Файл: Реферат алдысыз жне аз алдыты технологиялар Орындаан Советбеков Сержан.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.04.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қалдығы аз  өндіріс құрудың  келесі принципі – айқын көрінетін материалдар ағынының циклдігі. Мысалы: су шаруашылығында  канализация , тазалау бір мезгілде және  таза компонентерді  алып пайдаға асырады . Өнеркәсіпте  сумен қамтамассыз ету жағының кезеңі тұйықталған, оны өндіру мен тасымалдау, бірнеше рет пайдаланғаннан соң  алдын ала тазартылып су қоймаларына құйылады.

Қалдығы аз және қалдықсыз өндірісті ұйымдастырған кезде құрасмдастыру мен салааралық кооперацияға бірлесудің маңызы үлкен. Әсіресе аумақтық- өндірістік  кешендер шеңберінде  бір өндірістің қалдықтарын өнім алу үшін басқа салаларда  пайдаланып  біршама экономикалыө тиімділікке қол жеткізуге болады

Қалдығы аз өндірістің міндетті шарттарының бірі – алынатын өнімнің  экологиялық тазалағы, қоршаған ортаны қорғау оның сапасын жақсарту, сонымен қатар өндіріс жұмысының  нәтижесінде өндіріске, халыққа  зиян келтірмей, табиғатта экологиялық тепе-теңдікті  бұзбауы керек.

экологиялық негiзделген аз қалдықты технологияларды, әкiмшiлiк-шаруашылық қызметiнiң тиiмдi жүйесi мен қауiптi және басқа да қалдықтар өндiрудi ең төменгi шекке дейiн қысқарту мақсатында қалдықтарды пайдаланудың керi айналысы әдiстерiн әзiрлеу мен енгiзудi жалғастыру қажет екенiн ескере отырып;

с) қауiптi және басқа қалдықтардың өндiрiсiн мүмкiндiгiнше жою мақсатымен өзiнiң ұлттық заңдарына, ережелерiне және саясатына сәйкес қолданыстағы жаңа, экологиялық жағынан негiзделген, аз қалдықты технологияны әзiрлеу қолдануда, қолдағы технологияны жетiлдiруде және осы қалдықтарды пайдаланудың экологиялық жағынан негiзделген неғұрлым тиiмдi және пәрмендi әдiстерiн жасауда, оның iшiнде осындай жаңа немесе жетілдiрiлген технологияны енгiзудiң экономикалық, әлеуметтік және экологиялық салдарын зерттеуде ынтымақтасады;

4. Дамушы елдердiң сұранымын ескере отырып жұртшылық проблемаларына inter alia көмек көрсету, қауiптi және басқа қалдықтарды экологиялық жағынан негiздеп пайдалануды кеңейту және аз қалдықты жаңа технологияны енгiзу мақсатымен Тараптардың және халықаралық құзыреттi ұйымдардың арасындағы ынтымақтасты көтермелейдi. 

3.Қалдықсыз және аз қалдықты технологиялар

Қазіргі кезде бұрыннан салынған өндірістердің технология жағынан тозып ескіруі себебінен өндірістердің төңірегінде қөптеген қатты қалдықтар жинақталады. Көптеген сұйық қалдықтар тазалаусыз суға жіберіледі. Сонымен қатар көптеген улы заттар мен газдар атмосфералық ауаға тарайды. Сол себепті ауаға, суға, топыраққа шығып жатқан лас зиянды заттектерді азайту үшін осы заманғы ғылыми жетістіктерді пайдаланып және технологияларды қолданып, өндіріс орындарында жаңа технологияларды кіргізе бастады. Яғни, қалдықсыз,жартылай қалдықсыз,тау техникалық және биологиялық технологиялар т.б.


Қалдықсыз технология - табиғаттан шығатын табиғи ресурстарды,энергияны тиімді пайдалану және қалдықсыз игеру технологиясы болып табылады.

Аз қалдықты технология - өндірістік үрдіс кезінде қатты қалдықтар, сұйық қалдықтар, газдық қалдықтар аз қалатын технология болып табылады.

