Файл: 20202021 Оу жылына арналан жмыс жоспары 20202021 Оу жылына арналан жмыс жоспарыны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 55

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«Өнерлі қыз, өнегелі ана» 5-7 сыныптар тақырыбында ,1-4 «Моншақты қыз»тақырыбында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған іс шаралар өтілді.Наурыз 2020 мерекелік іс шара өтілді. «Рахмет айтамын» атты әдеби – сазды ашық сағатын өткізді.

5-8 сыныптарда «Халық даналығы – рухани байлық көзі», 9 сыныптарда Ұлттық идеология дамуының маңызды бағыттары болып саналатын өнер құралдары арқылы эстетикалық сана – сезім, көркемдік ойлау қабілетін дамыту мақсатында «Ұлттық қолөнер туындылары – баға жетпес құндылықтарымыз» тақырыбында сынып сағаттары өтілді.

Көпмәдениетті және көрме-эстетикалық тәрбие бағыттары жаңа мазмұнда енгізілген бағыттар. Әлеуметтік –мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру бағыты бойынша адам - ең жоғарғы құндылық екенін оқушыға түсіндіру болып келеді. Ең ұлы жеңіс өзінді-өзің жеңу, өзіне - өзі ие бола білген адам ғана барша жұрттан күшті. Әрбір адамның қоғамдағы алатын өзіндік мәртебесі, өз орны бар екеніне сендіру. Осыған орай бұл бағыттар бойынша жоспарға сай бірнеше жұмыстар қамтылды. Тарих пәнінің мұғалімі Мұратхан М. сыныптарымен Ж. Жабаевтың, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рысбаекова Ж. ұйымдастыруымен М.Мақатаевтың туылған күндеріне әдеби - сазды кеш өткізді.

Кеште оқушылар ақындардың өлеңдері мен жырларын жатқа айтып,өмірлерінен көрініс көрсетті. «Жауқазын жыр жүректі жүр мазалап» жазба жырлар байқауы, «Мен өмірді сүйемін» шығарма байқауы, «Өзін-өзі тану мен дамыту қажеттілігі» психологиялық тренингтер, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы сенім мен ынтымақтастық атмосферасын орнату мақсатында 5-8 сынып оқушылары арасында «Біз бәріміз біргеміз» сергіту ойыны ұйымдастырылды, 8-9 сынып оқушылар арасында «Өзіне өзі қол жұмсаудын алдын алу шаралары» сауалнама, «Менің құпия досым», «Ашығын айтар болсам.....» т.б. тренингтер арқылы оқушылардың психологиялық жағдайлары анықталып, жағымды көңіл-күй орнатылды.

Тұлғалық қасиеттерді анықтауға көмектесу, өзіне деген жауапкершілікті сезіне білуге баулу мақсатында мектеп кітапханашылары тарапынан ұйымдастырылған «Олар неге қорғансыз жандарға айналды» сұхбаты жоғары деңгейде өтті.

Мектебімізде қаңтар айында өткізілген «Көмек қолын соз» акциясында аз қамтылған отбасы балаларына мектеп ұстаздары тарапынан мектепке керекті құрал- жабдықтар, киім –кешектер берілді. Оқушыларда өз жауапкершілігін сезіну мақсатында 8-9 сыныптар арасында «Сен өзіңнің істегеніне жауаптысын» дөңгелек үстел, «Әдеп жолы әріден басталады» тәрбие сағаты өткізіліп , мектеп фойесінде «Сенім» жәшігі жұмыс істеп тұрды.

Нәтижесінде оқушы бойында өзіне-өзі сену, өзін көрсете білу, әдепті, кішіпейіл, адал т.б. жағымды қасиеттердің қалыптасуы нығая түсті.

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие берудін міндеті табиғат тағдыры үшін тұлғаның жауапкершілік сезімін қалыптастыру, жанашырлық сезімін ояту,адам мен қоршаған ортаның біртұтастығын сана сезімдеріне дағдыландыру. Көгалдандыру айында мектебімізде ата – аналардың, оқушылардың, ұстаздардың көмегімен бірнеше жұмыстар атқарылды, мектептің алдына 10 қарағай ағаштары, көпжылдық гүлдер отырғызылды. Мектеп ұстаздары мен оқушылар
мектеп ауласында, мектепке бөлінген аймақта сенбілік өткізіп ақтау, тазарту жұмыстары жасалып тұрды.

