ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.05.2024
Просмотров: 16
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2-4 сыныптарда мәтін оқу техникасын
тексеру нәтижелері бойынша
АНЫҚТАМА
Тексеру мақсаты: оқу жылының басындағы 2-4 сынып оқушыларының мәтін оқу деңгейін анықтау: жүргізіп оқу техникасын, оқығанды түсіну қабілетін байқау.
Тексеру мерзімдері:
2-3 сыныптар - 19-24 қыркүйек
4-ші сыныптар - 26-30 қыркүйек
Тексеруді жүзеге асырушылар: директордың орынбасары
бастауыш сыныптар кафедрасының жетекшісі .
Тексерілді:
- мәтін оқу техникасын тексеру жүйесі мен нәтижелердің сынып
журналына түсірілуі;
-
мәтін оқу техникасының өлшемдері; -
оқу жылының басындағы мәтін оқу деңгейі.
Мәтін оқу дағдысын анықтау мақсатында төмендегілер тексерілді:
-
4-ші сынып бойынша 2 оқушының мәтін оқу техникасы; -
3-ші сынып бойынша 5 оқушының мәтін оқу техникасы; -
2-ші сынып бойынша 2 оқушының мәтін оқу техникасы.
Бірқатар оқушыларда мәтінді буынға, сөзге бөліп оқу тәсілі байқалады. Бұлайша оқу аталмыш сыныптықтар үшін жол беруге болмайтын нәрсе. Өйткені, ол қалған оқу пәндерін игеруге кері ықпал ететін жәйт. 4-ші сыныптарда оқитын шәкірттердің 33 %-ы (36 оқушы) жеке-жеке сөздер бойынша оқиды, яғни сөйлемдерді түгелімен жүргізіп оқу дағдысы қалыптаспаған. Оқушылардың 67 %-ы бұл дағдыны игерген. Яғни олар жүргізіп оқи алады.
4-сынып оқушыларының мәтін оқудағы орташа екпіні мен оқылғанды түсіну деңгейі
(талап - минутына 95 сөз)
Сынып | Мәтін оқудағы орташа екпін | Оқығанды түсіну деңгейі |
| | ортадан төмен (в %) | орташа | ортадан жоғары (%-ы) |
4 «А» | 98 | 32 | | 60 |
4 «Б» | 97 | 42 | | 55 |
4 «В» | 93 | 32 | | 64 |
4 «Г» | 103 | 35 | | 56 |
Берілген мәліметтерден көрініп отырғандай, 4-сынып оқушыларында мәтін оқу дағдысының нормативтік деңгейі қалыптаспаған, бұл, сөз жоқ, өзге пәндер бойынша үлгерім нәтижелеріне де кері ықпал ететін болады.
Мәселен, шәкірт М.Карбозовтың (4 «А») мәтін оқу деңгейі төмен - минутына 57 сөз, Р.Смаиловта (4 «А») - 46 және т. б.
Ең жоғары нәтижені 4 «Г» сыныбының оқушылары көрсетті (мұғалімі Каирова Э.Э.).
3-сынып қушыларының мәтін оқудағы орташа екпіні мен оқылғанды түсіну деңгейі
(талап - минутына 65 сөз)
Сынып | Мәтін оқудағы орташа екпін | Оқығанды түсіну деңгейі | ||
ортадан төмен (%-ы) | орташа | ортадан жоғары (%-ы) | ||
3 «А» | 81 | 45 | | 55 |
3 «Б» | 81 | 43 | | 47 |
3 «В» | 77 | 57 | | 30 |
3 «Г» | 94 | 34 | | 62 |
3 «А», «Б», «В» сыныптарының мәтін оқу дағдысы жеткілікті қалыптаспаған; Байгабулов (3 «А»), Хангалдян (3 «В») және т б. шәкірттерде буындап оқу байқалады. Айткалиева, Павленко, Палтушев (3 «А»), Афуксениди, Калиев (3 «Б») және тағы басқа да бірсыпыра шәкірттер буынға,сөзге бөліп оқиды.
Мәтін оқу деңгейі Байгабуловта (3 «А») - минутына 22 сөз: Павленкода (3 «А») - 36 сөз және т. с. с.
