Файл: Реферат алдысыз жне аз алдыты технологиялар Орындаан Советбеков Сержан.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.04.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Екінші реттік энергоресурстарды тиімді пайдаланудың халықшаруашылық маңызы өте зор. Екінші реттік энергоресурстар дегеніміз тікелей тап осы өндірістің өнімдерінің, қалдықтарының, жанама жөне аралык өнімдерінің энергетикалық потенциалдары. Екінші реттік энергоресурстар 3 топқа бөлінеді: 
1)жанғыштар (Н2, СН4, СО, пеш газдары, май, шайыр целлюлоза және  
т.б.); 
2)жылу(бөлінген газдардыкі, өнімдердікі, жанама өнімдердікі,суытылатын судыкі, экзотермиялық реакциялардыкі); 
3) технологиялық аппараттардан шығатын газ бен сұйықтықтардың қысымы.  
       Екінші реттік энергоресурстар химиялық өндірістің азот күкірт, фосфор, хлор қосылыстарын, соданы шығаратын және мұнай-химия салаларыңда пайдаланылады. Жанғыштар қазандыктарда отын ретінде қолданылады. Бөлінген жылу калдықтарды өндейтін кондырғыларда, жылу айырбастағыштарда кейбір заттарды кыздыруға қолданылады, осы жағдайлармен жылуды тұтыну қажеттілігін төмендетуге болады. Қысым утилизациялык турбиналарда компрессорларды, насостарды, желдеткіштерді жүмыс істетуге қолданылады және электроэнергия алуға пайдаланылады.

Қазіргі уақытта дүние жүзі бойынша жер қойнынан жыл сайын 100 млрд. тоннаға дейін руда, құрылыс материалдары, отын (4 млрд. т мұнай және газ, 2 млрд. т көмір) беткі қабатқа шығарылып отырылады, шамамен 92 млн. т. минералды тыңайтқыштар мен 2 млн. т. улы химикаттар пайдаланылып, олар да жер бетіне таралады. Атмосфераға 200 млн. тоннаның үстінде көміртек оксиді, 53 млн. тоннадай азот оксидтері, 50 млн. т көмірсутектері, 146 млн. т күкірттің диоксиді, 250 млн. т шаң газ тәрізді қалдық ретінде шығарылады. Ал су қоймаларына жыл сайын орта есеппен 32 млрд. м3 тазаланбаған су, әлемдік мұхиттарға - 10 млн. т дейін мұнай тасталынылады. Осы жағдайларға байланысты қоршаған ортада пайда болған қолайсыз өзгерістер қайтымсыз түрге айналып отыр.

Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркөсіп, ауыл-шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады. Өнеркөсіп қалдықтарының мөлшері бір адамға шаққанда тұрмыс қалдықтарынан 20 еседен артық келеді. Агрегатты күйіне байланысты топтастыруда сулы ерітінділер мен шламдарға араласқан (органикалық және анорганикалык), бейтарапты, сілтілі және қышқылды сұйық ерітінділер жатса, сусыздарға пайдаланылған шайырлар, мал мен өсімдік майлары, органикалық еріткіштер  жатады. Әр өнеркесіп өндірістері өнім өндіруге ғана назарларын аударып қоймай қор айналымын жүзеге асыратын әдістерге кешсе, қоршаған орта ластанудан қорғалынады. Аз немесе қалдықсыз технологиялық кешендер ұйымдастыру қажеттігі айқын, яғни бір жердің шеңберінен аспайтын қалдықсыз өндірістер емес, калдықсыз өндірістік кешендер туралы сөз көтерілгені орынды.


Бұл жағдайда бір өндірістің қалдығы басқа өндіріске шикізат ретінде пайдаланылады. Қалдықтар өте көп мөлшерде пайдалы кендерді шығарғанда және байытқанда пайда болады. Қазіргі кезде қолданылатын технологияларға байланысты бастапқы алынған шикізат мөлшерінің 10 пайызы қалдыққа айналып отырады. Осыған байланысты бос жыныстан тұратын таулар пайда болады, көп көлемді сулар ағынға жіберіледі.