Қалдығы аз өндірістегі міндетті шарттың бірі - алынатын өнімнің экологиялық тазалығын ғана сақтап коймай, қоршаған ортаны қорғау мен оның сапасын жақсартуға баса назар аудару болып табылады. Сонымен қатар, өндіріс жұмысының нәтижесінде өндіріске, халыққа зиян келтірмей, табиғаттаты экологиялық тепе-теңдікті бұзбауы керек. Бұл принциптерді түбегейлі орындау қалдығы аз өндірістегі маңызды шаралардың бірі болып саналады. Сонымен, қалдықтардың қоршаған ортаға әсері ешқандай да рұқсат етілген санитарлық-гигиеналық мөлшердің деңгейінен аспауы қажет.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеудің әлемдегі әдісі – төменгі температурада жағу. Жағудың осындай әдісі кезінде шығатын газдармен қоса көптеген бөлінбейтін зиянды қосылыстар мен өзара байланыстағы өнімдер шығарылады. Сондықтан, қалдықтарды жағатын зауыттар атмосфераны қосымша ластаушы ошақ көздері болуда.Қатты тұрмыстық қалдықтардың бастапқы массасының 25% көсуге жататын қалдықтар деп есептеледі.

Қалдықтарды жол-жөнекей кәдеге асыру ісінде құрамдастырылған технологияның үлкен болашағы бар. Қазіргі кезде темірді сұйық фазалық қалпына келтірудің металлургиялық агрегат базасында- қалдықтарды жоғары температурады жағудың технологиясы жасалған. Ең бастысы бұл технология кез келген көмірсутегі отынында жұмыс істей алады. Сонымен қатар, өнеркәсіп жәен органикалық тұрмыстағы қатты қалдықтарды жағу үшін табысты түрде қолданылады.

Қалдығы аз технология бойынша жұмыс істейтін жаңа кезеңнің кәсіпорындары қаланы қоқсықтан тазалап және құтқарып қоймай, құрылыс материалдары мен металдарды алып, жылумен қамтамасыз ету үшін ыстық су мен өнеркәсіптік буды өндіруге мүмкіндіктері бар.  

Қоршаған ортаға қалдығы аз өндірістің зиянды әсерін шектеу критерийінің негізіне рұқсат етілген шоғырланбалы шектеу мөлшері тиісті (ПДК). Олардың негізінде рұқсат етілген шығарынды мөлшерінің (ПДВ) атмосфераға және су қоймаларын ластаушы заттектің рұқсат етілген төгінді мөлшері (ПДС) есептеледі. Рұқсат етілген шығарынды мөлшерін уақытында өлшеу ұйымдастырылып әрбір шығарынды жағдайына қарай белгіленеді. Қалдықсыз және қалдығы aз технология - минералды шикізаттарды неғұрлым тиімді және толығырақ пайдалану мақсатымен әр түрлі процестердің жиынтығы қолданылып жарамсыз қалдық мөлшері барынша азайтылады. Мысалы, кен өңдеуде бірнеше байыту әдістері, немесе байыту әдістерімен қатар металлургиялык, химиялық, процестер қолданулары мүмкін. Қалдықсыз және аз қалдықты өндiрiс, өндiрiске енгiзiлген табиғи ресурстардынеғұрлым тиiмдi жəне үнемдi пайдалану үшiн шешiмдер қабылдау үшiн қажет.


Қалдықсыз өнiм өндiрiсiнiң мəнi жұмсалатын ресурстарды толық пайдалану арқылы биосфераның ластануына жол бермеу. Қалдықсыз өнiм өндiруге технологиялық процестер мен құрал-жабдықтардың тиiмдiлiгiн арттыру, рекуперацияны пайдалану, қоланылып келе жатқан технологиялық процестердi анағұрлым экологиялық жағынан таза процестермен алмастыру, т.б. арқылы жетуге болады.

Қалдықсыз өнiм шығару технологиясының ең жақсы мысалы хромдау гальваникалық цехының қазiргi заманғы технологиясы. Бұл технология бойынша, шайылатын судағы ауырметалл иондары тазартқыш қондырғыға сiңiрiлiп, хромдауваннасына қайтып келедi, ал тазартылған технологиялық сухромдалған детальдарды жууға қайтадан қолданылады.

