Файл: Мектеп Н. Одасынов атындаы жом.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.04.2024

Просмотров: 30

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Үйге тапсырма

2 минут




Тексерілді:---------------------ДОТЖО

Қысқа мерзімді сабақ жоспары №15

Сабақтың тақырыбы:. Өлшем . Өлшем түрлері .

Мұғалімнің аты- жөні: Алтыбаева У.

Күні: 15.12.16 ж

Сынып: 9-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ негізделген оқу мақсаты:

Оқушыларға өлшем және өлшем алуды үйрету. Оқушыларды шалбар түрілеріне шолу жасатып, фасонына байланысты шалбарлардың пішінді бөлшектерінің ерекшеліктеріне тоқтап, таныстыру, үйрету.

Сабақтың мақсаттары :

Барлық оқушы орындай алады: Оқушылар өлшем алуды біледі

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Шалбардың пішінді бөлшектерін піше біледі

Кейбір оқушылар орындай алады: Шалбарды машинада тіге біледі

Тілдік мақсат:

Шалбар – брюки -- длинные брюки — long trousers; мешковатые брюки — baggy pants ; шерстяные брюки — wool slacks

Ресурстар:

Оқулық, өлшем алу ережелері, нұсқаулық карталар, шалбардың үлгісі, сантиметрлік таспа, дәптер, слайд.

Пәнаралық байланыс:

Сызу, математика, тарих

Алдыңғы оқу:

Өлшем , өлшем түрлері, шалбар,

Сабақтың жоспары


Жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар

Бағалау критерийлері

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі(оқушылармен сәлемдесіп, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал – жабдықтардың барлығын анықтау)

Формативті



Үй тапсырмасын сұрау

4 минут

Сұрақ – жауап:

Шалбар дегеніміз не?
Шалбардың қандай түрлерін білесіңдер?
Неге шалбарларды белдік киімдерге жатқызады?
Классикалық шалбар мен күліш шалбарлардың айырмашылығы?

1. Сұрақтарға жауап берді

2. Сыни пікір білдірді

3.Өмірден мысал көрсетті

Жаңа сабақ

15 минут


Шалбарды конструкциялауда негізгі операциялардың бірі «өлшем алу» болып табылады. Шалбар тігу үшін алдын ала өлшемін алу керек. Өлшемді қысқартылып алынған сөздердің бас әріптерінен белгілейді.
Мысалы, айналым – А, жартылай айналым – Жа, ені – Е, биіктік – Б, ұзындық – Ұ. Бас әріптің оң жағындағы әріп өлшем бөлшектерін көрсетеді. Мысалы,
Жартылай бел айналымы – Жба,
Жартылай мықын айналымы – Жма,
Шалбардың ұзындығы - Шұ.
Балақ ені - Бае.
Отыру биіктігі - Об.

Өлшем алғанда белді белбеумен алдын ала буып алады. Сантиметрлік таспаны қатты тартып ұстауға немесе бос ұстауға болмайды.
Шалбар — сырт киім. Шалбар жүріп - тұруға ыңғайлы пішімделеді де, тізеден төмен жері тар, бел тұсы қапсырылған, балағы кең, ышқыры бітеу етіп тігіледі. Ғалымдардың көпшілігі оны кем дегенде ерте темір дәуірінде мал шаруашылығымен және аңшылықпен айналысқан көшпелі тайпалар ойлап тапқан деп есептейді. Дәстүрлі қазақ қоғамында шалбар қалтасыз әрі кең етіп тігілген. Ол тұрмысқа (мініске, малдас құрып отыруға, тағы басқа) қолайлы болу үшін жасалынған. Балағы кейде етік қонышына салынатындай тар немесе сыртқа шығарылатындай кең болады. Көшпелі тұрмысқа ыңғайластырылған Шалбардың бауы ышқырға өткізіледі. Оның атқа мініп - түсуге кедергі келтірмеуі үшін ешқандай түймесі, ілмешегі жоқ, белдік орнына бау пайдаланылды. Қазақ қоғамы шалбарды жаздық және қыстық деп екіге бөледі.
Кез келген бұйымды жасау процесі эскизден, болашақ модель суретінен басталады. Бұл кезең көркем модельдеу деп аталады.

