Файл: 20202021 Оу жылына арналан жмыс жоспары 20202021 Оу жылына арналан жмыс жоспарыны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 52

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Айтбаева Арнагул Хаметовна, жаратылыстану пән бірлестігінің жетекшісі- математика пәнінің мұғалімі Токпакбаева Жадыра Канатхановна . Әр пән бірлестігінің жұмыс жоспары құрылып, бекітілген.

Қоғамдық –гуманитарлық пән бірлестігі құрамында -8 адам. Оның ішінде жас мамандар: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Н.Рысбекова мен тарих пәнінің мұғалімі М.Ө.Мұратхан. Жоғары білімді мамандар саны-6, арнаулы орта білімді-2, І біліктілік санатты мұғалім – зейнеткер-1, санаты жоқ мұғалім-3, педагог-зерттеуші-1, педагог-сарапшы-1, педагог-модератор-2. Пән бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары құрылып, бекітілген. Жоспар бойынша іс-шаралар өткізіліп, анықтамалары жазылған.Әр пән мұғалімі дарынды оқушыларымен жұмыс жүргізіп, нәтижесінде оқушылары мектепшілік, аудандық іс-шшараларда жүлделі орындарды иеленді. Сонымен қатар, тәжірибе алмасу мақсатында бастауыш сынып мұғалімдері Қанапьянова Айжан Қайратқызы аудандық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2020» байқауында «Шығармашыл ұстаз» номинациясына, Сембаева Жансая Балтабековна аудандық «ШЖМ-нің үздік мұғалімі -2020» байқауында 3 орынды иеленсе, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рысбекова Жанар Нурбековна Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлері» атты аудандық байқауында бас жүлдені иеленді.



ӘПБ жоспары бойынша 2019-2020 жылдың сәуір айында бастауыш сынып «Жаңартылған бағдарлама бойынша бастауыш сынып пәндерін оқытуда оқушылардың шығармашылығын арттыру жолдары» атты тақырыпта аудандық семинар жоспарланған болатын, бірақ та еліміздегі төтенше жағдайға байланысты семинар өткізілмей қалды.

Жаратылыстану пән бірлестігі 8 пән мұғалімдерден құралған. Оның ішінде 3 жас маман бар. Әр жас мамнға тәлімгер бекітлген. Жалпы ӘПБ бойынша жоғары білімді мұғалім-6, арнаулы орта білімді-2, жоғары санатты мұғалім-1, санаты жоқ мұғалім саны-4, педагог-сарапшы-1, педагог-модератор-2. ӘПБ-тің жылдық жоспары құрылып, бекітілген. Жоспарланған іс-шаралар уақытылы өткізілді. Математика пәні

Тамыз айында 2019-2020 оқу жылына арналған әдістеме бірлестігінің күнтізбелік жоспарын талқылап бекітілді. Өткен оқу жылындағы жұмыстарды қорытындылай келе оқу жылына бірлестік жоспары бекітілді. Таңдау пәндері, үйірме, факультатив бағдарламалары талқыланып бекітілді.


Күшті жағы: бірлестік мүшелерінің бірлесе жоспарлауы. Барлық бірлестік мүшелерінің жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстан өткендіктері. Интеллектуалды ойындарға, мектепішілік пәндер олимпиадасы мен ғылыми жоба сайыстарына белсенді қатысулары.

Әлсіз жақтары: бастауыш сынып оқушыларының әр сыныптан бір оқушы, екі оқушыдан оқу жылдамдығын орындай алмауы.Интеллектуалды сайыстарғаоқушылардың көптеп қатыстырылғанымен жүлделі орындардың аздығы. Жас мамандардың өзара сабаққа қатысу арқылы тәжірибе жинақтауға ұмтылысының төмендігі.

Мүмкіндіктер:бірлесе жоспарлау арқылы табысты сабаққа қол жеткізу. Оқушы үніне құлақ түре отырып, әр сабақтан соң кері байланыс алып, келесі сабағын жоспарлауы қалыптасып келеді. Оқу жылдамдығын орындау үшін оқушының қызығушылығын арттырып, ұмтылдыратын іс-шаралар ұйымдастыру.

Қауіпті:оқушылардың бөлім және тоқсан бойынша жиынтық бағалау жұмыстарына қиналатындары.Әр тоқсан сайын оқушылар мен ата-аналарына бағаларымен таныстырып, кеткен кемшіліктерімен жұмыс жүргізу керек. Бастысы ата-ана мен оқушы түсіну керек.

