Файл: Реферат алдысыз жне аз алдыты технологиялар Орындаан Советбеков Сержан.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.04.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


• өндірістік қалдықтарды барынша азайту кезінде материалдар ағынының кезеңділігі мен тұйықтылығы;

• жеке операциялардың технологиялық процестерге бөлінүін азайту, шикізаттан соңғы өнімге дейін ауысусатысының аралық санын қысқарту;

- үздіксіз процестерді қолдану мен технологиялык кезеңдер уақытын қысқарту;

• энергия мен табиғи ресурстарды тұтыну үлесін қысқарту, бастапқы ресурстарды қайта өңделген ресурстар мен барынша алмастыру, жанама өнімдер мен қалдықтардың негізгі процестерге қайта айналуы, артық энергияны қалпына келтіру;

• энергия ресурстарының барлық әлеуетін барынша пайдалануды қамтамасыз ететін құрастырылған энерготехнологиялық процстерді қолдану;

• қалдықтарды залалсыздандыру жолымен табиғи күйіне дейін жеткізу немесе пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ететін биологиялық процестерді және физика-химиялық базасының негізінде экологиялық биотехнологияны енгізу;

• өндіріс пен тұтыну, табиғатты пайдалану саласын қамтитын интегралды технологияны құру.

Өндірісті толықтай қалдықсыз жасау қазірде мүмкін емес. Өндіріс процесінде пайда болған барлық шығарынды мен қалдықтардың уыттылық дәрежесін азайту, уытты шикізат материалдарын қолдануды болдырмау, энегия мен шикізатты үнемді пайдалану ластануды болдырмайтын технология стратегиясы. Өндірісте қалдықсыз тәсілді қолдану идеясын алғаш рет кеңес академик ғалымдары Н.Н. Семенов , Б.Н. Ласкорин, И.В. Петров Соколовтар ұсынған болатын. Женевада болған жалпы Еуропалық кеңесте арнаулы декларация қабылданды. Онда аз қалдықты және қалдықсыз технолгиялар мен қалдықтарды пайдалану мақсаты қоршаған ортаны қорғау болғандығы , табиғат ресурстарын ұтымды пайдаланудың қажеттілігі атап өтелген. Қалдықсыз және аз қалдықты өндіріс орындарын жобалауда күрделі мәселелердің шешімін табуды талап етеді. Мәселен, ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, экономикалық, психологиялық және т.б.

Қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды өндіріске енгізудің бір-бірімен тығыз байланысты негізгі қағидаларына тоқталатын болсақ:

  • Жүйелілік принципі. Өндірістің әрбір жекелеген процесі бүкіл динамикалық жүйенің бір ғана элементі ретінде қарастырылып, өндірістік, әлеуметтік және табиғи үрдістерді бір-бірімен байланысты әрі жүйелі түрде орналастыру.

  • Ресурстарды кешенді пайдалану принципі. Бұл қағида негізінде энергоресурстар мен шикізат көздері компоненттерін максималды түрде кешенді пайдалануды талап етеді.

  • Шикізат қорларын кешенді түрде үнемдеп пайдалану принципі.

  • Материалдық топтардың циклдігі принципі. Мысалы, ашық су айналымы мен газ айналымын жатқызамыз.

  • Қоршаған орта мен әлеуметтік ортаға өндіріс әсерлерін шектеу принципі. Бұл қағида негізінде бірінші кезекте, табиғи және әлеуметтік ресурстарды, атмосфералық ауа, су, жер беті, рекреациялық ресурстар мен тұрғындардың денсаулығын сақтаумен байланысты.

  • Рационалдылық принципі. Барлық шикізат компоненттерін саналы түрде пайдалану, өндірістің энергетикалық және өндірістік масималды түрде төмендету, жаңа экологиялық шикізат пен энергетикалық технологияларды іздеу, қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін технологияларды пайдалану.


Қалдықсыз технология ережесі- шикізаттың барлық компоненттерін ұтымды және кешенді пайдалану. Қалдықсыз өндірісті құру ұзақ мерзімге созылған процесс. Ол өзара байланысты технологиялық, экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа күрделі міндеттерді шешуді талап етеді.

Қалдығы аз өндірісті ұйымдастырдың негізгі принципі шикізат және энергетикалық ресурстарды пайдалануда оның жинақтылығы. Қазір пайдаланылп жүрген шикізат ресурстары көп компонентті. Мысалы: түсті металлургияда бастапқы шикізат көптеген пайдалы қазбалардан тұрады. Кәсіпорындардың мамандануына байланысты одан 1-2 компонент ғана алынады.Ал қалғандары үйіндіге тасталынады. Қазірде рудаларды өңдеудің кешенді пайдалану Өскемен қорғасын мырыш комбинатында, Балқаш, Жезқазған, Норильск кен металлургия кәсіпорындарында жолға қойылған.

Қалдығы аз өндіріс құрудың келесі принципі – айқын көрінетін материалдар ағынының циклдігі. Мысалы: су шаруашылығында канализация , тазалау бір мезгілде және таза компонентерді алып пайдаға асырады . Өнеркәсіпте сумен қамтамассыз ету жағының кезеңі тұйықталған, оны өндіру мен тасымалдау, бірнеше рет пайдаланғаннан соң алдын ала тазартылып су қоймаларына құйылады.

Қалдығы аз және қалдықсыз өндірісті ұйымдастырған кезде құрамдастыру мен салааралық кооперацияға бірлесудің маңызы үлкен. Әсіресе аумақтық- өндірістік кешендер шеңберінде бір өндірістің қалдықтарын өнім алу үшін басқа салаларда пайдаланып біршама экономикалық тиімділікке қол жеткізуге болады

Қорытынды.