Техникалық модельдеу бірнеше кезеңнен тұрады:
- модельдің сыртқы түрін зерделеу
- модель материалының қасиеттерін зерделеу
- базалық лекалоларды таңдау (сызба)
- сызбаға фасондық сызықтар түсіру.

1. Өз ойын ашық жеткізе білді

2. Толық мәлімет берді

3.Өмірден байланыстыра алды

Практикалық тапсырма

15 минут

Шалбар тігу үшін өлшемін алуды үйрену

Шалбар тігу үшін өлшемін алуды үйренеді

Сабақты бекіту

3 минут

«Кім тапқыр?» ойыны.
Әрбір сұрақта мағыналары әртүрлі, бірақ айтылуы және оқылуы бір анықтамалар берілген (омонимдер)
1. Бұйымға пайдаланатын фурнитура немесе тыйым етістігі (түйме)
2. Мата қиындысынан дайындалатын бұйым немесе көл жағасындағы өсетін өсімдік (құрақ)
3. Су өтетін арық немесе іс - қимыл етістігі (жап)
4. Қамырды дайындау процессі немесе құмырсқаның ұясы (илеу)
5. Спорт түрі немесе ерлердің шаш үлгісі (бокс)
6. Өсімдік мүшесі немесе мектептегі оқыту процессі (сабақ)
7. Жұқа синтетикалық мата немесе көгілдір отын (газ)
8. Иірім жіп немесе конфет атауы (ирис)
9. Қыздың бұрымы немесе іс - қимыл етістігі (шаш)

Сұрақтарға жауап береді

Үйге тапсырма

2 минут

1-деңгей (білу, түсіну деңгейіндегі тапсырма )




2-деңгей (қолдану, талдау деңгейіндегі тапсырма )




3-деңгей (жинақтау, бағалау д/гі шығарм/қа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырма )




Бағалау

2 минут

Оқушыларды жиынтық бағалау

«5»-9-10 балл, «4»-7-8 балл, «3»-5-6 балл, «2»- 5 баллдан төмен

Суммативті

Формативті

Кері байланыс

2 минут

Құрылған жетістік критерийлерге сәйкес смайликтер тарқатылып, кері байланыс беріледі.

Формативті


Рефлексия

1. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?
2. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?
3.Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?






Тексерілді:---------------------ДОТЖО

Қысқа мерзімді сабақ жоспары №16

Сабақтың тақырыбы:. Шалбар сызбасын құрылымдау

Мұғалімнің аты- жөні: Алтыбаева У.

Күні: 22.12.16 ж

Сынып: 9-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ негізд/ген оқу мақсаты:

Оқушыларды шалбар түрілеріне шолу жасатып, фасонына байланысты шалбарлардың пішінді бөлшектерінің ерекшеліктеріне тоқтап, таныстыру, үйрету.

Сабақтың мақсаттары :

Барлық оқушы орындай алады: Оқушылар өлшем алуды біледі

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Шалбардың пішінді бөлшектерін піше біледі

Кейбір оқушылар орындай алады: Шалбарды машинада тіге біледі

Тілдік мақсат:

Шалбар – брюки -- длинные брюки — long trousers; мешковатые брюки — baggy pants ; шерстяные брюки — wool slacks

Ресурстар:

Оқулық, өлшем алу ережелері, нұсқаулық карталар, шалбардың үлгісі, сантиметрлік таспа, дәптер, слайд.

Пәнаралық байланыс:

Сызу(өлшем алу үшін ), математика

Алдыңғы оқу:

Өлшем , өлшем түрлері, шалбар,

Сабақтың жоспары


Жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар

Бағалау критерийлері

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі(оқушылармен сәлемдесіп, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал – жабдықтардың барлығын анықтау)

Формативті



Үй тапсырмасын сұрау

5 минут

Сұрақтарға жауап беру:

Шалбар дегеніміз не? 
Шалбардың қандай түрлерін білесіңдер? 
Неге шалбарларды белдік киімдерге жатқызады? 
Классикалық шалбар мен күліш шалбарлардың айырмашылығы? 