Өнеркәсіптік қалдықтар химия-физикалық, токсикалық, әртүрлі биологиялық қасиеттері бар күрделі поликомпонентті заттардың қоспалары болып келеді. Қалдықтардың технологиялық шығу тегіне байланысты, химиялық табиғатына байланысты әртүрлі классификациясы болады. Біздің елімізде қайта өңдеу және көмудің шығындарына ба йланысты қауіпті заттар келесі 4 классқа бөлінеді:

Өте қауіпті. Құрамында сынап және оның қосылысы бар, мышьяк,, калий цианиті, сүрме қосылыстары бар қалдықтарды жатқызады.

Жоғары қауіпті. Құрамында хлорлы мыс, мыс сульфаты, қорғасын қосылыстары бар қалдықтарды жатқызады.

Орташа қауіпті. Құрамында қорғасын оксидтері(PbO, PbO2, Pb3O4), никель хлориды, т.б. қосылыстары бар қалдықтары жатады.

Аз қауіпті. Құрамында магний сульфаты, фосфаттар, мырыштың қосылыстары бар заттар жатқызылады.

Қалдықтардың классификациясы келесі белгілер бойынша айқындалады:

қалдық түзілу орны (өндіріс саласына байланысты);

өндіріс циклінің кезеңі;

қалдық түрі;

қоршаған ортаға және адамға зиянды әсері;

қолдану бағыты;

қолданыс эффектісі;

залалсыздандыру технологиясының қаншалықты қарастырылып,

Отандық стандарт бойынша «Зиянды заттар классификациясы және ортақ қауіпсіздік талаптары», барлық өндіріс қалдықтары қауіптілігі бойынша 4 классқа жіктеледі: бірінші классқа – аса қауіпті, екінші классқа – жоғары қауіпті, үшінші классқа – орташа қауіпті, ал төртінші классқа –қауіптілігі аз қалдықтар жатады.

Егер де қалдықтарда сынап, калий хлорқышқылы, үшхлорлы сурьма, мышьяк оксиді және басқа да улы заттар болса, олар бірінші классқа жатқызылады.Хлорлы никель, хлорлы медь болатын болса екінші классқа жатады.

Классификациялардың негізінде орталық жинақтау схемалары жасалады, оларды екінші ретті пайдалануға асыру және ол қалдықтардың қоршаған ортаға зиянды әсерін болдырмауы қарастырылады. Барлық қатты өндірістік қалдықтарды 2 түрге бөлеміз :

1. улы қалдықтар

2. улы емес қалдықтар

Улы қалдықтар өзі бірнеше топқа жіктеледі, олардың кейбіреулері төменде көрсетілген:

құрамында мышьягы бар органикалық емес қатты қалдықтар және шламдар, сынабы бар қалдықтар, құрамында: қорғасын, цинк, сурьма, висмут,кобальт және т.б. қалдықтар;


құрамында фосфор және фторы бар қалдықтар мен шламдар, қолданысқа жарамайтын және тыйым салынған пестицидтер;

гальваникалық өндіріс қалдықтары;

мұнай химия және мұнай өңдеудегі қалдықтар;

хром құрамды қалдықтар,шламдар,темір карбонильдері бар қалдықтар.

Улы қалдықтарды жиюдың, жинақтаудың, зиянсыздандырудың және көмудің тәсілдері мен тәртібі химиялық заттардың қауіптілік класын ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс, сонымен бірге жұмысшылардың қауіпсіздігін, қоршаған территорияның ластануын болдырмауды және қамтамасыз етуі керек.

Құрамында улы заттары бар қатты қалдықтарды қоймада ұстауға, сонымен қатар өндіріс алаңдарында шламды жинағыштарды және шлам жиналуын орналастыруға рұқсат етілмейді.

3. Шетел әдебиеттерінде «таза өндіріс» термині қолданылады. Ол қоршаған орта мен адам үшін қауіп-қатерді ең аз деңгейге түсіріп, қоршаған ортаны ластауды болдырмайтын технология стратегиясы ретінде түсіндіріледі. Өндіріс үрдістерінде пайда болатын барлық шағарынды мен қалдықтардың уыттылық әдрежесін және олардың санын азайту, уытты шикзат материялдарын қолдануды болдырмау, үйлесімділігіне сәйкес келеді. 