Алдағы оқу жылына қойылатын міндеттер:бейімделу мен сабақтастық жұмысы орта буында сабақ беретін мұғалімдермен тығыз жұмыс жүргізу. Өзара сабаққа қатысу арқылы жас мамандардың тәжірибе жинақтауына ықпал жасау. Бөлім және тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарына арналған тапсырмаларды құраған кезде оқу мақсатына және сыныптың ерекшелігіне көңіл бөлуді дағдыландыру.

Ұсыныс: Болашақ ӘПБ мұғалімдері арасында мұғалімдердің біліктілік санатын көтеру мен жоғары оқу орындарын тәмамдауға мән берумен қатар, мұғалімдердің кәсіби байқауларға қатысуына көңіл бөлу керек. Сондай-ақ, БАҚ беттеріне мақала жариялау деңгейі де төмен. Мұғалімдердің қысқа мерзімді курстардан өту деңгейіне де көңіл бөлу керек. Самғау ӘПБ мұғалімдері мектепішілік және аудандық ғылыми жоба байқауларына оқушы даярлауды келесі оқу жылында қолға алуы қажет. ӘПБ оқу жылында көрсеткен жетістіктері төмен деңгейде, БАҚ материал жариялау және тәжірибе тарату бойынша жұмыстарды қолға алу қажет.

Педагог кадрлардың аттестациясы мұғалімнің педагогикалық қызметінің жақсы көрсеткіші болып табылады. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңына сәйкес Төңкеріс негізгі орта мектеп мұғалімдерінің жұмыстарына саралау жасау мақсатында 7 адамнан аттестаттау комиссиясы құрылып, жұмыс жоспары бекітілді.

Жалпы мектепте жоғары санатты мұғалімдер- 1; І санат-1; ІІ санат-1; санаты жоқ мұғалімдер-7, жаңа форматта біліктілік санатқа өткен педагогтар саны-7. Оның ішінде педагог-зерттеуші-1, педагог-сарапшы-2, педагог-модератор-4.


2019-2020 оқу жылында аттестаттаудан өтуге барлығы 9 педагог өтініш берді. Педагог-зерттеуші біліктілік-2, педагог-сарапшы біліктілік санатына -4, педагог-модератор біліктілік санатына -3. Әр аттестатталушы кесте бойынша ҰБТ-ге қатысып, өз білімдерін дәлелдеді. Қорытындысы бойынша, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Сырлыбаева және балалар күту демелысында отырған бастауыш сынып мұғалімдері Мутан Бота, Қудайбергенова Фариза ҰБТ-ден өз білімдерін дәлелдеп шықты. Аттестаттаудың екінші кезеңі бойынша аталған мұғалімдердің аттестаттау құжаттары мектепшілік аттестаттау комиссиясына және облыстық аттестаттау комиссиясында өткізілді. Нәтижесінде, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Сырлыбаева –педагог-зерттеуші біліктілік санатына және балалар күту демелысында отырған бастауыш сынып мұғалімдері Мутан Бота, Қудайбергенова Фариза-педагог-модератор біліктілік санатына өтті. Ескі форматтағы аттестаттаудан мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Азбаева Самал Сатыбалдиевна І біліктілік санатына өтті. Жоспар бойынша өтініш берген педагогтардың іс-әрекеттері бақылауға алынып, қызмет нәтижелері талқыланып отырды.


Кемшіліктер:

- инновациялық қызметке мұғалімдердің толық қосылуы жоқ;

- облыстық, аудандық деңгейде мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін жалпылау және тарату бойынша жұмысы жүргізілмеген;

- мұғалімдердің өзіндік білімдену үдерісін жетектеу мәселесі төмен деңгейде;

- мұғалімдердің өзіндік талдау және оқушылардың өзіндік бақылау дағдылары төмен деңгейде ;

-дарынды оқушылармен, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс қанағаттанарлықсыз;

Ұсыныс:

1. Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау арқылы педагогикалық кадрлар сапасын көтеру қажет..

2. Жаңартылған білім мазмұны бойынша педагогтардың әдістемелік деңгейін жоғарлату мақсатында педагогтарды курстаға жіберілсе, оқушылардың білім сапасы артар еді.

Жас мұғалімдермен жұмыс

2019-2020 оқу жылында мектеп директорының бұйрығымен «Жас жалын» жас маман мектебінің құрамы бекітілді. Құрамға жас мамандар және жас маманға тәлімгер ретінде мектеп директорының бұйрығымен бекітілген педагогтар енді. Жас маман мектебінің құрамына 5 жас маман және 5 тәлімгер енді.