Осы өндірісте қоршаған ортаға зиянды әсер ететін деңгей қалыпты мөлшерден аспайды. Мысалы, рұқсат етілген санитарлық-гигиеналық мөлшерден және техникалық, ұйымдастырушылық, экономикалық бойынша немесе өзге себептерге байланысты шикізат пен материялдардың бір бөлігі пайдаланылмайтын қалдықтарға ауыстырылып, ұзақ мерзімді сақтауға жіберіледі немесе көміледі.

4. Экологизациялау принциптері

Қазіргі кезде қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды дамытуда өндірісті экологияландырудың маңызды бағыттарының бірі- тірі организімдер және пайдалы өнімдер алу мен қоршаған ортаны тазарту үшін биолониялық үрдістердің жұмысының негізінде биотехнологияны барынша қолдануда. Өнеркәсіптік биотехнолоагия мал азығын және тамақ өнімдерін өндіруде,оны көбейтуге, топырақтың құнарлылығын арттыруда, ауыл шаруашылыға зиянкестерімен күресуде айтарлықтай үлес қосуда.

Өндірісті экологизациялау – табиғат қорын түгесілмейтін, оған ңұқсан келтірмейтін технология арқылы өндірісті ұйымдастыру, экологиялық еңбектің өнімділігін арттыру. Өндірісті экологизациялау мына бағыттарда жүргізіледі: экологиялық жүйелерді сақтау, қалпына келтіру; шикізат өндіруде озық технология қолдану шикізат қорларын үнемді пайдалану,қалдықсыз және аз қалдықтытехнология қолдану,табиғат қорғау шараларын кеңіту,өндірісті экологиялық талаптарға сәйкес орналастыру, табиғи ортаны ластауды азайту,жою.

Шикі заттын пайдалылығын арттыру және ұлғаймалы қалпына келтіру - табиғат байлығын  пайдаланушы салаларда ұлғаймалы өндіріс мына төмендегі шарттар сақталғанда мүмкін болады:

·  Шикізат өндіру қарқыны материалдық өндіріс қарқынынан төмен болуы керек


·  Шикізатты тиімді пайдалану арқасында өңдеуші салалардың өсу қарқыны өндіруші салалрдың өсу қарқынынан артық болу керек

· Қалдықсыз, аз қалдықты технология және табиғатты қорғау құрылымдарын қолдану қарқыны табиғатқа нұқсан келтіруші салалардың өсу қарқынынан басым болуы керек

·  Экологиялық технологиялармен табиғат байлығын қалпына келтіру шараларының дамуы табиғат байлығынөндіруші салалардың өсуінен кем болмауы керек.

Экологиялық технологияны  пайдалануды ғылыми негізінде жүргізу принципі. Шикі затты  пайдалану, әсіресе оның тиімділігін арттыру мүмкіндігін ғылыми жолға қойылғанда ғана мүмкін  болады.Қазіргі кезде экологиялық техногияны пайдалану аса күрделі процесс. Экологиялық технология  процестерінің табиғи ортаға әсерін, әсіресе ұзақ мерзімдік әсерін ғылыми негізінде ғана болжауға және тиімді бағытта жүргізуге болады.

Технологиялық принципі ресурстың бір түрінің екінші түрімен бір аймақта үйлесімді орналасуы, орналасу тиімділігі аймақтық принцип қолдануға мүмкіндік береді. Бұл принцип табиғат байлығын пайдаланудың,табиғи ортаны қорғаудың тиімділігін арттырудың басты негіздерінің бірі.

 Қалдықтар зиянды болып есептелгенімен, оның пайдалы жақтарын да ескеруіміз қажет. Кез келген қалдықты ұтымды пайдалануға болады. Қалдықсыз және аз қалдықты технология әркімнің өз білімін белгілі әдістер мен құралдарды практикада қолданып, биосфера ресурстарын, энергияны тиімді пайдалануын қамтамасыз етуді, айналадағы ортаны қорғауды көздейді.