Еңбек, экономика және экологиялық тәрбие бағытында міндеті нарықтық экономиканың негізгі заңдары жайлы білімдерін қалыптастыру, жасөспірімдердің өзіне-өзі қызмет көрсету шеберлігін және дағдыларын игере отырып көзделген мақсатқа жетуді, шыдамдылықты қалыптастыру болып табылады. Мектепте оқушылар «Шебердің қолы ортақ» тақырыбында қол өнер байқауын, «Менің таңдаған мамандығым» сұрақ- жауап кешін, «Мамандығым мақтанышым»кездесу сағатын өткізе отырып кітапханадағы ескі кітаптарды түптеп, беттерін түгендеу жұмыстарын, өз сынып бөлмелеріндегі мүлікке жауапкершілікпен қарап, «Бала тәрбиесі басынан, еңбекке баулу жасынан»тақырыбында тәрбие сағатың ұйымдастырды.

Ата-аналар комитеті мен әкімшілік, оқушылардың өзіндік басқару кеңесі, жергілікті қоғамдастық, құқық қорғау органдары арасындағы байланыс тығыз реттелген. Ата-аналар комитеті мектептің қоғамдық жұмыстарын ұйымдастыруға қатысып отырады.

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін,көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңестік қалыптастыру мақсатында «Өзін-өзі басқару» ұйымы құрылып, жетекшісі 9 сынып оқушысы Абашова Аружан сайланды. Оқушылардың өзін –өзі тану қабілетін зерттеу мақсатында мектеп психологтары үнемі жұмыстар жүргізді. 1-4 сыныптар арасында әрбір баланы жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарды дамыту мақсатында «Өзімді тану-өзгені тану» атты тақырыпта тәрбие сағаты, «Жеке қабілет және әлеуметтік мүмкіндіктің ашылуы» тақырыбында 5-8 сыныптарды сынып сағаттары өткізілді. 8-9- сыныптар арасында « Ақпараттық мәдениет негіздері» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.

5-9 сынып оқушылары «Сүйікті менің ісім» тақырыбында шығарма байқауы, «Мамандықтың бәрі жақсы...» 9-сыныпта әңгіме сағаты, «Кәсіп түбі нәсіп» , «Менің ата-анамның мамандығы» тақырыбында бастауыш сыныптармен танымдық сағаты өтті.

«Кім болам?» тақырыбы аясында 9 - сынып оқушыларына колледж мамандарымен кездесу сағаттары ұйымдастырылып, оқушылар түрлі сұрақтар қойып жауаптарын алды. Нәтижесінде оқушылар қазіргі заман талабындағы кәсіби мамандықтар туралы білімдерін кеңейтті, жаңа мамандықтар туралы танысты. Сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен 9 сынып оқушылары және ата –аналар мен бірлесіп Тоқжайлау ауылындағы колледждің жұмысымен танысып, мамандықтары қазіргі заманға жоғары сұранысқа ие екенін көріп қайтты. Осы іс – шарадан кейін бірнеше таңдауын осы оқу орнына жасады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес зияткерлік, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар жүйесі болды. Балалардың сыныптан тыс жұмысқа қатысуын ынталандыру жүйесі бар. Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мұғалімнің көмегімен жүзеге асырылады және оқушы тұлғасын дамытуға бағытталған.


Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру тәрбиесінде алға қойылған міндеті оқушы бойында теріс әсерлерге қарсы тура алу қабілетін қалыптастыру, дене еңбегі, психикалық, әлеуметтік және рухани аулық туралы түсініктерін қалыптастыру болып табылады. Осы міндетті орындау барысы бойынша жоспарда көзделген төмендегідей іс-шаралар өткізілді: «Денсаулық фестивалі - 2019», «Дені сау ұрпақ-елдің болашағы», спорттық ойындар, «Туберкулез қасымызда-сақтан» жазба жұмыстары. Мектебіміздің спортшы оқушылары да әр түрлі спорт түрлерінен жарыстарға қатысып жүлделі орындар мен оралуда.

Мектеп ғимараты тиіптік емес, мектепте спорт зал жоқ, ауа райына қарай мектеп ауласында дайындалады, сонымен қатар интерактивті тақтаның мүмкіндігін пайдаланып сабақтар жүргізіледі, ал қыс айларында қыстық эстафеталық ойындар мен қатар тек сынып ішінде шахмат, тоғызқұмалақ ойындары өткізіледі. Осыған қарамастан мектеп оқушылары аудандық спорттық, мәдени, шығармашылық іс-шаралардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылды

Педагогикалық – психологиялық қызмет жұмысы.

2019-2020 оқу жылында педагог-психологтың жылдық жұмыс жоспары жасақталып бекітілді.

Біздің мектептегі психологиялық қызмет жүйесі барысында алға қойған негізгі мақсатым:

- білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау,қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және білім үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету. Осы мақсатты негізге ала отырып төмендегідей жұмыстар атқарылды.

