса өте майда бөлшектен тұратын қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен бірге адам мен жануардың денесіне сіңеді және топырақ бетіне шөгеді. Кейде оларды жел мыңдаған шақырым жерге айдап апарады. Қала халқына өзен, көл арқылы берілетін және басқа да тұщы сулар алдын ала тазартудан өтеді. Пайдалануға берілетін сулар қалалық су тазарту станцияларында күкірт қышқыл алюминий тұзы қосылып, алғаш ірі жүзгіндерден тазартылады. Одан әрі бөлшектерді өзіне қосып алып тұнбаға айналатын алюминий гидро тотығы түзіледі. Тұндырылған су қалың құм қабатынан өткізіліп, сүзіледі. Бұл жерде ол құрамындағы микроорганизмдерін жоятын заттармен өңделеді. Оған хлор, озон пайдаланылады да су құбырларына жіберіледі.

Қазір Ұлыбритания, АҚШ, Жапония, Швеция, т.б. елдерде қалдықты өңдеудің жетілдірілген технологиясы қолданылады. Өндіріс және тұрмыс қалдықтарын залалсыздандыру – халықаралық проблема. Ең бастысы – зиянды заттарды пайдалы заттарға айналдыру. Ол үшін үлкен қалаларда қалдықтарды өңдейтін зауыттар салынуы керек. Алғашқы осындай зауыт 1981 жылы ГФР – де ашылған. Оның қуаттылығы сонша, тәулігіне 300т., ал жылына 75 мың т қалдық өңдейді

2.Қалдықтардың  жіктелуі.

Адам баласының кез-келген шаруашылық іс-әрекеті әртүрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқарылуына, қоршаған ортадағы тепе-тендікке кауіп-қатер тудырады. Кен үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, дала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезендегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты оларды өңдеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрге айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып жатыр.

Ерекше назар аударуға және кідіртпей оңдеуге жататын калдықтарға тұрмыстық қалдықтар жатады, себебі осы қалдыктардың мөлшері мен әртүрлі аурулар эпидемиясының арасында тікелей байланыс бар. АҚШ-та тұрмыстық қатты қалдықтардың 41%-і "айрықша қауіпті" болып топтастырылады, ал Венгрияда " 33,5%-і, Францияда — 6%-і, Ресейде — 10%-і, Ұлыбританияда - 3%-і, Италия меи Жапонияда - 0,3%-і. Жылына Москва қаласынан шығатын тұрмыстық қалдықтың мөлщері 16 млн. м3 , Алматыдан — 3 млн. м3 үстінде. Жылына үлкен қалаларда бір адамға шаққанда жалпы 300 кг тұрмыстық қалдық келеді, оның ішінде азық-түлік калдыктарының жылдық мөлшсрі 80-90 кг. 1 т азық-түлік қалдықтарының құнарлығы орта есеппсн 250 кг дәнді жсм-шөптікіне пара-пар келеді. Ресей ғалымдарының мәліметтеріне сүйенсек, осы мөлшерді жем ретінде мал өсіру саласында пайдаланғанда 45 кг-ға дейін шошқа етін алуға болады. Тұрмыстық қалдықтарды пайдаланбай тастайтын болсақ, онда әртүрлі ауруларды қоздыратын ошақтың көзін ашуымен қатар, біраз жер көлемін пайдасыз жерге айналдырамыз.