Қалдықсыз өндіріс кезінде бастапқыда барлық шикізат соңғы қортындыда осы немесе өзге өнімге айналады. Қалдықсыз технология – бұл өнімді өндірудің тәсілі энергия мен шикзат кезеңінде кешенді және әбден орынды түрде пайдаланылады. Атап айтқанда: шикзат ресурыстары — өндіріс -тұтыну — қайталама шикзат ресурыстары, яғни, кез келген қоршаған ортаға болатын әсерлер оның қалыпты жұмыс істеуін бұзбайды.

Осы өндірісте қоршаған ортаға зиянды әсер ететін деңгей қалыпты мөлшерден аспайды. Мысалы, рұқсат етілген санитарлық-гигиеналық мөлшерден және техникалық, ұйымдастырушылық, экономикалық бойынша немесе өзге себептерге байланысты шикзат пен материялдардың бір бөлігі пайдаланылмайтын қалдықтарға ауыстырылып, ұзақ мерзімді сақтауға жіберіледі немесе көміледі.

Сонымен, қалдықсыз өндіріс орны табиғи экологиялық жүйе мен үйлесімі бойымша ұйымдастырылған іс жүзіндегі тұйықталған жүйе болып тұр. Бұл жерде, тіршілік әрекетіндегі бір организмдермен пайдаланылады және заттектердің өзін-өзі реттейтін биохимиялық айналымы толықтай жүзеге асып жатады. «Қалдықсыз өндірістің» маңызды ережесін белгілеу — шикізаттың барлық компоненттерін ұтымды және кешенді түрдепайдалану. Сонымен, өндірістің қоршаған ортаға сөзсіз болатын ықпал етуі оның қалыпты жұмыс істеуінбұзбайды. Қоршаған ортаға соншама түсетін салмақ жол берілген экологиялық мөлшерден аспайтынын тиісінше ескеру қажет.


Қалдықсыз өндірісті құру ұзақ мерзімге созылатын процесс. Сонымен қатар,өзара байланысты бірқатар технологиялық, экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа да күрделі міндеттердің шешімін талап етеді.

Атап айтқанда, қалдығы аз ресурс ұнемдеуші технолоғияны енгізу жалпы бірқатар талаптарды ұсынады:

·  оның барлық компоненттерін пайдалана отырып, шикізатты кешенді түрде өңдеу (жасап шығару);

·  жоғары технологиялық автоматтандырылған жүйеге ғылыми сыйымдылықты енгізу; электроникаландыру мен
роботтаыдыру; автоматтандыру негізінде өндірістік процестерді қарқындандыру (интенсификация);

·  өндірістік қалдықтарды барынша азайту кезінде материалдар ағынының кезеңділігі мен тұйықтылығы;

·  жеке операциялардың технологиялық процестерге бөлінүін азайту, шикізаттан соңғы өнімге дейін ауысусатысының  аралық  санын  қысқарту;

— үздіксіз процестерді қолдану мен технологиялык кезеңдер уақытын қысқарту;

· энергия мен табиғи ресурстарды тұтыну үлесін қысқарту, бастапқы ресурстарды қайта өңделген ресурстар мен барынша алмастыру, жанама өнімдер мен қалдықтардың негізгі процестерге қайта айналуы, артық энергияны қалпына келтіру;

· энергия ресурстарының барлық әлеуетін барынша пайдалануды қамтамасыз ететін құрастырылған энерготехнологиялық процстерді қолдану;

· қалдықтарды залалсыздандыру жолымен табиғи күйіне дейін жеткізу немесе пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ететін биологиялық процестерді және  физика-химиялық базасының негізінде экологиялық биотехнологияны енгізу;

·  өндіріс пен тұтыну, табиғатты пайдалану саласын қамтитын интегралды технологияны құру.

Осы тұрғыда өндірістік процестердің жүйелі талдауы жаңа кезеңнің технологиясын құру жолын анықтауға мүмкіндік береді.

Табиғат жүйесінің қалыпты қызметінің белгіленген шеңбер соңыңдағы арақатынасын және қоршаған ортаға әсер етуді  бұзбайтын процестерді экологиялық деп атаймыз.