1.1 сынып оқушылардың бейімделу аралығындағы қиыншылықтарды психологиялық диагностикалау және түзету жұмыстары барысында төмендегідей жұмыстар атқарылды:

1 сыныпта барлық оқушы саны- 5 Сынып жетекшісі,А.Х.Айтбаева ;

1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуіне байланысты 2019-2020 оқу жылына арналған педагогикалық-психологиялық іс-шаралар жоспары жасалынып, мектеп директорымен бекітіліп жоспар негізінде іс-шаралар жүзеге асырылды. 1 сынып оқушыларының қоңырау арасындағы бір-бірімен қарым-қатынасын, мектептің ережесін сақтай отырып, мектепке бейімделуін күнделікті бақылануда. 1 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдеріне әр оқушының пәнге қызығушылығын біліп, керек жағдайда сынып жетекшілеріне, пән мұғалімдеріне, ата-аналарға психологиялық қолдау, кеңестер берілуде. Әр оқушыға психологиялық диагностикалық карта ашылып, толтырылды. Ата- аналарға балаларының бейімделуіне байланысты кеңестер беріліп тұрады. Денсаулық жағдайына байланысты есепте тұрған оқушы жоқ. Сыныпта әлеуметтік жағдайы төмен оқушы жоқ. Көп балалы отбасынан – Өмірсерік Диана.


Оқушылар әріптерді, сандарды таниды, тура және кері санау дағдылары қалыптасқан. Оқушылардың көпшілігі буындап оқи алады.Әріп білмитін, санай алмайтын, есеп шығара алмайтын оқушы анықталған жоқ. Алынған тесттер (Керн –Йирасек тесті) бойынша, адамның суретін салу, сөздер көшірмелері, нүктелер көшірмесі; (Д.Б.Элькониннің) «Графикалық диктант» әдістемесі алынды. Нәтижесінде оқушылардың бейімделуі қалыпты деңгейде өтілгенін, назар аударарлықтай жағдай байқалмады. Сабаққа, оқуға деген қызығушылықтары жақсы. Оқушылардың бейімделуі қалыпты деңгейде.
2.5–сынып оқушыларының орта буынға бейімделуіне байланысты оқушылармен жүргізілген психологиялық жұмыстар:

5 сыныпта барлық оқушы саны- 6 Сынып жетекшісі – Н.Т.Бекбаева ;

5 сынып оқушыларымен бейімделу жұмыстары бойынша 2019-2020 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспары жасалынып, мектеп директорымен бекітіліп, жоспар негізінде жұмыстар атқарылды. 5 сынып оқушыларының сабақтарына қатысып, әр пән бойынша бейімделулеріне бақылау жүргізілді. Қыркүйек айында 5-ші сынып оқушыларының орта буынға өту кезіндегі қиындықтардың алдын алу мақсатында «5 сынып дегеніміз не?» тренингі өтті. Тренинг барысында, оқушылар ойларын еркін жеткізіп, тренингке белсенді қатысты. Қазан айында«Оқу мотивациясын анықтау» сауалнамасы алынды. Нәтижесінде 5 сынып оқушылары «Сабақ орындау маған ұнағандықтан, мен мектепке барамын. Егер мектеп болмаса да, мен бәрі бір оқыр едім» - деген мәтіннің дұрыс екенін сабақ оқуға құштар, білім алуға тәртіпті болуға дағдыланып келе жатқаны, білім алудың маңызын білетіндерін байқалды. 1 сыныптар арасында сабаққа келгісі келмейтін бала болған жоқ. Оқушылардың сабақ оқуға бейімделулері қалыпты жүріп жатқаны байқалды. Оқушылардың жекелеген психологиялық ерекшеліктері: өзіндік бағалауы, қарым-қатынас деңгейі, темперамент типтері, есте сақтау, зейін тұрақтылығын анықтауда әдістемелер алынып, қорытындысы шығарылды. Өзіндік бағалауын анықтауда алынған графикалық тест нәтижесі бойынша барлығыда өздерін жоғары балады. Оқушылардың өзара қарым-қатынасын анықтауда алынған социометрия нәтижесі бойынша сыныпта шеттетілген оқушы анықталған жоқ. Оқушылардың өзара қарым-қатынасы жақсы. Қараша айында оқушылардың бесінші сыныпқа бейімделуіне байланысты психологиялық көмек көрсетілді. Есте сақтау, зейін тұрақтылығын анықтау барысында әдістеме алынды.Әдістеме нәтижесі бойынша 1 оқушының (Баяхмет Қайсар) таным процестері төмен екендігі байқалды. Аталған оқушымен қосымша сабаққа қызықтыру,ортаға тарту,таным процестерін жақсарту жұмыстарын жүргізіліп келеді. 5 сынып оқушыларымен жүргізілген зерттеу жұмыстарын қорытындылай келе оқушылардың орта буынға көшкендегі психикалық ерекшеліктері дұрыс қалыптасуына, ұстаздарға жеңіл бейімделуге, оңай тіл табысуға, жоғары сынып оқушыларымен дұрыс қарым-қатынас жасай білуіне көмек көрсетілді.