1. Сұрақтарға жауап берді

2. Өмірден мысал көрсетті

Жаңа сабақ

10 минут


Шалбар өңдеу технологиясы.
- Бөліктерінің пішімін өңдеуге дайындау
- Шақтап өлшеуге даярлау
- Шақтап өлшеуден кейінгі кемшіліктерін түзету.
- Қыржымдарын өңдеу.
- Жан тігістерін өңдеу 
- Ысырма- ілгекті қолданып, ілгегін өңдеу.
- Белбеуді өңдеу
- Түймеліктерін өңдеу
- Әшекейлеу жұмыстары 
- Жіптердің үзінділерін алып тастау
- Ылғалды – жылумен өңдеу
- Шалбарды киюге дайындау 

1. Өз ойын ашық жеткізе білді

2. Толық мәлімет берді

3.Өмірден байланыстыра алды

Сабақты бекіту

22 минут

1-деңгей (білу, түсіну деңгейіндегі тапсырма )

Жарнама жасау. Әрбір топ өзі өлшеп пішкен бұйымының сапасына жарнама жасау.

Мысалы:Шалбар ұсынған себебім,
Әдемі киін дегенім.
Шалбарымыз да адамдарды таңдайды,
Толықтардың дені тұрқын сомдайды. 
Шалбар деген бір керемет нәрсе ғой
Сондықтан да шалбар киген ыңғайлы,
Өйткені ол біліп тұр-ау ыңғайды,
Сөз жоқ сенің айтқаныңды тыңдайды,
Шалбар киген бәрімізге ыңғайлы.

1. Әрбір топ өзі өлшеп пішкен бұйымының сапасына жарнама жасайды.

2.Сұрақтарға жауап береді.

3.Сарамандық жұмыс жасайды

1-деңгей – 1 балл

2-деңгей –2 балл

3-деңгей – 3 балл


2-деңгей (қолдану, талдау деңгейіндегі тапсырма )

Пысықтауға арналған сұрақтар: 
1. ЖМа өлшемінің қолданылуы? Бұл өлшем қалай алынады. 
2. ЖБа өлшемінің қолданылуы? 
3. Бұ өлшемі қалай алынады? 

3-деңгей (жинақтау, бағалау д/гі шығарм/қа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырма )

Сарамандық жұмыс. Өз дене бітімінің өлшемін алу. 
Жұмыс барысы 
1. Нұсқаулық картамен танысыңдар. 
2. Өлшем алып, кестені дәптерлеріңе сызып толтырыңдар. 
Өлшем аттары. Әріппен белгіленуі. Өлшем орындары .Өз өлшемдерін алу 
Ағымдағы нұсқаулық. Сарамандық жұмысты оқушылар топ – топқа бөлініп орындайды. Қыздар бір-бірінің өлшемін алып үйренеді. 
- жұмыс орнының ұйымдастырылуын тексеру; 
- сарамандық жұмыстың дұрыс орындалуын тексеру; 
- техника қауіпсіздігі ережесін сақтау; 

Үйге тапсырма

2 минут

1-деңгей (білу, түсіну деңгейіндегі тапсырма )




2-деңгей (қолдану, талдау деңгейіндегі тапсырма )




3-деңгей (жинақтау, бағалау д/гі шығарм/қа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырма )




Бағалау

2 минут

Оқушыларды жиынтық бағалау

«5»-9-10 балл, «4»-7-8 балл, «3»-5-6 балл, «2»- 5 баллдан төмен

Суммативті


Кері байланыс

2 минут

Құрылған жетістік критерийлерге сәйкес смайликтер тарқатылып, кері байланыс беріледі.

Формативті


Рефлексия

1. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?
2. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?
3.Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?






Тексерілді:---------------------ДОТЖО

Қысқа мерзімді сабақ жоспары №17

Сабақтың тақырыбы:. Пішімді матаға жаймалау

Мұғалімнің аты- жөні: Алтыбаева У.