Қазіргі заманғы ғылыми техникалық прогресспен қатар өнеркәсіп саласы да қарқынды дамып келеді. Соның ішінде тау-кен металлургия саласы өнеркәсіп саласында алғашқы қатарда көрінеді. Жыл сайын бүкіл әлемде металлургия саласында жаңалықтар, инновациялар ашылып жатыр. Сонымен қатар металлургия саласының дамуы салдарынан қоршаған ортаға орны толмас залал келуде. Әлемдік ғалымдар бұл мәселені шешу үшін жаңа тәсілдерді қолданғанмен қоршаған ортаны толығымен қорғау мүмкін емес.

Елімізде металлургия саласының даму деңгейі жоғары болып тұр. Соның ішінде Шығыс Қазақстан облысы ерекше орын алады. Бұл облыс Қазақстан өнеркәсібінің “жүрегі” деуге де болады. Осында қорғасын, мырыш, күміс, алтын, мыс, титан, тантал, магний, кадмий, теллур және т.б. металлдарды өндіру және өңдеу Өскемен, Риддер, Зырян, Шемонайха, Глубокий, Белоусовка және т.б. өнеркәсіп орталықтарымен тау-кен өндіру және қайта өңдеу түсті металлургиясының дамуына мүмкіндігін берді. Сондай-ақ, облыста ірі машинажасау зауыттар, жеңіл, орман, қайта өңдеу, ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсібі иен құрылыс индустриясының  кәсіпорындары жинақталған.


Шығыс Қазақстанда кәсіпорындар көп шоғырланғандықтан олардан шығатын қалдықтар да көп мөлшерде болады. Зауыттардан шығатын қалдықтар қоршаған ортаға және адамға қауіпті болып келеді. Қауіпті заттардың ішінде 2-ші класс қалдықтарына жататын мышьяк және оның қосындылары қауіп төндіреді.

Аталған жобаның негізгі міндеті мышьяк қосылған қалдықтарды залалсыздандыру және көму шараларын ұйымдастыру болып табылады.

Қазіргі кезде қалдықты аз шығаратын және қалдықсыз өндіріс құруға, яғни айналадағы қоршаған ортаны өнеркәсіптің ластануынан қорғауға, сонымен бірге өндірістің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін басқа да аса маңызды бағыттарға көңіл бөлінуде. Қазіргі кезде кәсіпорындарда шаң жұтқыш жабдықтар қолданылуда. Осы заманғы талапқа сай жасалған үш және төрт тармақты жақсартылған электр сүзгілер газдың мөлшерін өте көп жағдайда үлкен жылдамдықпен жұмыс істей алады. Жаңа сүзгі материалдар бар ұзын сүзгілер, оксалон матасы 200°С градустық температурада жұмыс істеуге төзімді. Олар Шымкент қорғасын зауытында, Норильск кен-металлургия комбинатында, Ащысай полиметал комбинатында, Днепр алюминий комбинатында, Кировоград мыс қорыту комбинатында және т.б.

Салынатын өндіріс орнын жобалауда, мысалы ЖЭС, зиянды заттардың атмосферадағы концентрациясын азайту үшін, газ шығатын мұржаның биіктігін үлкейтер алдында технологиялық шаралардың толық орнатылғанына толық көз жеткізілуі керек.

Мұндай технологиялық шаралар зиянды заттардың атмосфераға тасталуын азайтуға, газдың құрамындағы бағалы заттарды бөліп алуға, вентиляциялық төмен газдарды және ұйымдстырылмаған ластау көздерін азайту бағытында жүзеге асырылуы тиіс. Мысалы, атмосфера ауасын күкіртпен ластануын азайту үшін мынадай технологиялық шаралар жүзеге асырылуы тиіс. Мысалы, атмосфера ауасының күкіртпен ластануын азайту үшін мынадай технологиялық шаралар жүзеге асырылады:

  • Күкірттің минералды шикізатта аз мөлшерде болуы үшін технологиялық шара қолдану және күкіртті халық шаруашылығында пайдалану;

  • Технологиялық циклда газ фазасында түзілетін күкіртті газ тазалағыш аппаратта ұстап қалатын концентрацияда болуға жағдай жасау;

  • Қондырғыларды гермитизациялау;

  • Түзілетін газдарды централизацилау және оларды эффективті тазалау. Осы аталған шараларды іске асырғаннан кейін ғана газдарды сейілту үшін мұржаның саны және биіктігі туралы мәселе қарастырылуы тиіс.


Өндіріс салаларының жаңа технологиясын енгізу, шикізат қорларын комплексті пайдалану, өндіріс қалдықтарын тұйық циклмен қайта кәдеге жарату, сондай-ақ қалдықсыз өндіріс жүйесіне көшу маңызды.

Қалдықсыз және аз қалдықты өндірістерден өнімнің экологиялық тазалағы, қоршаған ортаны қорғау оның сапасын жақсарту, сонымен қатар өндіріс жұмысының нәтижесінде өндіріске, халыққа зиян келтірмей, табиғатта экологиялық тепе-теңдікті бұзбауы керек.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. view-source:https://bigox.kz/kaldyksyz-texnologiya/

  2. https://kk.atomiyme.com/%D0%B0%D0%B7-%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D0%B4%D1%8B%D2%9B%D1%82%D1%8B-%D0%B6%D3%99%D0%BD%D0%B5-%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D0%B4%D1%8B%D2%9B%D1%81%D1%8B%D0%B7/

  3. https://www.uniface.kz/index.php?post=article&section=1&id=519

  4. stud.kz-44356.doc (live.com)

Өскемен қаласы

2023