«Жас жалын» жас маман мектебінің жұмыс жоспары құрылды. Жоспарға сай жас мамандар отырыстары өткізілді. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты наурыз және мамыр айы аралығында жас мамандармен жұмыс қашықтықтан жүргізілді. «қашықтан оқыту барысында кері байланыс қалай беруге болады?», «БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын даярлауда нені ескеру керек?» тақырыптарында онлайн тренингтер өткізілді.

Жас мамандарға арналған мектепішілік байқау сырттай өткізіліп, жеңімпазы Ж.Рысбекова аудандық Педагогикалық дебют 2020 байқауына сырттай қатысып, шығармашыл мұғалім номинациясын иеленді.



Мектеп психологы жас мамандардан сауалнама алу, сұхбаттасу, эссе жаздыру арқылы қиындықтарын анықтап, психологиялық тренингтер өткізу арқылы көмек қолын созып отырды.

Тәлімгерлермен бірлесіп, жас маман сабақтарын екі жақты коучинг өткізу арқылы талдадық. Онда бірінші жас маман өзі рефлексия жасап, кейін тәлімгері кері байланыс берді. Ондағы жеткен нәтижеміз жас маман өзінің тәжірибесін жақсарту керек тұстарын өзі ойланып шеше алғандығы.

Мектепішілік шараларға, аудандық байқауларға жас мамандар биология пәнінің мұғалімі А.Ермусина және қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ж.Рысбекова белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ,
аудандық шаңғы жарысында А.Ермусина І орынды иеленсе, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Рысбекова А.Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толуына байланысты өткізілген аудандық байқауда бас жүлдені иеленді.

Жас мамандарға тәлімгерлер тарапынан дұрыс бағыт-бағдар көрсету нәтижесінде тарих пәнінің мұғалімі Мұратхан Мақсаттың оқушысы аудандық пән олимпиадасында ІІІ орынға ие болды.

4-оқу тоқсаны қашықтықтан оқытылуына байланысты жұмыс толығымен үйде отырып жүргізілді. Оқу процесі кезінде ешқандай қиындықтар туындамады . Оқушылар сабақтың түсіндірілуін теледидардан көріп отырды , ал күнделікті орындайтын тапсырмаларын пошта жәшігі арқылы жіберіп отырды . Оқушылар орындап жауаптарын күнделікті жіберіп отырды және өздеріне кері байланыс уақытында берілді. Жас мамандарға «Қашықтықтан оқытуды қалай ұйымдастыруға болады?» тақырыбында әдістемелік кеңес өтіп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.



Ұсыныс: Метеп психологы да жас маманмен көптеген тренингтер өткізсе. Жас маман өзінің сенімсіздігінен, қорқақтығынан арылып, ортада өзін ұстай білуді үйренетін еді

Тәлімгер жұмысы жандандырылсын.

Қорытындылай келе, 2019-2020 оқу жылында жас мамандармен жұмыс өз деңгейінде өткізілді. Тәлімгерлер, мектеп әкімшілігі және жалпы әріптестері тарапынан жас мамандарға үнемі қолдау көрсетіліп отырды. Жас мамандардың да ұжымға үйретері көп болды. Әрқайсысы мектеп қоржынына өз үлестерін қосып, жетістіктер кіргізе алды. Дегенмен, жас мамандардың өзара сабаққа қатысу арқылы тәжірибелерін жетілдіруін әлі де жандандыру қажет.

Төңкеріс негізгі орта мектебінде дарынды оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізіп отыру мақсатында «Дарын» орталығы құрылған. «Дарын» орталығымен қатар оқушылардың «Ізденіс» ғылыми қоғамдастығы құрылып, жұмыс атқарды. Дарынды оқушылардың тізімі 2 секция бойынша жасалды. Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану пәндері бойынша. Дарынды оқушылардың барлығы 2019-2020 оқу жылының 27-қараша күні мектепте өткен мектепшілік пән олимпиадасына қатыстырылды. Олимпиадаға қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, Қазақстан тарихы пәнінен, ағылшын тілі, география, биология, математика, жаратылыстану оқушы, информатика пәнінен, физика пәні бойынша оқушылар қатыстырылып, жоғары сыныптан Қазақстан тарихы пәні бойынша 8 сынып оқушысы Қабдуар Жанар ғана аудандық пән олимпиадасына жолдама алды. Аудандық пән олимпиадасының қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.