Күні: 12. 01.17 ж

Сынып: 9-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ негіз/ген оқу мақсаты:

Бұйымды әрлеу барысында орындалатын элементтер туралы білім – біліктерін қалыптастыру: өңдегенде бұйымның түрі, пішіні және түсі ескерілуі керек екенін айтып түсіндіру

Сабақтың мақсаттары :

Барлық оқушы орындай алады: Пішімнің схемасын пайдалана алады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Пішімді матаға жаймалай алады

Кейбір оқушылар орындай алады: Тігін машинасында жұмыс істей алады

Тілдік мақсат:

Пішімді матаға жаймалауды талдай алады

Ресурстар:

Үлгілер, ескертпелер, нұсқау карталары, белдемше лекалосы,мата, бор, ине, жіп, қайшы, см таспа

Пәнар.байланыс:

Сызу, бейнелеу өнері, математика.

Алдыңғы оқу:

Пішу, декатирлеу, леколар

Сабақтың жоспары


Жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар

Бағалау критерийлері

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі(оқушылармен сәлемдесіп, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал – жабдықтардың барлығын анықтау)

Формативті


Үй тапсырмасын сұрау

10 минут

1-деңгей (білу, түсіну деңгейіндегі тапсырма )

Ой қозғау: Ребусты шеш:



  1. ,,,, 2) ,,,, 3) ,,,,, , 4) , ,,, Жауабы:( пішу )




2-деңгей (қолдану, талдау деңгейіндегі тапсырма )

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Белдемше сызбасын түсіру үшін қандай өлшемдер алынады?

Жауап: бұйымның ұзындығы, артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы,

белдің жартыорамы, жамбастыңжарты орамы.

2.Тік белдемшені құрастырғанда қандай орамға қосымшалар беріледі?

Жауап:бел және жамбас орамдарына қосымшалар беріледі.

3. Белдемше неше бөліктен тұрады?

Жауап: белдемше екі алдыңғыжәне артқыбөліктен тұрады

1. Сұрақтарға жауап берді

2. Сыни пікір білдірді

3.Өмірден мысал көрсетті

3-деңгей (жинақтау, бағалау)

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жаз:

1…….(Артқы)бөлігі ……..(алдыңғы) бөлігіне қарағанда,……… (енсіз)болып келеді; 2. ……..(Киімді)тіккен кезде …..(жан) тігісті жақын …….(артқы) бойға …….(орналастырады), ол пішіннің ………(мүсінін)көpбен қарағанда ……..(жинақы) және …….( сымбатты) қылып көрсетеді. 3. …….(Қымтырмаларды) көбіне былай орналастырады: ……..(екеуі алдында), екеуі ………(артында) және бір – бірден …….(бел) сызықтарында орналасады. 4. Әр қымтырмалардың …..(ені)және ………..(ұзындығы)бірдей емес, ол белдемшенің тік ……..(дененің) қай бөлігін …….(қынап) тұр, соған байланысты көбіне ……(жан) қымтырмалары …….(ұзынырақ, ендірек,) алдыңғы қымтырмалары ……(жіңішке) және …..(қысқа) болып келеді.




Жаңа сабақ

12 минут


Пішудің алдында барлық матаны дерлік декатирлейді.

Декатирлеу (тігер алдында мата отырмас үшін) – мақта, мата, зығыр, штапель матаны суға салып сығып (бұрап сықпайды), бойлық жіп бойымен тегістеп жаяды. Содан кейін матаны шала кептіріп, бойлық жіп бойымен терістеме жағынан бастыра үтіктейді. Синтетикалық талшықтармен араластырылған жүн матаны ылғал жаймаға салып, дөңгелектеп орайды, содан кейін 2-3 сағат ауыр затпен бастырып қояды. Жайманы сулау үшін сірке суының ерітіндісін пайдаланады (2 л жылы суға 1 ас қасық сірке суын қосады). Шала кепкен матаның (бойлық жіп бағытымен) терістеме жағынан дәке немесе жұмсақ жұқа мата жайып, үстінен бастыра үтіктейді.