Ең жақсы нәтиже көрсеткен 3 «Г» сынып оқушылары болды (мұғалімі Шарипова Г.Г.).
2-сынып қушыларының мәтін оқудағы орташа екпіні мен оқылғанды түсіну деңгейі
(талап - минутына 55 сөз)
Сынып | | Оқығанды түсіну денгейі |
| Мәтін оқудағы орташа екпін | ортадан төмен 1 (%-ы) | орташа | ортадан жоғары (%-ы) |
2 «А» | 73 | 19 | | 78 |
2 «Б» | 60 | 31 | | 50 |
2 «В» | 64 | 13 | | 68 |
2 «Г» | 58 | 30 | | 59 |
2-сынып бойынша оқу нормасы қалыпты. Нормадан төмен оқитындар: Гапчук (2 «А») - минутына 37 сөз; Дүйсебаев (2 «А») - 49 сөз және т. с. с.
Оқушылардың мәтін оқу техникасын тексеру 2-4-сынып оқушыларының бірқатарында логопедтік проблемалар бар екенін көрсетті. Атап айтқанда: Жемчуговта, Закирьяровта (2 «Г») және тағы басқаларда.
Ұсыныстар:
-
Бастауыш сынып мұғалімдері мәтін оқу сабағына қатесіз оқу жаттығуларын ендіріп, шәкірттердің мәтінмен өздігінен жұмыс жүргізу дағдыларын қалыптастыруы қажет; -
сыныптан тыс мәтін оқу жағдайларын тұрақты қадағалап, ата-аналармен және мектеп кітапханасымен байланыс жасап отыру керек; -
логопедтік проблемалары бар балалардың ата-аналарымен жұмыс жүргізу арқылы логопед сабақтарына қатыстыру мәселесін анықтаған жөн; -
мәтін оқу техникасын екінші рет тексеруді қаңтар айында жүргізген дұрыс.
Директордың орынбасары:
Бастауыш сыныптар кафедрасының жетекшісі:
БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ БАСШЫЛАРЫНЫҢ
Жаңадан келген мұгалімдердің сабақтарына кіру
нәтижелері бойынша
АНЫҚТАМА
Тексеру мақсаты: жаңадан келген мұғалімдердің жұмыс тәжірибелерімен танысу; мұғалімдердердің кәсіби біліктілігі деңгейін; олардың сынып бойынша жұмыс жүргізе білу қабілетін, сондай-ақ, ұйымдастыруға байланысты іс-әрекет дағдысын тексеру.
Тексеру мерзімі: 2011 жылғы қыркүйектің 8-інен 30-ына дейін.
Бақылау формасы:
-
Сабақтарға кіріп, соңынан нәтижесін талдау. -
Мұғалімдердің әдістемелік қорымен танысу. -
Мұғалімдермен әңгімелесу.
Тексеруді жүзеге асырғандар: мектеп директоры Сакенова Е. Н., директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Афанасенко Л. Д., Чурикова С. А.
Тексерушілер мына сабақтарда болды:
Жанайдарова Р. А. - 5 сабақ
Махпирова Ю. М. - 3 сабақ
Пархоменко С. Г. - 2 сабақ
және т. с. с.
Орыс тілі мен әдебиетінің жоғары санатты мұғалімі С.Г. Пархоменко сабақтары үш бірлікті дидактикалық мақсатты орындау тұрғысынан нәтижеге жетті.Сабақтардың құрылымы жүйелілігімен, барлық кезеңдердің ойластырылғандығымен, сондай-ақ сыныптың өз ерекшелігіне сәйкес оқу материалын дұрыс таңдауымен ерекшеленеді. С.Г.Пархоменко сабақтарының тиімділігі 90%-ды құрады; сабақтарда сауатты жазу, дұрыс сөйлеу дағдыларын дамыту және қалыптастыру бағытында мақсатты түрде жүргізілген жұмыстар нәтижесі аңғарылады. Мұғалім жаңғырту сипатындағы тапсырмалармен бірге эвристикалық және шығармашылық бағыттағы тапсырмаларды да орынды қолдана біледі. Дифференциялық сипаттағы тапсырмаларға да айрықша көңіл бөлінеді. Бұл сабақта дербес жүргізілетін жұмыстарды жүзеге асыруға мүмкіндік бермек.