Ғалымдар кез келген технологиялық қалдықтардың мөлшерін сипаттайтын көрсеткіштер бойынша бағалау керек деп отыр. Сарқынды судың, қажетсіз газдардың қатты қалдықтарының көп пайдаланылған немесе жобаланатын технологиялық схема кемшілігінің неғұрлым объективті көрсеткіші болып табылады. Мұндай жағдайда қалдықтарды бірден өңдеу негізі технологиялық міндет болмақ. Қалдық өндіріс орындарынан неғұрлым қашық жөнелтілсе, онда оны бірден өңдеу тіпті мүмкін болмай қалады. Сондықтан да қалдықтарды өндіріс орнына жақын жерде болып, дереу өңделгені жөн. Жер-жерде қалдықсыз технологияны енгізуге дейінгі өнеркәсіп өндірісін экологияландырудың маңызды бағыттар мыналар болып саналады:

Технологиялық процестерді жетілдіру және айналадағы ортаға қоспалар мен қалдықтарды аз шығаратын жаңа жабдықтар жасау;


Улы қалдықтарды улы қалдықтармен алмастыру;

Пайдаға аспайтын қалдықтарды кәдеге жарайтын қалдықтармен алмастыру;

Айналадағы ортаны қорғаудың пассив әдістерін пайдалану.

Айналадағы ортаны қорғаудың пассив әдістері өнеркәсіп өндірісінің қалдықтарын пайдаға асыру немесе көму арқылы олардың мөлшерін шектеу жөніндегі шаралар жатады, сарқынды суларды қоспалардан тазарту, шығарылатын газдарды, зиянды қалдықтарды сейілту.

Өндірістің қазіргі даму кезеңінде айналадағыы ортаны қорғаудың пассив әдістері маңызды рөл атқарады. Олар ұдайы жетілдіріліп, халық шаруашылығының барлық салаларындағы технологиялық және пайдалану циклдерді кеңінен енгізіледі.

Өнеркәсіп орындарын ірі қалалардан сыртқа шығару және жаңа кәсіпорындарды жері ауыл шаруашылығына жарамсыз немесе жарамдылығы онша үлкен емес, халық аз тұратын аудандарға орналастыру;

Өнеркәсіп кәсіпорындарын жергілікті аймақтардың топографиясы мен жел кестесін ескере отырып, тиімді түрде орналастыру;

Өнеркәсіп кәсіпорындарының айналасына санитарлық қорғау алқабын жасау;

Қалалардағы құрылыс жұмыстарын адам мен өсімдік әлемінің тіршілігі үшін қолайлы жағдайлар туғызатындай етіп орналастыру.
5.Қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды енгізу принциптері

Қалдықсыз өндіріс орны табиғи экологиялық жүйе мен үйлесімі бойынша ұйымдастырылған іс жүзіндегі тұйықталған жүйе. Бұл жерде, тіршілік әрекетіндегі бір организмдермен пайдаланылады және заттектердің өзін-өзі реттейтін биохимиялық айналымы толықтай жүзеге асып жатады. «Қалдықсыз өндірістің» маңызды ережесін белгілеу - шикізаттың барлық компоненттерін ұтымды және кешенді түрде пайдалану. Сонымен, өндірістің қоршаған ортаға сөзсіз болатын ықпал етуі оның қалыпты жұмыс істеуінбұзбайды. Қоршаған ортаға соншама түсетін салмақ жол берілген экологиялық мөлшерден аспайтынын тиісінше ескеру қажет.

Қалдықсыз өндірісті құру ұзақ мерзімге созылатын процесс. Сонымен қатар,өзара байланысты бірқатар технологиялық, экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа да күрделі міндеттердің шешімін талап етеді.

Атап айтқанда, қалдығы аз ресурс үнемдеуші технологияны енгізу жалпы бірқатар талаптарды ұсынады:

• оның барлық компоненттерін пайдалана отырып, шикізатты кешенді түрде өңдеу (жасап шығару);

• жоғары технологиялық автоматтандырылған жүйеге ғылыми сыйымдылықты енгізу; электроникаландыру мен

роботтандыру; автоматтандыру негізінде өндірістік процестерді қарқындандыру (интенсификация);