Матаның өң жағын, түгінің бағытын, ақауын анықтау.

Жүн маталарды орағанда өңін ішке қаратады. Мата жиегіндегі түйрелген іздердің томпиған жағы өң жақа қарайды.

Сәтен матаның өң жағы (көлденең жіптің ширатылуына байланысты) жылтыр болады. Егер матаның өң жағы мен терістеме жағы бірдей болса, онда салыстырмалы алғанда сапалы жағы өңі деп есептеледі.

Түкті маталарға терістеме жағынан әрбір 50-60 см-ден бағдар сызық қойып, түгінің бағытын көрсетіп отырады. Түкті матадан тігілетін киім бөлшектерін пішкенде, мата түгі бір бағытта жатуы керек: барқыт және ши барқыттан киім тіккенде түгі жоғары қарайды; ұйпалақ матаның түгін төмен қарайтып пішіп қияды.

Ірі өсімдік бейнелі орнаменті бар матадан бұйым дайындағанда тамырын төмен қаратып, симметриялы орналастырады.

Қолданудың алдында матаның екі жағында мұқият қарап шығады. Ақауы бар жерлерін тігінші борымен немесе инешаншымдармен белгілейді. Пішу кезінде ақаулы жерлерді айналып өтеді немесе онша көрінбейтін бөліктерге жібереді.

1. Өз ойын ашық жеткізе білді

2. Толық мәлімет берді

3.Өмірден байланыстыра алды

Сабақты бекіту

15 минут

1-деңгей (білу, түсіну деңгейіндегі тапсырма )

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1.Әр түрлі киімге жататын бұйымдарды қандай топқа бөлуге болады?

Жауап: белдікті және иықты

2.Белдікті топқа қандай киімдерді жатқызамыз?

Жауап: белдікті топтағы бұйымдар – шалбар, белдемше, шорты

3.Иықты топқа қандай киімдерді жатқызамыз?

Жауап: иықты топтағы бұйымдар - көйлек, блуза, камзол, халат

4.Белдемше ненің бөлігі болуы мүмкін?

Жауап: белдемше кастюмніңбөлігі, өзіндік бұйым немесе көйлектің

бөлігі болуы мүмкін




2-деңгей (қолдану, талдау деңгейіндегі тапсырма )

Лекалоларды жайып пішу.

Пішу алдында матаның жиектері келтіріп, өң жағын ішке қаратып, арқау жіптің негізгі жіпке көлденең келуін қадағалай отырып, ұзынынан екі бүктейді. Егер мата шеті қиғаштанып тұрса, ондай бөліктері пішімнен түсіп қалады.

(Қауіпсіздік ережесі)Құрастыру және үлгілеу алдында жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру қажет. Жұмыс орнынажарық сол жақтан түсу керек, альбоммен жұмыс істеушінің көзінің арақашықтығы 30 см болу қажет. Есте сақтаңыз қарандашты ұштағанда, циркульмен жұмыс істегенде, тесетін жәнеқиатын құралдарын ұқыпты қолдану керек.




3-деңгей (жинақтау, бағалау д/гі бағытталған тапсырма )

Сарамандық жұмыс.

1. Техника қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

2. Оқушылардың өз өлшемдерімен жасалған лекалоларын тексеру.

3. Матаны пішуге дайындау.

4. Лекалоларды мата бетіне жаю.

Өз ойын дәлелдеп берді

Үйге тапсырма

2 минут

1-деңгей (білу, түсіну деңгейіндегі тапсырма )







2-деңгей (қолдану, талдау деңгейіндегі тапсырма )







3-деңгей (жинақтау, бағалау д/гі шығарм/қа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырма )







Бағалау

2 минут

Оқушыларды жиынтық бағалау


Суммативті

Формативті

Кері байланыс

2 минут

Құрылған жетістік критерийлерге сәйкес смайликтер тарқатылып, кері байланыс беріледі.

Формативті


Рефлексия

1. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?
2. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?
3.Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?