Өндірісті толықтай  қалдықсыз жасау қазірде мүмкін емес. Өндіріс процессінде пайда болған барлық шығарынды  мен қалдықтардың уыттылық дәрежесін азайту, уытты шикізат материалдарын қолдануды болдырмау, энегия мен шикізатты  үнемді пайдалану ластануды болдырмайтын технология стратегиясы. Өндірісте қалдықсыз тәсілді  қолдану  идеясын алғаш рет  кеңес академик ғалымдары  Н.Н. Семенов , Б.Н. Ласкорин, И.В. Петров Соколовтар ұсынған болатын. Женевада болған жалпы Еуропалық кеңесте  арнаулы декларация қабылданды. Онда аз қалдықты және қалдықсыз технолгиялар мен қалдықтарды  пайдалану мақсаты қоршаған ортаны қорғау  болғандығы , табиғат ресурстарын  ұтымды пайдаланудың қажеттілігі  атап өтелген.


Қалдықсыз өндіріс кезінде  бастапқыда  барлық шикізат  соңғы қорытындыда  осы немесе өзге өнімге айналады.

Қалдықсыз технолгия  бұл өнім өндіру кезеңінде энергия мен шикізатты  кешенді және  орынды түрде пайдалану. Шикізат ресурстары -өндіріс —  тұтыну- қайталама шикізат  ресурстары схемасы бойынша жүргізіледі.

Қалдықсыз өндіріс  табиғи экологиялық жүйемен үйлесімі бойынша  ұйымдастырылған іс жүзінде тұйықталған жүйе.

Қалдықсыз технология ережесі- шикізаттың барлық  компоненттерін  ұтымды  және кешенді пайдалану. Қалдықсыз өндірісті  құру  ұзақ мерзімге созылған  процесс.  Ол өзара байланысты  технологиялық, экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа күрделі  міндн\еттерді шешуді талап етеді.

Қалдығы аз  ресурс үнемдеуші технологияны енгізудің талаптары:

Оның барлық компонентерін пайдалана отырып, шикізатты  кешенді түрде өңдеу.

Жоғары технолгиялық автоматандырылған  жүйеге  ғылыми  сыйымдылықты енгізу; электроникаландыру мен робаттандыру; автоматтандыру  негізінде  өндірістік процесстерді  қарқындандыру.

Өндірістік өалдыөтарды барынша азайту кезеңінде материалдар  ағынының кезеңділігі мен тұйықтылығы.

Жеке операциялардың технологиялық процесстерге  бөлінуін азайту, шикізаттан  соңғы өнімге дейін  ауысу сатысының аралық санын қысқарту, үздіксіз  процестерді қолдану  мен технологиялық  кезеңдер уақытын  қысқарту.

Энергия мен табиғи ресурстарды  тұтыну үлесін и қысқарту, бастапқы ресурстарды  қайта өңделген  ресурстармен  арынша алмастыру, жанама өнімдер мен қалдықтардың негізгі процестерге қайта айналуы, артық энергияны қалпына келтіру.

Энергия ресурстарының барлық әлеуметін  барынша пайдалануды  қаттамассыз ететін  құрастырылған  электрротехнолгиялық процестерді қолдануы

Қалдықтарды залалсыздандыру жолымен табиғи күйіне дейін жеткізу немесе пайдалану  мүмкіндігін  қамтамассыз ететін  биологиялық процестерді  және физико -химиялық  базасының негізінде  экологиялық биотехнологияны  енгізуі.

Өндіріс пен тұтыну, табиғатты пайдалану  саласын  қамтитын  интегралды технологияны құруы.

Қоршаған ортаға қалдығы аз  өндірістің зиянды әсерін шектеу критерийінің  негізінде ШРК,  және оның негізінде ШРШ атмосфераға және ШРТ  суға есептеледі

Қалдығы аз өндірісті ұйымдастырдың негізгі принципі  шикізат және энергетикалық ресурстарды пайдалануда оның жинақтылығы. Қазір пайдаланылп жүрген  шикізат ресурстары  көп компонентті. Мысалы: түсті металлургияда  бастапқы шикізат көптеген пайдалы қазбалардан тұрады. Кәсіпорындардың мамандануына байланысты  одан 1-2 компонент ғана алынады.Ал қалғандары үйіндіге тасталынады. Қазірде   рудаларды өңдеудің кешенді пайдалану   Өскемен қорғасын мырыш  комбинатында, Балқаш, Жезқазған, Норильск  кен металлургия кәсіпорындарында жолға қойылған.