Тексерілді:---------------------ДОТЖО

Қысқа мерзімді сабақ жоспары №18

Сабақтың тақырыбы:. Көркемдік кесте

Мұғалімнің аты- жөні: Алтыбаева У.

Күні: 20. 01. 16 ж

Сынып: 9-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ негізделген оқу мақсаты:

Кестенің түрлерін, тұрмыста қолданылу ретін көрнекіліктер арқылы көрсету, таным деңгейін арттыру. Көктеу тігістерін көркемдік тігістерден ажырата білу, тігісті әсем етіп орындау қажеттілігін қалыптастыру.

Сабақтың мақсаттары :

Барлық оқушы орындай алады: Көктеу тігістерін ажырата біледі

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Көркемдік кесте тіге алады

Кейбір оқушылар орындай алады: Тігін машинамен жұмыс істей алады

Тілдік мақсат:

Көркемдік кесте

Ресурстар:

Қайшы, түсті кесте жіптері, инелер ине қыстырғышта, бір түсті мата, түсті бор, қалам, фломастер, сызғыш, оймақ, сантиметрлік таспа, кестелер эскиздері, кергіш, жақтаулар, канва.

Пәнар/қ б/ныс:

Қазақ тілі, сызу, бейнелеу өнері, математика.

Алдыңғы оқу:

Көркемдік кесте, қол кесте, тігу технология

Сабақтың жоспары


Жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар

Бағалау критерийлері

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі(оқушылармен сәлемдесіп, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал – жабдықтардың барлығын анықтау)

Формативті


Үй тапсырмасын сұрау

7 минут

Өткенді қайталау:

1. Қол  тігістерінің   қандай түрлері  бар?

2. Екі  бөлшекті қосу үшін  қандай тігістер қолданылады?

3. Көрінбейтін   тігістерді    қай  кезде қолданамыз?

4. Көркемдеуші жіп пен көктеу жібінің айырмашылығы қандай?

5. Сабақтаулы ине тігілер алдында матаға қалай бекітіледі?

1. Сұрақтарға жауап берді

2. Сыни пікір білдірді

3.Өмірден мысал көрсетті




Оқушылардың жасаған жұмыстарынан көрме жасау




Жаңа сабақ

12 минут


Кесте – сәндік қол өнерінің бір түрі. Мата, тері, киіз, т.б. материалдар бетіне әр түрлі боялған жіптермен, жібек зерлермен сурет, өрнек салып тігу арқылы жасалады. Ежелден халық арасына кең тараған. Кестенің алғашқы үлгілерін Пазырық және Ноин-ұлан (б.з.б. 5 ғ.) қорғандарынан табылған құрал-жабдықтардан (тұскиіз, тұскілем, киім-кешектер, жауынгерлердің сыртқы су қағарлары, шекпен, қамзол, желең) көруге болады. Кесте инемен, бізбен және кесте машинасымен тігіледі. Кейде Кестеге моншақ, інжу, маржан, т.б. асыл тастар тағылады. Кестені материалдың бетін түгел бастыра немесе гүл шоғырына ұқсатып та әшекейлейді. Бұйымды тұтастай бастыра әшекейлеу үшін шалыс, жатық, терме, жөрмеу тәсілін қолданады. Кестенің біз кесте, баспа жылтыр, тамбурлы кесте, албыр кесте (екі ізді), кенебе ине, т.б. түрлері белгілі. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар. Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген матаның бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп шалу арқылы кестеленеді. Шым кесте – тігілетін матаның ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кесте. Әрәдік кестеде матаның әр жері әшекейленіп, бөлек-бөлек өрнек салынады. Шым кесте тұс киіз, сандыққап, мақпал шапан, орамалдың алақаны, жастық жапқыш, кежім, сәукеле, т.б. көптеген заттарға төгіледі немесе бөлек матаға төгіп қондырылады. Әрәдік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етекке және кең қоныш етіктердің бұрыш-бұрышы сияқты заттарға төгіледі немесе бөлек төгіп қондырылады. Геом. кескінді бейнелейтін Кесте жіп санап тігілсе, ирек өрнектер, әр түрлі суреттер алдын ала жүргізілген ізді қуалай тігіледі.

Байқап қарасақ, біздің үй-тұрмысымызда  тұтынатын бұйымдарымыз – сулық,  майлық, қол сүлгі, терезе пердесі, жастық тыс, сейсеп, ақ жайма, жастық жапқыш, сәндік киімдерді, қабырғалық суреттерді т.б. көптеген бұйымдарды әсемдеуге болады екен.

Кестелеу өнері-  бейнелеу өнері мен қолөнерінің қосындысы деп атайды.

Бұйымдардың демонстрациясы, слайд-шоу.

Іскерлік әлеміне саяхат.Негізгі бөлім:  оқулықта  берілген    нұсқаулық бойынша кесте тігісінің  4-5-6 түрлерін орындау техникасы. Ескерту!  Ине  мен  жіпті қолданған кездегі қауіпсіздік ережелерін еске түсіріңдер. —            Инені    арнайы  қыстырғышта сақта; —          Қайшыны,инені біреуге  ұсынғанда    ұшын  өзіңе қаратып  ұста; —          Инені  аузыңа  салма; —          Қайшымен қиған  кесде,  сол қолыңдыжаралапалма! 4- әдісті тігу  технологиясы.Алдымен  бірінші жолда көрінетін адымдармен көктеу тігісін орындаймыз. Екінші жолды тігу үшін осы тігістің тұсында  2 см жерден тағы да  көктеу тігісін жүргіземіз. Енді басқа түсті жуан жіпті инеге сабақтап алып, инені көктеу тігістерінің бір шетіне бекітіп алып, көрінетін адамдардың арасынан арлы –берлі өткізе отырып Х  тәрізді көркемдеуші тігістерді орындаймыз. 6- әдісті тігу технологиясы. Бұл тігісті орындау  дегеніміз — алдыңғы екі тігістің  қосаланған   түрі десе де болады.Ол үшін матаға  үш жерден көктеу тігісін жүргіземіз. 1-3 жол тұспа-тұс тігіледі де 2 жол қиылысып тігіледі. Көркемдеуші жіп екі қатар  жүргізіледі.

1. Өз ойын ашық жеткізе білді

2. Толық мәлімет берді

3.Өмірден байланыстыра алды

Сабақты бекіту

18 минут

1-деңгей

Сарамандық   жұмыс бөлімі. Оқушылар  берілген нұсқаулық бойынша көркемдік көктеу тігісінің  4-5-6 түрлерін орындайды. Таратпа  карталарға  оқушылар орындайтын тігістің эскизін салып отырады. Жұмысты ұқыпты әрі тез орындаған оқушыға жеңімпаз жалауы беріледі.




2-деңгей (қолдану, талдау деңгейіндегі тапсырма )

Сұрақ – жауап;

1.Қандай маталарды кестелеуге қолданады?

2. Түйінді қалай бекітеді?

3. Айқас тігісі қалай орындалады?

4. суретті қалай көшіреді?

5. Кестелі бұйымдарды қалай күтеді?

6. Құрал- саймандарды, құрылғыларды атаңдар?

7.Кестелі бұйымдардақандай ерекшеліктер бар?

8. Көркемдік көктеу тігісінің 4 — әдісін  қалай тігеді?

9. 6 — әдісті  тігуді неден бастаймыз?

10.«Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген» деген мақалды қалай түсінесің?

Өз ойын дәлелдеп берді

3-деңгей (жинақтау, бағалау)

Дәстүрлі өнер  туындысы-  дизайнерлің диван жастықшасы.




Үйге тапсырма

2 минут

1-деңгей (білу, түсіну деңгейіндегі тапсырма )







2-деңгей (қолдану, талдау деңгейіндегі тапсырма )







3-деңгей (жинақтау, бағалау д/гі шығарм/қа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырма )







Бағалау

2 минут

Оқушыларды жиынтық бағалау


Суммативті

Формативті


Кері байланыс

2 минут

Құрылған жетістік критерийлерге сәйкес смайликтер тарқатылып, кері байланыс беріледі.

Формативті


Рефлексия

1. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?
2. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?
3.Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?